"Қалыпқа келтіру поездарының жабдықтарына және оларды күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 6 қазандағы N 468 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2006 жылғы 17 қарашаның Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4459 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына, 17-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Қалыпқа келтіру поездарының жабдықтарына және оларды күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрлігі
      Қатынас жолдары
      комитетінің төрағасы

      2006 жылғы 10 қазан

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2006 жылғы 6 қазандағы 
N 468 бұйрығымен бекітілген

"Қалыпқа келтіру поездарын жабдықтауға және
күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық
ережесі мен нормалары

1. Жалпы ережелер

      1. "Қалыпқа келтіру поездарын жабдықтауға және күтіп-ұстауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) қызметі қалыпқа келтіру поездарын жобалауға,   жаңартуға, пайдалануға байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған және қалыпқа келтіру поездарын жобалауға, жабдықтауға,  пайдалануға, күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды анықтайды.

      2. Ұйымдардың басшылары және жеке тұлғалар осы санитарлық ереже талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

      3. Осы санитарлық ережеде мынадай термин қолданылды: қалыпқа
келтіру поезы - рельстердің жолдан шығуынан және жылжымалы құрамның соқтығысуынан болған зардаптарды жоюға, сондай-ақ апатты жағдайларда көмек көрсетуге арналған поезд (бұдан әрі - ҚКП).

2. Стационарлық өндірістік, санитарлық-тұрмыстық
үй-жайларды жобалауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      4. ҚКП-ның стационарлық өндірістік, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3792 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі  N 334 бұйрығымен (бұдан әрі - N 334 бұйрық) бекітілген "Өндірістік объектілерді жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларының талаптары ескеріле отырып жобалануға тиіс.

      5. Стационарлық өндірістік, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары  мен жанар-жағар материалдарын сақтауға арналған қоймалар ҚКП-ның
жылжымалы құрам тоқтайтын жолдардан 50 метрден (бұдан әрі - м) кем емес қашықтықта орналасуға тиіс.

      6. ҚКП-ның дислокациясы жолдарының арасындағы арақашықтық 300 километрден (бұдан әрі - км) артық болмауға тиіс, ал ерекше жағдайларда толық игерілмеген учаскелердегі арақашықтық 400 км-ден аспайтын болуы тиіс.
      ҚКП-ның тұрағы екі жаққа да шығатын темір жолдарда белгіленеді.

      7. Стационарлық өндірістік, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен жанар-жағар материалдарды сақтауға арналған қоймаларды орналастыру осы санитарлық ереженің талаптарына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

      8. Стационарлық өндірістік, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен жанар-жағар материалдарын сақтауға арналған қоймалардан санитарлық-қорғаныш аймағының мөлшері N 334 бұйрық талаптарын есепке ала отырып белгіленуі тиіс.

      9. Тоқтап тұру жолдарына, стационарлық өндірістік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға автомобиль көлігі үшін ыңғайлы кіреберіс, сондай-ақ автомобиль көлігіне арналған тұрақ болуға тиіс.

      10. Жанар-жағар материалдарын сақтауға арналған қоймалар ашық жел соғатын учаскелердегі елді мекендердің ық жағында орналасуға тиіс.

      11. Стационарлық өндірістік, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар орталықтанған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етілуі және кәріз желісіне қосылуға тиіс.

      12. Жиналған суларды қолданыстағы кәріз желісіне жіберу N 334 бұйрықтың талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс.

3. Стационарлық өндірістік, санитарлық-тұрмыстық
үй-жайларды жабдықтауға, қоймаларға, жылжымалы құрамға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      13. Жұмыс аймағының ауасына зиянды заттарды бөлуі мүмкін ҚКП-ның стационарлық өндірістік үй-жайлары, сондай-ақ қозғалмалы электрстанцияны орналастыру үшін қайта жабдықталған вагон, тракторларға, тартқыштарға және бульдозерлерге арналған вагон-гараж ауа алмасудың жиілігін сақтай отырып сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталуға тиіс.

      14. Өндірістік объектілердегі жылу, желдеткіш және ауаны кондиционерлеу жүйелері N 334 бұйрықтың талаптарына сай болуға тиіс.

