"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабына , "Тіркелген жиынтық салығының ең жоғары және ең төменгі базалық мөлшерін бекіту жөніндегі" 23 қазанның 2006 жылғы N 1016 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 7 баптары негізінде Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қаласы бойынша ұсынылған салық мөлшері белгіленсін.
2. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы он екінші сессиясының "Жекелеген салық түрлерінің мөлшерін бекіту туралы" N 118 шешімінің (2002 жылғы 1 ақпанда N 1461 болып тіркелген), Ақтөбе қалалық мәслихатының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы кезекті төртінші сессиясындағы "2001 жылғы 20 желтоқсандағы (2004 жылы 2 ақпанда N 2549 болып тіркелген) мәслихаттың он екінші сессиясының N 118 шешіміне өзгеріс енгізу туралы N 30 шешімінің, "Жекелеген салық түрінің мөлшерін бекіту туралы" қалалық мәслихаттың төртінші сессиясының N 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2004 жылғы 12 қарашадағы (2004 жылғы 7 желтоқсанда N 2983 болып тіркелген) N 86 шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы
Мәслихат хатшысы
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
кезекті отыз бесінші сессиясының
N 303 шешіміне қосымша
Тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері
N |
Салы қ салынатын |
Ставкалар (айлық есептік көрсеткіштерде) |
1 |
Ойын столы |
3500 |
2 |
Бір ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы |
130 |
3 |
Бірнеше ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электрондық рулеткадан басқасы) |
150 |
4 |
Электрондық рулетка |
200 |
5 |
Тотализатор кассасы |
500 |
6 |
Букмекерлік кеңсе кассасы |
300 |
7 |
Бір ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы |
30 |
8 |
Бірнеше ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы |
90 |
9 |
Ойын жүргізу үшін қолданатын жеке компьютер |
30 |
10 |
Ойын жолы (Боулинг бойынша) |
500 |
11 |
Картинг бойынша |
100 |
12 |
Бильярд бойынша |
250 |
13 |
Лото ойынын ұйымдастыру бойынша |
500 |