"Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы дәрілік заттардың Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 883 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 617 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4503 болып енгізілді. 

Қолданыстағы

      "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 883  бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы толықтырулары мен өзгерістерімен N 636  бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 4003 тіркелген, 2006 жылғы 25 қаңтардағы "Юридическая газетінде" N11 (991) жарияланған) "Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 883 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 3331 тіркелген, 2005 жылғы 28 желтоқсандағы "Юридическая газетінде" N 243-244 (977-978)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында бекітілген Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізімінің негізгі тізбесінде:
      1-бөлімде "Анестетиктер":
      1.1 - кіші бөлімде "Жалпы анестезияға арналған дәрілер мен оттегі":
      "Галотан" жолында "сауытта 50 мл, 250 мл ерітінді" деген сөздер "ингаляцияға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Кетамин" жолында "ампулада инъекцияға арналған 5% 2 мл ерітінді; сауытта 500 мг/10 мл ерітінді" деген сөздер "50 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Натрий оксибаты" жолында "ампулада 5 мл, 10 мл" деген сөздер алынып тасталсын;
      1.2 - кіші бөлімде "Жергілікті анестезияға арналған препараттар":
      "Лидокаин" жолында "2 мл, 10 мл-ден" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Прокаин" жолында "инъекцияға арналған 0,5%, 2%  ерітінді 2 мл, 5 мл-ден; сауытта 0,25%, 0,5% 200 мл, 400 мл ерітінді" деген сөздер "инъекцияға арналған 0,25%, 0,5%, 2% ерітінді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1.3 - кіші бөлімде "Операция алдындағы дәрілік заттар мен ұзаққа созылмайтын емшараларды жүргізуге арналған седативтік дәрілер":
      "Атропин" жолында "1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Морфин" жолында "1 мл-ден" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Фентанил" жолында "2мл, 5мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-бөлімде "Анальгетиктер, антипиретиктер, қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілік заттар (ҚҚСД), подаграда қолданатын дәрілік заттар және ревматикалық ауруларда қолданылатын заттар":
      2.1-кіші бөлімде "Апиындық емес анальгетиктер мен қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілік заттар (ҚҚСД)":
      "Парацетамол" жолында "80 мг суппозиторийлер" деген сөздерден кейін ", 100 мг, 250 мг" деген сөздерімен толықтырылсын;

      2.2-кіші бөлімде "Апиындық анальгетиктер":
      "Морфин" жолында "1 мл-ден" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Тримепиридин гидрохлориді" жолында "1 мл-ден" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-бөлімде "Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар":
      "Гидрокортизон" жолында "2 мл, 5 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Дексаметазон" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Дифенгидромерамин" жолында "1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Эпинефрин" жолында "1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-бөлімде "Улану кезінде қолданылатын у қайырғылар және басқа да субстанциялар":
      4.2-кіші бөлімде "Спецификалық":

      "Атропин" жолында "1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Ацетилцистеин" жолында "2 мл" деген сөздер алынып тасталсын; 

      "Димеркапрол" жолында "5 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Метилтионин хлориді (метилен көгі)" жолында "10 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Налоксон" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Натрий тиосульфаты" жолында "ампулада 5 мл, 10 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-бөлімде "Құрысуға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар":
      "Диазепам" жолында "ампулада 2 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Магний сульфаты" жолында "ампулада 20 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Фенитоин" жолы алынып тасталсын.

      6-бөлімде. "Микробқа және паразитке қарсы дәрілік заттар":
      6.2.1-кіші бөлімде "b-лактамдық дәрілік заттар":
      "Амоксициллин + клавулан қышқылы" жолында:
      "625 мг, 375 мг таблетка; инъекцияға арналған 600 мг ерітінді дайындауға арналған ұнтақ; 156,25 мг/5 мл, 312 мг/5 мл, 457 мг/5 мл ішуге арналған суспензия дайындауға арналған ұнтақ" деген сөздер "375 мг, 625 мг, 1000 мг таблетка; инъекциялық ерітінді дайындауға арналған 600 мг ұнтақ; 156,25 мг/5 мл, 228,5 мг/5 мл, 312 мг/5 мл, 457 мг/5 мл ауыз арқылы қабылдайтын суспензия дайындауға арналған ұнтақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6.2.2-кіші бөлімде "Басқа да бактерияға қарсы дәрілер":
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Мидекамицин 400 мг таблеткасы, 175 мг/5мл ішке қабылдайтын суспензия дайындауға арналған түйіршік";

      6.3-кіші бөлімде "Грибокқа қарсы дәрілік заттар":
      "Флуконазол" жолында "50 мг капсула" деген сөздерден кейін ", 100 мг," деген сөздермен толықтырылсын;

      6.4-бөлімде "Вирусқа қарсы дәрілік заттар":
      6.4.2.1. кіші бөлімде "Кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері";

      "Ламивудин" жолында "сауытта 240 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      10-бөлімде "Қанға әсер ететін дәрілік заттар":
      10.1-кіші бөлімде "Анемияға қарсы дәрілік заттар":
      жол атауындағы "темір тұздары" деген сөздер "темір препараттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Цианокобаламин" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      10.2-кіші бөлімде "Коагуляцияға әсер етуші дәрілік заттар":
      "инъекцияға арналған натрий тұзы 5 000, 25 000 ХБ; ерітіндісі; төмен молекулярлы гепарин шприцте инъекцияға арналған 0,3 мл, 0,4 мл, 0,6 мл, 0,8 мл ерітінді" жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "инъекцияға арналған натрий тұзы 5 000, 25 000 МЕ гепарин";

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "шприцте инъекцияға арналған 2850 МЕ анти - Ха, 3 800 МЕ анти - Ха, 5 700 МЕ анти - Ха, 7 600 МЕ анти - Ха надропарин кальций ерітіндісі";

      "шприцте инъекцияға арналған 2 000 АнтиХа МЕ, 4 000 АнтиХа МЕ, 6 000 АнтиХа МЕ, 8 000 АнтиХа МЕ, 10 000 АнтиХа МЕ эноксапарин ерітіндісі";

      12-бөлімде "Жүрек-қан тамыр дәрілік заттары": 
      12.1-кіші бөлімде "Антиангиналдық дәрілік заттар":
      "Атенолол" жолы алынып тасталсын;

      "Изосорбид динитраты" жолында:
      "5 мг, 10 мг, 20 мг, 40 мг, 60 мг таблетка; инъекцияға арналған 0,1% 10 мл ампулада ерітінді; аэрозоль" деген сөздер "10 мг, 20 мг, 40 мг, 60 мг қысқа және ұзартылған әсерлі таблеткасы; 0,1% инъекцияға арналған ерітіндісі; аэрозоль" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Нитроглицерин" жолында "ампулада 10 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      12.2-кіші бөлімде "Аритмияға қарсы дәрілік заттар":
      "Атенолол" жолы алынып тасталсын;

      "Дигоксин" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Лидокаин гидрохлориді" жолында "2 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Эпинефрин" жолында "1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      12.3-кіші бөлімде "Гипертензияға қарсы дәрілік заттар":
      "Атенолол" жолы алынып тасталсын;

      "Индапамид" жолында "2,5 мг таблетка" деген сөздерден кейін "әсері ұзартылған 1,5 мг таблетка" деген сөздермен толықтырылсын; 

      "Нифедипин" жолында "10 мг, 20 мг таблетка" деген сөздерден кейін ", 30 мг, 60 мг" деген сөздермен толықтырылсын;

      12.4-кіші бөлімде "Жүрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар":
      "Дигоксин" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      13-бөлімде "Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдануға арналған)":
      13.1-кіші бөлімде "Грибокқа қарсы дәрілік заттар":
      "Натрий тиосульфаты" жолында "10 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      13.2-кіші бөлімде "Бактерияға қарсы дәрілік заттар":
      "Бриллиант жасылы" жолында "10 мл, 20 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Метилен көгі" жолында "сауытта спиртті 10 мл 1% ерітінді" деген сөздер "1% ерітінді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Генцианвиолет" жолы алынып тасталсын;

      "Повидон - йод" жолында "сауытта 1% ерітінді" деген сөздерден кейін "; 200 мг вагинальді суппозиторийлер" деген сөздермен толықтырылсын;

      13.3-кіші бөлімде "Қабынуға қарсы және қышымаға қарсы дәрілік заттар":
      "Гидрокортизон" жолы мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын "Мометазон жақпа май, крем 0,1 %"; 

