Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 337-ІІІ шешімі Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 15 қаңтарда N 2480 тіркелді.

Қолданыстағы

        " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148 
Заңының  6 бабына, "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі N 160  Заңының  10-бабының 1
тармағына және облыстық әкімияттың 2006 жылғы 10 шілдедегі N№179
қаулысын қарап, III сайланған облыстық мәслихат XXII сессиясында
шешім етті :

      1. Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелелер
құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесі бекітілсін (жалғанды).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың
бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер
және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М.Шырдабаев)
жүктелсін.

      3. Осы шешім Атырау облысының Әділет департаментінде
тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

       Облыстық мәслихат XXII
      сессиясының төрағасы    

      Облыстық мәслихат хатшысы    

 Облыстық мәслихаттың
                   2006 жылғы 8 желтоқсандағы
                    №N 337-III шешіміне қосымша 

Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау ережесі

       Осы Ереже кінәратсыз қоршаған орта қалыптастыру үшін елді
мекендерді көркейтудің негізгі элементі ретінде оларда жасыл желекті
екпелердің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан
Республикасының азаматтық және табиғат қорғау заңнамаларына,
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді. 
      Ереже Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер
құру, күтіп ұстау және қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды
реттейді және меншік нысандарына қарамастан барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілер үшін міндетті.

          1. Жалпы ережелер

         1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) жасыл желекті екпелер - азаматтық заңнамаға сәйкес
жылжымайтын мүлік болып табылатын және елді мекеннің біртұтас жасыл
желекті қорын құрайтын табиғи және жасанды жолмен өсірілген ағаш,
бұта және шөп өсімдіктері;
      2) жасыл желекті құрылыс - елді мекендерде және басқа
объектілерде жасыл желекті екпелер алқаптарын құру, сақтау және
ұлғайту. Көлемі едәуір үлкен учаскелерді көгалдандыру
жобалық тапсырманың негізінде және оның негізінде жасалған
дендрологиялық және техникалық жоба бойынша жүргізіледі.
      3) жалпы жұрт пайдаланатын жасыл желекті екпелер - қалалар мен
кенттер халқын рекреациялауға арналған жасыл желекті екпелер аумағы
(қала ормандары, орман парктері, саябақтар, бақшалар, скверлер,
бульварлар); 
      4) шектеулі түрде пайдаланылатын жасыл желекті екпелер -
тұрғын үйлердің, емдеу, балалар, оқу және ғылыми мекемелердің,
өнеркәсіп орындарының, спорт кешендерінің көгалдандырылған аумағы;
      5) арнайы мақсаттағы жасыл желекті екпелер - санитариялық-
қорғаныштық, су қорғау, қорғаныштық-мелиорациялық, өртке қарсы
аймақтардың, зираттардың көгалдандырылған аумағы, жеміс бақтары,
питомниктер, гүлзар-оранжерея шаруашылықтары;
      6) дендрологиялық жоспар - көгалдар мен гүлзарлардың,
алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының, шағын сәулет
нысандарының ашық учаскелерімен ұштастыра отырып, өсіп тұрған 
және жобаланып жатқан ағаш және бұта өсімдіктерінің орналасуы мен
түр-түрі көрсетілген 1:500 және одан да ірі масштабтағы сызба; 
      7) өтемдік көгалдандыру - жойылған немесе бөлінген жасыл
желекті екпелердің орнына оларды молықтыру;
      8) жасыл желекті екпелердің өтемақылық құны - жасыл желекті
екпелерді құруға және күтіп ұстауға, сондай-ақ жасыл желекті
екпелердің құндылығына, орналасқан жеріне және сапалық жай-күйіне
байланысты айқындалатын экологиялық нұқсанды өтеуге жұмсалған
шығындарды қоса алғанда, бөлінген немесе жойылған жағдайда жасыл 
желекті екпелердің құндылығын есепке алу үшін белгіленетін олардың
құндық бағасы;
      9) көгалдандырылған аумақтар - табиғи және жасанды жолмен
өсірілген екпелер: бақ-парк кешендері мен объектілері, бульварлар,
скверлер, көгалдар мен гүлзарлар орналасатын тұрғын үй қоғамдық,
іскерлік, коммуналдық, өндірістік мақсаттағы жер учаскелері;
      10) жасыл желекті екпелерді қорғау - жасыл желекті екпелерді
сақтауға және молықтыруға бағытталған құқықтық, ұйымның және
экономикалық шаралар жүйесі;
      11) қорғау куәлігі - есепке алынған объектінің паспорты
негізінде жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган
көгалдандырылған аумақтарды күтіп ұстау және қорғау жөніндегі
міндеттер жүктелетін олардың меншік иелеріне (жалгерлеріне) беретін 
құжат;
      12) жасыл желекті екпелердің бүлінуі - ағаш-бұта 
өсімдіктерінің ұшарбасына, діңіне, бұтақтарына, олардың тамыр
жүйесіне нұқсан келтіру, шөп өсімдіктерінің өсуін тоқтатпаса
да, олардың жердегі бөлігі мен тамыр жүйесін бүлдіру. Бұтақтарының,
тамыр жүйесінің механикалық жолмен бүлінуі, қабығының тұтастығының
бұзылуы, топырақ үстіндегі жанды қабатының біртұтастығының
зақымдануы, жасыл желекті екпелердің немесе тамыр аймағындағы
топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және өзге де нұқсан
келтіру бүліну болып табылады;
      13) есепке алу ведомосы - жасыл желекті екпелердің жай-күйінің
жалпы сипаттамасын беретін ағаштар мен бұталардың саны туралы
ведомость;
      14) жасыл желекті екпелердің тізілімі - елді мекен аумағындағы
жасыл желекті екпелердің тұрпаты, түр құрамы, мөлшері туралы
деректер жиынтығы;
      15) жасыл желекті екпелерді жою - ағаштар, бұталар, гүлзарлар
және көгалдар жойылып кететіндей дәрежеде жасыл желекті екпелерді
бүлдіру;
      16) есепке алынатын объект - белгіленген шекарасы бар және
жауапты меншік иелеріне мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға не
жеке тұлғаларға меншікке немесе жалға берілген жер учаскесі;
      17) уәкілетті орган - жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау
және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін қала мен кенттер
әкімдіктерінің шешімдерімен бекітілетін жасыл желекті екпелер құру,
күтіп ұстау және қорғау жөніндегі орган.

        2. Жасыл желекті екпелер құрудың, күтіп ұстаудың 
                    және қорғаудың негізгі принциптері

         2. Қала немесе кент кімнің қарауында екеніне қарамастан
олардың аумағында орналасқан барлық жасыл желекті екпелер елді
мекеннің біртұтас жасыл желек қорын құрайды және қорғалуға жатады.

      3. Жеке және заңды тұлғалар жасыл желекті екпелерді сақтау
жөнінде шаралар қолдануға, жасыл желекті екпелердің бүлінуіне
немесе жойылуына әкеп соғуы мүмкін заңсыз іс-әрекеттерге немесе
әрекетсіздікке жол бермеуге міндетті.

      4. Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерінің меншік
иелері, жалгерлері олардың жай-күйіне бақылау жасап отыруға, жасыл
желекті екпелердің қанағаттанарлық жай-күйі мен қалыпты өсіп-өнуін
қамтамасыз етуге міндетті. Арнайы агротехникалық іс-шаралар өткізуге
байланысты жасыл желекті екпелер отырғызу және оларға күтім жасау
жөніндегі жұмыстарды осы қызмет түрімен айналысу құқығын беретін
сертификаттың негізінде мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

      5. Жеке және заңды тұлғалардың жобалау, құрылыс және
шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы
Ереже белгілеген жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі
талаптарды  сақтай отырып жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық
және өзге қызметті ұйымдастыруға арналған жобалау алдындағы және
жобалау құжаттамасы топографиялық негізге салынған жасыл желекті
екпелердің жай-күйі туралы толық және шынайы мәліметтерді
қамтуға тиіс.

      6. Белгіленген тәртіппен келісілген елді мекенді дамытудың бас
жоспарымен салыну көзделген учаскелерді қоспағанда, қала, кент
аумағының шегінде орналасқан жасыл желекті алқаптар (саябақтар,
скверлер, тоғайлар, ағаш отырғызылған жерлер) құрылыс жүргізуге
жатпайды.

      7. Жалпы жұрт пайдаланатын жерлерде жасыл желекті екпелер құру
белгіленген тәртіппен бекітілген қаланы, кентті көгалдандырудың бас
жоспары мен ұзақ мерзімді кешенді схемасына сәйкес сәулет және қала
құрылысы органдарының оң қорытындысы, экологиялық сараптама
негізінде жүргізіледі.

      8. Жасыл желекті екпелер құру жұмысының барлық түрі 
белгіленген тәртіппен бекітілген дендрологиялық жобалар бойынша
орындалады. Жасыл желекті құрылыс жұмысын жүргізу кезінде
жоба авторлары орындалып жатқан жұмыстардың сапасын және олардың
бекітілген дендрологиялық жобаға, жұмыс сызбаларына сәйкес келуін
қадағалап отыруға міндетті.

3. Азаматтардың және жасыл желекті екпелердің меншік иелерінің  (жалгерлердің) құқықтары мен міндеттері

      9. Азаматтардың:
      1) осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, өздерінің мәдени-
сауықтыру және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
бақтарда, парктерде, скверлерде емін-еркін жүріп-тұруға,
серуендеуге, спортпен шұғылдануға және өзге де мақсаттарда болуға
құқығы бар. Қала, кент халқының арнайы мақсаттағы көгалдандырылған
аумақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген
учаскелерін пайдалануына Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес ішінара немесе толық шектеу қойылуы мүмкін;
      2) қаланың, кенттің жасыл желекті қорының жай-күйі, оны қорғау
шаралары мен дамыту перспективалары туралы шынайы ақпарат алуға;
      3) жасыл желекті құрылыс жобаларын талқылауға, сондай-ақ жасыл
желекті құрылыстың баламалы жобаларын әзірлеуге қатысуға;
      4) іске асырылуы қаланың, кенттің жасыл желек қорына зиян
келтіруі мүмкін жобалық құжаттамаға қоғамдық экологиялық сараптама
өткізу туралы бастамашылық жасауға; 
      5) қаланы, ауданды, ауланы көгалдандыру, көгалдандырылған
аумақтарды санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
      6) лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың
жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі талаптарды бұзуына
байланысты әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) әкімшілік немесе сот
тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.