      15. Желдеткіш жүйелері жарамсыз болғанда және қосылмағанда өндірісті және цехтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      16. Жұмысшыларды тасымалдауға арналған вагондарға және қызметтік үй-жайларға қалыпты микроклиматты ұстап тұру үшін кондиционерлер орнатылуы тиіс.

      17. Жұмысшылар тұрақты болатын өндірістік үй-жайларда табиғи жарық қарастырылуға тиіс.
      Табиғи және жасанды (жалпы және құрама) жарық N 334 бұйрықтың талаптарына сай болуға тиіс.

      18. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайларда, сондай-ақ жұмысшылар
тұратын вагонда себезгілі купе, киім ілетін, арнайы киімді (бұдан әрі - арнайы киім) кептіруге арналған кептіргіш болуы тиіс.

      19. ҚКП осы санитарлық ережеге 1-қосымшаға сәйкес ҚКП техникалық жарақтандырудың үлгілік тізбесіне сай жылжымалы  құрамнан құрастырылуы тиіс.

      20. ҚКП-ның жылжымалы құрамы алмалы-салмалы немесе жылжымалы
баспалдақпен жабдықталуға тиіс.

4. Қалыпқа келтіру поезында жұмыс істейтін адамдардың
тұруына арналған вагондарды пайдалануға және күтіп-ұстауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      21. ҚКП-да жұмыс істейтін адамдардың тұруына арналған жолаушылар вагондары осы санитарлық ереженің талаптарына сай болуы тиіс.

      22. Табалдырық басқышы тайғақ болмауы және қар, мұзды ұстап қалуы тиіс.

      23. Вагондардың терезелері жақсы көрінуді және табиғи жарықты қамтамасыз етуі, қауіпсіз екі қабатты тегіс мықты әйнекпен әйнектелуі тиіс. Дәретханалардағы терезелер күңгірт шынымен немесе қараңғыланған әйнекпен әйнектелуге тиіс.

      24. Вагонның қызметтік емес шетінің кіші дәлізінде стандартты типті алмалы-салмалы қосымшасы бар қоқыссалғышы болуы тиіс.

      25. Дәретханадағы унитаздың қақпағы және оны көтеруге  арналған тұтқасы бар пластмассалы орындығы болуы тиіс; дәретхана қағазына арналған ұстатқыш, жуу және зарарсыздандыру құралдары бар сыйымдылық ыдыс және мәуесегі болуға тиіс.

      26. Дәретханадағы қолжуғыш ыстық және салқын су араластырғышпен, сұйық сабын дозаторымен, дәретхана керек-жарақтарына арналған ернеулі сөрелермен, айнамен жабдықталуы тиіс.

      27. Қызметтік үй-жайда:
      1) асхана және шәй ыдыс-аяғына арналған шкафтар;
      2) ыстық және салқын су келіп тұратын раковина;
      3) қайнаған суды дайындауға және қайнаған суды салқындатуға арналған бөлек қондырғылар болуға тиіс.

      28. ҚКП-да: 60 адамның үш күндік қоры есебінен ет және балық консервілерінен, майлардан, жармадан, макарон өнімдерінен, қанттан және басқа да өнімдерден тұратын тамақ өнімдерінің үнемі азаймайтын қоры болуы тиіс.
      Тамақ өнімдерін сақтау үшін осы санитарлық ережеге 2-қосымшаға сәйкес ас үйлік-асханалық мүккәмалмен жарақтандырудың үлгілік тізбесіне сай салқындатқыш жабдық және ас үйлік-асханалық мүккәмал болуы тиіс.

      29. Жұмыс істейтін жеке қызметшілер құрамы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2999 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 506 бұйрығымен бекітілген "Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету және мәдени-тұрмыстық суды пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар" санитарлық ереженің талаптарына сай ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.

      30. Вагонның сумен қамтамасыз ету жүйесін дезинфекциялау деполық және күрделі жөндеулерден кейін вагондарды мерзімдік техникалық қарау кезінде жүргізілуге тиіс.

      31. Жолаушылар вагондарындағы жылу жүйесі үй-жайлардың бірқалыпты жылытылуын қамтамасыз етуге тиіс.

