Ырғыз ауданының, Қызылжар селолық округінің Жаңақұрылыс ауылын Жаныс би ауылы, Аманкөл селолық округі Коминтерн селосын - Құтикөл селосы, Ырғыз селолық округінің Қызылпартизан елді мекенін - Ақши ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облысы мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы N 242 шешімі және Ақтөбе облысы әкiмиятының 2006 жылғы 14 наурыздағы N 89 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 10 сәуірінде N 3178 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабынның 4 тармағына сәйкес  облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ырғыз аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының Ырғыз ауданының, Қызылжар селолық округінің Жаңақұрылыс ауылын Жаныс би ауылы, Аманкөл селолық округінің Коминтерн селосын - Құтикөл селосы, Ырғыз селолық округінің Қызылпартизан елді мекенін - Ақши ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстары қабылдансын.

      Сессия төрағасы,                  Облыс әкімі
      облыстық мәслихаттың хатшысы