      13.5-кіші бөлімде "Дифференцировка мен тері жабындары жасушаларының пролиферациясы процестеріне әсер ететін дәрілік заттар":
      "Резорцин" жолында "сауытта 40 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      13.6-кіші бөлімде "Педикулез бен қотырды емдеуге арналған дәрілік заттар":
      "Бензил бензоат" жолында "сауытта 50 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Перметрин" жолында "сауытта 60 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      14-бөлімде "Диагностикалық дәрілер":
      14.1-кіші бөлімде "Офтальмологиялық дәрілік заттар":
      "Тропикамид" жолында "5 мл-ден" деген сөздер алынып тасталсын;

      14.2-кіші бөлімде "Рентгеноконтрастылы дәрілер":
      "Амидотризоат" жолы алынып тасталсын;

      "Йогексол" жолында "10 мл, 20 мл, 50 мл, 100 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Йопромид" жолында "(10 мл, 50 мл), (20 мл, 50 мл, 100 мл), (30 мл, 50 мл, 100 мл)" деген сөздер алынып тасталсын;

      15-бөлімде "Антисептикалық және дезинфекциялаушы дәрілер":
      15.1-кіші бөлімде "Антисептиктер":
      "Йод" жолында "сауытта 10 мл, 20 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Құмырсқа қышқылы + этанол 50 мл спиртті ерітінді" жолы алынып тасталсын;

      "Сутегі асқын тотығы" жолында "сауытта 25 мл, 40 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Хлоргексидин" жолында "сауытта 100 мл, 500 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      15.2-кіші бөлімде "Дезинфицирлеуші дәрілер":
      "Хлорлы қосылыстар ерітінді дайындауға арналған ұнтақ";
      "Хлороксиленол 5% ерітінді";

      "Глутарал 2% ерітіндісі" жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Хлор, бром, йод, гуанидиндер, оттегі негізіндегі қосылыстар, альдегид құрамды заттар, фенол құрамды заттар, төртіншілік - аммоний қосылыстары (ТАҚ) негізіндегі беттік активті заттар, трихлоризацианур қышқылы және басқа қышқылдар, ұнтақтар, таблеткалар, концентраттар, ерітінділер, гелдер, түйіршіктер, сұйықтықтар";

      16-бөлімде "Диуретиктер":
      "Амилорид" жолы алынып тасталсын;

      "Маннитол" жолында "сауытта 100 мл, 500 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      17-бөлімде "Ас қорыту органдары ауырған кезде қолданылатын дәрілік заттар":
      17.2-кіші бөлімде "Құсуға қарсы дәрілік заттар":
      "Метоклопрамид" жолында "ампулада 2 мл ерітіндісі" деген сөздер "5 мг/мл ерітіндісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Прометазин" жолында "ампулада 2мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      17.5-кіші бөлімде "Спазмолитикалық дәрілік заттар":
      "Атропин" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      17.6-кіші бөлімде "Іш жібіткіш" "Бисакодил" жолы алынып тасталсын;

      18-бөлімде "Гормондар, басқа эндокриндік дәрілік заттар және контрацептивтер":
      18.1-кіші бөлімде "Кортикостероидтар және синтетикалық аналогтар":

      "Бетаметазон" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Гидрокортизон" жолында "2 мл, 5 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      18.9-кіші бөлімде "Гипофиз гормондары, гипоталамия гормондары және олардың аналогтары":
      "Десмопрессин" жолында "ампулада 1 мл ерітінді" деген сөздер "инъекцияға арналған ерітінді" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      19-бөлімде "Иммунологиялық заттар":
      19.2-кіші бөлімде "Екпе, иммуноглобулиндер, анатоксиндер":
      "Сіреспеге қарсы екпе" жолында "2 мл, 3 мл, 5 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Ботулиникаға қарсы екпе" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Анти Д - адам иммуноглобулині" жолында "1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин" жолында "ампуладағы 1 мл, 3 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Антирабиялық иммуноглобулин" жолында "1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Дифтериялық анатоксин дифтериялық компоненті азайтылған концентрациясымен бірге" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Дифтерийлі-сіреспелі анатоксин" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Дифтерийлі-сіреспелі анатоксин дифтерийлі компоненттің құрамы азайтылған" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      20-бөлімде "Миорелаксанттар (шеткі әсер ету механизмі) мен холинэстераза тежегіші":
      "Неостигмин" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      21-бөлімде "Офтальмологиялық дәрілер":
      21.1-кіші бөлімде "Бактерияға қарсы заттар":
      "Гентамицин" жолында "5 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      21.2-кіші бөлімде "Қабынуға қарсы заттар":
      "Дексаметазон" жолында "10 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      21.3-кіші бөлімде "Жергілікті анестетиктер":
      "Пропаркаин гидрохлориді" жолында "15 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      21.5-кіші бөлімде "Мидриатикалық заттар":
      "Атропин" жолында "1 мл-ден" деген сөздер алынып тасталсын;

