"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мәдениет саласы қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі бекiтiлсiн.
2. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрінің
2007 жылғы»11 сәуірдегі
N 111 бұйрығымен бекітілген
Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі»"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Көтермелеу мәдениет саласының қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
3. Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында мынадай көтермелеу түрлері белгіленеді:
1)»"Мәдениет қайраткері" төс белгісі, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес;
2)»"Кітапхана ісінің үздігі" құрмет дипломы;
3)»"Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау ісінің үздігі" құрмет дипломы;
4)»"Мұражай ісінің үздігі" құрмет дипломы;
5)»"Театр өнерінің үздігі" құрмет дипломы;
6)»"Музыка өнерінің үздігі" құрмет дипломы;
7)»"Мәдени-демалыс ұйымының үздік қызметкері" құрмет дипломы.
2.»"Мәдениет қайраткері" төс белгісімен марапаттау шарттары
4.»"Мәдениет қайраткері" төс белгісімен мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан мәдениет жүйесінің қызметкерлері:
1) еліміздің мәдениет саласын дамытудағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі және үлесі үшін;
2) мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны үшін;
3) мәдениет саласындағы инновациялық қызметі үшін наградталады.
5. "Мәдениет қайраткері" төс белгісімен мәдениет саласында 15 жылдан кем емес еңбек өтілі бар қызметкерлер марапатталады.
6. "Мәдениет қайраткері" төс белгісімен марапатталған тұлғаларға осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгі бойынша куәлік беріледі.
7. "Мәдениет қайраткері" төс белгісі кеуденің оң жағына мемлекеттік наградалардан төмен тағылады.
8. "Мәдениет қайраткері" төс белгісімен марапаттау қайталап жүргізілмейді.
3. Құрмет дипломдарымен марапаттау шарттары
9. "Кітапхана ісінің үздігі" құрмет дипломымен кітапхана саласындағы мінсіз еңбегі үшін, қызметтік міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кітапхана саласының қызметкерлері марапатталады.
10. "Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау ісінің үздігі" құрмет дипломымен меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан өз қызметін тарихи-мәдени мұраны қорғау саласында жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын қорғау саласындағы мінсіз еңбегі үшін марапатталады.
11. "Мұражай ісінің үздігі" құрмет дипломымен меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мұражайлар, мұражай-қорықтардың қызметкерлері мұражай ісінің дамуына қомақты үлес қосқаны үшін және қызметтік міндеттерін дұрыс және үлгілі орындағаны үшін марапатталады.
12. "Театр өнерінің үздігі" құрмет дипломымен меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан театрлар қызметкерлері еліміздің театр өнерінің дамуына қомақты үлес қосқаны, театр өнері саласындағы жетістіктері, қызметтік міндеттерін дұрыс және үлгілі орындағаны үшін марапатталады.
13. "Музыка өнерінің үздігі" құрмет дипломымен меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мәдениет ұйымдарының қызметкерлері музыка өнерінің дамуына қосқан жеке үлесі үшін марапатталады.
14. "Мәдени-демалыс ұйымының үздік қызметкері" құрмет дипломымен мәдени-демалыс ұйымдарының қызметкерлері халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыруға қосқан жеке үлесі үшін марапатталады.
15. Осы тарауда көрсетілген Құрмет дипломдарымен осы салада кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар мәдениет саласының қызметкерлері марапатталады.
16. Құрмет дипломымен марапатталуға бір тұлға қайталап ұсыныла алмайды.
4. Наградалық материалдарды ұсыну және қарау тәртібі
17. Мәдениет саласының қызметкерлерін марапаттау үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес наградтау парағы ("Мәдениет қайраткері" төс белгісімен марапаттау үшін);
2) үміткердің нақты сіңірген еңбектері, сіңірген еңбегінің дәрежесін ашатын жетістіктері мен табыстары жазылуы тиіс мінездеме-ұсыныс (Құрмет дипломдарымен марапаттау үшін).
Наградтау парағына және мінездеме-ұсынысқа кандидатты ұсынған мемлекеттік орган, ұйым басшысы қол қояды.
"Мәдениет қайраткері" төс белгісі және Құрмет дипломдарымен марапаттау Республика Күніне орай жылына бір рет өткізіледі.
18. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдері, республикалық шығармашылық одақтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне бағыныстағы ұйымдар наградалық материалдарды Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынады.
