Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4446 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 240 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 240 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-1-бабына , 41-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұсынылып отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Агенттік Басқармасының "Жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорларынан аудару ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 24-мамырдағы N 146 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2928 тіркелген, 2005 жылы 4-қарашада "Юридическая газета" газетінде N 204-205 (938-939), "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған, 2004 жыл, N 25-28, 951-құжат);
      2) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорларынан аудару ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 24 мамырдағы N 146 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 25-желтоқсандағы N 440 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4050 тіркелген, 2006 жылы 10-ақпанда "Юридическая газета" газетінде N 23-24 (1003-1004) жарияланған).

      3. Осы қаулы қолданысқа 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап енеді.

      4. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Үсенбаева Л.Е.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, кастодиан банктерге, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарына мәлімет үшін жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының          
2006 жылғы 23 қыркүйектегі  
N 217 қаулысымен бекітілген 

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған
зейнетақы қаражаттарын аударым жасау
Ережесі

      Осы Ереже " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ", " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екінші зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару тәртібін анықтайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау - жөнелтуші қордың, кастодиан банктің, Орталықтың (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау кезінде) салымшының (алушының) қабылдаушы қордағы жеке зейнетақы шотына не сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау жөніндегі өтініш негізінде аударым жасалып отырған жинақталған зейнетақы қаражатын есептеу үшін қажетті жинақталған іс-қимыл;
      2) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініш - зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шартты бұзу туралы және жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару немесе сақтандыру ұйымымен зейнетақылық аннуитет шартының жасалуы туралы өтініш;
      3) жөнелтуші қор - салымшы (алушы) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударып жатқан жинақтаушы зейнетақы қоры;
      4) қабылдаушы қор - салымшы (алушы) жинақталған зейнетақы қаражатын осы жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шарты негізінде аударып жатқан жинақтаушы зейнетақы қоры;
      5) Орталық Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілеттік берген Заңға сәйкес салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударым жасау жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлға;
      6) сақтандыру ұйымы - салымшымен (алушымен) зейнетақылық аннуитет шартын жасаған, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымы.

2-тарау. Жинақталған зейнетақы
қаражатын аударым жасау тәртібі

      2. Салымшы (алушы) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау үшін жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ереженің 1 немесе 2 қосымшасына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау жөніндегі өтініш;
      2) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және куәлік түпнұсқасын қарау үшін;
      3) салымшының (алушының) фамилиясы, аты-жөні (бар болса) өзгерген жағдайда - осы өзгерістерді растайтын құжаттың көшірмесін (неке туралы, некенің бұзылғаны туралы куәліктер және өзге де құжаттар) және қарау үшін олардың түпнұсқаларын;
      4) ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - қабылдаушы қормен жасалған ерікті, ерікті кәсіби жарналар туралы шарттың көшірмесін;
      5) сақтандыру ұйымына міндетті, ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.05.26. N 82 Қаулыларымен.

      3. Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау үшін жөнелтуші қорға өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, салымшы (алушы) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды жүзеге асыру үшін жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасайтын жинақтаушы зейнетақы қорының сенімхатында жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішін, қабылдаушы қордың атауын көрсетіп, нотариатта куәландырылған сенімхатты жеке немесе заңды тұлғаға береді.
      Сенім білдірілген адам жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ереженің 3 немесе 4 қосымшасына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішті;
      2) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішке байланысты нотариатта куәландырылған сенімхатты және қарау үшін оның түпнұсқасын;
      3) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      4) салымшының (алушының) фамилиясы, аты-жөні (бар болса) өзгерген жағдайда - осы өзгерістерді растайтын құжаттың нотариатта куәландырылған көшірмесін (неке туралы, некенің бұзылғаны туралы куәліктер және өзге де құжаттар) және қарау үшін куәлік түпнұсқасын;
      5) ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - қабылдаушы қормен ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін;
      5-1) сақтандыру ұйымына міндетті, ерікті, ерікті кәсіби жарналар есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын аударған жағдайда - сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын;
      6) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және қарау үшін куәлік түпнұсқасын.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.05.26. N 82 Қаулыларымен.

