Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 883 "Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік құралдардың тізімін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 636 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 4003. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен

         "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының  28-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2006 жылға арналған шекті шамасы есепті айда Қордың шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 0,95 пайызынан асырылмай бекітілсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес есептелген есепті айдағы комиссиялық сыйақы сомасы есептіден кейінгі айдың бірінші бес жұмыс күнінде Қордың ағымдағы шотына аударылуға тиіс.

      3. Қордың шотына келіп түскен комиссиялық сыйақы сомасы Қорды басқару органы бекіткен Қор қызметін қамтамасыз етуге 2006 жылға арналған шығыстар шегінде пайдаланылуға тиіс.

      4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі