Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа алып, мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы әкімінің 2012.05.17 № 2/437 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
1. Жұмыскерлер саны 33 адамнан асатын Алматы қаласындағы жұмыс берушілерге, жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі И.Тасмағамбетов
Әкімдік хатшысы К.Тәжиева