      4. Жөнелтуші қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініште толтырылуға тиіс мәліметтердің дұрыс көрсетілуін тексереді және салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген адамға берілген құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдаған күнін көрсетіп анықтаманы және өзге құжатты береді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.05.26. N 82 Қаулысымен.

      5. Жөнелтуші қор салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген адамға жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішін орындай алмайтындығының себебін көрсетіп, жазбаша нысанда дәлелі көрсетілген жауапты оның жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, мына жағдайларда береді:
      1) осы Ереженің 2 немесе 3 тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес пакетін беру;
      2) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініште көрсетілген салымшының (алушының) ӘБК жөнелтуші қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер базасындағы ӘБК сәйкес келмесе;
      3) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражаты болмаса;
      4) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішті берген сәтте салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе;
      4-1) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтінішке байланысты берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе не оны берген күн көрсетілмесе;
      5) Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама талаптарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасалмай қабылдаған міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасаған жағдайдан басқа жағдайда осы салымшымен (алушымен) жөнелтуші қормен жасаған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауы.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығы және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігі Басқармасының 2007 жылғы 30 нурыздағы N 78 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді), 2008.05.26. N 82 Қаулыларымен.

      6. Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын жөнелтуші қордан Орталыққа, тікелей қабылдаушы қорға және сақтандыру ұйымына аударым жасауға байланысты шығыстар жөнелтуші қордың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын жөнелтуші қордан Орталыққа аударуға байланысты шығыстары Орталықтың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      7. Жөнелтуші қор жинақталған зейнетақы қаражаты басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аударылатын жеке тұлғалардың тізімі қосымша берілген МТ102 форматындағы хабарлама нысанындағы (бұдан әрі - МТ102 төлем тапсырмасы) электронды төлем тапсырмасын былай қалыптастырады:
      1) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын 014 төлем тағайындау кодымен - жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін;
      2) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын 024 төлем тағайындау кодымен - жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін;
      3) ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын 025 төлем тағайындау кодымен - жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін;
      4) жинақталған зейнетақы қаражатын 831 төлем тағайындау кодымен - сақтандыру ұйымына аудару үшін.
      Жеке тұлғалар тізімінде мынадай мәліметтер болуы тиіс: фамилиясы, аты-жөні (бар болса), туған күні, салымшының (алушының) әлеуметтік жеке коды немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар болса, аударма сомасы. Егер фамилиясы, аты-жөні өзгерген болса, онда сондай-ақ жеке тұлғаға әлеуметтік жеке кодты беру үшін тіркеу карточкасында толтырылған бұрынғы фамилиясы, аты-жөні де көрсетіледі.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      8. Жөнелтуші қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау үшін МТ102 төлем тапсырмасын өз кастодиан банкіне олар осы Ереженің 2 немесе 3 тармақтарында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде береді.
      Жөнелтуші қордың кастодиан банкі салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын - Орталыққа одан әрі қабылдаушы қорға аудару үшін аударым жасайды.

      9. Орталық салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын тізім түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізімге сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған қолданыстағы шарт болмаған жағдайда Орталық үш жұмыс күні ішінде жинақталған зейнетақы қаражатын жөнелтуші қорға қайтарады.
      Салымшы (алушы) қабылдаушы қормен міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шартын бұзған жағдайда Орталық жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды жүзеге асырғаннан кейін қабылдаушы қор түскен жинақталған зейнетақы қаражатын ол түскен күннен кейінгі күннен кешіктірмей қайтарады.
      Орталық міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын қабылдаушы қордан қайтару кезінде ол түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жинақталған зейнетақы қаражатын былай аударуды жүзеге асырады:
      бірыңғай тізімге сәйкес - жинақтаушы зейнетақы қорына;
      жөнелтуші қорға - міндетті зейнетақы жарналары есебі туралы салымшымен (алушымен) жасалған зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарт туралы мәліметтер бірыңғай тізімде болмаған жағдайда.

