Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 75 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4659 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі   Қазақстан Республикасы  Заңының 22-1 34-баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесі бекітілсін. 

      2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Агенттік Басқармасының "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4449 тіркелген, 2006 жылғы 
13 желтоқсанда "Юридическая газета" газетінде N 215 (1195) жарияланған)  қаулысы  өзінің күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға мәлімет үшін жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Г.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен  
қадағалау агенттігі   
Басқармасының      
      2007 жылғы 30 наурыз  
N 75 қаулысымен бекітілген

       
Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды 
бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесі

      1. Осы Ереже қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ уәкілетті органның шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент ұйымының немесе осы акционерлік қоғамның бастамасымен немесе базалық активі осы акционерлік қоғамның орналастырылатын акциялары болып табылатын акционерлік қоғамның қатысуымен шығарылатын туынды бағалы қағаздарды шығаруға рұқсат беру талаптары мен тәртібін белгілейді.

      2. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының бағалы қағаздардың қайталама бағалы қағаздар рыногында базалық активі аталған ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы сатуды жоспарлап отырған тұлға (бұдан әрі - эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушысы) тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға еркін нысанда жасалған хабарламаны мыналарды көрсете отырып береді:
      1) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жоспарланып отырған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы;
      2) шығару жоспарланып отырған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары туралы мәліметтер (осындай шешімді қабылдауға уәкілетті Қазақстан Республикасының резидент ұйымы органы белгілеген оның түрлері, ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, хабарламаларды берердің алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында осы эмиссиялық бағалы қағаздарға қойылған баға);
      3) базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздарды шығару жоспарланып отырғандығы туралы мәліметтер (мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылымы, валюта шығарылымы, шығарылым андеррайтерлер және шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушысы хабарлауы қажет деп есептелетін өзге де қомақты талаптары жоспарланып отырған түрлері, шығарылым мерзімі).

      3. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген хабарламаға мыналар қоса беріледі:
      1) базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздар шығарылымы туралы мәліметтер;
      2) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесінде не номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесі, шығару туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздар шығарылымы үшін жоспарланған базалық актив болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың болуы;
      3) базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздар шығарылымының талаптарын анықтайтын, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған нотариатта куәландырылған қосымшасы қоса берілген құжат көшірмесі (егер эмиссиялық бағалы қағаздары депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын  Қазақстан Республикасының резидент ұйымы осының алдында осы құжатты уәкілетті органға бермеген болса).

      4. Уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларға осы хабарламаны алған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздар шығарылымы туралы хабарламаларды қарау қорытындысы туралы хат жібереді.

      5. Бағалы қағаздарды ұстаушы осы хабарламаны алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар немесе өзге бағалы қағаздар шығарылымының талаптарын анықтайтын қосылу туралы құжатқа қол қойған күннен бастап уәкілетті органға осы қосылу туралы құжаттың мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған көшірмесімен қоса береді.

      6. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы болып табылатын акционерлік қоғамның бастамасымен немесе қатысуы арқылы шығарылатын және базалық активі осы акционерлік қоғамның орналастырылатын акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шет мемлекет аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін тиісті шешім қабылданғаннан кейін қырық бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) акционерлік қоғамның бастамасымен немесе қатысуы арқылы шығарылатын және базалық активі акционерлік қоғамның еркін нысанда жасалған орналастырылатын акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің аумағында орналастыруға рұқсат беру туралы өтінішті;
      2) аумағында орналастыру жүзеге асырылған мемлекетті көрсете отырып, шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы акцияларды орналастыру туралы акционерлік қоғам органы шешімінің көшірмесін, орналастырылған акциялар туралы мәліметтерді (осындай шешімді қабылдауға уәкілетті акционерлік қоғамның органы белгілеген ұлттық бірегейлендіру нөмірі, тіркеуші орган атауы, жарияланған акциялар шығарылымын тіркеу күні, айы, жылы), туынды бағалы қағаздар туралы мәліметтерді (акционерлік қоғам хабарлауы қажет деп есептелетін орналастыру түрі, кезеңі, шығарылым валютасы, шығарылым андеррайтері және шығарылым мен орналастырудың өзге де мәнді талаптары), сондай-ақ»"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі   Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң)  22-1-бабының  1-тармағының 4) тармақшасының үшінші абзацымен көзделген талапты;
      3) Заңның 22-1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасының екінші абзацымен көзделген талапты орындауды растайтын құжатты;
      4) акцияларды орналастыру туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілім жүйесінде акционерлік қоғам үшін ашылған жек шоттың жай-күйі туралы тіркеушінің анықтамалығын.

      7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген акционерлік қоғам базалық активі оның акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар шығарылымының талаптарын анықтайтын құжатқа қол қойылған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға нотариатта куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аударымын қосып, осы құжаттың көшірмесін береді.

      8. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы акцияларды орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының резидент ұйымы уәкілетті органға оларды орналастыру қорытындысы туралы есепті Заңның  24-бабымен  белгіленген талаптарға сәйкес ұсынады.

      9. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздар шығарылымына рұқсат алу үшін осы ұйым уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес осының алдында шығарған және басқа елдердің қор биржаларының (қор биржасының атауы, листинг санаты) сауда-саттық алаңдарындағы шығарылған туынды бағалы қағаздардың айналысы туралы мәліметтерді көрсетіп, еркін нысанда жасалған туынды бағалы қағаздар шығарылымына рұқсат беру туралы еркін нысандағы өтінішті;
      2) туынды бағалы қағаздарды шығару, шығарылым валютасы, шығарылымның болжалданатын көлемі, туынды бағалы қағаздардың саны және түрі, бағалы қағаздарды ұстаушылардың номиналды құны (бар болса), құқықтары және Қазақстан Республикасының резидент ұйымы хабарлау қажет деп есептейтін шығарылымның басқа да маңызды талаптары заңнамаға сәйкес жоспарланатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымының, мемлекеттің толық атауын көрсете отырып, мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздар шығарылымы туралы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының органы шешімінің көшірмесін;
      3) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы осының алдында шығарған эмиссиялық бағалы қағаздарын растайтын Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметті жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген құжаттар көшірмесін.

      10. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы бойынша уәкілетті органға орналастыру қорытындысы туралы есепті осы ұйым Заңның 24-бабымен белгіленген талаптарына сәйкес ұсынады.
      Туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есеп Қазақстан Республикасының резидент ұйымының толық атауын,  шығарылған туынды бағалы қағаздардың санын және түрін, шығарылымның көлемі мен валютасын, ол шығарылымды тіркеу туралы, оларды орналастыру талаптары туралы мәліметтерді көрсетіп, еркін нысанда жасалады. Туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есепке туынды бағалы қағаздарды орналастыру құқығын растауды жүзеге асыратын есептік ұйымды көрсете отырып, туынды бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімі беріледі.

      11. Осы Ереженің 6 және 9 тармақтарына сәйкес ұсынылатын өтініш пен құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап  отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы тиісті рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резидент ұйымына осы Ереженің  1,2-қосымшаларының  нысандары бойынша рұқсат береді.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резидент ұйымына Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамалары талаптары орындалмаған жағдайда бас тарту негіздемесін көрсете отырып, рұқсат бермейді.

      12. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы егер осы Ережемен олардың көшірмелерін (көшірмеге бірінші басшы не оның орнындағы адам қолын қояды және мөрдің бедерімен расталады) ұсыну белгіленбеген болса, құжаттардың түпнұсқаларын береді. Құжатта парақтар көп болған жағдайда әрбір парақ не құжат тігіс түйініне ішінара параққа желімделген қағаз пломбамен тігіледі және бекітіледі. Бірінші басшы не оның орнындағы адамның қойған қолы және мөрдің бедері ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжат парағына қойылады.

                                    Депозитарлық қолхаттарды немесе
                               базалық активі Қазақстан Республикасы
                                   резидент ұйымдарының эмиссиялық
                               бағалы қағаздары болып табылатын өзге
                                 де бағалы қағаздарды шығару жөнінде
                              хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды
                                орналастыру қорытындылары жөніндегі
                                     есепті беру, шет мемлекеттің
                                  заңнамасына сәйкес туынды бағалы
                             қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет
                                 аумағында туынды бағалы қағаздарды
                                      орналастыруға рұқсат беру
                                       ережесінің 1-қосымшасы

     Базалық активі осы акционерлік қоғамның орналастырылатын
        акциялары болып табылатын акционерлік қоғамның
    бастамасымен немесе қатысуымен шығарылатын туынды
           бағалы қағаздарды шет мемлекет аумағында
                  орналастыруға рұқсат беру
____________________________________________________________________
                     (уәкілетті органның атауы)

Қазақстан Республикасының резидент ұйымына 
____________________________________________________________________
       (толық атауы, мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің)
                  тұратын жері, күні және нөмірі
базалық активі мыналар болып табылатын:
1) акциялар түрі __________________________________________________;
2) акциялар шығарылымы тіркелді ____________________________________
мынадай ___________________________________________________ аумақта
                     (шет мемлекет атауы)
____________________________________________________________________
                 (туынды бағалы қағаздар атауы)
____________________________________________________________________
        (тіркеуші органның атауы, тіркелген күні, айы, жылы)
___________________________________________________________________;
3) ___________________________________ ұлттық бірегейлендіру нөмірі

орналастыруға рұқсат береді.

Уәкілетті орган басшысы
(басшының орынбасары)                            (қолы)

                                   Депозитарлық қолхаттарды немесе
                               базалық активі Қазақстан Республикасы
                                   резидент ұйымдарының эмиссиялық
                               бағалы қағаздары болып табылатын өзге
                                де бағалы қағаздарды шығару жөнінде
                              хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды
                                орналастыру қорытындылары жөніндегі
                                    есепті беру, шет мемлекеттің
                                  заңнамасына сәйкес туынды бағалы
                             қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет
                                аумағында туынды бағалы қағаздарды
                                     орналастыруға рұқсат беру
                                       ережесінің 2-қосымшасы

        Қазақстан Республикасы резидент ұйымына шет мемлекеттің
         заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға
                              рұқсат беру
____________________________________________________________________
                   (уәкілетті органның атауы)

Қазақстан Республикасының резидент ұйымына
____________________________________________________________________
    (толық атауы, мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің)
               тұратын жері, күні және нөмірі
________________________________________________ заңнамасына сәйкес
                   (мемлекет атауы)
саны _____________ құны  _________________ (аталған параметрлерді
анықтау мүмкін болған жағдайда көрсетіледі)
______________________________________________________ шығарылымын
              (туынды бағалы қағаздар атауы)
шығаруға рұқсат береді. 

Уәкілетті орган басшысы
(басшының орынбасары)                       (қолы)