      22-бөлімде "Миометрияның жиырылғыштық белсенділігін көтеретін немесе күйзелтетін дәрілер":
      22.1-кіші бөлімде "Миометрияның жиырылғыштық белсенділігін көтеретін дәрілер":
      "Метилэргометрин" жолында "ампулада 1 мл, 10 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      24-бөлімде "Психотерапиялық дәрілік заттар": 
      24.1-кіші бөлімде "Психикаға қарсы дәрілік заттар":
      "Галоперидол" жолында "ампулада инъекцияға арналған 5 мг/мл ерітінді" деген сөздерден кейін "инъекцияға арналған 50 мг/мл майлы ерітінді" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Флуфеназин" жолында "1 мл-де" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Хлорпромазин" жолында "ампулада 2 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      24.2.1-кіші бөлімде "Антидпресанттар":
      "Амитриптилин" жолында "25 мг, 50 мг таблетка" деген сөздер "; инъекцияға арналған 10 мг/мл ерітінді" деген сөздермен толықтырылсын;

      24.2.2-кіші бөлімде "Биполярлы бұзылулар кезінде қолданылатын дәрілік заттар":
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Ламотриджин таблетка 25 мг, 50 мг";

      24.5. кіші бөлімде "Метаболизм және ми қан айналысын жақсартатын дәрілік заттар":
      "Винпоцетин" жолында "ампулада 2 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Пирацетам таблетка 200 мг, ампулада инъекцияға арналған 20% 5мл ерітінді" жолы мынадай редакцияда жазылсын "Пирацетам 400 мг, 800 мг, 1200 мг таблеткасы; инъекцияға арналған 20% ерітінді";

      25-бөлімде "Тыныс мүшелері аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар":
      25.1-кіші бөлімде "Бронх демікпесі мен өкпенің созылмалы тарылу ауруларында қолдануға арналған дәрілік заттар":
      "Беклометазон" жолында "аэрозоль 50 мкг/мөлшер, 100 мкг/мөлшер, 250 мкг/ мөлшер" деген сөздерден кейін "; 100 мкг/мөлшер, 250 мкг/мөлшер демалумен белсендендірілетін ингалятор" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Сальбутамол" жолында "аэрозоль 100мкг/мөлшер; таблетка, капсула 4мг, 8мг; 20 мл небулайзерге арналған ерітінді" деген сөздер "аэрозоль 100 мкг/ мөлшер; 100 мкг/мөлшер дем алумен белсендендірілетін ингалятор, таблетка, капсула 4 мг, 8 мг; небулайзерге арналған ерітінді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26-бөлімде "Су, электролит және қышқылдық-негіздік тепе-теңдік бұзылуын түзету үшін қолданылатын ерітінділер":

      26.2-кіші бөлімде "Парентеральді ерітінділер":
      "Глюкоза" жолында "400 мл, 500 мл, 5 мл, 10 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      26.3-кіші бөлімде "Басқалары":
      "Инъекцияға арналған су" жолында "ампулада 1 мл, 5 мл, 10 мл, 20 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      27-бөлімде "Витаминдер және минералдық заттар":
      "Аскорбин қышқылы" жолында "ампулада 2 мл, 5 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Никотин қышқылы" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Пиридоксин" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Тиамин" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Токоферол ацетаты" жолында "1 мл-ден" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Цианокобаламин" жолында "1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Эргокальциферол" жолында "10 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      "28. Медициналық мақсаттағы бұйымдар";

      Көрсетілген бұйрыққа қоса беріліп бекітілген 2-қосымшада Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың қосымша тізімінде:
      1-бөлімде "Анестетиктер":
      1.1-кіші бөлімде "Жалпы анестезияға арналған заттар және оттегі":
      "Пропофол" жолында "көк тамырға енгізуге арналған 10 мг/мл эмульсия" деген сөздерден кейін "; 20 мг/мл" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Изофлуран ингаляциялық анестезияға арналған 99,9 % сұйықтық";
      1.2-кіші бөлімде "Жергілікті анестезияға арналған препараттар":
      "Нафазолин" жолында "10 мл-ден" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Эфедрин" жолы алынып тасталсын;

      2-бөлім "Анальгетиктер, антипиретиктер, қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілік заттар (ҚҚСД), подаграда қолданылатын дәрілік заттар және ревматикалық ауруларда қолданылатын дәрілер":

      2.1-кіші бөлімде "Апиындық емес анальгетиктер және қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілік заттар (ҚҚСД)":
      "Кеторолак" жолы мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:
      "Кетопрофен инъекцияға арналған 50 мг/мл ерітінді; капсула 50 мг; таблетка - форте 100 мг, 150 мг; суппозиторийлер 100 мг; крем 5%"; 

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
      "Ацеклофенак таблетка 100 мг";
      "Лорноксикам таблетка 4 мг, 8 мг; 8 мг инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ";

      2.2-бөлім тармағы "Апиындық анальгетиктер":
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Буторфанол тартраты инъекцияға арналған 2 мг/мл ерітіндісі";

      2.4-бөлімде "Ревматикалық ауруларды қолданылатын заттар":
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Мелоксикам таблетка 7,5 мг, 15 мг; инъекцияға арналған 15 мг/1,5 мл ерітінді";
      "Инфликсимаб инъекцияға арналған 100 мг ерітінді дайындауға арналған ұнтақ";

      3-бөлімде "Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар":
      "Норэпинефрин" жолында "ампулада 1 мл-ден" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Диметинден гель ішке қолдануға арналған 0,1%; 0,1% ерітінді (тамшылар)";

      5-бөлімде "Құрысуға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар":
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Топирамат капсула 15 мг, 25 мг";

      6-бөлімде "Микробқа қарсы және паразитке қарсы дәрілік заттар":
      6.2.1. кіші бөлімде "B-лактамды дәрілік заттар":
      "Цефуроксим" жолында "сауытта инъекциялық ерітінді дайындауға арналған 750 мг ұнтақ" деген сөздер ", 1,5 г" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Тикарцилин натрий тұзы, клавулан қышқылы инфузиялық ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген 3000 мг/200 мг ұнтақ";
      "Меропенем инъекциялық ерітінді дайындауға арналған 500 мг, 1 г лиофилизат";

      6.2.2-кіші бөлімде "Басқа да бактерияға қарсы заттар":
      "Ванкомицин" жолында "сауытта 10 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Линкомицин" жолында "1 мл, 2 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
      "Цефоперазон инъекциялық ерітінді дайындауға арналған 1,0 г ұнтақ";

      "Цефоперазон, сульбактам инъекциялық ерітінді дайындауға арналған 2 г ұнтақ";

      6.2.4-кіші бөлімде "Туберкулезге қарсы дәрілік заттар":
      "Рифампицин" жолында "150 мг, 300 мг капсула" деген сөздерден кейін "инъекциялық ерітінді дайындауға арналған 150 мг лиофилизат" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Этамбутол" жолында "200 мг, 400 мг таблетка" деген сөздер "; 400 мг суппозиторийлер" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Левофлоксацин" жолында "250 мг, 500 мг таблетка" деген сөздерден кейін "; инфузияға арналған 5 мг/мл ерітінді" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Офлоксацин" жолында "200 мг таблетка" деген сөздерден кейін "; 400мг;" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Пара-аминосалицил қышқылы ішке қабылдауға арналған ерітінді дайындауға арналған 5,52 г ұнтақ, инфузияға арналған 3% ерітінді";

      8-бөлімде "Антинеопластикалық және иммуносупрессивтік дәрілік заттар мен паллиативтік емдеу кезінде сырқаттарды күту үшін қолданылатын дәрілік заттар": 
      8.2-кіші бөлімде "Цитоуытты дәрілік заттар"
      "Клодрон қышқылы" жолында "400 мг капсула;" деген сөздерден кейін "; , 800 мг пленкалы қабықшамен қапталған таблетка;" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Флударабин фосфаты" жолында "Инъекцияға арналған лиофилизирленген 50 мг ұнтақ" деген сөздерден кейін "қабықшамен қапталған 10 мг таблетка" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Аримидекс" жолының атауы "Анастразол" сөзімен ауыстырылсын; 

      "Топотекан гидрохлориді" жолында:
      "лиофилизирленген" деген сөзі алынып тасталсын;

      "сауытта инъекциялық ерітінді дайындауға арналған 500 мг ұнтақ" деген сөздер "инъекциялық ерітінді дайындауға арналған 4 мг ұнтақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Алемтузумаб инъекциялық ерітінді дайындауға арналған 30 мг/мл концентрат";
      "Бортезомиб инъекциялық ерітінді дайындауға арналған 3,5 мг лиофилизат";

      8.3-кіші бөлімде "Гормональдық және антигормональдық дәрілік заттар":
      "Гидрокортизон" жолында "2 мл, 5 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Октреотид" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Трипторелин" жолында "инъекциялық ерітінді дайындауға арналған 3,75 мг ұнтақ" деген сөздер "инъекцияға арналған ұзартылып босатылуға арналған суспензия дайындауға арналған 0,1 мг, 11,25 мг ұнтақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Ципротерон" жолында "10 мг, 50 мг таблетка; ампулада 3 мл майлы ерітінді" деген сөздер "таблетка 10 мг, 50 мг, 100 мг; инъекцияға арналған 100 мг/мл майлы ерітінді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ланреотид" жолында "сауытта лиофилизирленген 30 мг микросфералар" деген сөздерден кейін "; ұзартылып босатылатын инъекцияға арналған 60 мг, 90 мг, 120 мг ерітінді" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Финастерид 5 мг таблетка";

      10-бөлімде "Қанға әсер ететін дәрілік заттар":
      10.1-кіші бөлімде "Анемияға қарсы дәрілік заттар":
      "Парентеральді енгізуге үшін темір қосылыстары ампулада инъекцияға арналған 2 мл, 5 мл ерітінді" жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Парентеральді енгізуге арналған темір препараттары инъекцияға арналған ерітінді";

      "Эпоэтин" жолында "сауыттардағы еріткішті комплектілі лиофилизирленген 1 000 ЕД, 2 000 ЕД, 5 000 ЕД ұнтақ" деген сөздер "сауыттардағы лиофилизирленген 1 000 ЕД, 2 000 ЕД, 5 000 ЕД ұнтақ, инъекцияға арналған 1 000 МЕ, 2 000 МЕ, 4 000 МЕ, 10 000 МЕ ерітінді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10.2-кіші бөлімде "Коагуляциға әсер ететін дәрілік заттар":
      "Аминокапрон қышқылы" жолында "сауытта 100 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Сұйық желатин ерітіндісі" жолында "500 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      11-бөлімде "Қаннан алынатын препараттар, плазмаалмастырғыш заттар және парентеральді қоректенуге арналған заттар":

      11.3-кіші бөлімде "Парентеральді қоректенуге арналған заттар":
      "Парентеральді қоректенуге арналған майлы эмульсия" жолында" (балалар хирургиясында және ересектердегі ауыр сепсисте)" деген сөздер алынып тасталсын;

      12-бөлімде "Жүрек-қан тамыр дәрілік заттар":
      12.1-кіші бөлімде "Аритмияға қарсы дәрілік заттар":
      "Аденозин фосфаты" жолында "1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Прокаинамид", "Хинидин" жолдары алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Изосорбид -5-мононитрат 40 мг, 60 мг капсула";
      "Дилтиазем 90 мг, 180 мг таблетка ретард";

      12.3-кіші бөлімде "Гипертензияға қарсы дәрілік заттар":
      "Доксазозин" жолында "1 мг таблетка" деген сөздерден кейін "; 2 мг, 4 мг" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
      "Эпросартан мезилаты 600 мг таблетка";
      "Рамиприл 1,25 мг, 2,5 мг, 5 мг, 10 мг таблеткалар";
      "Моэксиприл, 7,5 мг, 15 мг қабықпен қапталған таблеткалар";
      "Теразозин 1 мг, 2 мг, 5 мг, 10 мг таблеткалар";
      "Клонидин (наркологияға арналған) 0,075 мг, 0,15 мг таблеткалар";