      10. Жөнелтуші қор жинақталған зейнетақы қаражаты қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның оның жинақталған зейнетақы қаражатының қайтарылуына байланысты зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарттың күші тоқтатылмағанын хабарлайды.

      11. Салымшының (алушының) жөнелтуші қормен жасаған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының қолданылуы мына жағдайларда тоқтатылады:
      қабылдаушы қорға аударым жасау кезінде - аударым жасалған жинақталған зейнетақы қаражатын қайтару қажет болмаған және осы Ереженің 2 немесе 3 тармақтарында көзделген құжаттарды алған күннен бастап отыз жұмыс күні аяқталуы талабы бойынша;
      сақтандыру ұйымына аударым жасау кезінде - жинақталған зейнетақы қаражатына аударым жасалған соң он екі күнтізбелік ай ішінде жеке зейнетақы шотында ақшаның болмауы шарты бойынша.

      12. Жөнелтуші қор Орталықтың, қабылдаушы қордың немесе сақтандыру ұйымының шоттарына жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасағандығын растап, салымшы (алушы) жинақталған зейнетақы қаражатының аударылған сомасының үзінді көшірмесін сұрату жасатқан жағдайда оған мыналарды көрсетеді:
      1) үзінді көшірмені берген күнді және аударылған жинақталған зейнетақы қаражатының түрлерін (міндетті, ерікті немесе ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан);
      2) зейнетақы жарналары сомасы мен есептелген инвестициялық кірісті көрсеткендегі ағымдағы күнтізбелік жылдың басындағы жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының қалдығы;
      3) нақты түскен күнін көрсеткендегі ағымдағы күнтізбелік жылғы келіп түскен зейнетақы жарналарының сомасы;
      4) әр айдағы нақты есептеу күнін көрсеткендегі ағымдағы күнтізбелік жылғы инвестициялық кіріс сомасы;
      5) жеке зейнетақы шотына нақты түсу күнін көрсете отырып, өткен жылы басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан келіп түскен жинақталған зейнетақы қаражатының аударымдарының сомасы;
      6) қордың ағымдағы жылғы өндіртіп алған комиссиялық сыйақы сомасы;
      7) Заңға сәйкес жөнелтуші қордың ағымдағы жылғы және осының алдындағы жылғы жинақталған зейнетақы қаражатының қалпына келтірген сомасы;
      8) нақты төлемдер мен ұсталған табыс салығының сомасы көрсетілген ағымдағы жылғы жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерінің сомасы;
      9) келіп түскен зейнетақы жарналары және инвестициялық кіріс көрсетілген, аударым жасалған жинақталған зейнетақы қаражатының нақты сомасы;
      10) келіп түскен зейнетақы жарналары және инвестициялық кіріс көрсетілген, жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының қалдық сомасы.

      13. Қабылдаушы қор не сақтандыру ұйымы жинақталған зейнетақы қаражатының түскендігі туралы жазбаша немесе тараптардың шартпен келісуі арқылы белгіленген өзге тәсілмен салымшының (алушының) оның жеке зейнетақы шотына немесе сақтандыру ұйымының шотына аударылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      14. Осы Ереже реттемейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешуге жатқызылады.

