Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы

Жамбыл облыстық Әкімиятының 2006 жылғы 24 ақпандағы N 71 шешімі. Жамбыл облыстық әділет Департаментінде 2006 жылғы 7 наурызда 1636 нөмірімен тіркелді

Қолданыстағы

      Облыстық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне қаржылық қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының Бюджет  Кодексіне  сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңын  басшылыққа ала отырып, Жамбыл облысының әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 12-3 "2006 жылға арналған облыстық бюджет туралы"  шешіміне  (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1630) сәйкес, облыстық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беруге облыстық бюджеттің 2006 жылға арналған қарастырылған қаржысы есебінен 50,0 миллион теңге бөлінсін.

      2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып "Жамбыл облысы әкімиятының ауыл шаруашылығы департаменті" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.

      3. Кредит беру Қазақстан Республикасы әкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі Ережесін бекіту туралы" N 110  қаулысына  сәйкес (әрі қарай - Ереже) жүзеге асырылсын.

      4.  Ереженің  32 тарауына сай "Жамбыл облысы әкімиятының ауыл шаруашылығы департаменті" мемлекеттік мекемесі - бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кретиттеу - бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша екінші деңгейдегі банктер арасында конкурстық негізде заем беруші - банктерді айқындасын.

      5. Бюджеттік кредит сомасын жылдық 0,01% (нөл бүтін жүзден бір пайыз) көлемінде сыйақы төлеу белгіленсін.

      6. Осы бюджеттік кредитті қайтару мерзімі 2007 жылдың 30 қарашасына дейін деп белгіленсін.

      7. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2006 жылдың 26 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.

       Облыс Әкімінің міндетін атқарушы