Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.
-------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
2. ...
3. ...
4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр Б.Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. ....
25. "Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды (Келісімдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1478 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 3 мамырдағы № 278 а бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 болып тіркелді, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 15 маусымдағы № 90, "Ресми газет" газетінде 2007 жылғы 4 тамыздағы № 31 жарияланды).
.........
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды (Келiсiмдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы N 1478 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1021 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2006 жылғы 25 желтоқсанда N 4496 болып тіркелген»"Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияларды (Келiсiмдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1478 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 500 бұйрығымен енгізілген толықтырумен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияларды (Келiсiмдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
Кіріспенің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 2-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады.";
2-тараудың 4-тармағы үшінші абзацының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"2002 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Салық кодексі әрекет ететіндіктен, қазiргi уақытта осы Салық Конвенциясы корпорациялық табыс салығы және жеке табыс салығы сияқты салықтарға қолданылады.";
3-тарауда:
5-тармақтың 2) тармақшасында:
"473000, Астана, Республика даңғылы, 60, телефоны (3172) 280985" деген сөздер "010000, Астана қ. Жеңіс даңғылы, 11; телефоны (3172) 717290" деген сөздермен ауыстырылсын;
"уағдаласушы мемлекеттерде қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының резиденттiгiн растауға," деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" деген сөздер" 010000, Астана қ. Жеңіс даңғылы, 11, телефоны (3172) 717108 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитеті;" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың үшінші абзацындағы "Заңның 5-бабының 20-тармағына сәйкес сыйақы (мүдде)" деген сөздер "Салық кодексінің 10-бабы
1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сыйақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тараудың 7-тармағының екінші абзацындағы "Заңның 5-бабының" 22 "резидент" тармағында" деген сөздер "Салық кодексінің 176-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тарауда:
11-тармақтың екінші абзацында:
бірінші сөйлемдегі "заңды" тұлғалар деген сөз алынып тасталсын;
екінші сөйлемдегі "резидент" деген сөз "осы мемлекеттің резиденті" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақта:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Атап айтқанда, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн тұрғызу және (немесе) қайта жаңарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде үйлер, ғимараттар салу және (немесе) монтаждау жұмыстарын жүргiзу, көпiрлер, жолдар, каналдар салу және (немесе) қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық немесе өзге де жабдықтарды және (немесе) басқа да осыған ұқсас жұмыстарды жүзеге асыру орны құрылыс алаңы (объектiсi) деп түсiнiледi. Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берiлген объектiнi (орындалған жұмыстың көлемiн) қабылдау туралы актiге қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейiнгi күннен бастап өзiнiң iс-әрекетiн тоқтатады.";
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер мердігер мен тапсырыс беруші (құрылыс салушы) арасында осы тұлғалардың арасындағы шартта көзделген жұмыстар кешенін қабылдау актісіне қол қойылса, бірақ бұл ретте жұмыстар объектіде тапсырыс беруші мен үшінші тұлға мердігердің арасындағы шарттың негізінде жалғасып жатса және осы үшінші тұлға мен айтылып өткен мердігер Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (IAS) сәйкес айқындалатын өзара байланысты тараптар болып табылатын болса, онда жұмыстарды орындауға үшінші тұлға жұмсаған уақыт кезеңі, бірінші тұлға жұмсаған уақыт кезеңі болып есептеледі.";