                                            Жинақтаушы зейнетақы
                                          қорларындағы жинақталған
                                           зейнетақы қаражаттарын
                                             аударым жасау туралы
                                             Ережеге 1-қосымша

      Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      Кімге:_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
         (жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)

    Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы
    қаражаттарын аударым жасау туралы салымшының (алушының )
                            Өтініші

Мен, салымшы (алушы):
Фамилиясы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Аты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Әкесінің аты (бар болса)_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Туған күні: _ _ _ _ _ _ _ _
  (күні, айы, жылы санмен)
Құжат түрі: (тиісті ұяда көрсетіңіз)
_ Жеке куәлік  _ Төлқұжат
_ Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі
 
Нөмір_ _ _ _ _ _ _     Берілді _ _ _ _ _ _ _ _
                         (күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                           (кім берді)

Мыналар есебінен (керектісінің астын сызу) қалыптасқан менің
жинақталған зейнетақы қаражатымды аударым жасауды сұраймын:
міндетті зейнетақы жарналарын соңынан қабылдаушы қорға аударым
жасау үшін - Орталыққа;
Ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын -
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
     (қабылдаушы қордың толық немесе қысқартылған атауы)

Мен осы өтінішке қол қойылған сәттен бастап:
1) уәкілетті орган бекіткен қолданыстағы Жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау
туралы Ережесімен таныстым;
2) Менің _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
           (жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)

жасалған 2006 жылғы ________ "__" »N____ зейнетақымен қамсыздандыру
жөніндегі шартымның жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау
сәтіндегі қолданылуы менің өтінішімді жөнелтуші қор алған күннен
бастап отыз жұмыс күні аяқталған соң аударым жасалған жинақталған
зейнетақы қаражаты қайтарылмаған жағдайда тоқтатылатындығы және
осыған байланысты менің жеке зейнетақы шотым жабылатындығы туралы
хабардармын.

Салымшының (алушының) қолы: _______________________________________

Өтініш жасалған күн: _ _ _ _ _ _ _ _
             (күні, айы, жылы санмен)

Өтінішті жөнелтуші қор қабылдады _ _ _ _ _ _ _ _
                         (күні, айы, жылы санмен)

Өтінішті қабылдаған адамның фамилиясы, аты-жөні және қызметі:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Жөнелтуші қорда тіркелді: _ _ _ _ _ _ _ _
                 (күні, айы, жылы санмен)
Кіріс нөмірі _ _ _ _ _ _ _ _

Ескерту:
1. Өтініш баспа әріптермен таратылып жазылады.
2. Барлық бос жолдар толтырылуы міндетті.

                                             Жинақтаушы зейнетақы
                                           қорларындағы жинақталған
                                            зейнетақы қаражаттарын
                                             аударым жасау туралы
                                              Ережеге 2-қосымша

      Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

Кімге:_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
           (жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)

          Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған
        зейнетақы қаражаттарын сақтандыру ұйымына аударым
               жасау туралы салымшының (алушының)
                             Өтініші

Мен, салымшы (алушы):
Фамилиясы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Аты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Әкесінің аты (бар болса)_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Туған күні: _ _ _ _ _ _ _ _
    (күні, айы, жылы санмен)
Құжат түрі: (тиісті ұяда көрсетіңіз)
_ Жеке куәлік _ Төлқұжат
_ Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі
Нөмір _ _ _ _ _ _ _ _     Берілді _ _ _ _ _ _ _ _
                          (күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                             (кім берді)

Міндетті зейнетақы жарналары (ерікті, ерікті кәсіби) есебінен
(керектісінің астын сызу) қалыптасқан менің жинақталған зейнетақы
қаражатымды аударым жасауды сұраймын:
Міндетті зейнетақы жарналарын соңынан қабылдаушы қорға аударым
жасау үшін - Орталыққа;
Ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын -
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
      (сақтандыру ұйымының толық немесе қысқартылған атауы)

Мен осы өтінішке қол қойылған сәттен бастап:
1) уәкілетті орган бекіткен қолданыстағы Жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау
туралы Ережесімен таныстым;
2) Менің_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                       (жөнелтуші қордың толық атауы)

жасалған 2006 жылғы _______"__" N____ зейнетақымен қамсыздандыру
жөніндегі жөнелтуші қормен жасалған шартымның жинақталған зейнетақы
қаражатын аударым жасау сәтіндегі қолданылуы менің өтінішімді
сақтандыру ұйымы алған күннен бастап отыз жұмыс күні аяқталған соң
аударым жасалған жинақталған зейнетақы қаражаты қайтарылмаған
жағдайда тоқтатылатындығы және осыған байланысты менің жеке
зейнетақы шотым жабылатындығы туралы хабардармын.

