Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 434 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 12 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4489 болып енгізілді

Жаңартылған

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі  N 173 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1492 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 25, 439-құжат);
      2) "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы  N 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2580 тіркелген);
      3) "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 19 шілдедегі  N 294 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2990 тіркелген).

      3. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада  белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2007 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарының (бұдан әрі - біліктілік талаптары) 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан  Республикасы Қаржы министрінің 2008.01.09.  N 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      Министр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттігі төрағасы 

      2006 жылғы 13 қараша

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің       
2006 жылғы 3 қарашадағы    
N 434 бұйрығымен бекітілген  

Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық
ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар (бұдан әрі - Біліктілік талаптар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдарға, оның ішінде қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.

  2-тарау. Біліктілік талаптар

      2. Ұйымдардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
      1) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының болуы;
      2) аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгiнің болуы;
      3) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымда мүшелігін растайтын құжаттың болуы;
      4) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы.

      3. Ұлттық компаниялардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына қосымша мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша сертификатталған кемінде 2 (екі) маманның болуы;
      2) халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына сәйкес аудиттелген ұйымдардың болуы кемінде: бір ұйым 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап; үш ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бес ұйым 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, он ұйым 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап;
      3)  алынып тасталды - 2008.01.09.  N 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрықпен.
      4)  алынып тасталды - 2008.01.09.  N 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрықпен.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан  Республикасы Қаржы министрінің 2008.01.09.  N 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      4. Қаржылық ұйымдардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына қосымша мынадай біліктілік талаптарға сәйкес келеді:
      1) аудиторлық қызметпен айналысу мерзімі 3 (үш) жылдан кем емес;
      2) "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi және соңғы 2 (екі) жыл ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесі бар кемінде 3 (үш) қызметкерінің болуы;
      3) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес кемінде 10 (он) аудиттелген ұйымның болуы.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      5. Осы Біліктілік талаптарымен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шешіледі.