6-тараудың 22-тармағындағы "Заңның 5-бабының 16-тармағына сәйкес "жылжымайтын мүлiк" терминi үйдi, ғимаратты, көп жылғы өскiндердi" деген сөздер "1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 117-бабының 1-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тарауда:
25-тармақтың үшінші абзацындағы "қонақ үй шаруашылығын" деген сөздердің мемлекеттiк тiлдегi мәтiні өзгерiссiз қалдырылсын;
26-тармақта:
бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша" деген сөздер "корпорациялық табыс салығы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.";
28-тармақта:
бірінші абзацтағы "онда" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзацта:
"Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып тасталып, "салық" деген сөз "Салық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасында" деген сөздер "уағдаласушы мемлекетте" деген сөздермен ауыстырылсын;
"түзетiлуi керек" деген сөздер "түзету қажет" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдік заңды тұлға тұрақты мекемеге тауарларды айтылған қағидатқа сәйкес келмейтін бағалар бойынша жеткізген және сондықтан, тұрақты мекеме пайданы шетелдік заңды тұлғаның пайдасына немесе керісінше түзеткен жағдайда, байланысты тараптардың арасындағы белгіленген бағалар, аумағында тұрақты мекеме орналасқан уағдаласушы мемлекеттің ішкі заңнамасының ережелеріне сәйкес түзетіле алады.";
жетінші және сегізінші абзацтар алынып тасталсын;
он бірінші абзацта:
"Бәсекелi (нарықтық)" деген сөздер "Нарықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"ассоциациялар атын компаниялармен" деген сөздер "ассоцияландырылған кәсіпорындармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
40-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық Конвенцияларының "Қауымдасқан кәсiпорындар" 9-бабына сәйкес, егер, екi қауымдасқан кәсiпорын арасында олардың коммерциялық және қаржылық қарым-қатынастарында тәуелсiз кәсiпорындар арасында қолданылатындардан ерекшеленетiн шарт жасалса немесе белгiленсе, онда олардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ бұл шарттардың бар болуынан оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына енгiзілуi және оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
Тәуелсіздер арасында, сонымен қатар қауымдасқан кәсіпорындар арасында жасалатын мәміленің пайдасы мәміленің бағасымен айқындалатын болғандықтан, ал қауымдасқан кәсіпорындар арасындағы мәміленің бағасы "Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына сәйкес бақылау объектісі болып табылса, онда нарықтық бағаларды, мәміле бағасының нарықтық бағадан рұқсат етілген ауытқуын және сәйкесінше қауымдасқан кәсіпорынның пайдасын айқындау тәртібі "Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңында тәуелсіз кәсіпорындар (тараптар) арасындағы мәмілелер үшін көзделген ережелердің негізінде белгіленеді".";
үшінші абзацтың үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдiк компания мен қазақстандық кәсiпорын байланысты тараптар болып табылғандықтан және шетелдік компания нарықтық бағаларға сәйкес келмейтін бағалар бойынша шоттар шығарса, онда "Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңының ережелері қолданылады.";
төртінші абзацтағы "Заңның 138-1-бабына" деген сөздер "Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.
10-тарауда:
42-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Дивидендтер ұғымы Салық кодексінің 10-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында берілген.";
үшінші және төртінші абзацтар алынып тасталсын;
43-тармақта:
он бірінші абзацтағы "уәкiлеттi орган" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық кодексінің 179-бабына сәйкес резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына шегерiмдi жүргiзбестен төлем көзiнен табыс салығы салынуға тиiс.";
11-тараудың 48-тармағында:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Екінші уағдаласушы мемлекеттегі тұрақты мекемемен байланысты емес екінші уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін проценттерге (сыйақыларға) екінші уағдаласушы мемлекетте осы екінші уағдаласушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс салығы салынуға жатады.";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Немiс банкi қазақстандық банкке 10 миллион теңге көлемiнде жылдық 15%-пен қысқа мерзiмдi несие бердi. Бiр жылдан кейiн қазақстандық банк 11 500 000 теңге сомасында берешегiн өтейдi. 1 500 000 теңге сомасындағы проценттер Қазақстанда Салық кодексінің 180-бабында белгіленген ставкалар бойынша шегерімдерді жүзеге асырусыз төлем көзінде табыс салығы салынуға жатады.";
12-тарауда:
53-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Роялти" терминiнiң дәл анықтамасы тиiстi Салық Конвенциясында нақтылы берiлген. Мүлікке меншік құқығы берілген жағдайда, төлем роялти ретінде қарастырыла алмайды. Роялти дегеніміз пайдаланғаны үшін немесе мүлікті пайдалану құқығы үшін төлемақылар.
Мысалы: дискіде кинофильмді дүкеннен сатып алу роялти болып табылмайды; осы фильмді телеарналар бойынша трансляциялау құқығын сатып алу роялти болып табылады.";
54-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Екінші уағдаласушы мемлекеттегі тұрақты мекемемен байланысты емес екінші уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін роялтиге екінші уағдаласушы мемлекетте осы екінші уағдаласушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс салығы салынуға жатады.";
57-тармақтың үшінші абзацындағы "6 миллион" деген сөздер "60 мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тараудың 70-тармағының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Екінші уағдаласушы мемлекеттің резиденттерi болып табылатын өнер қызметкерлерiне немесе спортшыларға уағдаласушы мемлекетте төленетін табыстарға екінші уағдаласушы мемлекетте осы екінші уағдаласушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс салығы салынуға жатады.";
4-бөлімде:
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бөлім. Арнайы ережелер";
23-тарау алынып тасталсын;
24-тарау мынадай мазмұндағы 97-1-тармақпен толықтырылсын:
"97-1. Резиденттік елінде салық салынатын табысты есептеу кезінде шетел салығын есепке жатқызу салық шетелдік мемлекетте Салық Конвенцияларының ережелеріне сәйкес төленген жағдайда жүргізіледі. Егер салықты төлеу Салық конвенциясының шарттары бойынша салық төлеушінің резиденттік елінде жүргізілсе, онда табыс туындаған мемлекетте төленген шетел салығын есепке жатқызу жүргізілмейді.";
"5-тарау. Арнайы ережелер" деген сөздер алынып тасталсын;
26-тараудың 102-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі Салық Конвенциясы қолданылатын мемлекетте қызметiн жүзеге асырады және тиісті Салық Конвенциясында көзделген жеңiлдiктерге құқығы бар. Алайда, оны осы екінші уағдаласушы мемлекетте Салық Конвенциясының ережелерiне сәйкес емес салық салуға ұшыратты. Бұл жағдайда Қазақстанның салық төлеушiсi өзінің iсiн Салық Конвенциясына сәйкес келмейтiн қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында уағдаласушы мемлекеттің құзыреттi органымен өзара келiсiм бойынша iстi шешуге ұмтылатын Салық Конвенцияларының мәселелерiнде Қазақстан Республикасының құзыреттi органының уәкілетті өкiлi болып табылатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетінің қарауына жiбере алады.";
1-қосымшада:
атауындағы "1999 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-37-жолдармен толықтырылсын:
"
23 |
Чехия |
29.10.1999 ж. |
01.01.2000 ж. |
01.01.2000 ж. |
24 |
Моңғолия |
02.12.1999 ж. |
01.01.2000 ж. |
01.01.1999 ж. |
25 |
Бельгия |
13.04.2000 ж. |
01.01.2000 ж. |
01.01.2000 ж. |
26 |
Түрікменстан |
10.03.2000 ж. |
01.01.2001 ж. |
01.01.2001 ж. |
27 |
Румыния |
21.04.2000 ж. |
01.01.2001 ж. |
01.01.2001 ж. |
28 |
Франция |
01.07.2000 ж. |
01.01.1996 ж. |
01.01.1996 ж. |
29 |
Грузия |
05.07.2000 ж. |
01.01.2001 ж. |
01.01.2001 ж. |
30 |
Эстония |
19.07.2000 ж. |
01.01.2001 ж. |
01.01.2001 ж. |
31 |
Тәжікстан |
07.11.2000 ж. |
01.01.2001 ж. |
01.01.2001 ж. |
32 |
Швейцария |
24.11.2000 ж. |
01.01.2000 ж. |
01.01.2000 ж. |
33 |
Молдова |
25.02.2002 ж. |
01.01.2003 ж. |
01.01.2003 ж. |
34 |
Латвия |
02.12.2002 ж. |
01.01.2003 ж. |
01.01.2003 ж. |
35 |
Қытай |
09.08.2003 ж. |
01.01.2004 ж. |
01.01.2004 ж. |
36 |
Норвегия |
24.01.2006 ж. |
01.03.2006 ж. |
01.01.2007 ж. |
37 |
Австрия |
01.03.2006 ж. |
01.01.2007 ж. |
01.01.2007 ж. |
";
2-3-қосымшалар осы бұйрыққа 1-2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-6-қосымшалар алынып тасталсын.
2. Халықаралық салық салу басқармасы (М.С. Мұханова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Р.Ю. Юсупов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден соң ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2007 жылғы 3 мамырдағы
