Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4486 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 189  (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 408 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3991 тіркелген).

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.05.26. N 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      5. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорларына:
      1) 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін Ереженің 38-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келтірсін.
      2) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін Ереженің 39-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келтірсін.

      6. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.

      7. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Бекітілді         
Қазақстан Республикасы  
Қаржы нарығын және қаржы 
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының   
2006 жылғы 27 қазандағы  
N 225 қаулысымен     

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі
қызметті жүзеге асыру ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына және  55-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10-тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ашық валюталық позиция - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жеке шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) валютасына қойылатын (талаптарды) міндеттемелерді зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасына қойылатын міндеттемелеріне (талаптарына) қарағанда күшейтуі;
      2) әртараптандыру - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін Қазақстан Республикасы заңнамасында рұқсат берілген әр түрлі қаржы құралдарына орналастыру;
      3) баға тәуекелі - қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарығындағы талаптар өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
      4) бэк-офис - негізгі функциясы қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді орындау, фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негізінде қосалқы есепте жасалған операцияларды тіркеу, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі;
      5) бэк-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша тарихи деректерді пайдалана және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;
      6) валюталық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;
      7) гэп - сыйақы мөлшерлемелерінің өзгерісіне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтеуге жататын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде пайыз тәуекелін және өтімділікті жоғалту тәуекелін өлшеу әдістері;
      8) елдің (трансферт) тәуекелі - шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы міндеттемелері бойынша төлем қабілетсіздігі немесе жауап беру ниетінің болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      9) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның валюталық нетто-позициясы - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позициясының жиынтық сомасының және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияның жиынтық сомасының арасындағы айырмашылық;
      10) инвестициялық декларация - активтері инвестициялық басқаруда болатын жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасының барлық аумағында он бес мыңнан кем емес данамен таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған инвестициялау объектілерінің тізбесін, мақсатын, стратегияларын, шарттарын және зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеулерін, хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;
      11) қор биржасы - Қазақстан Республикасының аумағында қызмет жасайтын қор биржасы;
      12) қор тәуекелі - акциялардың нарықтық құнына әсер ететін қаржы нарығының талаптары өзгерген жағдайда туындайтын акциялар құнының өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      13) кредиттік тәуекел - бағалы қағаз (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) шығару талаптарымен белгіленген мерзімде негізгі борышты және (немесе) кредиторға (инвесторға) тиесілі сыйақыны заемшының (эмитенттің) төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Сондай-ақ кредиттік тәуекелге серіктестің своптар, опциондар бойынша және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде міндеттемелерді орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;
      14) құқықтық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы не зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры тәжірибесінің олардың ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі, ал Қазақстан Республикасы резидент еместеріне қатысты басқа мемлекеттердің заңнамасының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
      15) қысқа валюталық позиция - жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позициясы, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты талаптарды) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;
      16) нарықтық тәуекел - қаржы нарығының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдің көздері болып табылады. Нарықтық тәуекел проценттік, валюталық және қор тәуекелдерінің сомасы ретінде сипатталады;
      17) операциялық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі бақылау ұйымына қойылатын талаптарды бұзуы (сақтамауы) салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Операция тәуекеліне сондай-ақ операция (компьютер) жүйелеріндегі елеулі іркілістердің туындауына байланысты тәуекелдер, белгіленген лимиттердің асып кетуі, бағалы қағаздармен немесе бэк-офис жұмысы барысында операторлардың қателерімен операциялар жасаған кездегі алаяқтық жатады;
      18) өтімділікті жоғалту тәуекелі - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өз міндеттемелерін орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретіндегі өтімділігінің тәуекелі олардың төмен шығыстарымен және қолайлы бағалары бойынша тез сатылу қабілеттілігімен айқындалады;
      19) principal protected notes - негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілі белгіленген борыштық бағалы қағаздар;
      20) проценттік тәуекел - сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі, оның ішінде:
      орналастырған активтер (белгіленген сыйақы мөлшерлемелері кезінде) өтеу мерзімдерінің сәйкес келмеуімен байланысты жалпы проценттік тәуекел;
      өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бір қатары бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу және түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты ерекше проценттік тәуекел;
      21) "stop-loss" - лимиттерді белгілеу саясаты, қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;
      22) стресс-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйіне төтенше, бірақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлуетті әсер етуін өлшеу әдістері;
      23) тәуекелдерді басқару жүйесі - бұл процеске төрт негізгі элемент кіреді: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі;
      24) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      25) ұзақ валюталық позиция - бұл жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позиция, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелерін) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;
      26) фронт-офис - негізгі функциясы қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі;
      27) халықаралық қаржы ұйымы - халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым;
      28) хеджирлеу - жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі хеджирлеу объектісінің әділ құны өзгеруінің ішінара немесе толық өтемі үшін хеджирлеудің бір немесе бірнеше құралдарын немесе бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес олармен байланысты ақша түсімдерін пайдалану;
      29) хеджирлеу құралдары - қаржы құралдары, оның ішінде осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын туынды қаржы құралдары.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26. N 17 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      3. Осы ережелер мақсатында Standard & Poor's агенттігінің рейтингтік бағасынан өзге уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингтік бағаларын таниды (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 116 Қаулысымен.

2-тарау. Инвестициялардың объектілері

       РҚАО-ның ескертуі!
      4-тармағы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 17 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен жаңа редакцияда беріледі.

      4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - Ұйым) және/немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) әрбір жеке қордың инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерін осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген қаржы құралдарына орналастырады.
      1-қосымшада көрсетілген қаржы құралдарына зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың мөлшерін инвестициялық декларация белгілейді.

      4-1. "Кері Репо" операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялардың жалпы мөлшері ашылған әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен 2009 жылғы 1 сәуірден бастап жиырма пайызынан кем еместі құрайды.
      Ұйым (Қор) зейнетақы активтері құрамына кіретін ақшаны "Кері Репо" операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, ашылған әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен жиырма пайызынан кем емеске жеткенге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялайды.
       Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26. N 17 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      4-2. "Кері Репо" операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жалпы мөлшері 2009 жылғы 1 қазаннан бастап әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен отыз пайыздан кем еместі құрайды.
       Ескерту. 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26. N 17 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

3-тарау. Инвестициялау шарттары және тәртібі

      5. Зейнетақы активтері және меншікті активтер есебінен жасалатын мәмілелерді Ұйым (Қор) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы орган қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды.
      Ұйымның (Қордың) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін бастапқы ұйымдаспаған рынокта (оларды орналастыру кезінде) Ұйым (Қор) дербес жасайды.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 116 Қаулысымен.

      6. Зейнетақы активтері мен меншікті активтері есебінен жасалатын ұйымның (Қордың) мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін Ұйым (Қор) қайталама рынокта тек бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасайды, мына жағдайларды қоспағанда:

      1) Ұйымның (Қордың) инвестициялық портфеліндегі эмитентті акциялардағы облигацияларды айырбастау;

      2) басымдығы бар сатып алуға құқықты жүзеге асыру;

      3) осы Ереженің 27-тармағының талаптарын ескере отырып, хеджирлеу құралдарымен мәмілелерді жасау;

      4) Ұйым (Қор) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акциялары үшін төлем талап етуіне болады.

      5) сауда-саттық ұйымдастырушысы листинг болмаған кездегі тартқан бағалы қағаздарды сату.     
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26. N 17 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       6-1. ұйымға (Қорға) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығындағы мәмілелерді және осы Ереженің 6-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы және меншікті активтері есебінен аффилиирленген тұлғалармен, ұйымның (Қордың) ірі акционерлері иеленетін акциялардың сенімгерлік басқарушыларымен және Ұйымның (Қордың) ірі акционерлері иеленетін акциялардың сенімгерлік басқарушыларының аффилиирленген тұлғаларымен қаржы құралдарын сатып алу және/немесе иелігінен шығару бойынша мәмілелерді жасасуға тыйым салынады.
       Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.02.27 N 27 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      7. Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, сондай-ақ клиенттер шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда Қор тек онда басқаруда болған зейнетақы активтеріне қатысты брокерлік, дилерлік қызмет көрсетеді.
      7-1. Ұйымда инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда ұйым тек қызмет көрсететін жинақтаушы қордың меншікті активтеріне қатысты ғана инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
      Ұйымда клиенттер шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда Ұйым тек онда басқаруда болған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы және меншікті активтеріне, сондай-ақ Ұйымның меншікті активтеріне қатысты ғана брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет көрсетеді.
       Ескерту. 7-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 116 Қаулысымен.

      8. Зейнетақы және меншікті активтерінің қатысуымен ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалуы тиіс. Зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын "кері репо" мәмілелері отыз күннен аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.  Ұйым (Қор) зейнетақы және меншікті активтерін қатыстырумен жасайтын "кері репо" операцияларының мәні болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары табылады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26. N 17 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      9. Ұйымның (Қордың) бір эмитентінің екінші деңгейдегі банктердің біріндегі салымдарға салған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарының инвестиция мөлшері Ұйым (Қор) үшін белгіленген пруденциалдық нормативтердегі белгіленген нормативтерге сәйкес келуі тиіс.
      Ұйым (Қор) осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты сауда-саттық ұйымдастырушы бастапқы рынокта (оларды орналастыру кезінде) уақытша тоқтатқан жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып ала алмайды.

      10. Қордың зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банкте салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Осы мерзім өткенге дейін салым сомасы және ол бойынша сыйақы сомасы Қордың инвестициялық шотына есептелуі тиіс. Салымның мерзімін ұзарту қордың инвестициялық шотына салымның және салымның бастапқы мерзімі бойынша осы салым жөніндегі сыйақы сомасы аударылғаннан кейін ғана мүмкін болады.

      11. Зейнетақы активтерін инвестициялауға арналған жинақтаушы зейнетақы қорының ақша қалдығының ең көп мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық ақшасын қосқанда: кастодиан банктегі инвестициялық шоттарындағы; осы жинақтаушы зейнетақы қорының шетелдік кастодиан банктердегі кастодиан банктің корреспонденттік шоттарындағы; халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушылары - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шоттарындағы жинақтаушы зейнетақы қорының әрқайсысы бойынша жеке зейнетақы активтерінің мөлшерінің үш процентінен аспауы керек.
      Кастодиан банктегі жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шоттарына, осы жинақтаушы зейнетақы қорының шетелдік кастодиан банктеріндегі кастодиан банктің корреспонденттік шоттарына және халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушылары - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шоттарына түсетін зейнетақы активтерін Ұйым (Қор) ұлттық валютаға қатысты он жұмыс күні ішінде, шетел валютасына қатысты отыз күнтізбелік күн ішінде ағымдағы аударымдардың шегергенде толық көлемде инвестициялайды.
      Ұйым (Қор) зейнетақы активтерін инвестициялау мақсатында Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"ден төмен емес рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар резидент банкке жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотындағы ақша қалдықтарын отыз күнтізбелік күннен астам емес мерзімге орналастырады.

      12. Ұйым (Қор) зейнетақы активтері инвестициялық басқаруға қабылданған жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларының мүдделері үшін ғана әрекет жасайды.
      Ұйым (Қор) бірдей ұлттық бірегейлендіру номері бар бағалы қағаздарды Ұйымның (Қордың) инвестициялық басқаруындағы меншікті активтері есебінен және/немесе зейнетақы активтері есебінен сатып алу (сату) туралы бір күнде инвестициялық шешім қабылдай алмайды.

      13. Егер қандай да болмасын жағдайдың нәтижесінде Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Ереженің 9-тармағында белгіленген жағдайларға сәйкес келмегенде, Ұйым (Қор) мұндай сәйкессіздікті тереңдететін инвестициялық қызметті дереу тоқтатады және бір күннің ішінде уәкілетті органға осы сәйкессіздік фактісі және себептерін оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының қосымшасын қоса ұсыну арқылы хабарлайды.

      13-1. Эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін шығарылымның талаптарында көзделген мерзімде орындамаған жағдайда, Ұйым (Қор) осындай міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен бастап зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен осы бағалы қағаздарды сатып алу бойынша, оның ішінде "кері репо" операциясын жасау жолымен инвестициялық шешім қабылдауға құқығы жоқ.
       Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26. N 17 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      14. Борыштық бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушысы (рейтингтік бағаның ең төменгі деңгейі жоқ) листинг өткізілмеген жағдайда не борыштық бағалы қағаздың ең төменгі деңгейден төмен кредиттік рейтингі төмендеген жағдайда Ұйым (Қор) мұндай бағалы қағаздарды жоғарыда аталған оқиға басталған күннен бастап бір жыл ішінде сатады. Оны сату мүмкін болмаған жағдайда Ұйым (Қор) уәкілетті органға осындай бағалы қағаздарды өтеу мерзіміне дейін ұстау туралы ақпарат жібереді.

      15. Акцияларды немесе пайларды сауда-саттық ұйымдастырушысы (рейтингтік бағаның ең төменгі деңгейі жоқ эмитенті) листинг өткізілмеген жағдайда, сондай-ақ акционерлік қоғамның басқа ұйымдық құрылымдық нысанына қайта ұйымдастыру жағдайында, не акциялардың немесе пайлардың эмитентінің кредиттік рейтингі ең төменгі деңгейден де төмендеген жағдайда Ұйым (Қор) осындай акциялар мен пайларды жоғары аталған оқиға басталған күннен бастап бір жыл ішінде сатады. Осы акцияларды және пайларды сату мүмкін болмаған жағдайда Ұйым (Қор) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес құнсыздану белгілері бар бағалы қағаз ретінде таниды.

4-тарау. Инвестициялық шешімді қабылдау тәртібі

      16. Ұйым (Қор) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметін мыналарды (оның ішінде):
      зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібін;
      зейнетақы активтерінің қатысуымен мәміле жасау және оларды аяқтауды жүзеге асыру тәртібін;
      деректер мен құпия ақпараттың тұтастығын қамтамасыз етуге ішкі бақылау жасау тәртібін айқындайтын ішкі құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      17. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін берілетін ұсынымдар (бұдан әрі - ұсынымдар) негізінде қабылданады.

      18. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібінде мыналар:

      1) мыналарды көздейтін ұсынымдарды беру үшін ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібі болуы тиіс:
      ұсынымдарды беруге уәкілетті лауазымды тұлғалардың тізбесі;
      зейнетақы активтері портфелінің жай-күйін талдау;
      инвестиция жасау болжалданып отырған қаржы құралдарына талдаудың болуы, сұрату және кірістілік талаптары;
      инвестиция жасау болжалданып отырған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерді талдау;
      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген әртараптандыру нормаларын сақтауды талдау;
      ұсынымдарды беру кезіндегі өзге де маңызды факторларды талдау болуы тиіс;

      2) соларды негізге алып қабылданған ұсынымдар мен инвестициялық шешімдердің бірегей тіркеу журналында тіркелу тәртібі;

      3) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы органға кіретін лауазымды тұлғалардың тізбесі;

      4) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы органның инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі.

      19. Ұсынымда мыналар:

      1) берілген күні және ұсыным нөмірі;

      2) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);

      3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижесі;

      4) инвестициялық шешімнің ұсынылып отырған нұсқалары;

      5) ұсынымды берген тұлғалардың олардың лауазымдық қызметтерін көрсеткен қолдары болуы тиіс;
      6) осы құралдың түрін, көлемін, баға диапазонын, кірістілік деңгейін және басқа да сипаттамаларын (талаптарын) көрсете отырып, қаржы құралын сипаттау;
      7) Қор әзірлеген инвестициялық декларацияға сәйкес мәмілені аяқтауды ұсынатын қорытындының мақсаты.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді 6) және 7) тармақшалар  жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 116 Қаулысымен.       

      20. Инвестициялық шешімде мыналар:

      1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;

      2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;

      3) аяқталуы тиіс мәміленің түрі;

      4) мәміле аяқталуы тиіс қаржы құралын бірегейлендіргіш;

      5) аяқталуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің диапазоны, бағалар және сомалар);

      6) мәміленің аяқталу мерзімі;

      7) мәміленің аяқталуы болжалданатын рыноктың типін (бастапқы немесе қайталама) көрсету;

      8) мәміленің (осындай болған жағдайда) жасалуы оның көмегі арқылы болжалданатын делдалдың (брокердің) атауы;

      9) мәміленің аяқталуы зейнетақы активтері есебінен болжалданып отырған қордың атауы;

      10) олардың лауазымдық қызметтерін көрсете отырып, инвестициялық шешім қабылдаған тұлғалардың қолы болуы тиіс.
       Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 116 Қаулысымен.

      21. Зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасау және олардың аяқталуына бақылау жасау тәртібінде мыналар:

      1) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле (осындай болған жағдайда) жасау көмегі арқылы болжалданып отырған делдалмен (брокермен) қарым-қатынас жасау тәртібі;

      2) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауды аяқтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі;

      3) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауды аяқтауға бақылау жасау тәртібі;

      4) кастодиан банктермен және қорлармен салыстыруды жүзеге асыру тәртібі;

      5) ішкі есеп және құжат айналымын енгізу тәртібі болуы тиіс.

      22. Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауға бақылауды жүзеге асыру үшін мыналарды:
      мәміле жасауға қажетті тапсырыстарды есепке алу журналын;
      орындалған және орындалмаған мәмілелерді есепке алу журналын;
      банк салымының шарттарын есепке алу журналын;
      кастодиан банктердің бұйрықтарын тіркеу журналын;
      кастодиан банктермен және қорлармен салыстыру актілерін тіркеу журналын толтыруы тиіс.
      Осы аталған журналдармен қатар Ұйым (Қор) басқа да қосымша есепке алу журналдарын жүргізуі мүмкін.

      23. Деректер мен құпия ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі ішкі бақылау тәртібінде мыналар:

      1) құпия санатқа жататын ақпараттар тізбесі;

      2) құпия ақпарат болып табылатын құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібі;

      3) лауазымды қызметі бойынша құпия ақпаратқа рұқсат берілген тұлғалар көрсетілген құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібі;

      4) деректердің электронды массивінің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі болуы тиіс.

      24. Ұйым (Қор) хеджирлеу құралдарын пайдалануы мүмкін.
      Хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру туралы шешімде мынадай ақпарат болу керек:

      1) шешім нөмірі, қабылданған күні;

      2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;

      3) хеджирлеу құралының түрі, оның жасалу мерзімі, көлемі, құны (сыйақылар), хеджирлеу операцияларын жасау жоспарланып отырған рынок көрсетілген хеджирлеу құралының жан-жақты сипаттамасы және осы құралдың басқа да сипаттамалары (талаптары);

      4) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтіліп отырған нәтижелер;

      5) хеджирлеу объектісінің түрін (проценттік, бағалық, валюталық және басқа), сондай-ақ оны бағалау әдісін көрсетіп, хеджирлеу объектісінің тәуекеліне (базистік актив) баға беру;

      6) қажетті деректемелері көрсетілген (ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы), сондай-ақ осы хеджирлеу объектісін зейнетақы активтері есебінен сатып алған қордың атауы көрсетілген хеджирлеу объектісі;

      7) хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдау үшін пайдаланылған ақпаратты талдау қорытындылары;

      8) олардың лауазымдық қызметтерін көрсете отырып, инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қолы болуы тиіс.
       Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 116 Қаулысымен.

      25. Ұйым (Қор) шет мемлекеттердің бағалы қағаздарының ұйымдастырылмаған рыногында своп, опцион мен форвард мәмілелерін жасаған кезде жоғарыда аталған мәміле бойынша қарсы агент қаржы ұйымы болуы керек және онда Standard & Poor's агенттігінің "А" төмен емес халықаралық шәкілі бойынша рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар болуы тиіс.
      Ұйым (Қор) Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының ұйымдастырылмаған рыногында своп, опцион мен форвард мәмілелерін жасаған кезде жоғарыда аталған мәміле бойынша қарсы агент қаржы ұйымы болуы керек және Standard & Poor's агенттігінің "ВВ" төмен емес халықаралық шәкілі бойынша рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар болуы керек.

      26. Егер бір хеджирлеу объектісін хеджирлеу үшін хеджирлеудің бірнеше құралдарын қолдану жоспарланған болса, онда қабылданған шешімде хеджирлеу құралының әрбір түрі көрсетіледі.

      27. Хеджирлеу операциялары бойынша қабылданған барлық шешімдер Ұйымда (Қорда) инвестициялық шешімдерді есепке алу журналында көрсету жолымен сақталады.

      28. Хеджирлеу операциялары аяқталған соң тиісті шешіммен оның аяқталғандығы туралы белгі қойылады және осы хеджирлеу құралының түрін пайдаланудың нақты нәтижесі көрсетіледі.

      29. Хеджирлеу операциялары процесі жағдайында хеджирлеу құралының түрін, мерзімін және басқа сипаттамаларын өзгерту қажеттігі туған жағдайда, осы шаралар осы Ереженің 24-тармағының 3), 4), 5) және 7), 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді келтіре отырып, хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру туралы тиісті шешімде көрсетіледі.

      30. Хеджирлеу операцияларын, сондай-ақ ол бойынша кірісті және шығынды Ұйымның (Қордың) қаржылық есеп беруінде есепке алу және көрсету қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Осы операцияның хеджирлеу операциясына қатысты екенін растау мақсатында Ұйым (Қор) хеджирлеу операцияларын жүзеге асыратын әр шешімге осы жасалған операциялардың хеджирлеу объектісі бойынша болуы мүмкін шығынның (ала алмаған кіріс) мөлшерін түсіруге алып келетінін растайтын тиісті есеп жасайды.

4-1-тарау. Зейнетақы активтерін беру

      Ескерту. 4-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 153 Қаулысымен.

      31-1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартын (бұдан әрі - шарт) бұзуға ниеті бар жинақтаушы зейнетақы қоры не ұйым (Қор) шартты бұзу туралы ұйымды не жинақтаушы зейнетақы қорын бұзу белгіленген күнге дейін жиырма күн бұрын нақты бұзу күнін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.

      31-2. Шартты бұзудың бастамашысы - заңды тұлғаның бірінші басшысы бұйрығының негізінде оны бұзу туралы хабарламада көрсетілген немесе шарт талаптарына сәйкес анықталған зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шартты бұзған күнге дейін он жұмыс күнінен кем емес уақытта келісу комиссиясы құрылады.

      31-3. Келісу комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шарты бұзылатын және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқа ұйымға не Қорға инвестициялық басқаруға беретін ұйымның (бұдан әрі - өткізіп беруші ұйым) және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасалатын ұйымның не Қордың (бұдан әрі - қабылдаушы ұйым) уәкілетті өкілдерінен тұрады.

      31-4. Келісу комиссиясы:
      1) шартты бұзу күніндегі жағдай бойынша зейнетақы активтерін түгендеуді жүзеге асырады;
      2) осы Ереженің 31-5-тармағында көрсетілген құжаттарды өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға беру тәсілдерін және мерзімдерін айқындайды;
      3) өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға зейнетақы активтерін беру тәсілдерін және мерзімдерін айқындайды.

      31-5. Келісу комиссиясының жұмысы барысында өткізіп беруші ұйым қабылдаушы ұйымға өткізіп беруші ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың барлық кезеңінде мынадай құжаттарды береді:

      1) өткізіп беруші ұйымның бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдарға зейнетақы активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға берген тапсырмаларының көшірмелері;

      2) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдардың өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерінің есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға берген тапсырмаларының орындалуы туралы есептерінің көшірмелері;

      3) өткізіп беруші ұйым зейнетақы активтерінің есебiнен бағалы қағаздармен дербес түрде мәмілелер жасаған кезде - осындай мәмілелердің жасалғандығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;

      4) жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан кастодиан банкі берген үзiндi-көшiрмелердiң көшiрмелерi;

      5) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң "ДЕПО"  қосалқы шотынан орталық депозитарийдің берген үзiндi-көшiрмелердiң көшiрмелерi;

      6) зейнетақы активтерiн өткiзiп беру күнiне қолданылып жүрген,  зейнетақы активтерiнiң есебiнен екiншi деңгейдегi банктермен жасасқан (сатып алынған) банк салымы шарттарының (екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттiк сертификаттарының) түпнұсқалары;

      7) зейнетақы активтерiн өткiзiп беру күнiне мерзiмдерi өтiп кеткен зейнетақы активтерiнiң есебiнен екiншi деңгейдегi банктермен жасасқан банк салымы шарттарының көшiрмелерi;

      8) шартты бұзу күнiнiң алдындағы айлардағы зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң орташа құны туралы анықтамалардың уәкiлеттi органға ұсынылған көшiрмелерi;

      9) өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруына қатысты өзге де құжаттар (келiсу комиссиясы мүшелерiнiң келiсiмдерi бойынша).

      31-6. Келiсу комиссиясы жұмысының нәтижелерi бойынша мазмұнында мынадай мәлiметтерi бар зейнетақы активтерiн қабылдау-өткiзу актiсi ресiмделедi:

      1) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның, қабылдаушы ұйымның және жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкiнiң толық атауы (аталған ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктерiне сәйкес);

      2) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның тiркелген (мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктерiне немесе статистикалық карточкаларына сәйкес) және нақты орналасқан жерi;

      3) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның банктiк деректемелері;

      4) тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жинақтаушы зейнетақы қорына, өткізіп беруші ұйымға және қабылдаушы ұйымға берiлген лицензияның нөмiрi және берiлген күнi;

      5) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң фамилиясы, аты, бар болса әкесінің аты;

      6) зейнетақы активтерiнiң есебiнен жасалған инвестициялардың ағымдағы құн (есептелген кірісті қоса) бойынша жиынтық мөлшерi;

      7) жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан оның шотына жүргiзiлген зейнетақы төлемдерi аударымдарының сомасы (инвестициялық шотқа қайта келiп түскен ақшаны есепке ала отырып);

      8) инвестициялық шоттардағы ұлттық және шетелдiк валютамен көрсетiлген ақша қалдығы;

      9) ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін, санын (данамен), сатып алу бағасын, бір бағалы қағаз бойынша есептелген кірісті, бір бағалы қағаздың ағымдағы құнын, бағалы қағаздардың жалпы санын, есептелген кірістің жалпы сомасын, бағалы қағаздарға жасалған инвестициялардың ағымдағы құнын, зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған бағалы қағаздарға қатысты өзге де ықтимал мәліметтерін көрсете отырып өткiзiп берiлетiн бағалы қағаздардың тізбесі;

      10) депонент банктердің атаулары, салымдардың сомалары, банктік салымы туралы шарт жасасқан күні, салымдар мерзімі, олар бойынша жылдық пайызбен сыйақы мөлшерлемелері, есептелген сыйақы сомалары, алынған сыйақы сомалары, зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған салымдарға қатысты өзге де ықтимал мәліметтері көрсетіле отырып, екінші деңгейдегі банктердегі өткізіп берілетін салымдардың тізбесі;

      11) міндеттемелердің сомалары, оның ішінде қателесіп есепке алынған сомалар, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдері шотына аударуға жататын сома, өзге де кредиторлық берешек сомасы, жинақтаушы зейнетақы қорының және өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерінің және инвестициялық кірістің есебінен төленуге жататын комиссиялық сыйақы сомасы, өзге ықтимал міндеттемелердің сомасы;

      12) өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық кезеңдегі есептелген комиссиялық сыйақысының жалпы сомасы;

      13) өткізіп беруші ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық кезеңдегі инвестициялық кірістің және зейнетақы активтерінің есебінен төленген және төлеуге жататын жинақтаушы зейнетақы қорының және өткізіп беруші ұйымның комиссиялық сыйақыларының сомалары;

      14) шартты бұзу күнiнiң алдындағы күннiң соңына зейнетақы активтерiнiң бiр шартты бiрлiгiнiң құнын есептеудiң нәтижелерi;

      15) осы Ереженің 31-5-тармағына сәйкес көлемін көрсете отырып өткізіп берілетін құжаттардың тізбесі;

      16) келісу комиссия мүшелерінің анықтауы бойынша өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға өткiзiлетін қордың зейнетақы активтерiне қатысты өзге де ықтимал мәлiметтер.

      31-7. Келісу комиссиясы өзінің жұмысын шартты бұзу күніне аяқтайды.

      31-8. Зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісі келісу комиссиясымен шартты бұзу күнiне жинақтаушы зейнетақы қоры, өткiзiп берушi ұйым, қабылдаушы ұйым, жинақтаушы зейнетақы қордың кастодиан банкi, уәкiлеттi орган үшiн бiр-бір данадан бес данада жасалады, жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші және қабылдап алушы ұйымның келісу комиссиясы мүшелерінің, бірінші басшының және бас бухгалтердің қолы қойылып және жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші және қабылдап алушы ұйымның мөр бедерімен расталады.
      Зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актісінде жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкiнiң осы қабылдау - өткізу актiсі деректерінің дұрыстығы туралы, кастодиан банктiң бiрiншi басшысы немесе оның жинақтаушы зейнетақы қорға кастодиандық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын бөлiмшесiне жетекшiлiк жасайтын басшы қызметкерiнің қолымен және кастодиан банкі мөрiнiң бедерімен расталған белгiсi болуы тиіс;
      Зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актiсін шартты бұзуға бастамашы ұйымның бiрiншi басшысы бекiтедi.

      31-9. Зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актiсі ол бекітілген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

      31-10. Зейнетақы активтерін қабылдаушы ұйымға инвестициялық басқаруға өткiзiп беру күнi - зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актiнiң бекiтiлген күнi болып танылады.

      31-11. ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған не қайтарып алған жағдайда, ұйым лицензияның қолданылуын тоқтата тұрылған не оны қайтарған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына шарт бойынша міндеттемелердің тоқтатылғаны туралы хабарлама жібереді және ұйымның бірінші басшысының бұйрығы негізінде келісу комиссиясын құрады. Келісу комиссияның құрамы осы Ереженің 31-3-тармағымен белгіленеді.
      Келісу комиссиясы он күн ішінде осы Ереженің 31-4 - 31-6, 31-8 - 3-10-тармағына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады.

5-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі

       Ескерту. 5-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07 N 135 ( қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Зейнетақы активтерін инвестициялық 
басқару жөніндегі қызметті жүзеге 
асыру ережесінің 1-қосымшасы    

Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат
берілген қаржы құралдарының тізбесі

      1. Ұйым (Қор) қаржы құралдарының тізбесіне әрбір жеке Қордың инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерін зейнетақы активтерінің және оларға қойылатын талаптардың жалпы көлеміне байланысты орналастыра алады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 116 ; 2009.01.26. N 17 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 2009.02.27 N 27 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

N

Қаржы құралдарының атауы

1.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), сондай-ақ мемлекет кепілімен шығарған бағалы қағаздар

2.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар

2-1.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар

3.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар

4.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда:
банктердің халықаралық шәкіл бойынша Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-" төмен емес рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар болса;
банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкіл бойынша "А-" темен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес сабақтас банктің еншілес резидент банктері болып табылса;
банктер кор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторындағы бірінші санатқа енгізілген эмитент банктер болып табылса.

5.

"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" төмен емес халықаралық рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар, мына халықаралық қаржы ұйымдары шығарған:
   Халықаралық қайта құру және даму банкі;
   Еуропа қайта құру және даму банкі;
   Америка аралық даму банкі;
   Халықаралық есеп-айырысу банкі;
   Азия даму банкі;
   Африка даму банкі;
   Халықаралық қаржы корпорациясы;
   Ислам даму банкі;
   Еуропа инвестициялық банкі;
   Еуразиялық даму банкі

6.

Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ"-дан кем емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

7.

Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-" ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздары;
Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-" ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары;
Қазақстан Республикасы резиденті болып табылатын, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына кіргізілген шетел ұйымдардың акциялары.

8.

"Standard & Poor's principal stability fund ratings" "BBBm-"-ден төмен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "BBBf-"-төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары

9.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
1) Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-"ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ" төмен емес рейтингтік бағасы бар, оның ішінде кор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторындағы бірінші немесе екінші санатқа енгізілген ұйымдардың акциялары;
2) қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторындағы бірінші немесе екінші санатқа енгізілген ұйымдар акциялары;
3) Standard & Poor's агенттігінің "В-" ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzВ-" төмен емес рейтингі бар, оның ішінде қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;
4) қор биржасының ресми тізіміндегі "рейтинг бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар;
5) Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары;
6) басқарушы компаниясы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық пай инвестициялық қорларының пайлары.

9-1.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, "Standard & Рооr's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар не қор биржасының "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" ресми тізіміне енгізілген, мына талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік қорларының акциялары:
      шығарылған бағалы қағаздар және/немесе басқа міндеттемелер бойынша жылжымайтын мүлік қоры міндеттемелерінің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;
      жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің жетпіс бес пайызынан аспайтынын жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды;
      жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясынан және оның аффилиирленген тұлғаларынан сатып алынбаған;
      жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған не ол сенімгерлік басқаруға өткізілген;
      жалға беру шартымен белгіленген жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру мерзімі бір жылдан кем еместі құрауы тиіс;
      жылжымайтын мүлік қорының активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініш берілген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі

10.

Лондонның қымбат металдар рыногы қауымдастығының (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін тазартылған қымбат металдар және "Лондондық сапалы жеткізу" стандарты ретінде ("London good delivery") осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген металл депозиттері, оның ішінде, Standard & Poor's агенттігінің "АА-" ден төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар резидент банктердің акциялары 12 айдан астам емес мерзімде

11.

"Standard & Poor's" агенттігінің "BBB-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар ие ұйымдар шығарған Principal protected notes және олар бойынша негізгі борыш сомасын толық қайтару жөніндегі эмитенттің кепілдемесі белгіленген

12.

Депозитарлық қолхаттар:
Осы тізбеде көрсетілген базалық активтері акциялар болып табылатын депозитарлық тілхаттар, фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар, базалық активтері мыналар болып табылатын:
зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары;
шетел валютасы;
мынадай есеп айырысу көрсеткіштері (индекстер):
1. MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index)
2. DAX (Deutscher Aktienindex)
3. CAC40 (Compagniedes Agentsde Change 40 Index)
4. NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index)
5. TOPIX (Tokyo Price Index)
6. HSI (Hang Seng Index)
7. ENXT 100 (Euronext 100)
8. RTSI (Russian Trade System Index)
9. DJIA (Dow Jones Industrial Average)
10. S&P 500 (Standardand & Poor's 500 Index)
11. FT-SE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)
12. KASE (Kazahstan Stock Ехсhange)
13. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)

13.

(алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 116 Қаулысымен)

15.

"Standard & Poor's" агенттігінің "BBB-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттігінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валютасындағы қолма-қол ақшасы

      2. Мынадай қаржы құралдарына салынатын инвестициялардың жиынтық көлемі әрбір қордың зейнетақы активтерінің 5%-нан аспауы тиіс:
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 116 ; өзгерту енгізілді - 2009.02.27 N 27 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

1.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміндегі "рейтинг бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" шағын санаты бойынша енгізілген борыштық бағалы қағаздар, инфрақұрылымдық облигацияларды қоспағанда

2.

Басқарушы компаниясы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық пай инвестициялық қорларының пайлары

3.

Алматы қаласының Өңірлік Қаржы Орталығының арнаулы сауда-саттық алаңында листинг рәсімдерінен өткен және Standard & Poor's агенттігінің "BB-"-төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВВ" төмен рейтингтік бағасы бар немесе тиісінше рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары

4.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік қорларының акциялары

      "Зейнетақы активтерін инвестициялық
                                  басқару жөніндегі қызметті жүзеге
                                     асыру ережесіне 1-1, 1-2,     1-3-қосымшалары      

       РҚАО-ның ескертуі!
      1-1, 1-2, 1-3-қосымшалармен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 17 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен толықтыру қарастырылған.   

Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесінің 2-қосымшасы  

           Тәуекелдердi басқару жүйесiн ұйымдастыруға
                       қойылатын талаптар

N

Талаптардың атауы

Қосымша талаптар

1.

Директорлар кеңесі ұзақ мерзімді корпоративтік стратегияны, инвестициялық саясатты және инвестициялық стратегияны қалыптастырды

Ұйымның (Қордың) корпоративтік стратегиясында Ұйым (Қор) қызметінің қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан он жылға дейін) мақсаттары айқындалды;
Ұйымның (Қордың) ұзақ мерзімді стратегиясы жасалған және Ұйым (Қор) қызметіне бұрын жағымсыз әсер еткен факторларды алып тастау мақсатында үнемі жетілдіріліп отырады.
Инвестициялық саясат жылына/үш жылда бір реттен кем емес әзірленеді.
Инвестициялық стратегия тоқсан сайын әзірленеді және оған мыналар кіреді: қаржылық талдау нәтижелері, болжамдық мәндер, күтілетін макро және микро-экономикалық көрсеткіштер, ұсынымдылық сипаттағы инвестициялау стратегиясын қалыптастыру.

2.

Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекітеді

Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекітеді, оның ішінде:
Ұйымның (Қордың) мүдделерінің дауларын реттеу жөніндегі тәртіп;
Функциясы тәуекелдерді басқару рәсімдерін орындауды көздейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;
тәуекелдерді басқару рәсімдерін;
ішкі аудит жөніндегі тәртіпті;
ішкі бақылау жөніндегі тәртіпті;
есепке алу саясатын;
ақпараттық қауіпсіздік тәртібін;
инвестициялық саясатты;
инвестициялық қызметті реттейтін ішкі құжаттарды.

3.

Директорлар кеңесі ішкі аудитті өткізу тәртібін бекітеді

Ішкі аудит жөніндегі құжаттар ішкі аудит қызметінің әрбір тексерудің қорытындыларын директорлар кеңесімен Ұйымның (Қордың) басқармасына ұсынудың оңтайлы мерзімдерін көздейді.
Ішкі аудит қызметінің өкілеттілігі бөлімше үшін орындауы міндетті болып табылатын жасалған тексерулер қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеуді көздейді, сонымен қатар оларды жүзеге асыру тәсілдерімен талаптарын тікелей бөлімшелер белгілейді.
Ұйымның (Қордың) бөлімшелері ішкі аудит қорытындысы бойынша қабылданған іс-шараларды және оларды оңтайлы орындау мақсатында жүргізген және жоспарлаған мониторингті жүзеге асырады.
Ішкі аудит қызметі жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты, қаржылық қызметтің жаңа түрлерін енгізу кезінде жинақтаушы зейнетақы қорында қосымша маңызды тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді.
Басқарма әрбір тексеру қорытындысы бойынша ішкі аудит қызметінің есебіне талдау жасайды және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін Директорлар кеңесіне ұсыныстар береді.

4.

Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қызметіне ішкі аудит қызметі, басқару есептілігі, сондай-ақ сыртқы аудиторлардың аудиторлық есебі ұсынған есептер арқылы мониторинг жүргізеді

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) ішкі ережелері мен рәсімдерінің сақтауына бақылауды жүзеге асырады және ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерін, уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге талаптарын орындайды.
Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қаржылық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін тиісінше ақпаратты қажетінше алады, ағымдағы қаржы жылына Ұйымның (Қордың) жоспарлаған қызметінің мән-мақсатына жетуі бойынша Ұйымның (Қордың) қызметіне талдау жасайды және баға береді.
Директорлар кеңесі ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту жөніндегі сыртқы аудиторлардың аудиторлық есебін талдайды.

5.

Директорлар кеңесі жыл сайын Ұйымның (Қордың) басқармасының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

Директорлар кеңесі басқарманың Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржы жылына жоспарланған қызметінің орындалуына талдау жасайды.
Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шараларымен өзге де талаптарының, оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалмау себептерін анықтай отырып бақылау жүргізеді.
Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің функционалды міндеттеріндегі мүдделерге байланысты болуы ықтималдауларға талдау жасайды.
Директорлар кеңесі егер Ұйымның (Қордың) қызметінің нәтижесі ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштерімен сәйкес келмеген жағдайда өз өкілеттігі шегінде Ұйымның (Қордың) басқармасының мүшелеріне шара қолдануы мүмкін.

6.

Директорлар кеңесі қысқа мерзімді кезеңге жасалған жылдық бюджет/қаржылық жоспар жасау тәртібін және ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлауды және басқару есептілігін ұсыну нысандарымен мерзімдерін бекітеді.

Жылдық бюджеттермен стратегиялық жоспарларды құрастыруды басқарма ағымдағы және болашақ бәсекелестік, экономикалық ортаны және нормативтік құқықтық базаны, Ұйым (Қор) капиталының қосымша қажетті мөлшерін ескере отырып, құрастырады.
Басқарма Ұйымның (Қордың) директорларымен акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қызметі туралы қаржылық және басқару есептілігі туралы ұсынады.

7.

Директорлар кеңесі жиі-жиі Ұйымның (Қордың) қаржылық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты алып отырады, есепті кезең ішіндегі Ұйымның (Қордың) қызметіне талдау жасайды және баға береді.

Директорлар кеңесі ай сайын талдау үшін мынадай есептерді алады:
Ұйымның (Қордың) өткен жылдың осы кезеңі мен салыстырғандағы кірістері мен шығыстары туралы жиынтық балансы және есебі, жоспарланған қызмет көрсеткіштері;
инвестициялар туралы есептер:
қаржы құралдарының олардың түрлерін және баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсету бойынша топталуы;
Директорлар кеңесі тоқсан сайын талдау жасау үшін мынадай есептерді алады:
жинақтаушы зейнетақы қорының (гэп-талдау) активтермен міндеттемелерінің көлемін салыстыру туралы есебі;
Ұйымның (Қордың) проценттік тәуекел бойынша позициясын қысқаша талдау;
Ұйымның (Қордың) валюталардың айырбас бағамдарының ауытқуы тәуекеліне душар болуын қысқаша талдау;
Ұйымның (Қордың) меншікті капиталындағы ағымдағы және болжалданып отырған қажеттіліктерін қысқаша талдау.

8.

Басқарма Ұйымның (Қордың) басқармасының ұйымдастыру-функционалдық құрылымының қалыптасу рәсімдерін белгілейді.

Ұйымның (Қордың) ұйымдастыру-функционалдық құрылымының мәселелері бойынша ішкі құжаттар мыналарды реттейді, оның ішінде:
Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің немесе Ұйымның (Қордың) жүргізіп отырған операцияларына байланысты негізгі тәуекелдерді талдауға және тәуелсіз бағаға жауап беретін тәуекелдерді басқарушы тұлғаның өкілеттігі мен міндеттері;
функционалды міндеттері бойынша сәйкес келетін Ұйымның (Қордың) басқару органдарының құрылымы;
Ұйымның (Қордың) әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері және өкілеттігі;
есепті жыл ішінде Ұйымның (Қордың) құрылымдық бөлімше басшыларының қызметіне баға беру тәртібі, оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі мақсатты көрсеткіштерін Ұйымның (Қордың) орындамағаны үшін шара қолдану немесе жауапкершілікке тарту.

9.

Басқарма Ұйымның (Қордың) жүргізген әлеуеттік және ықтимал тәуекелдерді бірегейлендіреді және бағалайды, тәуекелдерді басқарудың реттелген рәсімдерін қолданады.

Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге асыратын бөлімшесі қаржы құралдарының сыртқы және ішкі рыноктарының теріс серпінділігі жағдайында оның зейнетақы активтеріне, кірістілікке және өтімділік ықпалына баға беру әдісін пайдаланады.
Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге асыратын бөлімшесі әлуетті және ықтимал тәуекелді беретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды бірегейлендіреді және оған талдау жасайды, олардың Ұйымның (Қордың) қаржылық көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесіне баға береді.
Директорлар кеңесі бекіткен жиынтық лимиттер бөлігінде басқарма жеке-жеке жүргізіліп отырған операциялар түрлері бойынша тәуекелдің жол берілетін мөлшеріне лимиттер белгілейді, Ұйымның (Қордың) аталған лимиттерді сақтауы үшін бақылаудың тиімді шараларын қабылдайды.

10.

Басқарма Ұйымның (Қордың) ықтимал және әлуетті тәуекелдерін бақылауды жүзеге асырады.

Басқарма жиынтық лимиттердің сақталуын тәуекел түрлері бойынша олардың ай сайынғы есебі негізінде бақылайды.
Басқарма ықтимал және әлуетті тәуекелдерді басқарудағы саясатты Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің сақтауын бақылайды, Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегіндегі тәуекелдер мөлшерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады.

11.

Ұйымда (Қорда) бағалы қағаздар рыногындағы болуы мүмкін тәуекелдерді әртараптандыру (бөлу) саясаты бар.

Басқарма жүргізіп отырған операциялар түрлері бойынша тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капиталдың жеткіліктілігі мен төлем қабілетінің қажетті деңгейін сақтау мақсатындағы тәуекелді ескеріп, қаржы құралдары мен жүргізілген операциялардың құрылымы мен көлемін қалыптастыру саясатын қолданады және оларды Ұйымның (Қордың) жауапты бөлімшелерінің орындауына бақылау жасайды.
Ұйым (Қор) әртараптандыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген әр тараптандыру нормаларын сақтайтын мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-функционалдық және операциялық құрылымы бар.

12.

Ұйымның (Қордың) ұйымдастыру және функционалды құрылымы, Ұйымның (Қордың) қаржылық қызметі бойынша шешімдер қабылдау рәсімдері Ұйымның (Қордың) ішкі саясатымен реттеледі.

Тәуекелдерді басқару саясаты:
Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін реттейтін ережелерді, оның ішінде қаржы құралдарын сатып алу/сату жөніндегі операцияларды жасаудың дұрыстығына қосарлы бақылау жасауды көздейді және соған байланысты тәуекелдерді бақылауды көздейді.
Ішкі аудит қызметі басшы қызметкерлердің Ұйымның (Қордың) қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функциясын топтауды анықтауға, сондай-ақ жүргізілген операциялардың Ұйымның (Қордың) бекітілген корпоративті стратегиясына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес келу мәніне тексеру жүргізеді.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесінің, басқарма мүшелерінің және жауапты қызметкерлердің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін анықтайды.

13.

Ұйымда (Қорда) кезең-кезеңімен директорлар кеңесіне, басқармаға Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржылық қызметі туралы және Ұйымның (Қордың) қабылдаған тәуекелдер мөлшері туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқарудың есеп және есеп беру жүйесі бар

Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржылық жай-күйі туралы ақпараттар форматы және ол қабылдаған тәуекелдер белгілі бір басқарудың есеп беру нысаны түрінде стандартталған, оның ішінде кредиттік, проценттік тәуекелдерді, өтімділікті жоғалту тәуекелін, валюталық, ел (трансферттік) тәуекелдерін, сондай-ақ тәуекелдерге душар болу дәрежесін анықтайды, олардың белгіленген лимиттер шегінде сақталуын бірегейлендіреді және өлшем жасайды.
Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесіне және басқармасына ұсынылатын басқарушылық ақпарат тізбесі Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесімен басқармасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жеке функционалдық міндеттерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті болып табылады.

14.

Ұйымның (Қордың) тәуекелді басқару жөніндегі ішкі саясаты, оның ішінде функциясы тәуекелдерді басқару жөніндегі рәсімдерді орындауды көздейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары белгіленеді.

Ұйымның (Қордың) бөлімшесінің тәуекелді басқару жөніндегі және ішкі аудит қызметінің қызметкерінің функционалдық міндеттері олар жүргізіп отырған операцияларға сәйкес келеді.

15.

Директорлар кеңесі салымшылар (алушылар) активтерімен, жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу, инвестиция саясатымен, хеджирлеу әдістерін пайдалану саясаты мен жұмысты ұйымдастыруды реттейтін ішкі саясатты бекітеді.

Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтері мен жұмыс жөніндегі саясатына мыналар жатады:
салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың, төлемдердің және жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының уақтылы түсуінің есебін алу шынайылығын қамтамасыз ететін рәсімдер;
салымшылардың (алушылардың) зейнетақымен қамсыздандыру шарты бойынша шағымдарын белгіленген мерзімде қарауға кепілдік беретін рәсімдер, жинақталған зейнетақы қаражатын аудару сәтіндегі немесе төлем жасау сәтінде жоғалтуларды уақтылы қалпына келтіру;
зейнетақы активтерін есепке алу сәйкестігі мониторингін қамтамасыз ету және зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сай уақтылы инвестициялау рәсімдері;
қордың комиссиялық сыйақысын есепке алу және төлем жасау дұрыстығын тексеру;
мыналарды енгізетін инвестициялық саясатты:
зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі;
зейнетақы активтерін қатыстыра отырып мәмілелер жасау тәртібі және олардың жасалуына бақылауды жүзеге асыру;
деректердің бүтіндігі мен ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге ішкі бақылау жасау тәртібі;
инвестициялық шешімдер қабылдау рәсімдері, сондай-ақ инвестициялық шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар беру;
зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу саясаты және рәсімдері;
зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістерден алынатын Ұйымның (Қордың) комиссиялық сыйақысының мөлшері, сондай-ақ осы ақпараттың Ұйымның (Қордың) салымшыларына (алушыларына) берілу шарттары.

