Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.
-------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
2. ...
3. ...
4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр Б.Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. ....
22. "Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияларды (Келісімдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1478 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 500 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4496 болып тіркелді, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 5, "Ресми газет" газетінде 2007 жылғы 27 қаңтардағы № 4 жарияланды).
.........
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияларды (Келiсiмдерді) қолданудың тәртібін түсіндіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияларды (Келiсiмдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1478 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1021 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияларды (Келiсiмдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
59-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Резидент емес заңды немесе жеке тұлғаның резидент емес тұлға жіберген акцияларды сату кезінде құн өсімінен түскен кірістері, егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акцияларының құнының 50 процентінен көбін Қазақстан Республикасында орналасқан мүлкі құраса, Қазақстан Республикасында 20 процент ставкасы бойынша салық салуға жатады.
Табыс салығын резидент емес салық төлеуші дербес есептейді және салық мүлкі сатылған акцияларының немесе резидент емес заңды тұлғаның активтерінің 50 процентінен көбін құрайтын резидент заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша салық органына декларацияны міндетті түрде тапсыра отырып, корпорациялық немесе жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін Салық кодексінде белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей төленуі тиіс.
Бұл ретте резидент емес жеке немесе заңды тұлғалар мүлкі сатылған акцияларының немесе резидент емес заңды тұлғаның активтерінің құнының 50 процентінен көбін құрайтын резидент заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
(Рахметов Н.Қ.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі