Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.30 № 576 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N 1156 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Мыналардың:
1) 1-қосымшаға сәйкес ЖҚТБ проблемасы бойынша ғылыми тақырыпты орындағаны үшін және ЖҚТБ-мен ауыратын сырқаттар мен АҚТҚ жұқтырғандармен байланыста болатын, ЖҚТБ қоздырғышымен және АҚТҚ-материалын ықтимал жұқтырғандармен (оның ішінде жануарлармен) жұмыс істейтін, лауазымдық жалақысының 60% жалақысы мөлшерінде қосымша ақы белгіленетін ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтарының медицина қызметкерлеріне, қызметшілері мен техникалық қызметкерлерінің, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирусты препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлер лауазымдарының;
2) 2-қосымшаға сәйкес Айрықша еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбелері бекітілсін.
2. 3-қосымшаға сәйкес Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу Ережесі бекітілсін.
3. "Еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 19 шілдедегі N 541 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3009 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде тіркелген, 2004 ж., N 37-40, 1025-құжат) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Тәжібаева С.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ә.Б.Нүсіповаға жүктелсін.
7. Осы бұйрық 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы»29 қаңтардағы
N 50 бұйрығына
1-қосымша
ҚТБ проблемасы бойынша ғылыми тақырыпты орындағаны үшін және
ЖҚТБ-мен ауыратын сырқаттар мен АҚТҚ жұқтырғандармен
байланыста болатын, ЖҚТБ қоздырғышымен және АҚТҚ-материалын
ықтимал жұқтырғандармен (оның ішінде жануарлармен) жұмыс
істейтін, лауазымдық жалақысының 60% жалақысы мөлшерінде
қосымша ақы белгіленетін ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы
күрес жөніндегі орталықтарының медицина қызметкерлеріне,
қызметшілері мен техникалық қызметкерлерінің, ғылыми-зерттеу
ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың
бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирусты
препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің
қызметкерлер лауазымдарының тізбесі
NN |
Ұйымдардың тізбесі |
Қызметкерлер лауазымдарының тізбесі |
1 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің»ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегі республикалық орталық мемлекеттік мекемесі |
Медицина қызметкерлері, қызметшілер мен техникалық қызметкерлер |
2 |
Облыстық (қалалық) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегі орталықтар |
Медицина қызметкерлері, қызметшілер мен техникалық қызметкерлер |
3 |
АҚТҚ/ЖҚТБ проблемасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын денсаулық сақтау саласының ғылыми-зерттеу ұйымдары |
Директор, директордың емдеу ісі және ғылым жөніндегі орынбасары, Профессор, доцент. Бас ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер. Зертханашы-дәрігер, медбикенің көмекшісі (санитар) |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы»29 қаңтардағы
N 50 бұйрығына
2-қосымша
Айрықша еңбек жағдайы үшін қосымша ақы
белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер
лауазымдарының тізбесі
№N |
Ұйымдардың (бөлімшелердің) тізбесі |
Қызметкерлер лауазымдарының тізбесі |
Айрықша жағдайлар |
Ескертпе |
1 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Обаға қарсы күрес мемлекеттік мекемелері (станциялар, бөлімшелер) |
Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер |
Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштарымен және ықтимал жұқтырған материалдармен жұмыс істегені үшін |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндiк және зооноздық жұқпалы аурулар ғылыми орталығы" РМҚК |
Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер |
Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштарымен және ықтимал жұқтырған материалдармен жұмыс істегені үшін |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы"»ММ, облыстардың, Астана мен Алматы қалалары Санитарлық-эпиденмиологиялық сараптама орталықтарының аса қауіпті жұқпалар зертханалары мен бөлімдері |
Аса қауіпті жұқпалар зертханалары мен бөлімдерінің және хайуанатханаларының қызметкерлері |
Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштарымен және ықтимал жұқтырған материалдармен жұмыс істегені үшін |
|
4 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы" РМҚК трансмиссиялы вирусты жұқпалар зертханалары |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы" РМҚК трансмиссиялы вирусты жұқпалар зертханаларының қызметкерлері |
Аса қауіпті жұқпалы аурулар қоздырғыштарымен және жұқтырылуы ықтимал материалдармен жұмыс істегені үшін |
|
5 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі және оның аумақтық бөлімшелері |
Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету жөніндегі мамандандырылған бригадалардың қызметкерлері |
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша шұғыл медициналық көмек көрсеткені үшін |
|
6 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақ республикалық лепрозорийi" мемлекеттік мекемесі |
Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер |
Алапес ауруын емдеуді ұйымдастырғаны үшін |
|
7 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Сот медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі және оның аумақтық бөлімшелері, патологоанатомиялық бюро (бөлімшелері мен зертханалары) |
Басшылар мен олардың сараптама жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сараптама бөлімшелерінің, зертханаларының меңгерушілері, сарапшылар: |
Сот-медициналық сараптама қызметін жүзеге асырғаны үшін |
|
8 |
Отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, қалалық емханалар (бөлімшелер), оның ішінде аудандық орталық ауруханалардың емханалары, ауылдық аймақтардың туберкулезге қарсы ауруханаларының емханалары, аудандық орталық емханалар (консультациялық-диагностикалық), сондай-ақ диспансерлер (емханалық бөлімшелер) - туберкулезге қарсы, неврологиялық, онкологиялық, психо-неврологиялық, наркологиялық және тәуелділік ауруларының алдын алу және оларды емдеу жөніндегі орталықтар |
Терапия, педиатрия бөлімшелерінің меңгерушілері, аға учаскелік медбикелер, сондай-ақ жасөспірімдер қызметінің терапевтері, психиатрлар, фтизиатрлар, онкологтар, наркологтар және көрсетілген қызметтердің учаскелік медбикелері |
Аумақтық учаскелерде халыққа медициналық-санитарлық көмек көрсеткені үшін |
|
9 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь" мемлекеттік мекемесі, басқа ауруханалардың құрамындағы бөлімдер мен бөлімшелер |
Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық медицина және фармацевтика қызметкерлері, қызметшілер, техникалық қызметкерлер мен басқа да жұмысшылар |
Отан соғысының мүгедектерiне және оларға теңестірілген адамдарға арналған госпитальдарда және ауруханалардың құрамындағы арнаулы бөлімшелерде медициналық көмек көрсеткені үшін |
|
10 |
Шұғыл медициналық көмекті тікелей көрсету және құтқару жұмыстары үшін ұйымдастырылған арнайы мақсаттағы медициналық жасақтардың медицина қызметкерлері |
Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, санитарлық авиация станциясының көшпелі бригадаларының, республикалық, облыстық және өңірлік ауруханалардың жоспарлы және шұғыл консультациялық көмек бөлімшелерінің медицина қызметкерлері |
Шұғыл медициналық көмек көрсеткені үшін |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы»29 қаңтардағы
N 50 бұйрығына
3-қосымша
Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу ережесі
1. Медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ бөлімшелердің басшыларына (бөлімшелердің меңгерушілеріне, бас мейірбикелерге, аға мейірбикелерге) біліктілік санаты үшін қосымша ақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
2. Медициналық ұйымдардың басшыларына, олардың орынбасарларына дәрігерлік мамандықтар бойынша біліктілік санаты үшін қосымша ақы қоса атқаратын мамандықтар бойынша жұмыстарды атқарған жағдайларда ғана төленеді.