Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 434 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 12 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4489 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі  N 173  бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1492 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 25, 439-құжат);
      2) "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы  N 396  бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2580 тіркелген);
      3) "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 19 шілдедегі  N 294  бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2990 тіркелген).

      3. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2007 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарының (бұдан әрі - біліктілік талаптары) 2-тармағының 3) тармақшасын және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін біліктілік талаптарының 3-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттігі төрағасы 

      2006 жылғы 13 қараша

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің       
2006 жылғы 3 қарашадағы    
N 434 бұйрығымен бекітілген  

Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық
ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар (бұдан әрі - Біліктілік талаптар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді және ұйымдарға, оның ішінде қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.

  2-тарау. Біліктілік талаптар

      2. Ұйымдардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
      1) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының болуы;
      2) аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгiнің болуы;
      3) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымда мүшелігін растайтын құжаттың болуы;
      4) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы.

      3. Ұлттық компаниялардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына қосымша мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша сертификатталған кемінде 2 (екі) маманның болуы;
      2) халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына сәйкес кемінде 10 (он) аудиттелген ұйымның болуы;
      3) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның аудиторлық ұйым жұмысының халықаралық аудит стандарттарына сәйкестігі;
      4) халықаралық кәсіби аудиторлық ұйымдар желісінде іс жүзінде мүшелігі.

      4. Қаржылық ұйымдардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына қосымша мынадай біліктілік талаптарға сәйкес келеді:
      1) аудиторлық қызметпен айналысу мерзімі 3 (үш) жылдан кем емес;
      2) "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi және соңғы 2 (екі) жыл ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесі бар кемінде 3 (үш) қызметкерінің болуы;
      3) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес кемінде 10 (он) аудиттелген ұйымның болуы.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      5. Осы Біліктілік талаптарымен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шешіледі.