16.

Ішкі аудит қызметі қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыратын Ұйымның (Қордың) бөлімшелеріне мерзімді түрде, бірақ жылына бір реттен кем емес ішкі аудиторлық тексеру жүргізеді, оның ішінде тәуекелді басқару жүйесін және ішкі бақылауды жақсарту мақсатында.

Ұйымның (Қордың) ішкі аудит бойынша саясаты мыналарды анықтайды:
Ұйымның (Қордың) ұшырауы ықтимал барлық тәуекелдерін;
ішкі аудитті жүргізу ауқымын және жиілігін;
ішкі аудитті жүргізу кезінде пайдаланылатын рейтингтік жүйені;
Ұйымның (Қордың) ішкі аудит жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарын.
Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес функциялары қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді көздейтін Ұйымның (Қордың) барлық бөлімшелеріне тұрақты түрде ішкі тексерулер жүргізеді.
Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес зейнетақы активтерінің есебінен жасалатын операцияларға, зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді жасау дұрыстығына және кастодиан банктермен және қорлармен салыстыруларды жүзеге асырудың, есепке алудың және құжат айналымының дұрыстығына тұрақты ішкі тексерулер жасайды.
Ішкі аудит қызметі зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді есепке алу журналындағы ақпараттың шынайылығына тұрақты түрде тексеру жүргізеді.
Ішкі аудит қызметінің қызметкері Ұйымның (Қордың) біліктілік талаптарына сәйкес келеді, сондай-ақ тексерулер жасалып отырған Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі және қажетті білімі болады.
Ұйымның (Қордың) ішкі саясаты бойынша ішкі аудит қызметі тексеріп отырған бөлімшенің қызметіне байланысты барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық немесе өзгеде конфиденциалды құпия режимдегі құжаттарды қарау құқығы көзделеді.
Ішкі аудит жөніндегі Ұйымның (Қордың) ішкі саясатымен олардың функционалды міндеттерін орындауы Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінен немесе басқа бөлімшелерден тәуелсіздігі және ішкі аудит қызметінің Директорлар кеңесіне есептілігі белгіленеді.
Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) сыртқы аудиторы мен бірлесіп, жылына бір реттен кем емес ретпен Ұйымның (Қордың) ішкі бақылау жүйесіндегі ішкі немесе сыртқы аудитор анықтаған кемшіліктерді талқылау үшін бірлескен кездесулер өткізеді.

17.

Басқарма және қаржы құралдары мен операцияларды жүзеге асыруға жауап беретін Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің басшылары Ұйымның (Қордың) ай сайынғы кірістер (шығыстар) мониторингін Директорлар кеңесі бекіткен лимит шегінде сақтау мақсатында жүргізеді.

Ішкі саясат бойынша ай сайын Ұйымның (Қордың) кірістерін (шығыстарын), оның ішінде серпінділігі, бөлігі бойынша, қызмет түрлері бойынша, Ұйымның (Қордың) аумақтық және функционалды бөлімшелерін қадағалайтын Ұйымның (Қордың) бөлімшесі белгіленген.
Ішкі саясат бойынша Директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегіндегі бөлімшенің қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі Ұйымның (Қордың) бөлімшесінің өкілеттігі көзделген.
Бөлімшелер Ұйымның (Қордың) күтілетін кірісіне қабылданып отырған тәуекелді ескере отырып баға береді.

18.

Басқарма қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға жауапты Ұйымның (Қордың) бөлімшелері бойынша қаржы ресурстарын бөлу мониторингін Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесі белгілеп, жол берген лимитін сақтай отырып, оның ішінде тәуекелге және кірістілікке және Ұйымның (Қордың) тәуекелімен меншікті капиталына қатысты етіп жүргізеді.

Басқарма Ұйымның (Қордың) меншікті капиталының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін барынша төмен деңгейге сай келуін қамтамасыз етеді.
Басқарма Директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегінде Ұйымның (Қордың) қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыратын әр бөлімшесі үшін тәуекел лимитін белгілейді.

19.

Басқарма Ұйымның (Қордың) шарт жасау қатынастарын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын, зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарымен операциялар жүргізу жөніндегі ішкі саясатты сақтауға және жүргізуге бақылау жасайды.

Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша Ұйымның (Қордың) қызметкерлер құрамының Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық стандарттарды, зейнетақымен қамсыздандыру аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу деңгейін анықтайды.
Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты, қаржылық қызметтің жаңа түрлерін енгізу кезінде Ұйымда (Қорда) қосымша маңызды тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді.

20.

Басқарма Директорлар кеңесіне және Ұйымның (Қордың) акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қызметі туралы қаржылық және басқару есебін, инвестициялық шешімдер бойынша есепті береді.

Директорлар кеңесі Басқарманың Директорлар кеңесіне және Ұйымның (Қордың) акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қаржылық көрсеткіштеріне баға беру мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржылық және басқару есебін ұсыну нысанымен мерзімін бекітті.
Директорлар кеңесі тұрақты негізде инвестициялық шешімдерді және оларға ұсынымдарды талдап отырады.
Директорлар кеңесі ішкі бақылауды жетілдіру және тәуекелдерді басқару жөніндегі сыртқы аудиторлардың қорытындыларына талдау жасайды.

21.

Басқарма тұрақты түрде тәуелсіз халықаралық аудиторлық ұйымдардың қорытындылары негізінде Ұйымның (Қордың) есеп және есеп беру жүйесін жақсартуды жүзеге асырады.

Ұйымның (Қордың) есеп және есеп беру саясаты, оның ішінде Ұйымның (Қордың) аудит жүргізу барысында мынадай мәселелерді тексеруді көздейді:
күнделікті балансты өңдеудің дұрыстығы;
Ұйымның (Қордың) есеп саясатының қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келуі;
қаржылық есептердегі негізсіз бухгалтерлік айла-шарғы фактілерінің болуы;
жеке және зейнетақы активтерінің есебінің дұрыстығы;
Ұйымның (Қордың) есеп саясатында белгіленген талаптар бойынша есеп және есеп беруді жасау әдістерінің сәйкестігі;
Ұйымның (Қордың) жылдық есебінде тәуекелдердің құрылымымен мөлшерін толық және дұрыс ашу.

22.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) қызметіне мониторингті жүзеге асырады, тәуекелдерді бағалауды жүргізеді және тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
тәуекелдерді талдауға және бағалауға қажетті ақпаратты жинау процесін ұйымдастырады;
әдістемені әзірлейді және жетілдіреді, тәуекелдерді талдау және бағалау процесін ұйымдастырады;
тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды жоспарлайды;
тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлейді, оның ішінде зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу принциптерін;
тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкерлер құрамына қойылатын біліктілік талаптары тәуекелдерді басқару жөніндегі функционалды міндеттерін жүзеге асыру үшін тиісті біліктілігімен жұмыс тәжірибесінің болуын көздейді.
Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі зейнетақы активтеріне ықпал ету бағасының әдістемесін қаржылық активтердің сыртқы және ішкі рыногында жағымсыз серпінділік орын алу барысында кірістілігі мен өтімділігі жағдайында пайдаланады.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше мыналарға талдау жасайды:
Ұйымның (Қордың) баланстық есептерін, сондай-ақ кірістер мен шығыстарды;
өтімділіктің төмендеуі, қаржы құралдарына бағаның өзгеруі;
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше зейнетақы активтеріне мынадай факторлардың рентабелділігі мен өтімділігінің әсерін болжайды:
елдік тәуекел;
валюталық тәуекел;
қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу тәуекелі;
эмитент рейтингінің өзгеру тәуекелі;
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше стресс-тестингті жүргізеді және оның нәтижелерін рынокта қолайсыз факторлар көбейген кезде шұғыл іс-қимылдар жоспарында пайдаланады.

Зейнетақы активтерін инвестициялық 
басқару жөніндегі қызметті жүзеге 
асыру ережесінің 3-қосымшасы   

        Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 116 Қаулысымен.

         Қаржы құралдарымен операциялар жүргiзуге
                    қойылатын талаптар

N

Талаптың атауы

Талаптардың критерииі

1.

Директорлар кеңесі мәмілелерді басқарудың ішкі саясатын және баға тәуекелін бекітті.

Мәмілелерді басқарудың ішкі саясаты мыналарды реттейді:
Ұйым (Қор) активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымына байланысты өтімділік шығыны тәуекелін айқындауды;
Ұйым (Қор) активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымымен байланысты валюта тәуекелін айқындауды;
туынды қаржы құралдарының операцияларына тән тәуекелдерді айқындауды;
Ұйым (Қор) рыноктық тәуекелін өлшеу кезінде пайдаланылатын модельдерді;
тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесімен басқармаға рынок тәуекелі бойынша Ұйымның (Қордың) позициялары туралы есепті ұсынуының кезеңділігін;
қаржы рыногы жағдайымен байланысты баға тәуекелін айқындауды;
тәуекелдердің басқа түрлерін айқындауды реттейді.

2.

Инвестициялық талдау бөлімшесі өтімділік шығыны тәуекел, валюталық тәуекел мониторингін жүзеге асырады

Инвестициялық талдау бөлімшесі:
активтерді және міндеттемелерді басқару мәселелерін қарастырады;
тәуекелдерді басқару бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды;
өтімділік шығыны тәуекелін, қаржы құралдарымен операциялар жөніндегі валюталық тәуекелдерді бақылайды;
Ұйым (Қор) позициясы бойынша басқарманы және директорлар кеңесін Ұйымның (Қордың) өтімділіктің жоғалу тәуекелі бойынша, валюталық тәуекел бойынша, сатып алу/сату операцияларының түрлері және динамикасының позициялары бойынша хабардар етіп отырады;
сатып алынатын қаржы құралдарының кірістілігінің жарамды деңгейі бойынша ұсынымдар береді.

