1. "Клиникалық ординатураға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 963
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3304 тіркелген, 2005 жылғы 12 тамыздағы N 147-148 (881-882)»"Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген»"Клиникалық ординатураға қабылдаудың үлгі ережесінде:
14-тармақта:
"15 қыркүйектен 5 қазанға дейін" деген сөздер»"1 шілдеден 20 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Клиникалық ординатураға түсу емтихандары тамыздың 5-нен 20-на дейін, оқуға қабылдау - 31 тамызға дейін өткізіледі.".
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К.А. Құрманәлиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.