19. Басқа тұйымдар наградалық материалдарды жергілікті мемлекеттік органдардағы мәдениет басқармаларына ұсынады. Олар өз кезегінде материалдарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереді.
20. Наградалық материалдар ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілуге тиіс. Аталған мерзімді бұзу арқылы жіберілген материалдар ағымдағы жылда қаралмайды.
21. Наградалық материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің наградалар жөніндегі комиссиясының отырысында қаралады. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің қарауына енгізіледі.
22. "Мәдениет қайраткері" төс белгісі және Құрмет дипломдарымен марапаттау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен жүзеге асырылады.
5. Қорытынды ережелер
23. "Мәдениет қайраткері" төс белгісін, Құрмет дипломдарын табыстауды салтанатты түрде Министр немесе ол өкілеттік берген тұлға жүзеге асырады.
24. Мәдениет ұйымдарының кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді.
25. Мәдениет саласындағы көтермелеуді есепке алуды мәдениет саласындағы уәкілетті органның кадр қызметі жүзеге асырады.
Мәдениет саласының қызметкерлерін
көтермелеудің салалық жүйесіне
1-қосымша
"Мәдениет қайраткері" төс белгісінің бейнесі
(сурет мәтініне қараңыздар)
"Мәдениет қайраткері"
төс белгісінің сипаттамасы
"Мәдениет қайраткері" төс белгісі алтын түсті шеңбер арасын қосқан мерейтой медалі мен түйреуіш түрінде жасалған. Көлемі 24 мм - 15 мм түйреуіш төртбұрыш нысанына ие, көгілдір түсті (Қазақстан Республикасы туының түсі) эпоксидті эмальмен боялған, ішкі жағы орнаментпен безендірілген.
Мерейтой медалі 25 мм шеңбер нысанына ие. Шеңбердің төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының символикалық фрагменті - күн сәулелері орналастырылады.
Медаль айналасына алтын түстес "Мәдениет қайраткері" жазуы жазылады.
Мәдениет саласының қызметкерлерін
көтермелеудің салалық жүйесіне
2-қосымша
"Мәдениет қайраткері"
төс белгісі куәлігінің сипаттамасы
Куәлік көк түсті қатты қаптамамен қапталған екі беттен тұрады
1. Сырты
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі
Куәлік
2. Ішкі жағы
Куәлік N ____ Удостоверение N ____
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
_______________________ _______________________
(наградталушының аты-жөні) (фамилия, имя, отчество
Қазақстан Республикасының награждаемого)
мәдениет саласына сіңірген Награжден (а) Нагрудным
айрықша еңбегі үшін знаком "Мәдениет қайраткері"
"Мәдениет қайраткері" төс за особые заслуги в отрасль
белгісімен наградталды культуры Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы Мәдениет Приказ Министра культуры и
және ақпарат министрінің информации
200__ жылғы "__" ___________ Республики Казахстан
N ______ бұйрығы от "__" _________ 200__г.
Министр ____________________ N ______
Мәдениет саласының қызметкерлерін
көтермелеудің салалық жүйесіне
3-қосымша
"Мәдениет қайраткері" төс белгісіне марапат қағазы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
____________________
Берілген жері
НАГРАДТАУ ПАРАҒЫ
1. Аты-жөні ________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Жұмыс орны, қызметі _____________________________________________
____________________________________________________________________
жұмыс орнының (мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның, мемлекеттік
органның) толық атауын көрсету қажет
3. Жынысы ________________ 4. Туған жылы және жері _________________
5. Білімі _______________
6. Ғылыми дәрежесі, атағы __________________________________________
7. Үйінің мекен-жайы: ______________________________________________
8. Жалпы жұмыс өтілі ________ 9. Саладағы жұмыс өтілі ______________
10. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі _______________________________
11. Наградталушының айрықша сіңірген нақты еңбектері көрсетілген
мінездеме __________________________________________________________
Кандидатура талқыланды және ұсынылды
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, талқыланған күні, хаттаманың N)
"Мәдениет қайраткері" төс белгісімен марапаттауға ұсынылады
Ұйымның басшысы
___________________________
(қолы)
_________________________
(Аты-жөні)
"___"______________жыл.
(толтырылған күні)
Мөрдің орны
Ескерту: наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлік бойынша
толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде
транскрипциясы көрсетіледі.