      10. Жасыл желекті екпелерді қорғау және күтіп ұстау жөнінде
міндеттеме қабылдаған жеке және заңды тұлғалар, көгалдандырылған
аумақтардың меншік иелері мен жалгерлері:
      1) жасыл желекті екпелердің сақталуын және оларға білікті
күтім жасалуын қамтамасыз етеді;
      2) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасыл желекті
екпелердің өзгеруі (қазып әкетілгені, қайта жаңартылғаны, қайта
отырғызылғаны, отырғызылғаны) туралы оған жыл сайын ақпарат жіберіп
тұрады;
      3) уәкілетті органның әдістемелік-нұсқаулық ұсыныстарына
сәйкес агротехникалық шаралардың бүкіл кешенін, оның ішінде
көгалдарды, ағаштар мен бұталарды суаруды, арамшөптермен,
зиянкестермен және аурулармен күресуді, көгалдарды тегістеп шауып
отыруды жүйелі түрде жүргізіп тұрады;
      4) қала құрылысы, экологиялық, санитариялық-гигиеналық
нормаларға сәйкес әзірленіп бекітілген дендрологиялық жобалар
бойынша бекітіп берілген аумақта өз есебінен көгалдандыру және
жасыл желекті екпелерді ағымды жөндеуден өткізу жұмыстарын
жүргізеді;
      5) осы Ережеге белгілеген тәртіппен ресімделген жасыл желекті
екпелерді қазып әкетуді (қайта отырғызуды) жүзеге асырады;
      6) уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен ғана ағаштарды
жасарту мақсатында кеседі, ағаш-бұта өсімдіктеріне олардың нобайын
қалыптастыру және оларды санитарлық мақсатта кесу жұмыстарын
жүргізеді; 
      7) жіңішке сымдар қорғалатын аймақта (1 метр радиуста),
сондай-ақ көше көрсеткіштері мен үйлердің нөмір белгілерін жауып
тұрған бұталарды дер кезінде кесіп отырады. Бұталар кесу электр
сымдары желісінің иелерімен келісілген кесте бойынша және осы жұмыс
түрін орындау жөніндегі технологиялық талаптарды сақтай отырып,
олардың бақылауымен жүргізіледі.
      8) аумаққа санитарлық тазарту жүргізеді, сынған ағаштар мен
бұталар тасып әкетеді.  

      11. Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерін сатып
алу, сату, сыйға тарту, жалға беру кезінде және жер заңнамасында
көзделген жер айналымының басқа нысандарында жасыл желекті
екпелерді қорғау және күтіп ұстау жөніндегі құқықтар мен міндеттер
жаңа меншік иесіне, жалгерге көшеді. 

      12. Көгалдандырылған аумақтардың жер айналымын куәландыратын
құжаттама уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

      13. Жасыл желекті екпелерді күтіп ұстауға берілген қорғау
куәлігі, ал жекелеген жағдайларда аумақты көркейту мен тазарту
шарты жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскесіне құқық
белгілейтін құжаттар ресімделгенге (қайта ресімделгенге) дейін
жасалады. 

                    4. Уәкілетті органның өкілеттіктері

         14. Уәкілетті органның құзіретіне:
      1) жасыл желекті екпелер кадастрын жүргізу;
      2) жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау
жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
      3) жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерін
пайдалануға рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешімдер
қабылдау;
      4) жасыл желекті екпелерді қазып әкетуге және қайта отырғызуға
рұқсаттар беру;
      5) жасыл желекті екпелерге келтірілген зиянның құнын
бекітілген мөлшер бойынша бағалау;
      6) жасыл желекті екпелерге келтірілген зиянды өтеу үшін
төлемдер жасалуын бақылау;
      7) жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау
жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға аттестация өткізу және оларға
сертификат беру енеді.

            5. Жасыл желекті екпелерді есепке алу,
                  қорғау және күтіп ұстау

         15. Елді мекендердегі жасыл желекті екпелердің санын, түр
құрамын және жай-күйін анықтау мақсатында оларды есепке алу есеп
объектісінің шекарасында орналасқан жасыл желекті екпелерді
түгендеу арқылы жүзеге асырылады.

      16. Жасыл желекті екпелерді түгендеу және оларды тексерудің
өзге түрлері белгіленген тәртіппен әдістемелік-нұсқаулық
құжаттармен бекітілген есеп объектісі шекарасында орналасқан жасыл
желекті екпелердің әрбір ағашын есепке алу әдістеріне сәйкес
жүргізіледі.

      17. Жасыл желекті екпелерді есепке алу:
      1) қала, кент аумағындағы жасыл желекті екпелердің сандық және
сапалық сипаттамалары туралы шынайы деректер алу;
      2) жауапты меншік иелерінің көгалдандырылған аумақтарда жүзеге
асыратын қызметінің аумақтардың белгіленген функциональдық
мақсатына сәйкестігін айқындау;
      3) қаланың, кенттің көгалдандырылған аумақтарын ұтымды
пайдалануды ұйымдастыру үшін ақпараттық база құру мақсаттарында
жүргізіледі.

      18. Жасыл желекті екпелердің барлық түрі: ағаштар, бұталар,
көгалдар, гүлзарлар есепке алынуға жатады.  

      19. Бекітілген нысан бойынша (1-қосымша) толтырылатын есеп
объектісінің паспорты жасыл желекті екпелерді есепке алу
нәтижелерін көрсететін құжат болып табылады.