      32. Үлкен дәліздердің еден деңгейіндегі жарығы 50 люксті (бұдан әрі - лк), кіші дәліздерде - 30 лк, дәретханада - 50 лк, тамбурларда және өту алаңшаларында - 30 лк құрауға тиіс.

      33. Барлық вагондарда еден деңгейіне 1 люкстен кем емес жарық түсіру арқылы апаттық жарық қарастырылуы тиіс.

      34. Шудың деңгейі купеде 60 децибелден (бұдан әрі - дБА), тамбурда - 68 дБа, вагонаралық өту жолдарында - 80 дБа аспауға тиіс.

      35. ҚКП-ның вагондарын дайындау мен жабдықтаудың технологиялық
процесіне мыналар:
      1) вагондардың сыртын жинау;
      2) вагондарды дезинфекциялық өңдеу;
      3) вагондардың ішкі үй-жайларын жинау;
      4) ауыз сумен және отынмен толтыру;
      5) төсек керек-жарақтарымен және төсек жаймаларымен қамтамасыз ету енуі тиіс.

      36. Вагондарды дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген құралдармен орындалуы тиіс.

      37. Матрацтар, жастықтар мен қысқы көрпелер ластануына байланысты және жылына екі реттен кем емес шаңнан тазартылуға және камералық өңделуге тиіс. Жазғы көрпелер ластануына байланысты, бірақ жылына екі реттен кем емес жуылуы немесе химиялық тазартылуы тиіс. Матрацтар мен жастықтардың тысы жылына екі реттен кем емес және ластануына байланысты жуылуы қажет. Стол үсті майлықтарын, күннен қорғайтын перделер мен шымылдықтарды ауыстыру ластануына байланысты жүргізілуі тиіс.

      38. Ішкі үй-жайларды және вагонның санитарлық-техникалық жабдықтарын жинау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарымен арнайы киіммен жүргізілуі тиіс.

      39. Жолсеріктің арнайы киімі тиісті таңбасы бар халаттың, резеңкелі қолғаптың екі жинағынан (салонды және дәретхананы жинауға арналған бөлек) тұруға тиіс.

      40. Тазалау мүккәмалдарының құрамында үш шелек, швабра, сыпырғыш, қалақша, шүберек, мәуесектер болуға тиіс. Шелектер мен шүберектер "дәретханаға арналған",»"еденге арналған",»"сөреге арналған" деп таңбалануы тиіс. Тазалау мүккәмалдары вагон тамбурының от жанбайтын жағында жәшікте сақталуы тиіс. Жинау мүккәмалдарын басқа мақсатқа қолдануға рұқсат етілмейді.

      41. Вагонның үй-жайларын ылғалды тазалау дезинфекциялық өңдеуден кейін жүргізілуі тиіс.

      42. Бірнеше рет қолданылатын ыдыстар және асханалық аспаптар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жуу ваннасында ыстық сумен жуылуы тиіс.

      43. ҚКП-ның дислокация пунктінде және жол қатынасында темір жолдың беткі құрылысын қоқыспен ластауға рұқсат етілмейді. Вагондардың қоқыстары қоқыссалғышқа шығарылуға тиіс.

      44. Тоқтайтын жерлерде дәретхананы пайдалануға рұқсат етілмейді.

      45. Берілетін төсек жаймасының саны жөндеу қалыпқа келтіру жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың санына байланысты бір адамға
екі жинақ есебінен белгіленуі тиіс. Төсек жаймасы жинағына   мыналар енуге тиіс: жайма, көрпетыс, жабық түрдегі жастықтыс және сүлгі.

      46. Төсек керек-жарақтар жинағына мыналар енуі тиіс: матрац және тысы бар жастық, көрпе (қысқы немесе жазғы).

      47. Вагондарда қысқы және жылдың ауыспалы мезгілінде сыртқы ауа температурасы плюс 10 0 С және одан төмен болған кезде от жағылады, вагондардағы ауа температурасы плюс 22 о С ( + 2 о С) деңгейін ұстап тұруы тиіс. Жазғы мезгілде вагондардағы ауа температурасы плюс 24 0 С ( + 2 0 С) болуы тиіс.

