"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және»"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және»" Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 25 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2006 жылы N 4086 болып тіркелген,»"Заң газетінде" 2006 жылғы 31 наурызында N 56-57 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру ережелерінде:
1-тармақта»"патент негізінде" деген сөздер»"оңайлатылған декларация және патент негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Қызметiн»"Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасы
Заңына
сәйкес бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер Есептiң тиiстi жолдарын толтырған кезде мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшін сомасы, әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн мәлiмделетін сомасы, бiрлескен кәсiпкерлiкке барлық қатысушылар бойынша табыстың жалпы сомасы, сондай-ақ қайта есептелуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың сомасын көрсетедi.";
10-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
1) 201.04.001А, 201.04.001В, 201.04.001С жолдарында есептiк кезең iшiндегі тиiсiнше 1, 2 және 3 айлардағы мәлiмделетін табысы көрсетiледi. Мәлiмделетін табыс жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін жеке кәсiпкер, адвокат және жеке нотариус дербес белгiлейтiн табыс болып табылады.
201.04.001D жолда 201.04.001А, 201.04.001В, 201.04.001С жолдардың сомасы ретiнде айқындалатын, есептi кезең үшін мәлiмделетін табысы көрсетiледi.
201.04.001Е жолда есептi кезеңдегi Есептiң 201.04.001D және осының алдындағы есептi кезеңдегi Есептiң 201.04.001Е жолдарының сомасы ретiнде анықталатын жылдың басынан бастап мәлiмделетін табысы көрсетiледi;";
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есептің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (Герун А.В.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Смағұлова Г.Ә.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына шаралар қолдансын.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына қолданылады.
Төраға
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
"Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 23 қаңтардағы
N 25 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
N 649 Бұйрығына қосымша
Нысан 201.04 Бет 01
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 23 қаңтардағы
N 25 бұйрығымен бекітілген
Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген,
ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары,
әлеуметтік аударымдардың есептелген және
аударылған сомалары бойынша есеп
(Қағаз мәтіннен қараңыз)