      20. Есеп объектісінің паспорты бес жылда 1 рет жоспарлы түрде
жаңартылып отыруға тиіс.

      21. Жылжымайтын мүліктің жауапты иесі өзіне тиесілі жер
учаскесіндегі жасыл желекті екпелерді есепке алуды ұйымдастырады
және алынған деректерді есеп объектісінің паспортына енгізуді
қамтамасыз етеді.

      22. Есеп объектісінің паспортын жауапты меншік иесі бекітеді
және уәкілетті органмен, сондай-ақ тексеру жүргізген
мамандандырылған ұйыммен келісіледі. 
      Есеп объектісі паспортының көшірмесі Жасыл желекті екпелер
тізіліміне (2-қосымша) деректерді енгізу үшін уәкілетті органға
береді.

      23. Көгалдандырылған аумақтарда орналасқан Жасыл желекті
екпелер тізілімінің деректерін жаңартып отыру 2 жылда 1 рет
жүргізіледі.

      24. Жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау
жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру және орындау
мыналарға:
      1) бақтар, скверлер, бульварлар, жаяу адамдар жүретін
аллеялар - уәкілетті органға, мамандандырылған коммуналдық
кәсіпорындарға, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтардың меншік
иелері мен жалгерлеріне жүктеледі; 
      2) мәдениет және демалыс саябақтары, балалар саябақтары,
мамандандырылған саябақтар - осы мекемелердің әкімшіліктеріне
жүктеледі;
      3) сауда, қызмет көрсету объектілерінің, банктердің,
офистердің, кәсіпорындардың, жеке меншік үйлердің және басқа да
жеке иеліктердің бүйірінің (алдыңғы жағының) ажырамас бөлігін
құрайтын жалпы жұрт пайдаланатын жасыл желекті екпелер осы
жылжымайтын мүліктің меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;
      4) ұйымдардың аумақтарындағы, сондай-ақ оларға бекітіп
берілген учаскелердегі жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау
және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру мен
орындауды тікелей осы ұйымдар жүзеге асырады;
      5) санитариялық-қорғаныштық аймақтарда - жер учаскелерінің
меншік иелері мен жер пайдаланушылар санитариялық-қорғаныштық
аймақтар шекарасында жүзеге асырады;
      6) квартал ішіндегі жасыл желекті екпелер, үй қасындағы
аумақтардағы екпелер жер пайдалану шекарасында - тұрғын үй қорының
меншік иелеріне (тұрғын үй-пайдалану кәсіпорындарын 
пайдаланушыларға) жүктеледі.

      25. Арнайы агротехникалық іс-шаралар өткізуге байланысты жасыл
желекті екпелерге күтім жасау жөніндегі жұмыстарды, жасыл желекті
екпелерді жөндеу мен қайта жаңартуды уәкілетті орган берген тиісті
сертификаты бар мамандандырылған көгалдандыру ұйымдары жүргізеді.

        6. Жасыл желекті екпелерді құлату және қайта отырғызу

         26. Жасыл желекті екпелерді құлатуға:
      1) белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген қала
құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс объектілерін орналастыру
үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      2) инженерлік көркейту объектілеріне, жер үстіндегі
коммуникацияларға қызмет көрсету;
      3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде
инженерлік көркейту объектілерінде жою;
      4) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының
қорытындылары бойынша тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар үшін
нормативтерге сәйкес келетін үйлердің жарық деңгейін қалпына
келтіру;
      5) жасыл желекті екпелердің сапалық және түр құрамын жақсарту
қажет болған жағдайларда рұқсат берілуі мүмкін.

      27. Жасыл желекті екпелерді құлатуға ағаш кесу билеттері (3,
4-қосымшалар) бойынша ғана, ал қайта отырғызуға уәкілетті орган
беретін рұқсат (5-қосымша) бойынша жол беріледі.
      Ағаш құлату, қайта отырғызу, ағаш кесу билеттерін және қайта
отырғызуға рұқсат беру тәртібін жасыл желекті екпелерді қорғау
жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      Жер учаскесі (бау-бақша және саяжай учаскелері, жеке тұрғын үй
құрылысы) жеке немесе заңды тұлғаға меншікке берілгеннен кейін онда
шаруашылық қызметтің нәтижесінде немесе табиғи жолмен пайда болған
ағаш және бұта өсімдіктерін құлатуды, қайта отырғызуды, қайта
жағартуды олар рұқсат ресімдемей өздерінің қалауы бойынша жүзеге
асырады.

      28. Мемориальдық, тарихи немесе бірегей эстетикалық құндылығы
бар, тарихи немесе мәдени мұра ескерткіштері мәртебесі берілген
ағаштарды, Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген, сондай-ақ
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан
ағаш және бұта өсімдіктерінің түрлерін құлатуға тыйым салынады.

      29. Ағаштар мен бұталарды құлатуды белгіленген тәртіппен
ресімделген рұқсат құжаттамасы (оның ішінде ағаш кесу билеті)
болған жағдайда тиісті жұмыс түрлеріне сертификаты бар
мамандандырылған ұйым жүргізеді. 
      Рұқсат беру құжаттарын алдын ала ресімдеп алмай жасыл желекті
екпелерді құлатуға және қайта отырғызуға тыйым салынады.  

      30. Қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде жасыл желекті
екпелерді құлату немесе қайта отырғызу мынадай тәртіппен жүзеге
асырылады:
      1) жобалау ұйымы құрылысқа бастапқы рұқсат беру құжаттамасын
әзірлеу кезінде белгіленген тәртіппен жасыл желекті екпелерді
құлату қажеттігін көздейтін құрылыс жобасын әзірлейді;
      2) жобалау ұйымының хаты мен құрылыс жобасының негізінде
уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармасымен
бірлесіп, құрылыс жүргізу көзделіп отырған учаскені тексеріп шығып,
тексеру актісін жасайды, онда ағаштар мен бұталардың саны,
олардың түр құрамы, жай-күйі, көгалдардың, шөп қабатының,
гүлзарлардың бар-жоғы, оның ішінде құлататындары көрсетіледі;
      3) тексеру актісінің негізінде уәкілетті орган жобалау ұйымына
ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ құлатылуға тиіс ағаштар мен
бұталардың, гүлзарлар мен көгалдардың мөлшерін барынша ықтимал
сақтап қалу  мақсатымен осы учаскеде құрылыс орналастырудың ерекше
шарттарымен құрылыс жүргізу мүмкін екені туралы қорытынды береді; 
      4) берілген құжаттардың негізінде  уәкілетті орган тапсырыс
берушіге кесілген ағаштар мен бұталардың, кетілген гүлзарлар мен
көгалдардың бекітілген мөлшерде өтемақылық құнын төлеу үшін шот
жазып береді;
      5) әкімдіктің бағдарламаларына сәйкес бес қабатты және өзге
ескі үйлерді құлату кезінде жасыл желекті екпелерді құлатуға ағаш
кесу билеттерін бергенде өтемақылық құн  инженерлік
коммуникациялардың күзет аймақтарында және жарық режимі аймағында
орналасқан жасыл желекті екпелерді құлату құны ескерілмей
есептеледі.

      31. Инженерлік коммуникацияларды күрделі немесе ағымды
жөндеуден өткізу кезінде жасыл желекті екпелерді құлатуды және
(немесе) қайта отырғызуды келісіп алу мынадай тәртіппен
жүргізіледі:
      1) инженерлік коммуникацияларды күрделі немесе ағымды
жөндеуден өткізу кезінде жасыл желекті екпелерді құлату ағаш кесу
билетінің негізінде жүргізіледі;
      2) инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарында өсіп
тұрған жасыл желекті екпелерді кесу кезінде қолданыстағы құрылыс
нормалары мен ережелеріне сәйкес айқындалатын өтемақылық құн
алынбайды; 
      3) жөндеу жұмыстары барысында бөлінген көгалдар мен
гүлзарларды қалпына келтіру тапсырыс берушінің қаражаты есебінен
жүзеге асырылады;
      4) инженерлік коммуникациялардың күзет аймағынан тысқары
жерлерде жұмыс жүргізу аймағында өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды
кесу кезінде өтемақылық құн толық қалпына келтіру құны мөлшерінде
алынады.

      32. Ірі ағаштардың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына,
үйлер мен құрылыстардың жай-күйіне, көлік қозғалысына,
коммуникациялардың жұмыс істеуіне қатер төндіретін төтенше
және авариялық жағдайларда көрсетілген екпелерді құлату алдын ала
рұқсат ресімдемей-ақ жүргізіледі:
      1) құлату фактісі аумақ иесі, уәкілетті орган, авариялық және
өзге төтенше жағдайды жою жөнінде жұмыс жүргізген ұйым өкілдерінің,
тиісті әкімшілік-аумақтық құрылым әкімі өкілінің құрамындағы
комиссия белгіленген нысанда ресімделген ағаш кесу орнын куәландыру
актісімен расталады;
      2) уәкілетті орган ағаш кесу билетін белгіленген тәртіппен
ресімделген құлату орнын куәландыру актісі болған жағдайда жұмыстар
басталған сәттен бастап 72 сағат ішінде береді.

      33. Үйлер мен құрылыстардан 5 метр жақын өскен, үйлерді тым
қараңғылап жіберетін ағаштарды құлатуға рұқсатты санитариялық- 
эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындылары негізінде
азаматтардың өтініштері бойынша уәкілетті орган тегін береді.

      34. Құрғақ, кеуіп бара жатқан және ауру ағаштар мен бұталардың
қайда орналасқанына қарамастан оларды есепке алуды және таңбалауды
азаматтар мен заңды тұлғалардың, көгалдандырылған аумақтардың
пайдаланушыларының, меншік иелерінің және жалгерлерінің өтініштері
бойынша уәкілетті орган жүргізеді. 
      Егер құрғақ ағаштар мен бұталарды тексеру кезінде ағаштардың
өспей қалуы қартаюы мен аурулардан емес, жекелеген азаматтардың
немесе лауазымды тұлғалардың кінәсінен болғаны анықталса, осы
ағаштарды бақылау жас өсіп тұрған ағаштарды қалпына келтіру құнының
ставкалары бойынша жүргізіледі, ал олардың қурап қалуына кінәлі
тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

      35. Жасыл желекті екпелерді өсіру және күтіп ұстауға
мамандандырылған ұйымдарға тиесілі аумақтарда жасыл желекті
екпелерді құлату осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      36. Келісілген жобаға және санақ ведомосына (6-қосымша) сәйкес
құлатуға жататын барлық жасыл желекті екпелерді жұмыс жүргізуші
қызыл бояумен, қайта отырғызылуға арналған екпелерді - сары бояумен
белгілейді.

      37. Кесілген ағаш пен кесінді қалдықтарын құлату, көлденеңінен
бөлу, тиеу және әкету жұмыс басталған сәттен бастап бір тәулік
ішінде жүргізіледі. Кесілген ағаштар мен кесінді қалдықтарын жұмыс
жүргізілген жерде сақтауға тыйым салынады. Кесінді қалдықтарын
құлату, көлденеңінен бөлу, тасымалдау жөніндегі барлық жұмыс осы
жұмыс түріне арналған қауіпсіздік техникасының талаптарына толық
сәйкес жүргізіледі.

      38. Ағаш кесу аумағына жақын көгал, гүлзар, жасыл желекті
екпелер бүлінген жағдайда жұмыс жүргізуші оларды аумақ иесімен және
уәкілетті органмен келісілген мерзімде, бірақ зақым келтірілген
сәттен бастап жарты жылдан кешіктірмей міндетті түрде қалпына
келтіреді.

      39. Жасыл желекті екпелерді қайта отырғызу уәкілетті орган
беретін рұқсаттың (5-қосымша) негізінде жүргізіледі.

      40. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс берушілер жасыл желекті
екпелерді қайта отырғызуға рұқсат алу үшін жұмыс басталғанға дейін:
      1) уәкілетті органға құрылыс, қайта құру және күрделі жөндеу
аймағынан ағаштар мен бұталарды сәулет және қала құрылысы органымен
келісілген учаскелерге қайта отырғызуға жобалау құжаттамасын
тапсыруы; 
      2) уәкілетті орган конкурстық негізде айқындап, сертификат
беретін мамандандырылған ұйыммен ағаштар мен бұталарды қайта
отырғызуға шарт жасасуы;
      3) қайта отырғызылған жасыл желекті екпелерге (жапырақты
тұқымдарға - 1 жыл, қылқан жапырақты тұқымдарға - 2 жыл бойы) күтім
жасау жұмыстарын уәкілетті органға берілген кепілдеме хаты
негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс. Қайта отырғызылған
жасыл желекті екпелерді кепілді күтім жасаудан кейін қабылдау жасыл
желекті екпелердің жерсінуі актісінің (6-қосымша) негізінде жүзеге
асырылады.

 7. Құлатылғаннан кейін жасыл желекті екпелерге келтірілген нұқсанның орнын толтыру және оларды қалпына келтіру

      41. Лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың
іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан көп жылдық жасыл желекті
екпелердің жоғалуы (құлауы, жойылуы) ақшалай немесе заттай нысанда
толық өтелуге жатады.

      42. Өтемақылық көгалдандыру мына талаптар ескеріле отырып
жүргізіледі:
      1) қалпына келтірілетін жасыл желекті екпелердің саны
құлатылғандар санынан кем болмауы тиіс;
      2) қалпына келтірілетін жасыл желекті екпелердің түр құрамы
мен нобайы сәулеттік, экологиялық және эстетикалық сипаттамалары
бойынша жақсартылуға жатады;
      3) қалпына келтіру әдетте ағаш құлатылған аумақ шегінде
жүргізіліп, ағаштар тамыр топырағымен бірге отырғызылады;   

      43. Өтемақылық көгалдандыру құлату мүддесі үшін жүргізілген
азаматтар мен заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Заңсыз құлату, жою фактілері бойынша өтемақылық көгалдандыру
кінәлі адамды анықтау мүмкін болмағанда, жасыл желекті екпелер
табиғи жолмен қурап қалғанда қала бюджетінің қаражаты есебінен
жүргізіледі. 
      Жасыл желекті екпелер мүддесі үшін құлатылған азаматтар мен
заңды тұлғалар ақшалай түрде өтемақылық құнды жергілікті бюджетке
аударады.
      Мамандандырылған көгалдандыру кәсіпорнымен жасалған шарт
бойынша, уәкілетті органмен келісе отырып, жеке және заңды
тұлғалар өтемақыны заттай түрінде төлеуі мүмкін.

      44. Өтемақылық көгалдандыру:
      20 данадан астам ағаш-бұта өсімдіктері қалпына келтірілген
кезде - бекітілген дендрологиялық жобаға сәйкес;
      20 данадан кем ағаш-бұта өсімдіктері қалпына келтірілген
кезде - уәкілетті органмен келісілген сызбаға сәйкес жүзеге
асырылады.

      45. Құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде құлатуға жататын жасыл
желекті екпелер құрылыс салушының қаражаты есебінен қалпына
келтіріледі. Құрылыстың бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес
құрылыс салушылар жүргізетін көгалдандыру өтемақылық көгалдандыру
жұмыстары ретінде есепке алынбайды.

8. Жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау 
саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік

      46. Жасыл желекті екпелерді заңсыз зақымдау немесе жою үшін
әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына сәйкес айқындалады. 
       

47. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ереженің баптарын
бұзған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан
Республикасының  Кодексіне  сәйкес әкімшілік жауапкершілікке
тартылады. 
      _______________________________

        Атырау облысының елді мекендерінде
жасыл желекті құру, күтіп ұстау 
    және қорғау ережесіне  қосымша 1

Түгендеуді өткізетін ұйымның атауы
___________________________________________________________________
Түгендеу нөмірі___________________

Есеп объектісінің ПАСПОРТЫ

Объектің атауы

      Сыныптық коды
____________________________________________________________________
                       (жердің функционалдық мақсаты бойынша)
      
Әкімшілік-аумақтық қатысы ____________________________________________________________________
       (әкімшілік маңызының коды)
      
Жауапты иесі________________________________________________________

Қорғау және пайдалану режимі, қала құрылысы қызметін реттеу режимі   ____________________________________________________________________

Келісілді:         Келісілді:              Келісілді:

  Сәулет             Жауапты                 Уәкілетті 
  департаменті          иесі                   орган

_________________ ___________________ ___________________     

200_жылғы___»_____ 200_жылғы___»______ 200_жылғы___»______

Есеп объектісінің паспортына қосымша:
Жағдайлық жоспар (есептік объектінің _____________ қаласында,
________________кентінде орналасуы)
Есеп объектісінің түгендеу жоспары (дендрожоспар) М1: 500; М1: 1000

Есеп объектісінің орман екпелерінің жоспары (түгендеу жоспары) М1:2000; М1: 10000

Жасыл желекті екпелердің әрбір ағашын есепке алу ведомосы

Түгендеуді өткізген ұйымдардың тізімі                                  

    Атырау облысының елді мекендерінде
    жасыл желекті құру, күтіп ұстау 
    және қорғау ережесіне қосымша 2

_____________________қаласының, кентінің 
____жылғы 1 қаңтардағы жасыл желекті екпелерінің

Тізілімі 

      Жасыл желекті екпелер объектілерінің (учаскелерінің) көлемін жердің санатына, өсімдіктер түрлеріне және функционалдық мақсатына қарай бөлу

      Қала, кент_____________________
      Әкімшілік аудан: (коды) _____________________
      Жауапты иесі:___________________________

Жасыл желекті екпелердің тізілімі  

р/с,
түгендеу N
объект паспорты

Жердің функционалдық мақсаты, жасыл желекті екпелер объектілерінің (учаскелерінің) мақсаттылық түрлерінің тобы, атауы

Сыныптық коды

Объектілердің (учаскелердің) көлемі га, жасыл желекті екпелердің көлемі га/түп (ағаш., бұта)

 

 

 

 

А

Б

В

1

кестенің жалғасы 

Саябақ түріндегі жасыл желекті екпелер

Ағаш өсімдіктері, текше м. га/түп

Бұта өсімдіктері

Санаулы ағаш
тар

Топтар,
бөліктер

Алқаптар, тоғайлар, бақтар га

Аллеялар,
қатарлар

Барлығы
га/түп

Жалғыз бұталар  

Жасыл желекті қоршау

Қатарлап отырғызу

Барлығы
га/түп 

2

3

4

5

6

7

8

9

10

кестенің жалғасы  

Ашық кеңістіктер

Гүлзарлар, га

Көгалдар, га

жылдық

көпжыл
дықтар

аралас

контей
нерлік

барлығы

партерлік

кәдімгі

топырақ бетінің қабаты

барлығы

11

12

13

14

15

16

17

18

19

кестенің жалғасы  

Саябақ түріндегі өсімдіктер барлығы

Орман, табиғи үлгідегі өсімдіктер

 

Табиғи және аралас түрлі сүрекдің

Дақылдар

Табиғи алаңқайлар, ағаш ала-құла өскен жерлер

20

21

22

23

    Атырау облысының елді мекендерінде
    жасыл желекті құру, күтіп ұстау 
    және қорғау ережесіне қосымша 3

                200_____жылғы «"___"» ___________№N_______ 

                        АҒАШ КЕСУ БИЛЕТІ        _________________________________________________________________

(мекен-жай)______________________________________________________

Жұмыс түрі: _________________________________________________________________

Уәкілетті органның __________________№N _______ қорытындысының негізінде өтемақылық құнын төлеу ________________________________________________
        (төлем тапсырымының нөмірі мен күні) 

Өтемақылық көгалдандыру мына мекен-жай бойынша: _________________________________________________________________

_________________________________________________________________

Өтемақылық көгалдандыру мерзімі: ________________________________

Жобаға қоса берілген санақ ведомосы мен дендрожоспарға сәйкес:

_____________________________ түп ағашты,

_____________________________ түп бұтаны кесуге,

_____________________________ түп ағашты, 

_____________________________ түп бұтаны қайта отырғызуға,

_____________________________ түп ағашты,

_____________________________ түп бұтаны сақтауға рұқсат етіледі.

Мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт: 

Жұмыстар ____________________________________________________________________
      (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі)

___________________________________өкілінің қатысуымен жүргізілсін.

Жасыл желекті екпелерді құлату жұмыстары басталатын күн ____________

____________________________________________________________________
   (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі)

тағайындалған мерзімнен бұрын 5 күннен кешіктірмей (__________тел.) хабарлансын.

Ағаш кесу билетінің қолданылатын мерзімі _______________________________________

Уәкілетті орган басшысының орынбасары _______________________________________

ӨТЖ бастығы ___________________________________________
                           (қолы, күні)

М.о.

Ағаш кесу билетін алдым __________________________________________________
      (лауазымы, ұйым, қолы, Т.А.Ж., телефоны)

Ағаш кесу билеті  ________________________________________________жабылды.
                   (қолы, күні)

    Атырау облысының елді мекендерінде
    жасыл желекті құру, күтіп ұстау 
    және қорғау ережесіне қосымша 4

                    200_____жылғы «"___"» ___________№N________
                               
                    АҒАШ КЕСУ БИЛЕТІ
      (жасыл желекті екпелерді санитарлық және 
         қайта жаңарту мақсатында кесу)
___________________________________________________________________
(мекен-жайы, әкімшілік аудан, қала, ауыл, жұмыс учаскесінің мекен-жайы)

Жұмыстардың түрі: __________________________________________________________
Мынадай тапсырылған құжаттардың негізінде: ____________________________________ 
Құжаттардың негізінде 
 
Қоса берілген санақ ведомосына, жобаға және сызбаға сәйкес:
____________________________________ түп ағашты,

____________________________________ түп бұтаны кесуге,

____________________________________ түп ағашты,

____________________________________ түп бұтаны қалпына келтіруге рұқсат етіледі.

Кесу түрі___________________________ түп ағаш,

____________________________________ түп бұта

Мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт: 

Жұмыстар ____________________________________________________________________
 (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі)

____________________________________өкілінің қатысуымен жүргізілсін.

Жасыл желекті екпелерді құлату жұмыстары басталатын күн ____________

____________________________________________________________________    (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі)

тағайындалған мерзімнен бұрын 5 күннен кешіктірмей (__________тел.) хабарлансын.

Ағаш кесу билетінің қолданылатын мерзімі _______________________________________

Уәкілетті орган басшысының орынбасары _______________________________________

ӨТЖ бастығы ___________________________________________
                            (қолы, күні)

М.о.

Ағаш кесу билетін алдым _______________________________________________________
      (лауазымы, ұйым, қолы, Т.А.Ж., телефоны)

Ағаш кесу билеті  ________________________________________________жабылды.
                   (қолы, күні)

    Атырау облысының елді мекендерінде
    жасыл желекті құру, күтіп ұстау 
    және қорғау ережесіне қосымша 5

               Жасыл желекті екпелерді құлатуға, қайта отырғызуға

N№_______РҰҚСАТ 
200__ жылғы "___"» _________ дейін қолданылады. 

 
1. Кәсіпорынның атауы  (СТН) (тапсырыс беруші)_____________________
2. Кәсіпорынның басшысы (Т.А.Ж.) (тапсырыс беруші)_________________
3. Сұрау салынып отырған учаскенің мақсаты ________________________
4. Орналасқан жері ________________________________________________
5. Іс-шараларды өткізудің негізі __________________________________
6. Жер учаскесінің меншік нысаны (N, күні) ________________________
7. Уәкілетті органның жасыл желекті екпелерді тексеру актісі (1-қосымша)
8. Ағаш-бұта екпелерінің нақты (сапалық, сандық,) жай-күйі (2-қосымша)
9. Жасыл желек қорын өтемақылық мақсатта қалпына келтіру жөніндегі міндеттеме (кепілдік хат) (3-қосымша).

Қорытынды

      Уәкілетті орган (толық атауы) жасыл желекті екпелерді тексеру
актісіне сәйкес жасыл желекті екпелердің жай-күйін ескере отырып,
жоғарыда аталған ағаштарды құлатуға  келісімін береді, бұл орайда
бірінші басшыға мынадай талаптарды орындау жүктеледі:
      Сәндік-бағалы жасыл желекті екпелерді жер асты мен әуедегі
коммуникацияларды қорғау нормалары мен ережелерін сақтай отырып
отырғызу арқылы жасыл желекті екпелерді өтемақылық мақсатта қалпына
келтіру жөнінде іс-шаралар өткізу қажет.
      Жасыл желекті екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау
жөніндегі  іс-шаралардың толық кешені өткізілсін.

      Қосымша: __________
      Ескерту:___________

       Уәкілетті органның 
      басшысы__ _____________________    __________________
                   (қолы)                       (Т.А.Ж.)

      М.о.

    Атырау облысының елді мекендерінде
    жасыл желекті құру, күтіп ұстау 
    және қорғау ережесіне қосымша 6

200__жылғы "___" ________ N ______

Жасыл желекті екпелерді тексеру актісі 
____________________________________________________________________
(мекен-жай: аудан, қала, кент, учаскенің мекен-жайы)

      Біз, төменде қол қоюшылар,_____________________________________
                                    (уәкілетті органның лауазымды тұлғасы,
__________________________________________________________
                       лауазымы, Т.А.Ж., ____________________________________________________________________
              (тапсырыс берушінің өкілі, ұйымы, лауазымы, Т.А.Ж.)

____________________________________________________________________
(құлатуға, қайта жаңартуға, қайта отырғызуға, санитарлық мақсатта кесуге)
____________________________________________________________________

___________________жатқызылған жасыл желекті екпелерге тексеру жүргіздік.
 
      Тексеру нәтижесінде мыналар анықталды:

Жасыл желекті екпелердің тұқымдық құрамы

Құлату

Қайта отырғызу

Сақталады 

Сапалық (нақты) жай-күйі

саны

дм

саны

дм

саны

дм

жақсы

қанағаттанарлық

қанағаттанарлықсыз

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Осы акт ___ данада жасалды.

      Ескерту: Тексеру актісі жасыл желекті екпелерді құлатуға
немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды.

      Тапсырыс берушінің өкілі алды ____________________________ 
                                                 (қолы, Т.А.Ж.)
      Уәкілетті органның
      лауазымды тұлғасы  _____________________________________
                                               (қолы, Т.А.Ж..)