      48. Вагондар:
      1) алмалы-салмалы мүккәмалдармен және жабдықтармен;
      2) медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасымен,
санитарлық зембілдермен қамтамасыз етілуге тиіс.

      49. Дәрі-дәрмектер уақытылы толықтырылуы, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерге уақытты тексеру жүргізілуі тиіс.

      50. Жолаушылар вагонының жолсерігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 2556 болып тіркелген "Халықтың декреттелген тобының міндетті медициналық қараудан өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 766 бұйрығына сәйкес медициналық қараудан өтуі, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2531 болып тіркелген "Халықтың декреттелген тобына  гигиеналық оқытуды ұйымдастыру және жүргізу ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 688 бұйрығына сәйкес гигиеналық оқытылуы тиіс.

      51. ҚКП-ның жұмысшылары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2780 болып тіркелген "Олардың кезінде алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі мен зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерге міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 243 бұйрығына сәйкес алдын ала, жұмысқа қабылданар алдында және ағымдағы медициналық қараудан өтуі тиіс.

"Қалыпқа келтіру поездарын жабдықтауға
және күтіп-ұстауға қойылатын    
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық     
ережесі мен нормаларына       
1-қосымша             

Қалыпқа келтіру поезын жабдықтаудың үлгілік тізбесі

N№

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе

1

Траптарды көтеріп түсіретін жылжымалы электрлі және қолмен тартылатын шығыры бар траптармен жабдықталған тракторларға, тартқыштарға және бульдозерлерге арналған вагон-гараж

дана

1-2


2

Тартқыштар мен тракторларды тасымалдауға арналған траппен жабдықталған платформа

дана

2


3

Жылжымалы электростанцияның тасымалдайтын гидравликалық жабдықтарын орналастыру үшін қайта жабдықталған жүк немесе тұтастай металдан жасалған жолаушылар вагоны (бұдан әрі - ТМВ)

дана

1


4

Қызмет ететін крандарды, бригадаларды тасымалдауға арналған ТМВ-ның жолаушылар вагоны

дана

1


5

Санитарлық купесі немесе санитарлық-штаб вагоны бар асхана түрінде қайта жабдықталған ТМВ-ның жолаушылар вагоны

дана

1


6

Мүккәмалды және арнайы қорғаныш киімдерді сақтауға, такелажды жабдықтауға арналған жүк вагоны

дана

1-2


7

Жебелі платформалар

дана

1-2


8

Қосымша жұмыс күшін тасымалдауға арналған ТМВ-ның жолаушылар вагоны

дана

1


9

Вагон арбаларының қорын орналастыруға арналған, сондай-ақ қосалқы жолда алынып, вагондарды тасымалдауға арналған платформа

дана

1


  "Қалыпқа келтіру поездарын жабдықтауға
және күтіп-ұстауға қойылатын     
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық    
ережесі мен нормаларға       
2-қосымша              

Ас үй-асхана мүккәмалдармен жарақтандырудың үлгілік тізбесі

№N

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе

1

Шәйнек

дана

4


2

Бокал немесе стақан

дана

60


3

Әртүрлі кострюльдер

дана

6


4

Таба

дана

5


5

Шұңғыл тәрелке

дана

60


6

Ас қасық

дана

60


7

Ас ішетін айыр

дана

60


8

Шәй қасық

дана

60


9

Шөміш

дана

4


10

Ас пышағы

дана

6


11

Кіреукелі шұңғыл ыдыс

дана

60


12

Ыдыс-аяққа арналған шкаф

дана

2


13

Тұрмыстық тоңазытқыш

дана

3


14

Электрлі титан

дана

1


15

Ас үй бөшкесі

дана

2


16

20 л көлемдегі термос

дана

2


17

Ауыз суға арналған ыдыстар

дана

2


18

Қолжуғыш

дана

2


19

Электрлі немесе газ плитасы

дана

2-3


20

Ас үй үстелі

дана

3


21

Асхана үстелі

дана

10


22

Орындық

дана

20


23

Кіреукелі кружка

дана

20


24

Консерві пышағы

дана

2