      12.4-кіші бөлімде "Жүрек функциясының жеткіліксіздігінде қолданылатын дәрілік заттар":
      "Допамин" жолында "5 мл-ден" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Метопролол" жолында "50 мг таблетка" деген сөздер "25 мг, 50 мг, 100 мг, ретард 50 мг, 100 мг таблеткалар" сөздермен ауыстырылсын;

      "Триметазидин" жолында "қабықшамен қапталған таблетка 35 мг" деген сөздерден кейін "; 20 мг" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Мельдоний 250 мг; 500 мг капсулалар; инъекцияға арналған 10% ерітінді";
      "Еріткіші бар фруктоза-1,6-дифосфат инъекцияға арналған 5 г ұнтақ";

      12.6-кіші бөлімде ", тамыр қысылуын тудыратын артерия ауруларында қолданылатын дәрілік заттар":
      "Алпростадил" жолында "инфузиялық ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген 20 мкг ұнтақ" деген сөздерден кейін "; инфузиялық ерітінді дайындауға арналған 0,1 мг/0,2 мл концентрат" деген сөздермен толықтырылсын;

      12.7-кіші бөлімде "Антихолистеринемиялық препараттар":
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Аторвастатин жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған, қабықшамен қапталған таблетка 10 мг";

      13-бөлімде "Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдануға арналған)":
      13.3-кіші бөлімде "Қабынуға және қышуға қарсы дәрілік заттар":
      "Триамциналон ацетониді" жолы алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Пимекролимус крем 1%";

      13.5-кіші бөлімде "Дифференцировка мен тері жабындары жасушаларының пролиферациясы процестеріне әсер етуші дәрілік заттар":
      "Цинк гиалуронаты" жолында "10 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      14-бөлімде "Диагностиктер":
      14.2-кіші бөлімде "Рентгеноконтрастылы дәрілер":
      "Гадодиамид" жолында "сауыттарда 10 мл, 15 мл, 20 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Йодиксанол көктамырға енгізуге арналған 270/мл; 320 мг/мл ерітіндісі";

      15-бөлімде "Антисептикалық және дезинфекциялаушы дәрілер":
      15.1-кіші бөлімде "Антисептиктер":
      "Бор қышқылы" жолында "10 - 50 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Йод + калий хлориді + глицерин + су" жолында "сауыттағы 25 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      17-бөлімде "Ас қорыту органдары ауырған кезде қолданылатын дәрілік заттар":
      17.9-кіші бөлімде "Гепатопротекторлық әсер етуші дәрілік заттар":
      "Селимарин, фумарин" жолында "капсула" деген сөзден кейін "драже 35 мг" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Карнитин оротаты, ДЛ-карнитин хлориді, пиридоксин гидрохлориді, цианокобаламин, аденозин капсула, инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған 1 г ұнтақ";
      "Орнитин 150 мг таблетка";

      18-бөлімде "Гормондар, басқа эндокриндік дәрілік заттар және контрацептивтер":

      18.3-кіші бөлімде "Контрацептивтер":
      "Медроксипрогестерон ацетаты" жолында "сауытта 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      18.5-кіші бөлімде "Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар":
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Акарбоза 50 мг, 100 мг таблетка";

      18.7-жолында "Прогестагендер": 
      "Прогестерон" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      19-бөлімде "Иммунологиялық заттар":
      19.2-кіші бөлімде "Екпе, иммуноглобулиндер, анатоксиндер және бактериофагтар":
      "Гонококты вакцина" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Гемагглютинин - кешен, А типті ботулин токсині (балалар церебральді сал ауруын емдеуге арналған)" жолында:
      "инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған 100 000 КИЕ, 500 000 КИЕ, 20 000 КИЕ ұнтақ" деген сөздер "инъекцияға арналған лиофилизирленген 500 ЕД ұнтақ" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      19.3-кіші бөлімде "Иммуномодуляторлар. Цитокиндер":
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Бактериальді лизаттар, рибосомалар кешені 50 мг, 750 мкг таблеткалар, мұрын қуысына арналған спрей";

      20-бөлімде "Миелорелаксанттар (шеткі әсер ету механизмді) және холинэстераза ингибиторлары":
      "Пиридостигмин" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Тизанидин 2 мг, 4 мг таблетка";

