Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 214 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4449 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының 2007.03.30. N 75 бұйрығымен. V074659

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "TURNER "Time Warner Company" компаниясы сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар Қазақстан Республикасының имидждік науқанын қамтамасыз ету жөніндегі 2006 жылға арналған қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуын;
      2) Қоғамның қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауын, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі