БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N
168
(Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 69 бұйрығымен - N 3662 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 1 бұйрығымен - N 4039 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы N 118 бұйрығымен - N 4353 болып тіркелген, бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3310 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
1) 120 "Жұмыс берушілердiң жарналары" ішкі сыныбында:
126 "Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiнің мемлекеттік мiндетті жеке сақтандыруға жарналары" ерекшелігінде:
"Анықтама" деген бағандағы:
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңның 54-бабына және "Сот приставтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес судьяларды, сот приставтарын сақтандыру" деген сөздер "қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiмен белгіленген жағдайларда мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін мемлекеттік міндетті жеке сақтандыру жарналары" деген сөздермен ауыстырылсын.