Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.12.25 N 236/18 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 17-тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтылған отбасыдан шыққан, жетiм-студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында облыс әкiмдiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Павлодар Облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына (2004 жылғы 18 маусымда N 2621-мен Павлодар облысының әдiлет басқармасымен тiркелген, 2004 жылғы 6 шiлдедегi N 78 "Звезда Прииртышья" газетiнде, 2004 жылғы 8 шiлдедегi N 80 "Сарыарқа самалы" газетiнде жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау ережелерiнде:
9-тармақ "сессияның нәтижелерi бойынша жылына екi рет Комиссияның шешiмiмен шығарып жiберiлген студенттiң орнына ректоратпен ұсынылған аз қамтамасыз етiлген отбасындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сол оқу орында "жақсы" және "үздiк" оқып жүрген студентке оқу құқығы берiледi, көрсетiлген студенттiң оқуына ақы төлеу белгiленген тәртiпте жүргiзiледi" деген сөздермен толықтырылсын.
Облыс әкiмi