Тiркелген жиынтық салықтың ең төменгi және ең жоғары базалық cтавкаларының мөлшерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы N 1016 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған тiркелген жиынтық салықтың ең төменгi және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2006 жылғы 23 қазандағы
N 1016 қаулысымен  
бекітілген  

Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық
                  ставкаларының мөлшері*

      Ескерту. Ставкалық мөлшерге өзгерту енгізілді -  2007.05.07. N 364 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Р/с
N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі базалық
ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

Тіркелген жиынтық салықтың ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

1.

алынып тасталды

2.

алынып тасталды

3.

алынып тасталды

4.

алынып тасталды

5.

алынып тасталды

6.

алынып тасталды

7.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

10

140

8.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

15

210

9.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

10

50

10.

Ойын жолы

55

1000

11.

Карт

25

150

12.

Бильярд үстелі

30

300

13.

алынып тасталды

* тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері салық салу объектісінің бір бірлігіне бір жылға белгіленген.