"Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 11 шілдедегі N 218-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3808

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдерге орналастырған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегі N 681  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1. Кедендiк аумақта тауарларды қайта өңдеудiң, көлiктiң жекелеген түрлерiмен тасымалданатын тауарлардың экспорты мен кейiннен темiр жол көлігіне тиелетiн, су көлiгiмен тасымалданатын тауарлардың керi экспортын қоспағанда, тауарлардың керi экспортының кедендiк режимдерiне сәйкес қосымшаларға сай Қазақстан Республикасы өндiретiн ағаш материалдарын, кесiлген ағаш материалдарын және сүректен жасалған жекелеген бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі