Қызылқоға ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 шілдедегі N 311-ІІІ және Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 33 бірлескен шешімі Атырау облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 14 тамызда N 2472 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N№4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңының  11-бабына сәйкес және Қызылқоға аудандық мәслихаты мен Қызылқоға ауданы әкімінің 2006 жылғы 10 наурыздағы N XXIIІ-6 бірлескен шешімінің негізінде  облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешеміз :

      1. Қызылқоға ауданының келесі елді-мекендері ауыл категориясына   жатқызылсын:     
      1) Мұқыр селолық округінің Кенбай станциясы;
      2) Мұқыр селолық округінің Жамансор станциясы;
      3) Мұқыр селолық округінің Жантерек станциясы.

      Облыстық мәслихаттың                  Облыс әкімі
      XІ сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы