Ырғыз ауданының, Қызылжар ауылдық округінің Жаңақұрылыс ауылын Жаныс би ауылы, Аманкөл ауылдық округі Коминтерн ауылын - Құтикөл ауылы, Ырғыз ауылдық округінің Қызылпартизан елді мекенін - Ақши ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облысы мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы N 242 шешімі және Ақтөбе облысы әкiмиятының 2006 жылғы 14 наурыздағы N 89 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 10 сәуірінде N 3178 тіркелді

Жаңартылған
      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосын", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылын", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабынның 4 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ырғыз аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының Ырғыз ауданының, Қызылжар ауылдық округінің Жаңақұрылыс ауылын Жаныс би ауылы, Аманкөл ауылдық округінің Коминтерн ауылын - Құтикөл ауылы, Ырғыз ауылдық округінің Қызылпартизан елді мекенін - Ақши ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстары қабылдансын.
      Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы
      Облыс әкімі