3.

Директорлар кеңесі фронт- және бэк-офистердің функционалды міндеттерін бөлуге негізделген, нақты айтқанда мәмілені жүзеге асыратын фронт-офиспен аталған операциялардың есебін көрсетумен айналысатын бэк-офис арасындағы қосарлы бақылау саясатын бекітті.

Қосарланған бақылау жүйесі:
фронт- және бэк-офистерді бөлуді; бэк-офистің фронт-офистің операцияларының жай-күйін уақтылы тексеру мүмкіндігін;
қосарланған бақылау жүйесі қатысушылар арасындағы ықтимал келісімдерді шектеу шараларын;
тәуекелдер мониторингі мен кастодиан қызметін жүзеге асыратын фронтпен бэк-офистерде және бөлімшелердегі қызметтік міндеттерді бір ғана тұлғаның қатар орындауына тыйым салуды қарастырады.

4.

Ұйымның (Қордың) автоматтандырылған жүйесі (қаржы құралдарының портфелін басқару, операцияларды қамтамасыз ету, шоттарды өңдеу және есеп айырысуларды жүргізу, тәуекелдерді басқару) бар

Ұйымда (Қорда) мәмілелерді қамтамасыз етудің техникалық жүйесі бар.
Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқаруға қажетті ақпаратты жинау жөніндегі жүйесі бар.
Ұйым (Қор) ақша және қаржы құралдары бойынша есептеулерді жүргізу үшін техникалық жүйесі бар.
Ішкі аудит және сыртқы аудиторлар қызметі Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару бөлімшесіне бухгалтерлік есеп берумен есептілікті жүргізуге жауапты бөлімшелер ұсынған мәліметтердің нақтылығын тексереді.

5.

Ұйым (Қор) нақты уақыт режимінде тәуекелдерді бақылауды қамтамасыз ететін қаржы құралдарымен операциялар жөніндегі тәуекелдерді басқару жүйесі бар

Ұйым (Қор) қаржы құралдарымен операцияларды өңдеуді жүргізеді.
Ұйым (Қор) кірістерді/шығыстарды және баға тәуекеліне ұшырауға бейім активтермен міндеттемелерді қадағалайды және олардың құнына күн сайынғы бағалау жүргізеді.

6.

Ұйым (Қор) жиі-жиі әлуетті рыноктық тәуекелді, сондай-ақ қаржы құралдарына ағымдағы рынок құнының бағасын ескерілген кірістер/шығыстарды бағалайды

Ұйымның (Қордың) қаржы құралының рыноктық құнының болмаған жағдайда қаржылық есеп беру жағдайында, қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес осы қаржы құралының құнсыздануына тест жүргізді.
Ұйым (Қор) әрбір операциялық күн ішінде қаржы құралдарымен жасалатын кірістерді/шығыстарды бағалауды тұрақты жүргізеді.
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) қаржы құралдары бойынша әділ құнын айқындаудың дұрыстығына мониторинг жүзеге асырады.
Ұйымның (Қордың) директорлар кеңесі баға тәуекелін ескере отырып қаржы құралдарының құнын айқындау рәсімдерін бекітті.
Ұйым (Қор) қаржы құралының құнын бағалауды тәуекелді бағалау моделінің және ағымдағы бағаларды рыноктық бағаға келтіру негізінде жүргізеді, сонымен бірге стресс-тестинг (stress-testing) және бэк-тестинг (back-testing) өткізеді.
Ұйым (Қор) тәуекелді бағалау нәтижелерін және қаржы құралдарымен операцияларды жасауға шешім қабылдау барысында тұрақты стресс-тестингтерді пайдаланады.

7.

Директорлар кеңесі қаржы құралдары мен операциялар бойынша жиынтық лимитті белгіледі, басқарма-жекелеген қаржы құралдары бойынша лимиттерді, сондай-ақ "stop-loss" ережесі бойынша халықаралық практикада қабылданған лимиттерді белгіледі

Директорлар кеңесі жиі-жиі жиынтық лимитті айқындайды.
Жұмыс күні ішінде мәмілелерді жүзеге асыратын Ұйымның (Қордың) бөлімшелері Ұйымның (Қордың) басқармасына қаржы құралдары бойынша Ұйымның (Қордың) позицияларын ұсынады.
Директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді айқындау рәсімдерін және "stop-loss" лимиттерін анықтау ережесін белгілейді.

8.

Басқарма әрбір қаржы құралдары бойынша тәуекелдерді басқару рәсімдерін бекітті.

Басқарма шетел валюталарының әрбір түрлерімен барлық валюталар бойынша спот, форвард, своп операцияларының халықаралық практикасында қабылданған позициялар бойынша лимиттерді белгілейді;
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі активтермен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің күн сайынғы кестесін хеджирлеу құралдарын өтеу мерзімдерін басқару үшін пайдаланады.
басқарма қаржы құралдары үшін "stор-loss" лимиттерінің диапазонын белгілейді;
ішкі аудит қызметі "stор-loss" лимиттерін айқындау ережелерін банктің дұрыс қолдануын тексереді.

9.

Директорлар кеңесі баға тәуекелі, оның ішінде қаржы құралдарына рынокпен қаржы рыногы өтімділігінің мөлшерін ескере отырып бөлу бойынша позицияны айқындау жөніндегі шешімдерді қабылдау саясатын бекітті.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша лимиттердің теңбе-теңдігіне, яғни қаржы құралдарының рыногымен қаржы құралдары өтімділігінің ауқымымен динамикасына сәйкес талдау жүргізеді.

10.

Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітті.

Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітті, ол:
инвестициялау мақсатын, инвестициялау операцияларын, сондай-ақ инвестициялаудың жоспарларымен лимиттерін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді;
құпия ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін операцияларға рұқсат бермеу мақсатында кредиттеу функцияларынан инвестициялық операциялар жүргізу функцияларын бөлу рәсімдерін;
қаржы құралдарының түрлері, инвестициялық қызмет мақсаттары бойынша инвестициялық критерийлерді айқындайды.

11.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет нәтижелері басқармаға тоқсанына кемінде бір рет, директорлар кеңесіне жарты жылда кемінде бір рет нәтижелері кезең-кезеңмен ұсынылатын, инвестициялардың көлемін талдайды.

Басқарма Ұйымның (Қордың) инвестициялық операцияларының күнделікті мониторингінің рәсімдерін бекітті;
инвестициялар портфелі бойынша кірістер/шығыстар туралы есеп пен бірге мониторинг нәтижелері Ұйымның (Қордың) басқарма мен директорлар кеңесіне ай сайын ұсынылады;
тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдарының, эмитенттің түрі, айналыс мерзімдері, валюта түрлері және инвестициялау мақсаттары бойынша банктің инвестициялық портфеліне мониторингті жүзеге асырады.

12.

Басқарма инвестициялар портфелін құрылымдау рәсімдерін орта және ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық тиімділіктің тұрақты көрсеткіштерін ұстап тұратындай етіп бекітті.

Құрылымдау рәсімдері:
айына кемінде бір рет рыноктық құны бойынша инвестициялар портфеліне қайта бағалау жүргізуді;
жарты жылда кемінде бір рет әрбір есепті кезең үшін қаражаттарды, кірістерді/шығыстарды тарту құнын ескере отырып, инвестициялардың қаржы нәтижелеріне бағалау жүргізуді қарастырады.

13.

Директорлар кеңесі қаржы құралдарын сатып алу/сатудан болған шамадан тыс шығыстарды ескерту және көрсетілген саясатты банктің сақтауын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі саясатты бекітті.

Ұйым (Қор) олардың рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдары мен жасалған операциялардан болған кірістердің/шығыстардың өзгерістеріне талдау жүргізеді.

14.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау кіретін инвестициялық кеңес/комитет ақша ағыны кестесінің және активтермен міндеттемелерді өтеу мерзімдері кестесінің көмегімен тиісті ақшаларға бақылау жасайды

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын Инвестициялық кеңес/комитет құрамына кем дегенде үш адам кіреді.
Осы кеңес/комитет құрамына тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше қызметкері кіруі тиіс.
Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын Инвестициялық кеңес/комитет:
Өтеу мерзімі бойынша кірістілік деңгейін, VАR үлгісі және басқа пайдаланылатын әдістемені ескере отырып, айқындалады:
тәуекелдер көрсеткіштерінің мониторингін жүргізеді;
ақша ағынының кестесін жасайды және таяудағы гэп-позиция өтімділігінің мониторингін жүргізеді;
валюта бағамдарының өзгеруіне талдау жасау үшін қосымша жүйесі бар;
валюта бағамдарының өзгеруіне сезімталдықты анықтау үшін валюта құралдары құнына бағалау жүргізілетін ашық валюта позициясымен модельдер талданады;
қаржы құралдары мен операциялар бойынша шектен тыс шығыстарды болдырмау жөнінде шұғыл операцияларды, оның ішінде қаржы құралдары рыногында бағаның күрт өзгеруімен байланысты операцияларды айқындайды (stop-loss).

15.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау кіретін бөлімше лимиттерді белгілеу арқылы қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияны бақылайды

Басқарма өтімді активтерді мобилизациялау мүмкіндігін ескере отырып, жоғары өтімді активтер бойынша гэп-позицияға лимиттерді белгілейді.
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі тұрақты түрде Ұйымның (Қордың) өтімді активтерді мобилизациялау мүмкіндігін ескере отырып, қолма-қол ақша жөніндегі гэп-позициялар бойынша лимиттерге шолу жасайды

16.

Ұйым (Қор) өтімділік шығыны тәуекелін сондай-ақ бағалы қағаздарға инвестициялау барысында кредиттік тәуекелді ұстау қажеттілігін ескере отырып,
Күн сайынғы операцияларды жасайды

Ұйым (Қор) тұрақты түрде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеуге қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыруға қабілеттілік мониторингін жүргізеді.

17.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау кіретін бөлімшеде пайыздық тәуекелдерді бағалау үшін деректерді жинау және талдау жүйесі бар

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше:
проценттік тәуекелді, проценттік тәуекелдің негізгі дерек көздеріне (өтеу мерзіміндегі айырмашылықтар, заем капиталы рыногының мөлшерлемелері, құрастырма опциондар) мониторинг жүргізеді.
Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі валюталық бағамды өзгертуін жан-жақты талдау үшін қосымша жүйесі бар.
Директорлар кеңесі валюталық бағамның өзгеру талдамасына сәйкес валюталық позициялар бойынша шешімдерді қабылдау саясатын бекітті.

18.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау кіретін бөлімше және тәуекелдерді басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) капиталы мен кірістерімен салыстырғанда тәуекелдер сандық қатынаста шамадан тыс болған жағдайларда тәуекелдің төмендеуі бойынша шараларды қабылдайды.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
әртүрлі талдама әдістерді пайдалану арқылы тәуекелдерді кешенді басқаруды;
проценттік сезімталдықты бағалауды, тәуекел құнын бағалау жүргізетін гэпті талдауды, модельді талдауды;
проценттік тәуекелді хеджирлеу рәсімдерін, оның ішінде туынды қаржы құралдарымен немесе басқа рыноктық операциялардың көмегімен жүргізеді.
гэп бойынша лимиттерді және тәуекелдер бойынша меншікті капиталдың бірдейлігін ескере отырып, проценттік тәуекелді белгілейді.

19.

Директорлар кеңесі валюта тәуекелінің сандық қатынаста меншікті капитал мен банк кірістерінің мөлшерінен асып түсетін жағдайларында тәуекелдің төмендеуі жөніндегі саясатты бекітті.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жарты жылда кемінде бір рет стресс-тестинг жүргізеді және тәуекелді қабылдау және тәуекелге бақылау кезінде стратегиялық шешімдер қабылдауда олардың нәтижелерін пайдаланады;
Ұйым (Қор) активтерді және міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес туынды құралдармен немесе басқа рыноктық операциялар мен мәмілелердің көмегі арқылы валюта тәуекелін теңбе-тең және уақтылы хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады;
Директорлар кеңесі ашық валюта позициялары бойынша лимиттерді және валюталық нетто-позицияларды белгілейді.

Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесінің 4-қосымшасы 

         Ұйымның (Қордың) операциялық қызметін, ақпараттық
           жүйелерін және басқарма ақпаратының жүйелерін
          функциялауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

N

Талаптың атауы

Талаптың критерииі

1.

Басқарма банк қызметін көрсету және олардың бухгалтерлік есебінің операциялық техникасы бойынша рәсімдерді бекітті.

Ішкі рәсімдер мыналарды реттейді:
Ұйымның (Қордың) операциялық қызметін басқаруды қамтамасыз ететін бөлімше;
бағалы қағаздар рыногында операцияларды жүргізудің техникалық тәртібі;
Ұйымның (Қордың) жүргізетін операцияларының бухгалтерлік есебі;
Ұйымның (Қордың) операцияларына және олардың есепке алынуына қосарлы бақылау;
Ұйымның (Қордың) құжат айналымына бақылау;
Ұйымның (Қордың) кастодиан банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына берілетін ақпаратын бақылау және куәландыру, оның ішінде ұсынылған ақпараттың сәйкессіздігін анықтаған жағдайда іс-әрекетті куәландыру және реттеу рәсімдері;
ақпаратты беру кезінде тұлғалар жауапкершіліктерінің рәсімдері;
Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына жинақталған зейнетақы қаражаты есептеулерінің алгоритміне сәйкестігін тексеру рәсімдері, оның ішінде шартты бірлік құнының есеп айырысулары, шартты бірліктің саны.

2.

Басқарма қаржы құралдарымен жасалған операцияларды есепке алудың дұрыс жүргізілмеуі және шынайы көрсетілмеу мүмкіндігін шектейтін рәсімдерді белгілейді.

Ішкі аудит қызметі жарты жылда кемінде бір рет бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың есепке алу журналында сенімді және уақтылы көрсетілуі, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүргізудің операциялық техникасын олардың сақтауын бағалау мақсатында бөлімшелерге тексеру жүргізеді.

3.

Басқарма Ұйымның (Қордың) операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді бекітті.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) операцияларын кірістермен операцияларды жүзеге асыру және Ұйымның (Қордың) меншікті капиталымен кіріс мөлшеріне тең емес тәуекелді қабылдау кезіндегі заңсыздық жағдайларын анықтау және алдын алу мақсатында тексереді.

4.

Ұйымның (Қордың) деректерді электрондық өңдеу жүйелерін жоспарлау, әзірлеу және функциялау жөніндегі басқару мен ішкі ережелері бар.

Ұйымның (Қордың) деректерді электрондық өңдеу жүйелерін жоспарлауға, әзірлеуге және функциялауға қатысты ережелерімен басшылықтары бар.

5.

Ұйымның (Қордың) басқармасы электрондық өңдеу жүйесінің ішкі аудитінің рәсімдерін бекітті.

Деректерді электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауап беретін Ұйым (Қор) қызметкерінің жұмыс профиліне сәйкес біліктілігі және тәжірибесі болады.
Тексерулерді ішкі аудит қызметі басқарма бекіткен тексеру жоспарларына сәйкес жүргізеді.
Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы басқарма мен директорлар кеңесіне тұрақты хабарлайды.
Ұйымның (Қордың) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына уақтылы аударуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдары бар.

6.

Басқарма компьютерлік және телекоммуникациялық жүйеге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын-алу бойынша саясатты бекітті.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған жүйеге кіру және шығу кезінде рұқсаттың деңгейін тексеретін жүйесі бар.
Басқарма маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпараттық базасына электрондық кілттерді бақылау бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің рәсімдерін бекітті және жауапкершілігін белгіледі.

7.

Басқарма деректер базасының ақпараттық жүйелерді сақтау, оның ішінде төтенше жағдайлар болған кезде қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы іс-шараларды орындау рәсімдерін бекітті.

Рәсімдер: дайындаушы жабдықтардың мынадай техникалық қызмет көрсетулерін қамтамасыз ететін сертификатталған бағдарламалық қамтамасыз етудің;
өрт қауіпсіздігі мен сейсмологиялық орнықтылықтың талаптарына жауап беретін деректердің ақпарат базасының техникалық кешендеріне арналған оқшау үй-жайлардың;
автономды электр қуатының;
резервтегі компьютерлер мен желілік коммуникациялардың міндетті түрде болуын қарастырады;
Ұйым (Қор) деректердің жүйелік-маңызды бағдарламалық файлдар мен файлдардың резервтік көшірмелерін тұрақты қалыптастырады.

8.

Басқарма төтенше жағдайлар болған жағдайда жауапкершілікті және өкілеттілікті табыстау рәсімдерін бекітті.

Төтенше жағдайлар рәсімдері компьютер орталығы үшін жүйе жұмысындағы төтенше іркілістер болған жағдайда ережелермен нұсқаулықтарды көздейді.

9.

Басқарма зейнетақы активтерінің есебінен қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді есепке алу журналын жүргізу ережесін бекітті.

Зейнетақы активтерінің есебінен жасалған қаржы құралдары мен жасалатын мәмілелердің есепке алу журналын жүргізу ережесі мыналар:
мәмілелерді есепке алу журналының саны мен атауы;
журналдарды толтыру тәртібі мен кезеңділігі;
зейнетақы активтерінің қатысуы мен жасалатын мәмілелердің жасауға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тізбесі бар.

10

Басқарма деректердің және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясатын бекітті.

Деректердің және ақпараттың құпиялылығының сақталуын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясаты мыналарды:
құпия санатына жатқызылатын ақпарат тізбесі;
құпия ақпараты бар құжаттарды тіркеу тәртібі, рәсімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау;
құпия ақпаратқа жіберілетін тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібін көздейді.

11

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың қайтадан пайда болуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын әзірлеу жөнінде кезек күттірмейтін шаралардың қолданылатынын ескере отырып, нақты жүйелік проблемаларға есеп жүргізеді.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық проблемалар есебінің парақтарын толтырады және олар бойынша есеп жүргізеді.
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың туу себептерін бақылайды, олар туралы ақпарат жүйесін дайындаушыларға хабарлайды және олардың қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдайды.
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі осындай проблемалардың сипатын үнемі талдайды.

12

Басқарма құпия ақпараттың жария болуын және ақпарат деректерінің бұрмалануын болдырмау жөніндегі рәсімдерді бекітті.

Рәсімдер:
рұқсаты шектеулі ақпарат деректерінің тізбесін;
рұқсат алу тәртібін;
ақпарат деректеріне рұқсат алуды бақылау тәртібін;
ақпарат деректеріне рұқсаты бар тұлғалар тізбесін көздейді.

13

Басқарма құралдарды үнемі инспекциялау және жұмыс туралы есептерді тексеру арқылы іркілістердің алдын-алу жөніндегі ресімдерді бекітті.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі кемінде тоқсанына бір рет деректердің автоматтандырылған базасын функциялауын қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді.
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір рет техникалық кешендердің жай-күйі туралы ақпаратты басқармаға ұсынады.

14.

Басқарма деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөнінде рәсімдерді бекітті.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын пайдаланудың мониторингін жүргізеді және сәйкестендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың түрлері мен көлемдерінің пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін бақылайды.
Ұйымда (Қорда) пайдаланушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйесі бар.

Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесінің 5-қосымшасы  

      Ескерту. 5-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07 N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесінің 6-қосымшасы 

      Ескерту. 6-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07 N 135 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.