Салымшының (алушының) қолы:________________________________________

Өтініш жасалған күн: _ _ _ _ _ _ _ _
             (күні, айы, жылы санмен)

Өтінішті жөнелтуші қор қабылдады _ _ _ _ _ _ _ _
                         (күні, айы, жылы санмен)

Өтінішті қабылдаған адамның фамилиясы, инициалы және қызметі:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Жөнелтуші қорда тіркелді: _ _ _ _ _ _ _ _
                 (күні, айы, жылы санмен)
Кіріс нөмірі _ _ _ _ _ _ _ _

Ескерту:
1. Өтініш баспа әріптермен таратылып жазылады.
2. Барлық бос жолдар толтырылуы міндетті.

                                             Жинақтаушы зейнетақы
                                           қорларындағы жинақталған
                                            зейнетақы қаражаттарын
                                             аударым жасау туралы
                                              Ережеге 3-қосымша

      Ескерту: 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

Кімге: _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
           (жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)

    Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын
      бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екінші жинақтаушы
   зейнетақы қорына аударым жасауға сенім білдірген адамның
                            Өтініші

Мен, сенім білдіруші:
Фамилиясы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Аты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Әкесінің аты (бар болса)_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Туған күні: _ _ _ _ _ _ _ _
    (күні, айы, жылы санмен)

Құжат түрі: (тиісті ұяда көрсетіңіз)
_ Жеке куәлік _ Төлқұжат
_ Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі
Нөмір _ _ _ _ _ _ _ _     Берілді _ _ _ _ _ _ _ _
                          (күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                        (кім берді)

Сенімхат негізінде іс-қимыл жасай отырып: _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
бастап тізілім N _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
             (күні, айы, жылы санмен)

Салымшының (алушының) мүддесі үшін
Фамилиясы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Аты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Әкесінің аты (бар болса)_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Туған күні: _ _ _ _ _ _ _ _
   (күні, айы, жылы санмен)

Құжат түрі: (тиісті ұяда көрсетіңіз)
_ Жеке куәлік _ Төлқұжат
_ Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі
Нөмір _ _ _ _ _ _ _      Берілді _ _ _ _ _ _ _ _
                         (күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                          (кім берді)

Мыналар есебінен (керектісінің астын сызу) қалыптасқан менің
жинақталған зейнетақы қаражатымды аударым жасауды сұраймын:
міндетті зейнетақы жарналарын соңынан қабылдаушы қорға аударым
жасау үшін - Орталыққа;
Ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын -
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
      (қабылдаушы қордың толық немесе қысқартылған атауы)

Мен, салымшының (алушының) сенім білдірген адамы осы өтінішке қол
қойылған сәттен бастап:
1) уәкілетті орган бекіткен қолданыстағы Жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау
туралы Ережесімен таныстым;
2) _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                  (жөнелтуші қордың толық атауы)

жасалған 2006 жылғы _______"__" N____ зейнетақымен қамсыздандыру
жөніндегі жөнелтуші қормен жасалған шарттың қолданылуы жинақталған
зейнетақы қаражатын аударым жасау жөніндегі өтініш түскен күннен
бастап отыз жұмыс күні аяқталған соң тоқтатылатындығы және жеке
зейнетақы шотының жабылатындығы туралы хабардармын.

Сенім білдірілген адамның қолы:___________________________

Өтініш жасалған күн: _ _ _ _ _ _ _ _
             (күні, айы, жылы санмен)

Өтінішті жөнелтуші қор қабылдады _ _ _ _ _ _ _ _
                         (күні, айы, жылы санмен)

Өтінішті қабылдаған адамның фамилиясы, инициалы және қызметі:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Жөнелтуші қорда тіркелді: _ _ _ _ _ _ _ _
                 (күні, айы, жылы санмен)

Кіріс нөмірі _ _ _ _ _ _ _

Ескерту:
1. Өтініш баспа әріптермен таратылып жазылады.
2. Барлық бос жолдар толтырылуы міндетті.

                                             Жинақтаушы зейнетақы
                                           қорларындағы жинақталған
                                            зейнетақы қаражаттарын
                                             аударым жасау туралы
                                              Ережеге 4-қосымша

      Ескерту: 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28. N 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

Кімге:_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
            (жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)

     Салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын
      бір жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына
             аударым жасауға сенім білдірген адамның
                            Өтініші

Мен, сенім білдіруші:
Фамилиясы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Аты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Әкесінің аты (бар болса)_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Туған күні: _ _ _ _ _ _ _ _
    (күні, айы, жылы санмен)

Құжат түрі: (тиісті ұяда көрсетіңіз)
_ Жеке куәлік         _ Төлқұжат
_ Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі
Нөмір _ _ _ _ _ _ _      Берілді _ _ _ _ _ _ _
                       (күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                           (кім берді)

Сенімхат негізінде іс-қимыл жасай отырып: _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
бастап тізілім N _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                  (күні, айы, жылы санмен)

Салымшының (алушының) мүддесі үшін
Фамилиясы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Аты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Әкесінің аты (бар болса)_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Туған күні: _ _ _ _ _ _ _ _
    (күні, айы, жылы санмен)

Құжат түрі: (тиісті ұяда көрсетіңіз)
_ Жеке куәлік          _ Төлқұжат
_ Азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі

Нөмір _ _ _ _ _ _ _ _ _        Берілді _ _ _ _ _ _ _ _
                               (күні, айы, жылы санмен)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                          (кім берді)

Міндетті зейнетақы жарналары (ерікті, ерікті кәсіби) есебінен
(керектісінің астын сызу) қалыптасқан салымшының (алушының) мына
сомадағы жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды сұраймын:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
       (жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)

жасалған 2006 жылғы _____ "__" N____ зейнетақымен қамсыздандыру
жөніндегі шартты бұза отырып не бұзбай (керегін сызу)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
               (сақтандыру ұйымының толық атауы)
___________________________________________________________________
      (аударылып отырған жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы)

Мен, салымшының (алушының) сенім білдірген адамы осы өтінішке қол
қойылған сәттен бастап:
1) уәкілетті орган бекіткен қолданыстағы Жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау
туралы Ережесімен таныстым;
2)_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                  (жөнелтуші қордың толық атауы)

жасалған 2006 жылғы _____"__" N____ зейнетақымен қамсыздандыру
жөніндегі салымшымен (алушымен) жасалған шарттың қолданылуы
жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударғаннан
кейін он екі күнтізбелік ай ішінде жеке зейнетақы шотында ақша
болмаған жағдайда жеке зейнетақы шотының жабылатындығы туралы
хабардармын.

Сенім білдірілген адамның қолы:____________________________________
Өтініш жасалған күн: _ _ _ _ _ _ _ _
            (күні, айы, жылы санмен)

Өтінішті жөнелтуші қор қабылдады _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                             (күні, айы, жылы санмен)

Өтінішті қабылдаған адамның фамилиясы, инициалы, аты-жөні және қызметі:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Жөнелтуші қорда тіркелді: _ _ _ _ _ _ _ _
                 (күні, айы, жылы санмен)
Кіріс нөмірі _ _ _ _ _ _

Ескерту:
1. Өтініш баспа әріптермен таратылып жазылады.
2. Барлық бос жолдар толтырылуы міндетті.