Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 24 ақпандағы N 123-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 8 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4714 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-баптың 29) тармақшасына сай  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Бұйрыққа қоса тіркелген Өндірістік экологиялық бақылау
бағдарламасы мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша
есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелері бекітілсін.

      2. Күшін жоғалтқан деп:
      1) "Өндірістік мониторинг жүргізудің үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4101 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылдың 28 сәуірдегі N 76-77 (1056-1057) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылдың 2 ақпандағы N 45-б  бұйрығы ;
      2) "Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4359 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылдың 13 желтоқсандағы N 215 (1195) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылдың 3 тамыздағы N 258-б  бұйрығы .

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы      
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 24 сәуірдегі   
N 123-Ө бұйрығымен бекітілген  

  Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен
өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша
есеп беруге қойылатын талаптарды келісу ережесі

      1. Осы Ереже өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды келісу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Ереже I, II, III санаттағы нысандарды пайдаланатын, арнайы табиғатты пайдалану құқығы бар барлық жеке және заңды тұлғаларға арналған.

      3. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу үшін, I санаттағы нысаны бар табиғат пайдаланушылар орталық атқарушы органға, ал II, III санаттағы нысандар бойынша - аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарына жүгінеді.

      4. Табиғат пайдаланушымен әзірленген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен, қоршаған ортаға эмиссия жасау үшін рұқсат алуға өткізілген өтініштер материалдарын қарастыру тәртіп шегінде ұйғарылуға тиіс.

      5. Технологиялық объектілерді пайдалануға бергенде, сондай-ақ қоршаған ортаға авариялық эмиссия жасағанда, табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органымен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органымен келісілген әсердің өндірістік мониторингін жүргізеді.

      6. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша жасалатын есепте есеп беру кезеңдегі бағдарламаны орындау туралы толық ақпарат пен ішкі тексерулер нәтижелері көрсетілуі тиіс.

      7. Өндірістік экологиялық бақылау есептемесінде табиғат пайдаланушымен еркін түрде жасалған жұмыстарды орындау туралы түсініктеме хат қоса тіркелу керек.

      8. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау туралы
есептеме және оған қоса тіркелген түсініктеме хат уәкілетті органдарға осы Ережелердің 9-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес тапсырылады.

      9. Кезеңдік есептеме тапсыру кестесі:
      атмосфераға шығарылған шығарындар мониторингісі бойынша есеп беру, есептік тоқсаннан кейін 10 күн ішінде тапсырылады;
      суға төгілген төгінділер мониторингісі бойынша есеп беру, есептік тоқсаннан кейін 10 күн ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
      сулар мониторингісінің нәтижелері жыл сайын тапсырылады;
      арыздар бойынша есеп беру (арыздар түскен жағдайда), есептік тоқсаннан кейін 10 күн ішінде тоқсан сайын тапсырылады.