"Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 145-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2006 жылғы 5 қазандағы N 400-п Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4436 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 519 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1 бөлімінің 1.2-тармағының 1.2.7) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 145-ө  бұйрығына  (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2004 жылғы 27 тамызда N 3041 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төраға м.а. 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 10-ө  бұйрығымен , Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2004 жылғы 27 тамызда N 3419 тіркелген, және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 11 шілдедегі N 218-ө  бұйрығымен , Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 3808 тіркелген, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерінде:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 8-2); 26); 27); 28); 29) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-2) жергілікті байланыс қызметтерін көрсетуші жергілікті телефон байланыс операторы - тіркелген байланыс операторы;

      26) қосушы оператор - жергілікті, ішкіаймақтық, қалааралық және халықаралық деңгейде өзге байланыс операторларының желілерін олардың өтіміндері бойынша өз желісіне қосушы ЖПТЖ байланыс операторы;
      27) қосылушы оператор - жергілікті, ішкіаймақтық, қалааралық және халықаралық деңгейде өз желісін ЖПТЖ қосу туралы ұсыныспен ЖПТЖ байланыс операторына өтінім жасаушы байланыс операторы;
      28) телекоммуникацияның бір желісін (байланыс құралдары) басқасына қосу - телекоммуникацияның екі желілерінің арасындағы технологиялық әрекеттесуін ұйымдастыру оның ішінде бұл желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылардың өзара қосылуларын орнатуға және ақпарат беруге мүмкіндігі бар қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілері;
      29) қалааралық және халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісі (ҚХБОТЖ) - байланыс қызметін ұсыну мақсатында желінің деңгейіне сәйкес қалааралық және халықаралық трафикті өткізуге арналған уәкілетті органның белгілеген талаптарына жауап беретін ЖПТЖ байланыс операторының телекоммуникация желісі";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 909 қаулысымен бекiтілген Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiнде белгiленген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қойылатын талаптар";

      21-тармақта:
      "жүгіну" сөздерінен кейін "бұл жайында хабардар ете отырып альтернативтік техникалық жағдайларды алу үшін желіні қосушы операторға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:
      "25-1. Қосушы оператордың телекоммуникация желісіне қосылушы оператордың телекоммуникация желісін қосу байланыс саласындағы уәкілетті органмен бекітілген "Қазақстан Республикасының Телекоммуникация желілерін нөмірлеу жүйесі және жоспары" Басшылық құжатының ережелерін есепке ала отырып жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 39-1; 39-2; 39-3; 39-4; 39-5-тармақтармен толықтырылсын:
      "39-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілерін қосу қалааралық және (немесе) халықаралық деңгейде(-лерде) ұйымдастырылады.

      39-2. Жергілікті телефон байланысы операторларының желілерін қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосу мынадай жағдайларда ұйымдастырылады:
      1) ЖПТЖ-ға, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне жергілікті телефон байланысы операторларының желілерін қосу автоматтық телефон станцияларының транзиттік тораптары (АТС ТТ), ЖПТЖ-не бұрын қосылған және шығыс пен кіріс трафигін есепке алуды жүзеге асыруы қажет қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының автоматтық қалааралық телефон станциясы (АҚТС) арқылы жүзеге асырылады;
      2) ЖПТЖ-ға, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосылған жергілікті телефон байланысы
операторларын абоненттердің таңдауы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларына берілген оператор префиксі (Поп) арқылы, ал қалааралық және (немесе) халықаралық байланысы үшін жеке-жеке жүзеге асырылады (сәйкесінше Поп 1 және Поп 2);

      39-3. Қалааралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу мынадай жағдайларда ұйымдастырылады:
      1) қалааралық байланыс операторы желісінің қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосылуы қалааралық деңгейде географиялық нөмірлеу аймағына (АВС) сәйкес қосушы және қосылушы байланыс операторларының желілерінде АҚТС арасында жүзеге асырылады;
      2) әр географиялық аймақта АҚТС болуы тиіс;
      3) қосатын желінің АҚТС-мен қосылатын желінің АҚТС-ы арасындағы әрекеттестік олардың арасында тікелей байланыс каналдарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;
      4) шығыс және кіріс қалааралық трафигінің есебі қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының екеуімен де, немесе келісім арқылы өзара әрекеттесуші байланыс операторларының біреуіне қарасты бірыңғай есептеу орталығымен жүзеге асырылады.

      39-4. Халықаралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу мынадай жағдайларда ұйымдастырылады:
      1) Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының желісіне халықаралық байланыс операторы желісінің қосылуы қосушы және қосылушы операторларының халықаралық коммутация орталықтары (бұдан әрі - ХКО) арасында жүзеге асырылады;
      2) қосушы және қосылушы желілерінің ХКО арасындағы өзара әрекеттесуі олардың арасында байланыс каналдарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;
      3) қалааралық және халықаралық байланыс операторының және халықаралық байланыс операторының желілерінің өзара әрекеттесуі жүзеге асырылғанда (ХКО - ХКО деңгейде) Қосылу келісім-шартына:
      желілердің бірінде авариялар және төтенше жағдайлар орын алған кезде жалпы пайдаланудағы телекоммуникацияның шетелдік желілеріне шығу кезінде де ұлттық желі шектеріндегі сияқты трафикті өткізу үшін айналма жолдарды ұсыну және ұйымдастыру;
      қорғаныс, қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өзара әрекеттесуші телекоммуникация желілерінің өткізу қуаттылықтарын өзара ұсыну жөніндегі талаптар енгізілуі тиіс.

      39-5. Қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісінің өзге қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісіне қосылуы географиялық аймақтың АҚТС-мен АҚТС-ның, сондай-ақ қосушы мен қосылушы операторларының сәйкес желілерінің ХКО мен ХКО арасында жүзеге асырылады.";

      71-тармақта:
      "өзара әрекеттесу" деген сөздерден кейін "қосушы және қосылушы" деген сөздермен толықтырылсын;

      "трафиктер" деген сөздерден кейін ", қосу қызметтері үшін" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (А.А.Сейтімбеков) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төраға орынбасары Р.Р.Нұршабековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Web-сайтына орналастырылуы тиіс.

      Төраға

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды
      реттеу агенттігі төрағасы

      2006 ж. 6 қазан