Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесі бекітілсін.
2. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м. а.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2007 жылғы 16 сәуірдегі
N 112-Ө бұйрығымен
бекітілген
Табиғат пайдалану шарттарын
қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін
рұқсаттарға енгізу ережесі
1. Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесі 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу тәртібін белгілейді.
2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар (бұдан әpi - рұқсаттар) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген тәртіпте қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, оның аумақтық бөлімшелерімен және облыстың (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әpi - рұқсат беретін орган) беріледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.07.23. N 144-ө (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.
3. Табиғат пайдаланушының Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын қызмет түрлері үшін арнаулы экологиялық талаптар мен нормалар қабылданған болса, рұқсатқа осы талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ететін табиғат пайдалану шарттары енгізілуі мүмкін.
4. Оларды сақтау қоршаған ортаны қорғау, өндірістік объектінің ерекшелігіне байланысты экологиялық таза технологияларды қолдану жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ететін шарттар табиғат пайдалану шарттары болып табылады.
5. Рұқсатқа табиғат пайдалану шарттарын енгізу туралы шешімді рұқсат беретін орган қабылдайды.
6. Табиғат пайдалану шарттары табиғат пайдаланушыға қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсат берген кезде енгізіледі.
7. Табиғат пайдалану шарттарын табиғат пайдаланушы ұсынады және оларды негіздеумен рұқсат алуға өтінімнің құрамында көрсетіледі.
8. Рұқсат беретін орган, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, табиғат пайдаланушы ұсынған табиғат пайдалану шарттарын өзгертуі, сондай-ақ табиғат пайдаланудың жаңа шарттарын ұсынуы мүмкін.
9. Өзгертілген, сондай-ақ жаңа табиғат пайдалану шарттары оның қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсат алу өтінімін қарау барысында табиғат пайдаланушымен жазбаша түрде (хаттар, келіссөздер хаттамасы) келісілуі тиіс.
10. Рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарын міндетті түрде орындау.
11. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларда көзделмеген табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсатқа енгізуге тыйым салынады.