      21-бөлімде "Офтальмологиялық заттар":
      21.4-кіші бөлімде "Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар":
      "Таурин" жолында "ампулада 1 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Пилокарпин" жолында "10 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Тимолол" жолында "5 мл-ден" деген сөздер алынып тасталсын;

      24-бөлімде "Психотерапиялық дәрілік заттар":
      24.1-кіші бөлімде "Антипсихотикалық дәрілік заттар":
      "Метилгидроксипиридин сукцинаты таблетка 125 мг, инъекцияға арналған 50 мг/мл ерітінді" жолы алынып тасталсын;

      "Оланзапин" жолында "таблетка 5 мг, 10 мг," деген сөздерден кейін "; 5 мг, 10 мг дисперсияланатын;" деген сөздермен толықтырылсын; 

      "Рисперидон" жолында "таблетка 2 мг, 4 мг;" деген сөздер  "таблетка 1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг, соруға арналған 1 мг, 2 мг;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Левомепромазин қабықшамен қапталған таблетка 25 мг, инъекцияға арналған 25 мг/мл ерітінді";
      "Тиоридазин драже 10 мг, 25 мг, 100 мг";
      "Кветиапин қабықшамен қапталған таблеткалар 25 мг, 100 мг, 200 мг";
      "Амисульприд таблеткалар 100 мг, 200 мг, 400 мг";

      24.2-кіші бөлімде "Көңіл-күй бұзылғанда қолданылатын дәрілік заттар":
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Милнаципран гидрохлориді капсулалар 25 мг, 50 мг";
      "Венлафаксин таблеткасы 37,5 мг, 75 мг"; 
      "Сертралин қабықшамен қапталған таблетка 50 мг";
      "Хлорпротиксен таблетка, қабықшамен қапталған 15 мг, 50 мг";

      24.3-кіші бөлімде "Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар":
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
      "Тофизопам таблетка 50 мг";

      24.5-кіші бөлімде "Метаболизм және ми қанайналысын жақсартатын дәрілік заттар":
      "Шошқаның бас миынан алынған пептидтер кешені" жолында:
      "5, 10 және 20 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Нимодипин" жолында "10-50 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Холина альфосцераты капсула 400 мг; инъекцияға арналған 100 мг ерітінді";
      "3-окси-6-метил-2-этилпиридин сукцинаты таблетка 125 мг, инъекцияға арналған 50 мг/мл ерітінді";

      24-бөлімде "Психотерапиялық дәрілік заттар" мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

      "24.6. Бас айналуын болдырмаушы заттар:
      Бетагистин дигидрохлориді таблеткалар 8 мг, 16 мг, 24 мг";

      25-бөлімде "Тыныс мүшелері аурулары кезінде қоллданылатын дәрілік заттар":
      25.1-кіші бөлімде "Бронх демікпесі және өкпенің созылмалы тарылу ауруларында қолдануға арналған дәрілік заттар":
      "Аминофиллин" жолында "ампулада 5 мл, 10 мл";
      "Сальметерол + Флутиказон" жолында "25/50 мкг, 25/125 мкг, 25/250 мкг аэрозоль" деген сөздерден кейін "; ингаляцияға арналған 50 мкг/100мкг; 50 мкг/250 мкг ұнтақ; 50 мкг/500 мкг" деген сөздермен толықтырылсын;

      26-бөлімде "Су, электролитті және қышқылдық-негіздік тепе-теңдік бұзылуын түзету үшін қолданылатын ерітінділер":
      26.2-кіші бөлімде "Парентеральді ерітінділер": 
      "Парентеральді қоректенуге арналған амин қышқылдары кешені" жолында:
      "сауытта 250 мл, 500 мл" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Калий, магний аспарагинаты инфузияға арналған ерітінді";

      27-бөлімде "Витаминдер және минералдық заттар":
      "Кальций глицерофосфаты" жолы алынып тасталсын;

      "Кальций глюконаты" жолында "ампулада 10 мл, таблетка 500 мг" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Тиоктол қышқылы (альфа-липоевая қышқылы) таблетка 600 мг; инъекцияға арналған 1,2%, 3% ерітінді". 

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұкаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министрі Қ.Т.Омаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің міндетін атқарушы