Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына толықтыру енгізу туралы.

Павлодар облысы әкімиятының 2006 жылғы 19 қазандағы N 283/11 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 8 қарашада N 3075 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  27-бабы 1-тармағының 17-тармақшасына  сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтылған отбасыдан шыққан, жетiм-студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында облыс әкiмдiлiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Павлодар Облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5  қаулысына  (2004 жылғы 18 маусымда  N 2621-мен Павлодар облысының әдiлет басқармасымен тiркелген, 2004 жылғы 6 шiлдедегi N 78 "Звезда Прииртышья" газетiнде, 2004 жылғы 8 шiлдедегi N 80 "Сарыарқа самалы" газетiнде  жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулының Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау ережелерiнде:
      9-тармақ "сессияның нәтижелерi бойынша жылына екi рет Комиссияның шешiмiмен шығарып жiберiлген студенттiң орнына ректоратпен ұсынылған аз қамтамасыз етiлген отбасындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сол оқу орында "жақсы" және "үздiк" оқып жүрген студентке оқу құқығы берiледi, көрсетiлген  студенттiң  оқуына  ақы төлеу белгiленген тәртiпте  жүргiзiледi" деген сөздермен толықтырылсын.

       Облыс әкiмi