Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың штат нормативтерін жетілдіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4131 тіркелген және 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 76-77 (883) "Заң газеті" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 124
бұйрығына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережеде:
40-тармақтың оныншы абзацында "емхананың құрылымдық бөлімшелерінің бейіндік және өзге де мамандықтары бойынша" деген сөздер "БМСК ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің директоры (Исмайылов Ж.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы