Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 9 қазандағы N 103 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4450 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 241  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2467 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3307 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 241 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 22 қарашадағы  N 160 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен қоса, 2005 жылғы 12 қаңтардағы N 6 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
      жоғарғы оң жақ бұрышында "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" деген сөздер алынып тасталсын;

      1-тармақта "Сақтандыру қызметі туралы" деген сөздерден кейін ", "Өзара сақтандыру туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақ алынып тасталсын;

      14-тармақта:
      "Қаржылық есепке сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды" деген сөздер "Сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің бірінші басшысы және бас бухгалтері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және мөрмен куәландырылады" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтан бастап 19-тармаққа дейін мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Қаржылық есепке сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер қол қояды, мөрмен бекітіледі және қағазға басып шығарылып сақтандыру ұйымында және сақтандыру брокерінде сақталады. Қағазға басып шығарылған қаржылық есепте түзетілген және өшірілген жері болмауы тиіс. Уәкілетті мемлекеттік органның талап етуі бойынша сақтандыру ұйымы және сақтандыру брокері сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағазға басып шығарылған қаржылық есептің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      16. Сақтандыру ұйымдары және сақтандыру брокерлері уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдары бар, ақпаратты кепілдік берілген жеткізудің тасымалдау жүйесін қолдана отырып электрондық тасымалдаушымен ұсынады.

      17. Электрондық тасымалдаушыдағы қаржылық есеп қағазға басып шығарылған қаржылық есеппен сәйкес келуі тиіс.

      18. Электрондық тасымалдаушымен ұсынылған деректердің қағазға басып шығарылған деректерге сәйкестігін сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің бірінші басшылары немесе олардың орнындағы тұлғалар қамтамасыз етеді.

      19. Сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері ұсынған қаржылық есептен толық емес немесе шынайы емес ақпарат анықталған кезде, уәкілетті орган бұл туралы сақтандыру ұйымына немесе сақтандыру брокеріне хабарлайды. Сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған электрондық тасымалдаушыдағы қаржылық есепті ұсынады.";

      20 және 23-тармақтар алынып тасталсын;

      24-тармақтағы "қағаз тасымалдаушысындағы қаржылық есептің электрондық тасымалдаушыдағы есепке" деген сөздер "электрондық тасымалдаушыдағы қаржылық есептіліктің қағазға басып шығарылған қаржылық есептілікке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Нұсқаулықтың 1-қосымшасында:
      он жетінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жол толықтырылсын:
      "Инвестициялық мүлік, 16-1";

      рет нөмірі елуінші жолдың 1-бағаны "Жарғы капиталы" деген сөздерден кейін "(құрылтайшылардың жарналары)" деген сөздермен толықтырылсын;

      рет нөмірі елу бірінші жолдың 1-бағаны "Алынып қойылған капитал" деген сөздерден кейін "(құрылтайшылардың жарналары)" деген сөздермен толықтырылсын;

      Нұсқаулықтың 2-қосымшасында:
      он бірінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Сақтандыру қызметінен басқа да кірістер, 8-1";

      Нұсқаулықтың 3-қосымшасында:
      қырық алтыншы жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Құрылтайшылар жарналарының ұлғаюы (азаюы), 36-1";

      Нұсқаулықтың 4-қосымшасында:
      2-баған "Жарғы капиталы" деген сөздерден кейін "(құрылтайшылардың жарналары)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-баған "Алынып қойылған капитал" деген сөздерден кейін "(құрылтайшылардың жарналары)" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші жолдың 1-бағаны "меншік акциялар" деген сөздерден кейін "(жарналар)" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2639 тіркелген, 2004 жылғы 14 қаңтардағы N 8 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3290 тіркелген, 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 3 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 22 қарашадағы  N 161 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3746 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы  N 68 қаулыларымен бекітілген толықтыруларымен және өзгерістерімен қоса) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      кіріспеде "Заңының 74-бабына," деген сөздерден кейін тиісінше "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-қосымшада:
      он жетінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Инвестициялық мүлік, 16-1";

      елу бірінші жолдың 1-бағаны "(құрылтайшылардың жарналары)" деген сөздермен толықтырылсын;

      елу үшінші жолдың 1-бағаны "(құрылтайшылардың жарналары)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-қосымшада:
      оныншы жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Сақтандыру қызметінен басқа да кірістер, 8-1";

      3-қосымшада:
      қырық алтыншы жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Құрылтайшылар жарналарының ұлғаюы (азаюы), 36-1";

      4-қосымшада:
      2-баған "Жарғы капиталы" деген сөздерден кейін "(құрылтайшылардың жарналары)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-баған "Алынып қойылған капитал" деген сөздерден кейін "(құрылтайшылардың жарналары)" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші жолдың "1-бағаны»меншікті акциялар" деген сөздерден кейін "(жарналар)" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2492 тіркелген, "Жалпы сақтандыру" саласындағы операциялар бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебі" 32 бухгалтерлік есептің стандартын бекіту туралы" 2003 жылғы 4 тамыздағы N 283 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, екінші деңгейдегі банктерге және арнайы қаржы компанияларына жіберсін.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Бухгалтерлік есеп департаментінен осы қаулыны жариялауға алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

            "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттігінің
             Төрағасы

      2006 жылғы 17 қазан