N 278-а бұйрығына 1-қосымша
"2-қосымша
Шет мемлекеттердің аумақтарында Салық Конвенциялары
қолданылатын салықтардың тізбесі
1 |
Ұлыбритания мен |
табыс салығы; |
2 |
Италия |
жеке табыс салығы; |
3 |
Польша |
заңды тұлғалардан |
4 |
Америка Құрама |
жинақталған табысқа салынатын |
5 |
Пәкістан Ислам |
табыс салығы; |
6 |
Нидерланды |
табыс салығы; |
7 |
Украина |
кәсіпорындардың табыстарына |
8 |
Венгер |
жеке тұлғалардың табыстарына |
9 |
Түркия (хаттама) |
табыс салығы; |
10 |
Өзбекстан |
кәсіпорындардың, бірлестіктердің |
11 |
Әзірбайжан |
заңды тұлғалардың пайдасына және |
12 |
Ресей |
кәсіпорындар мен ұйымдардың |
13 |
Үндістан |
табыс салығы, оның кез-келген |
14 |
Беларусь |
заңды тұлғалардың табыстары мен |
15 |
Канада |
"Табыс салығы туралы" Заң |
16 |
Литва |
заңды тұлғалардың пайдасына |
17 |
Қырғыз |
заңды тұлғалардың пайдасына және |
18 |
Болгария |
жалпы табысқа салынатын салық; |
19 |
Швеция |
теңізшілерге салынатын салықты |
20 |
ГФР |
табыс салығы; |
21 |
Оңтүстік Корея |
табыс салығы; |
22 |
Иран |
заңды және жеке тұлғалардың |
23 |
Чехия |
жеке тұлғалардың табыстарына |
24 |
Моңғолия |
жеке табыс салығы; |
25 |
Бельгия |
жеке тұлғаларға салынатын табыс |
26 |
Түрікменстан |
пайдаға (табысқа) салынатын |
27 |
Румыния |
жеке тұлғалар алатын табысқа |
28 |
Франция |
табыстарға салынатын салығы; |
29 |
Грузия |
кәсіпорындар пайдасына |
30 |
Эстония |
табыс салығы; |
31 |
Тәжікстан |
заңды тұлғалардың табысына |
32 |
Швейцария |
табысқа (жалпы табысқа, еңбек |
33 |
Молдова |
табыс салығы; |
34 |
Латвия |
кәсіпорын кірісіне салық; |
35 |
Қытай |
жеке тұлғалардың табысына |
36 |
Норвегия |
табысқа салынатын ұлттық салық; |
37 |
Австрия |
табыс салығы; |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2007 жылғы 3 мамырдағы
N 278-а бұйрығына 2-қосымша
"3-қосымша
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан
Салық Конвенцияларына сәйкес белгіленген шетелдік
тұлғалардың табыстарының жекелеген түрлеріне салық
салудың мүмкін шекті ставкалары
Р/с N |
Мемлекет |
Дивидендтер |
Процен- |
Роялти |
Тұрақты |
1 |
Ұлыбритания |
1) 5%/10% |
10% |
10% |
егер |
2 |
Италия |
1) 5%/10% |
10% |
10% |
5% |
3 |
Польша |
1) 10%/20% |
10% |
10% |
10% |
4 |
Америка |
1) 5%/10% |
10% |
10% |
5% |
5 |
Пәкістан |
1) 12,5%/10% |
12,5% |
15% |
- |
6 |
Нидерланды |
1) 0%/50% |
10% |
10% |
1) егер |
7 |
Украина |
1) 5%/25% |
10% |
10% |
5% |
8 |
Венгер |
1) 5%/25% |
10% |
10% |
5% |
9 |
Түркия |
10% |
10% |
10% |
10% |
10 |
Өзбекстан |
10% |
10% |
10% |
- |
11 |
Әзірбайжан |
10% |
10% |
10% |
2% |
12 |
Ресей |
10% |
10% |
10% |
10% |
13 |
Үндістан |
10% |
10% |
техникалық |
10% |
14 |
Беларусь |
15% |
10% |
15% |
5% |
15 |
Канада |
1) 5%/10% |
10% |
10% |
5% |
16 |
Литва |
1) 5%/25% |
10% |
10% |
5% |
17 |
Қырғыз |
10% |
10% |
10% |
10% |
18 |
Болгария |
10% |
10% |
10% |
10% |
19 |
Швеция |
1) 5%/10% |
10% |
10% |
5% |
20 |
ГФР |
1) 5%/25% |
10% |
10% |
5% |
21 |
Оңтүстік |
1) 5%/10% |
10% |
10% |
- |
22 |
Иран |
1) 5%/20% |
10% |
10% |
5% |
23 |
Чехия |
10% |
10% |
10% |
5% |
24 |
Моңғолия |
10% |
10% |
10% |
10% |
25 |
Бельгия |
1) 5%/10% |
10% |
10% |
5% |
26 |
Түрікменстан |
10% |
10% |
10% |
5% |
27 |
Румыния |
10% |
10% |
10% |
- |
28 |
Франция |
1) 5%/10% |
10% |
10% |
5% |
29 |
Грузия |
15% |
10% |
10% |
5% |
30 |
Эстония |
1) 5%/25% |
10% |
15% |
5% |
31 |
Тәжікстан |
1) 10%/30% |
10% |
10% |
10% |
32 |
Швейцария |
1) 5%/10% |
10% |
10% |
5% Алайда, |
33 |
Молдова |
1) 10%/25% |
10% |
10% |
5% |
34 |
Латвия |
1) 5%/25% |
10% |
10% |
5% |
35 |
Қытай |
10% |
10% |
10% |
5% |
36 |
Норвегия |
1) 5%/10% |
10% |
10% |
5% |
37 |
Австрия |
1) 5%/10% |
10% |
10% |
5% |
Мысалы:
Ұлыбританиямен жасалған Салық Конвенциясының шарттары бойынша дивидендтерге салынатын салық ставкасы мыналарды құрайды:
1) 5%/10%
2) барлық қалған жағдайларда 15%.
Мыналарды білдіреді: дивидендтерге салынатын салық мыналардан:
1) егер дивидендтердің іс жүзіндегі иесі дивидендтер төлейтін компания капиталында дауыс беру құқығы бар акцияларының кем дегенде 10 процентін (тиісті Салық Конвенциясына байланысты 20 және одан аса процентін) тікелей немесе жанама бақылайтын компания болып табылса, дивидендтердің жалпы сомасынан 5 процент;
2) барлық қалған жағдайларда дивидендтердің жалпы сомасының 15 процентінен аспауы тиіс.".