Әділет органдарының Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мәселелері жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3513 болып тіркелген, 2005 жылғы 22 шілдедегі "Заң" газетінің N 68 (693) жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3683 болып тіркелген, 2005 жылғы 27 шілдедегі "Заң" газетінің N 71 (695) жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 18 маусымдағы N 160 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығымен және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4322 болып тіркелген, 2006 жылғы 22 қыркүйектегі "Заң" газетінің N 170 (976) жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 24 шілдедегі N 199 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), мынадай өзгеріс енгізілсін: