Қызылқоға ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 33 және Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 шілдедегі N 311-ІІІ бірлескен шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 14 тамызда N 2472 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес және Қызылқоға аудандық мәслихаты мен Қызылқоға ауданы әкімінің 2006 жылғы 10 наурыздағы N XXIIІ-6 бірлескен шешімінің негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешеміз:
      1. Қызылқоға ауданының келесі елді-мекендері ауыл категориясына жатқызылсын:
      1) Мұқыр ауылдық округінің Кенбай станциясы;
      2) Мұқыр ауылдық округінің Жамансор станциясы;
      3) Мұқыр ауылдық округінің Жантерек станциясы.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімінің 9.10.2014 № 19 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 326-V бірлескен шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      XІ сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы