" Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", " Білім туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Қазақстан Республикасында орта кәсiптiк бiлiм берудi одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 мамырдағы N 721 қаулысына сәйкес және Бейнеу ауданында "Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледжі" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ашылуына байланысты, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Облыс әкімиятының "Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2006-2007 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы" 2006 жылғы 31 мамырдағы N 177 "Маңғыстау облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 27 маусымда N 1947 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2006 жылғы 13 шілдедегі N 112-113 (6918) санында жарияланған) қаулысына төмендегідей толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Ақтау қаласы N 1 кәсіптік лицейі" 3 тармақтағы "0825001 Сатушы, бақылаушы-кассир, 25, 9 сынып, орысша, 2 жыл 10 ай" сөздері алынып тасталсын, "0807001 электр жабдықтарын жөндеу электрик-слесары" мамандығы сөздері 25, 9 сынып, қазақша, 2 жыл 10 ай" сөздермен толықтырылсын.
2) мынадай 13 тармақпен толықтырылсын:
13. Бейнеу гуманитарлық-экономиқалық колледжі |
|||||
|
0306002 Қазақ тілі және әдебиеті |
25 |
11
|
қазақша |
2 жыл 10 ай |
|
0301002 Мектепке дейінгі тәрбие |
25 |
11
|
қазақша |
2 жыл 10 ай |
Жиыны: |
50 |
|
|
|
көрсетілген қаулы қосымшасының "Орта кәсіптік білім беретін оқу орындары бойынша" тармағындағы "915" саны "965", "Облыс бойынша" тармағындағы "1725" саны "1775" санымен ауыстырылсын.