Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 13 ұыркүйектегі N 11 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 10 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4416 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007.07.02. N 02-02/158 Бұйрығымен

Күшін жойған

       Ескерту. ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 13 қыркүйектегі N 11 Бұйрығының күші жойылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007 жылғы 2 шілдедегі N  02-02/158  Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы"  Заңы  6 бабының 2) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын тiркеу (қайта тiркеу) Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының "Өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң (әрi қарай - Агенттiк) тiркеу Департаментiне:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелуiне шаралар қолданылсын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он күндiк мерзiм iшiнде Агенттiктiң, Алматы қаласының әдiлет және статистика органдарының, Қазақстан Республикасының қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттiктiң және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң мүдделi бөлiмшелерiнiң назарына жеткiзiлсiн.
      4. Агенттiктiң даму департаментiне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етiлсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсiн.

       Қазақстан Республикасы
      Алматы қаласының өңiрлiк
      қаржы орталығының қызметiн
      реттеу Агенттігінің Төрағасы

      "КЕЛIСIЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі

      12 қыркүйек 2006 жыл

      "КЕЛIСIЛГEH"

      Қазақстан Республикасының
      Статистика жөніндегі
      Агенттігінің төрағасы

      "___"__________ 2006 жыл

Қазақстан Республикасы    
Алматы қаласының      
өңiрлiк қаржы орталығының  
қызметiн реттеу агенттiгi  
төрағасының        
2006 жылғы 13 қыркүйектегі 
N 11 бұйрығымен      
БЕКIТIЛДI         

  Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының
қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының (бұдан әрi - қаржы орталығы) құрылатын, қайта құрылатын және таратылатын мемлекеттiк тiркеуi бойынша Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң (бұдан әрi - тiркеушi органдар) әрекетiн реттейдi.

      2. Мемлекеттiк тiркеу Алматы қаласының аумағында әрекет жасайтын субъектiлерге заңды тұлға мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады. Қаржы орталығының әлеуеттi қатысушысы ретiнде мемлекеттiк тiркеуге негiзгi қызмет түрлерiне брокерлiк және (немесе) делдал қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.

      3. Заңды тұлға туралы деректердi заңды тұлғалардың бiрыңғай Мемлекеттiк регистрiне енгiзу және заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк субъектiнiң заңды тұлға құқықтарын иемденгенiнiң ресми айғағы болып табылады.

      4. Тiркеушi органмен заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу:
      заңды тұлғаны құру, қайта ұйымдастыру және тоқтату фактiсiн растау;
      қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу;
      қаржы орталығының қатысушылары туралы ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда) монополияға қарсы орган белгiлеген тарифтер бойынша өткiзу мақсатында iске асырылады.

      5. Тiркеушi орган құрылған, қайта құрылған және таратылатын қаржы орталығының заңды тұлғалары-қатысушылары туралы мәлiметтерге ие қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттiк реестрiн және электрондық регистрiн (бұдан әрi - Реестр және қатысушылардың электрондық регистрi) жүргiзедi.

      6. Реестрдi және электрондық регистрдi жүргiзу тәртiбi тiркеушi органның iшкi құжатымен анықталады.

  2. Тiркеу алымы

      7. Құрылған, қайта құрылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеуден өткенi үшiн жинақ қаржысына төлем төлеуi мен аудару тәртiбi Қазақстан Республикасының  салық  заңдары бойынша реттеледi.

  3. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

      8. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкестiгiн тексеру, тiркеу нөмiрiн бере отырып оларға белгiлi бiр үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi беру, заңды тұлғаларды бiрыңғай Мемлекеттiк Реестрге енгiзу үшiн әдiлет органына заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi енгiзу жатады.
      Заңды тұлғаларды тiркеу немесе қайта тiркеу үшiн ұсынылатын құжаттарды тексеру кезiнде тiркеушi орган орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды.

      9. Қаржы орталығының заңды тұлғасы-әлеуеттi қатысушысын тiркеу үшiн тiркеушi органға:
      Белгiленген үлгiде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш (1 Қосымша);
      мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде құрылтайшы және басқа да құжаттар пакетi (2 қосымшада келтiрiлген құжаттар тiзбесi);
      құжаттарды беруге және алуға құқық беретiн сенiмхат берiледi.

      10. Осы Ереженiң 2 қосымшасының 2 тармақшасында қарастырылған құжаттар тiркеушi органға ағылшын тiлiнде берiлуi мүмкiн.
      Мұндай жағдайларда берiлген құжаттарды мемлекеттiк және орыс тiлдерiне аударуды тiркеушi орган қамтамасыз етедi.

      11. Жоғарыда көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан кейiн:
      1) тiркеушi орган бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттар пакетінiң толықтығын және олардың дұрыс дайындалғанын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкестiгiн тексередi;
      2) құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келген жағдайда тiркеушi орган тiркеушi органның басшысы немесе оның орынбасары қол қоятын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы бұйрық шығарады және заңды тұлға туралы мәлiметтердi Реестрге және электрондық регистрiне енгiзедi;
      3) тiркеушi орган тiркелген заңды тұлға туралы мәлiметтердi электрондық регистрiнен бiрыңғай Мемлекеттiк регистрдiң байланыс арналары арқылы электрондық хабарлама жүзiнде мемлекеттiк статистика органына жiбередi;
      Бұл жағдайда тiркеушi органның заңды тұлғалардың бiрыңғай Мемлекеттiк регистрiне қол жетiмдiлiгi жөн;
      4) мемлекеттiк статистика органы байланыс арналары арқылы алған электрондық хабарламаға сүйене отырып бiр жұмыс күн iшiнде заңды тұлғаларға бiрiздендiрiлген сәйкестендiру және басқа жүйелi-есептi кодтарын бередi; заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай мемлекеттiк статистика регистрiне енгiзедi;
      5) мемлекеттiк статистика органы заңды тұлғаға бiрiздендiрiлген сәйкестендiру және басқа да жүйелi-есептi кодтарды бергеннен кейiн бiр жұмыс күн iшiнде салық төлеушiнi тiркеуден өткiзу үшiн салық органына хабарлама жiбередi;
      6) Тiркеушi орган тiзiмдеме бойынша статистика органы және салық органы ұсынған статистикалық карточканы, салық төлеушiнiң куәлiгiн алады (4 қосымша);
      7) тiркеушi орган құрылтай және басқа құжаттардың бiр-бiр данасы бар iстi ресiмдейдi (сәйкес штамптар мен мөрлердi қояды);
      8) iстi ресiмдегеннен кейiн тiркеушi орган заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi туралы белгiленген үлгiдегi куәлiгiн (5 қосымша), салық төлеушiнiң куәлiгiн, статистикалық карточкасын, сондай-ақ құрылтай құжаттарының түпнұсқаларын бередi;
      9) заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары туралы мәлiметтi заңды тұлғалардың бiрыңғай Мемлекеттiк регистрiне енгiзу мақсатында тiркеушi орган әдiлет органына тиiстi хабарлама жiбередi;
      10) тiркеушi орган заңды тұлғаның құрылтай құжаттары мен заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi жүргiзiлген туралы бұйрықтың үшiншi данасын салық органына жiбередi.

  4. Заңды тұлғаны қайта тiркеу

      12. Заңды тұлға мынадай жағдайларда қайта тiркеуге жатады:
      1) жарғылық капитал мөлшерi азайғанда;
      2) атауы өзгергенде;
      3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың (саны жүз және одан да көп қатысушылары бар шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) құрамы өзгергенде.
      Өкiлеттi орган шешiмi қабылданған сәттен бастап бiр айдың iшiнде заңды тұлға тiркеушi органға қажеттi құжаттар пакетiмен қоса ұсына отырып қайта тiркеу туралы арыз беруге мiндеттi.
      Қатысушылар құрамының өзгеруi, атауының өзгеруi немесе жарғылық капиталының азаюы негiзiнде заңды тұлғаның қайта тiркеуi қайта құрудың келесi жағдайларында болуы мүмкiн.
      Қосу барысында бiр және бiрнеше заңды тұлғалар таратылып, өткiзу қажетiне сәйкес қосылған заңды тұлғалардың мiндеттерi мен құқықтарын иемденетiн бiр заңды тұлғаның iрiленуi жүзеге асады. Қосылған заңды тұлғалар Тiркелiмнен шығарылуға тиiс, бұл туралы мемлекеттiк қайта тiркеу туралы бұйрықта бiрден көрсетiледi. Eгep қосылу нәтижесiнде заңды тұлға қайта тiркеуге тиiстi болмаса, онда қосылатын заңды тұлғаның тiркелуiн (қайта тiркелуiн) тiркеудi жүзеге асырған тiркеушi орган қосылу туралы шешiмi мен беру актiсiнiң негiзiнде қосылған заңды тұлғаларды Тiркелiмнен шығару туралы бұйрық шығарады. Тiркеушi органға кредиторларды хабардар ету тәсiлi, сондай-ақ заңды тұлғаның қайта құрылуы туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылған күнi мен нөмiрi көрсетiлген еркiн түрдегi жазбаша өтiнiшi берiледi. Егер қайта құру нәтижесiнде қосып алушы заңды тұлға қайта тiркеуге жатса, онда қосылатын заңды тұлғаны Тiркелiмнен шығаруды қайта тiркеуге құжаттар пакетi тапсырылған тiркеушi орган жүзеге асыра алады. Осы жағдайда заңды тұлғаны қайта тiркеу және қосылған заңды тұлғаны Тiркелiмнен шығару туралы бұйрықтың көшiрмесi бұрынғы тiркеушi органға жiберiлуi тиiс. Бұл жағдайларда соңғылардың құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң түпнұсқалары алынады. Тiркелiмнен шығару заңды тұлғаның қызметiнiң тоқтатылғаны туралы жазба бойынша жүргiзiледi. Бұйрықта қосылған заңды тұлғалардың және оларды қосып алған заңды тұлғаның толық атаулары көрсетiлуге тиiс.
      Бөлiп шығару барысында бiр заңды тұлғаның құрамынан бiр және бiрнеше заңды тұлғалар бөлiнiп шығады. Бұл жағдайда алғашқы заңды тұлғаның әрекетi тоқтатылмайды, ал бөлiнiп шыққан (жаңадан пайда болған) заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуден өтедi. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм)  42-бабы  6-тармағында көрсетiлген негiздер бар болған жағдайда алғашқы заңды тұлға қайта тiркеледi. Қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi бөлiнген әрбiр заңды тұлғаға бөлу балансына сәйкес берiледi.

      13. Заңды тұлғаны қайта тiркеу үшiн тiркеушi органға:
      заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы белгiленген үлгiдегi арызы;
      құрылтай құжаттарына өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу туралы өкiлдi органның заңды тұлғаның мөрiмен бекiтiлген шешiмi немесе шешiмнiң көшiрмесi;
      өзгерiстер (толықтырулар) енгiзiлетiн құрылтай құжаттар. Мұнда өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу екi тәсiлмен: жаңа редакцияда құрылтай құжаттарына жасау немесе өзгерiстердi (толықтыруларды) бұрынғы құрылтай құжаттарға қосымша түрiнде ресiмдеу мүмкiн;
      бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары;
      мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң түпнұсқалары, статистика карточкасының және салық төлеушiнiң куәлiгiнiң түпнұсқалары;
      қайта тiркеу үшiн алымның төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi ұсынылады.
      Көрсетiлген құжаттардың тiзiмi қайта тiркеуден өтудiң барлық жағдайларында ұсынылады.

      14. Қайта тiркеудiң негiздерiне қарай заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тiркеушi органға басқа құжаттарды ұсынуы тиiс. Шаруашылық серiктестiгi құрамынан шыққан жағдайда, саны жүз және одан да көп қатысушылары бар шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруi негiздемесi бойынша қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететiн қатысушының, мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелiгiнен шығарылғанын (басқа бiреуге берiлгенiн) немесе басқаға ауысқанын растайтын құжат ұсынылады. Заңды тұлға қайта құрылғанда тiркеушi органға осы Ереженiң 18 тармағында аталған құжаттардан басқа қайта құрылған заңды тұлғаның мiндеттерi бойынша құқықтық мұрагерлiк туралы ереже (мәлiмет) көрсетiлген бөлу балансы немесе өткiзу актi ұсынылады.

      15. Құжаттар ұсынылғаннан кейiн тiркеушi орган:
      ұсынылған құжаттар пакетiнiң толықтығын және олардың дұрыс жасалғандығын Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкестiгiн тексередi;
      мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұрынғы куәлiктiң күшiн жою туралы және қолданыстағы заңдар бұзылмаған жағдайда белгiленген тәртiпке сәйкес заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы бұйрық шығарады;
      Реестрге және электрондық регистрге заңды тұлға туралы мәлiметтердi енгiзедi;
      тiркеген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк статистика органына заңды тұлғаны мемлекеттiк қайта тiркегенi туралы хабарлама жiбередi;
      заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы белгiленген үлгiдегi куәлiк бередi. 
      iстi жаңа құрылтай құжаттармен немесе бұрынғы құрылтайшы құжаттарға қосымша ретiнде енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар, сондай-ақ бұрынғы куәлiктiң түпнұсқасымен, статистикалық карточканың, салық төлеушiнiң куәлiгiнiң түпнұсқаларымен және заңды тұлғаның басқа құжаттарымен толықтырады. Iс қалыптастырылып болғаннан кейiн (тиiстi мөртабандар мен мөрлер қойылғаннан кейiн) құрылтай құжаттардың түпнұсқасы өкiлеттi тұлғаға қайтарылады;
      заңды тұлғаның мемлекеттiк қайта тiркеуiн жүргiзгендiгi туралы мәлiметтi бiрыңғай Мемлекеттiк регистрiне енгiзу үшiн әдiлет органына хабарлайды.

      16. Заңнамалық актiлерiнде қарастырылған негiз бойынша заңды тұлғаның қайта тiркелуiнсiз құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер жарамсыз болып табылады.

  5. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгертулер
мен толықтырулар енгiзудiң тәртiбi

      17. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi қайта тiркелуге апарып соқпайтын және алымды төлемей-ақ жүзеге асатын басқа мәлiметтердiң өзгеруi туралы хабарлауға мiндеттi. Заңды тұлға құрылтай құжаттарына мұндай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн жағдайда бұл жайлы бiр ай мерзiм iшiнде тiркеушi органға хабарлауға тиiс.

      18. Қайта тiркелуге әкелiп соқпайтын өзгерiстер мен толықтыруларды құрылтай құжаттарына енгiзу үшiн тiркеушi органға:
      өз еркiмен жазылған арыз;
      құрылтай құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңды тұлғаның өкiлдi органының мөрi басылған шешiмi немесе одан келтiрiлген үзінді;
      бұрынғы құрылтай құжаттарына қосымша ретiнде немесе құрылтай құжаттары жаңа редакция түрiнде рәсiмделуi мүмкiн болатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларының үш данасы. Eгep заңға сәйкес құрылтай құжаттарды нотариалды куәландыру қажет болса, онда оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар да нотариалды тәртiпте куәландырылуы қажет;
      бұрынғы құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң, статистикалық карточкасы мен салық төлеушiнiң куәлiгiнiң түпнұсқалары ұсынылады.

      19. Тiркеушi орган көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн:
      олардың дұрыс жасалғандығын және енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың заңға сәйкестiгiн тексередi;
      кемшiлiктерi болмаған жағдайда құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу туралы бұйрық шығарады;
      Тiркелiмге және заңды тұлғалардың электрондық регистрiне заңды тұлғалар туралы жаңа деректердi енгiзедi;
      тiркеген күннен кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк статистика органына заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстермен толықтырулардың тiркелгенi туралы хабарлама жiбередi;
      өзгерiстер мен толықтырулар ресiмделгеннен (тиiстi мөртабандар мен мөр қойылғаннан) кейiн бiр данасы заңды тұлғаның өкiлеттi тұлғасына қайтарылады, ал өзге құжаттар заңды тұлғаның тiркеу iстерiне тiгiледi. Құрылтай құжаттары жаңа редакцияда тапсырылған жағдайда, бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары қайтарылуға жатпайды;
      заңды тұлғалардың бiрыңғай Мемлекеттiк регистрiне өзгерiстер енгізу үшiн заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуiне тiркеу жүргiзгендiгi туралы әдiлет органына хабарлайды.
      20. Алматы қаласының аумағында заңды тұлғаның мекен-жайы өзгерген жағдайда тiркеушi орган:
      құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы қайта толтырылған куәлiктi беру және бұрынғы куәлiктi жою туралы бұйрық шығарады;
      Реестрге және заңды тұлғалардың регистрiне электрондық заңды тұлғаның мекен-жайы туралы мәлiметтердi енгiзедi;
      жаңа мекен-жайы, жаңа тiркелген нөмiрi және заңды тұлғаның жаңа тiркелген (қайта тiркелген) күнi көрсетiлген заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы белгiлi үлгiдегi куәлiктi және статистикалық карточканы бередi. Тiркеушi органның тиiстi мөртабандары мен мөрлерi қойылғаннан кейiн құрылтай құжаттың түпнұсқасы уәкiлеттi тұлғаға берiледi;
      бұрынғы статистикалық карточкасының түпнұсқалары мен тапсырылған өзге де құжаттарды заңды тұлғаның тiркеу материалдарына тiгедi.

  6. Тiркеу туралы куәлiктiң телқұжатын беру

      21. Заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша тiркеушi орган үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердiң телқұжатын бередi.
      Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк дубликатын беру үшiн Қазақстан Республикасының Салық  кодексiнде  белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым алынады.

  7. Заңды тұлғаны таратуды тiркеу

      22. Заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған заңды тұлғаның мүлкiнiң меншiк иесi немесе уәкiлеттi орган бұл жайында тiркеушi органға бiрден хабарлауға мiндеттi.

      23. Тiркеуші орган, заңды тұлғаны тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешiмдi алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қарастырылған тарату немесе қайта ұйымдастыру тәртiбiнiң сақталуын тексередi.
      Заңды тұлғаның таратылу негiздемесi бойынша қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысан бойынша таратылуды тiркеу туралы өтiнiш (6 қосымша);
      2) заңды тұлғаның мүлкiнiң меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берген заңды тұлға органының шешiмi;
      3) құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк және статистикалық карточка;
      4) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi туралы баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
      5) таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредиторлар мәлiмдеген талаптардың тiзбесi туралы мәлiметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi;
      6) тарату балансы;
      7) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрi басылған аралық және тарату баланстарын бекiту туралы шешiмдi қабылдаған өзге органның шешiмi;
      8) заңды тұлғаның мөрiнiң жойылғандығы туралы құжаты;
      9) салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;
      10) акция шығарылымдарының (акционерлiк қоғамдар үшiн) күшi жойылғандығы туралы қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның хабарламасы;
      11) заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелгенi үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат табыс етiледi.
      Соттың шешiмi бойынша таратылған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу, сот шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      Тiркеушi орган осы Ереженiң 23-тармағында көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн 7 күн iшiнде:
      заңмен және заңды тұлғаның жарғысымен қарастырылған тарату тәртiбiнiң сақталуын тексередi;
      Заңды тұлғаның таратылуын тiркеу, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi жою және оны Реестрдiң шығару туралы бұйрық шығарады. Заңды тұлғаны таратудың белгiленген тәртiбiн бұзушылық анықталған жағдайда тiркеушi орган тiркеуден бас тарту туралы бұйрық шығарады.
      Реестрге және заңды тұлғалардың электронды регистрiн заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы мәлiметтердi енгiзедi;
      Заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқандығын тiркеу туралы әдiлет органына хабарлайды.
      Құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк және статистикалық карточканың түпнұсқалары, сондай-ақ таратуды тiркеуге ұсынылған өзге де құжаттар тiркеушi органда сақталады.

      24. Сот банкрот деп таныған заңды тұлғаны таратуды тiркеу банкрот деп тану туралы сот шешiмi және байқау өндiрiсiнiң аяқталғаны туралы сот анықтамасы негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тiркеушi органға таратуды тiркеу туралы арызды тапсыру қажет емес.

  8. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмi. Тiркеуден бас тарту

      25. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) қажеттi құжаттармен қоса берiлген өтiнiш үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.

      26. Құжаттардың толық емес пакетi ұсынылған, оларды қарастыру барысында анықталған жетiспеушiлiктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының {маманның) қорытындысы немесе аударым және нотариалды растау қажет болған жағдайларда, сондай-ақ заңнамалық актiлерi қарастыратын басқа да негiздемелер бойынша мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмi үзіледі.

      27. Егер заңды тұлға заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап алты ай iшiнде делдал және (немесе) дилерлiк қызметтердi жүзеге асыруға қаржы рыногы және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органнан лицензия алмаған жағдайда тiркеушi орган мамандандырылған қаржы сотына заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы арыз беруге құқылы.

      28. Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келмеуi, сондай-ақ табыстау актiсiн немесе бөлу балансын, ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мұрагерлiгi туралы ережелердiң болмауы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.

      29. Тiркеуден бас тартқан немесе тiркеу мерзiмiн үзген жағдайларда тiркеушi орган нақты заңның (оның нақты бабының) бұзылғанына сiлтемесi бар бұйрық шығарады. Бас тартылған жағдайда өтiнiш, заңдарға қайшылығы бар құжаттар және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн төленген алым қайтарылуға жатпайды.

      30. Тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмiнiң үзiлiсi жарияланған жағдайда тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмiнiң үзiлiсiне себеп болған, қолданып жүрген заңға қайшылығы бар құжаттар қайтарылмайды. Үзiлiстен кейiн мерзiмнiң өтуi қайтадан басталады: үзiлiске дейiн өткен уақыт жаңа мерзiмге есептелмейдi.

      31. Құрылтай құжаттарына мемлекеттiк қайта тiркеуге әкелiп соқпайтын өзгерiстер мен толықтырулардың енгiзiлуiн тiркеу заңды тұлғаны тiркеу үшiн осы Ережеде қарастырылған мерзiмдерде жүзеге асырылады. Құжаттардың толық емес пакетi ұсынылып немесе оларда заңға қайшылықтар болған жағдайда тiркеушi орган құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуден бас тартады.

                                           Заңды тұлғалар-Алматы
                                          қаласының өңiрлiк қаржы
                                         орталығының қатысушыларын
                                             мемлекеттiк тiркеу
                                         (қайта тiркеу) Ережесiне
                                                  1 қосымша

                                         _________________________
                                          Тiркеушi органның атауы

          Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш

1. Ұйым нысаны (тиiстi х ұясында көрсетiңiз) заңды тұлға __________
2. Заңды тұлғаның атауы ___________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Заңды тұлғаның құрамында қатысу
Шетел инвесторлары (тиiстi х ұясында көрсетiңiз)
1) иә __________________     2) жоқ __________________
4. Заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады (тиiстi x ұясында
көрсетiңiз)
1) иә __________________     2) жоқ __________________
5. Типтiк жарғы негiзiнде заңды тұлғаның қызметiн жүзеге асыру
(тиiстi х ұясында көрсетiңiз)
1) иә __________________     2) жоқ __________________
6. Заңды тұлғаның мекен-жайы
Почта индексi: ____________________________________________________
Қаладағы ауданы: __________________________________________________
Көше, ықшамаудан, махалла, тұйық көше,
даңғыл: ___________________________________________________________
үйдің нөмірі: _____________________________________________________
пәтер, бөлме: _____________________________________________________
телефон нөмiрi: ___________________________________________________
факс нөмiрi: ______________________________________________________
7. Заңды тұлғаның басшысы туралы мәлiмет (тиiстi х ұясында
көрсетiңiз) Қазақстан Республикасының азаматы _____________________
2) шетел азаматы __________________________________________________
3) азаматтығы жоқ тұлға ___________________________________________
Аты-жөнi __________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: ___________________________________
Нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжаттың берiлген күнi, кiммен
берiлдi ___________________________________________________________
Тұрақты мекендейтiн елi ___________________________________________
СТН, (жоқ болған жағдайда азаматтығы тiркелген елдегi салық тiркеу
нөмiрi) ___________________________________________________________
Телефон нөмiрi: ___________________________________________________
Факс нөмiрi: ______________________________________________________
E-mail: ___________________________________________________________
8. меншiк нысаны {тиiстi x ұясында көрсетiңiз) ____________________
1) мемлекеттiк __________     2) жекеменшiк __________
9. негiзгi қызмет түрi: ___________________________________________
10. Жарғы капиталының көлемi ______________________________________
11. Жарғы капиталының түрi (бейрезидент үшiн) _____________________
12. Заңды тұлғаның құрылтайшылар құрамы (тиiстi x ұясында
көрсетiңiз) _______________________________________________________
2) жеке тұлға _____________________________________________________
Заңды тұлға (резидент)
Атауы _____________________________________________________________
___________________________________________________________________
Тiркеу және қайта тiркеу датасы ___________________________________
ОҚЖК коды _________________________________________________________
СТН _______________________________________________________________
Жарғы капиталындағы үлесi % _______________________________________
Салым сомасы (мың теңге, шетел валютасы) __________________________
Заңды тұлға (бейрезидент) _________________________________________
Тiркелу елi _______________________________________________________
атауы _____________________________________________________________
сауда тiзiлiмiнен алынған көшiрмеге немесе субъектiнiң заңды тұлға
екендiгiн растайтын басқа заңдастырылған құжатқа сәйкес тiркеу
нөмiрi ____________________________________________________________
Тiркелу датасы ____________________________________________________
ОҚЖК коды немесе қызмет түрi ______________________________________
СТН немесе салық тiркеу нөмiрi ____________________________________
Жарғы капиталындағы үлесi % _______________________________________
Салым сомасы _______________________________________________________
Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы)
Аты-жөнi __________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: ___________________________________

Нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжаттың берiлген күнi, кiммен
берiлдi ___________________________________________________________
Тұрақты мекендейтiн елi ___________________________________________
СТН _______________________________________________________________
Жарғы капиталындағы үлесi % _______________________________________
Салым сомасы ______________________________________________________
Жеке тұлға (шетел азаматы)
Аты-жөнi __________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: ___________________________________
Нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжаттың берiлген күнi, кiммен
берiлдi ___________________________________________________________
Тұрақты мекендейтiн елi ___________________________________________
Салық тiркеу нөмiрi _______________________________________________
Жарғы капиталындағы үлесi % _______________________________________
Салым сомасы ______________________________________________________
13. күтiлетiн (шамамен) жұмыс iстейтiн Адам саны __________________
14. Заңды тұлғаны құру қайта құру жолы
(тиiстi х ұясында көрсетiңiз)
1) қайта құру __________   2) қосылу __________
3) бөлу ________________   4) бөлiну __________
15. қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың саны __________
16. Қайта құрылған жағдайда келесi мәлiметтердi көрсету қажет:
Заңды тұлғаның бұрынғы атауы ______________________________________
ОҚЖК коды _________________________________________________________
СТН _______________________________________________________________
17. Қосылған жағдайда келесi мәлiметтердi көрсету қажет:
Қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы ________________________
ОҚЖК коды _________________________________________________________
СТН _______________________________________________________________
18. Бөлу кезiнде келесi мәлiметтердi көрсету:
Жаңа заңды тұлға бөлiнген жұмыс iстейтiн заңды тұлғаның атауы _____
ОҚЖК коды _________________________________________________________
PHH _______________________________________________________________
19. Бөлiну кезiнде келесi мәлiметтердi көрсету:
Базасында заңды тұлға құрылған заңды тұлғаның атауы _______________
ОҚЖК коды _________________________________________________________
СТН _______________________________________________________________

Өтiнiш берушiнiң аты-жөнi және қолы
"___"____________________ 200__ жыл.

Заңды тұлғалар-Алматы    
қаласының өңiрлiк қаржы   
орталығының қатысушыларын  
мемлекеттiк тiркеу     
(қайта тiркеу) Ережесiне  
2 қосымша          

Тiркеуге ұсынатын құжаттардың тiзiмi

      1. Қаржы орталығының заңды тұлға-қатысушысын мемлекеттiк тiркеу үшiн келесi құжаттар ұсынылады:
      тiркеу туралы өтiнiш;
      жарғының үш данасы;
      үш дана құрылтай жиналысының хаттамасы;
      сенiмхат (екi дана)
      Қаржы орталығының заңды тұлға-қатысушысының тұрған жерiн растайтын құжат;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет алдында құрылтайшылардың берешегi жоқ екендiгi туралы анықтама;
      тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
      Ескерту:
      Мына жағдайда, егер серiктестiк құрылтайшылары өз қызметiн серiктестiктiң Үлгi жарғысы негiзiнде жүзеге асыру жөнiнде шешiм қабылдаған болса, серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде жарғыны ұсыну талап етiлмейдi.
      Осы жағдайда арызға барлық құрылтайшылар қол қояды, қолдардың растығы нотариалды куәландырылады.
      2. Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тiркеу кезiнде 1 тармақта көрсетiлген құжаттардан басқа, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
      Құрылтайшы - шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тiзiлiмiнен заңды көшiрмесi немесе басқа да заңы құжат мемлекеттiк және орыс тiлдерiне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса.
      Құрылтайшының-шетелдiк жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшiрмесi немесе басқа да құжат мемлекеттiк және орыс тiлдерiне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етiлуге тиiс.

                                           Заңды тұлғалар-Алматы
                                          қаласының өңiрлiк қаржы
                                         орталығының қатысушыларын
                                             мемлекеттiк тiркеу
                                         (қайта тiркеу) Ережесiне
                                                  3 қосымша

        Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
       туралы, заңды тұлғаның орналасу орнының өзгеруі,
                  заңды тұлғаның атауы туралы
                           ХАБАРЛАМА

1.

Сәйкес ұяшықта "X" көрсетіңіз

  

1.1.

Тіркеу

  

1.2.

Қайта тіркеу

  

1.2.1.

Жарғылық капитал көлемінің кішіреюі

  

1.2.2.

Атаудың өзгеруі

  

1.3.

Қайта тіркеуге қатысы жоқ құрылтай құжаттарға өзгерістер енгізу

  

1.3.1.

Орналасу орнының өзгеруі

  

1.3.2.

Жарғылық капиталдың көбеюі және жарғыға енгізілетін басқа редакциялық өзгерістер

  

2.

Ұйым нысаны (сәйкес ұяшықта "X" көрсетіңіз)

  

2.1.

Заңды тұлға

  

3.

Заңды тұлғаның толық атауы (болған жағдайда ағылшын тілінде толтырылады)

  

3.1.

Мемлекеттік тіл

  

3.2.

Орыс тілі

  

3.3.

Ағылшын тілі

  

4.

Заңды тұлға атауының қысқартылуы (аббревиатура)

  

4.1.

Мемлекеттік тіл

  

4.2.

Орыс тілі

  

4.3.

Ағылшын тілі

  

5.

СТН 6

  

6.

ОҚЖК коды

  

7.

Мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы тіркеуші органның мәліметі:

  

7.1.

Әділет органында заңды тұлғаның тіркеу нөмірі

  

7.2.

Заңды тұлғаның тіркелу (қайта тіркелу) датасы

  

8.

Заңды тұлға сәйкес ұяшықта "X" көрсетіңіз:

  

8.1.

Резидент

  

8.2.

Бейрезидент

  

8.3.

Заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып саналған жағдайда оның шетелдік қатысуы барын көрсету қажет:

  

8.3.1.

Иә

  

8.3.2.

Жоқ

  

9.

"бейрезидент" жолын белгілеген жағдайда келесі жолдар толтырылады:

  

9.1.

ҚР-нда қызметін жүзеге асыруының басталу датасы (датасы, айы, жылы)

  

9.2.

Резиденттік елінде бейрезиденттің тіркелуі туралы мәліметтер: (сауда тізілімінің үзіндісі, инкорпорация куәлігінің немесе резидент елінде бейрезиденттің заңды тіркелуін растайтын басқа құжаттың негізінде толтырылады)

  

9.2.1

Сауда тізілімінің үзіндісіне немесе субъект өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын басқа да ресмилендірілген құжатқа сәйкес тіркеу нөмірі

  

9.2.2.

Тіркеу датасы

  

9.2.3.

Ұйымдастырушы-құқықты нысан

  

9.2.4.

Резиденттік еліндегі заңды тұлғаның толық атауы

  

9.2.4.1

Мемлекеттік тіл

  

9.2.4.2

Орыс тілі

  

9.2.4.3

Ағылшын тілі

  

9.2.5.

Инкорпорация еліндегі заңды тұлғаның (бас ұйымның) мекен-жайы (орналасу орны)

  

9.2.5.1

Елдің коды көрсетілген резиденттікті тіркеу елі

  

9.2.5.2

Аудан, қала\район, көше, корпус, пәтер нөмірлері

  

9.2.6.

Резиденттік елінде тіркеуші орган туралы мәліметтер:

  

9.2.6.1

Тіркеуші органның атауы

  

9.2.6.2

Тіркеуші органның заңды мекен-жайы

  

9.2.6.2.1

Елдің коды көрсетілген резиденттікті тіркеу елі

  

9.2.6.2.2

Аудан, қала\район, көше, корпус, пәтер нөмірлері

  

9.2.7.

Резиденттік елінде заңды тұлғаның жарғылық капиталы туралы мәліметтер:

  

9.2.7.1.

Жарғылық капиталдың түрі

  

9.2.7.2.

Жарғылық капиталдың көлемі

  

9.2.8.

Қызмет түрі (заңды тұлғаны құру мақсаты) - толтыру үшін бірнеше жолды қарастыру қажет

  

9.2.9.

Заңды тұлға-бейрезиденттің басшысы туралы мәліметтер:

  

9.2.9.1

Мемлекеттік тіл

  

9.2.9.1.1.

Фамилиясы

  

9.2.9.1.2.

Аты

  

9.2.9.1.3.

Тегі

  

9.2.9.2

Орыс тілі

  

9.2.9.2.1.

Фамилиясы

  

9.2.9.2.2.

Аты

  

9.2.9.2.3.

Тегі

  

9.2.9.3

Ағылшын тілі

  

9.2.9.3.1.

Фамилиясы

  

9.2.9.3.2.

Аты

  

9.2.9.3.3.

Тегі

  

9.2.10

Телефон

  

9.2.11

Факс

  

9.2.12

е-mаіl

  

9.2.13.

Инкорпорация елінде заңды тұлғаның салықтық тіркеу нөмірі (СТН ұқсас) резиденттік елінің салық органынан берілген анықтама (бар болған жағдайда) негізінде толтырылады.

  

9.2.14.

Инкорпорация елінде бейрезиденттің тіркеу тәртібінің ерекшеліктері:

  

9.2.14.1.

ҚЭА (қажет болған жадғайда жолда "X" белгілеу)

  

9.2.14.2

Офшорлы құқықтық өкілеттікте болған жағдайда жолда (қажет болған жадғайда жолда "X" белгілеу)

  

9.2.14.3

Басқа (тіркеу тәртібінің атауын жазу)

  

10.

Ұйымдастыру-құқықты нысан (сәйкес ұяшықта "X" белгілеу)

  

10.1.

Акционерлік қоғам

  

10.2.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  

10.3.

Басқа да нысандар

  

11.

Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің атауы, орналасқан орны өзгеруінің есептік тіркеу (қайта тіркеу) жүзінде ғана толтырылады (егер филиал немесе өкілдік бейрезидент болып саналса тиісті жол толтырылмайды)

  

11.1.

Филиалды (өкілдікті) құрастыратын заңды тұлғаның толық атауы

  

11.1.1.

Мемлекеттік тіл

  

11.1.2.

Орыс тілі

  

11.1.3.

Ағылшын тілі

  

11.2.

Филиалды (өкілдікті) құрастыратын заңды тұлғаның заңды мекен-жайы

  

11.3.

Филиалды (өкілдікті) құрастыратын заңды тұлғаның СТН

  

11.4.

Филиалды (өкілдікті) құрастыратын заңды тұлғаның ОҚЖК

  

12.

Тіркелетін заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) орналасу орны туралы мәліметтер

  

12.1.

Почта индексі

  

12.2.

Ауданы

  

12.3.

Қала\район

  

12.4.

Қала ішіндегі район

  

12.5.

Елді мекен (село, поселке)

  

12.6.

Көше, ықшам аудан, махалла, тұйық көше, даңғыл

  

12.7.

Үйдің N

  

12.8.

Пәтер (офис) N

  

12.9.

Телефон нөмірі

  

12.10.

Факс нөмірі

  

12.11.

Электрондық почтаның мекен-жайы

  

13.

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) басшысы:

  

13.1.

Қазақстан Республикасының жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес аты-жөні  

  

13.1.1

Фамилиясы

  

13.1.2

Аты

  

13.1.3

Тегі

  

13.2.

Жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес аты-жөні (болған жағдайда бейрезидент үшін ағылшын тілінде толтыру)

  

13.2.1

Фамилиясы

  

13.2.2

Аты

  

13.2.3

Тегі

  

13.3.

Телефон  

  

13.4

Факс

  

13.5.

е-mаіl

  

13.6.

СТН

  

13.7.

ҚР азаматтығының жеке басын куәландыратын құжат

  

13.7.1

Сериясы

  

13.7.2

Берілген датасы

  

13.7.3

Кіммен берілген

  

13.8.

Басшы шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға болып табылған жағдайда:

  

13.9.

Тұрақты тұрғылықты елдің атауы (басшы шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға болып табылған жағдайда толтырылады)

  

13.9.1.

СТН болмаған жағдайда тіркелуші (азаматтық) елдің салықтық тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі (шетел азаматымен немесе азаматтығы жоқ тұлғалармен       ғана толтырылады)

  

13.9.1.1.

СТН

  

13.9.1.2

Бейрезиденттің салықтық тіркеу нөмірі

  

13.9.2.

Шетел азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат:

  

13.9.2.1

Құжат атауы

  

13.9.2.2

Сериясы, нөмірі

  

13.9.2.3

Берілген датасы

  

14.

Қаржылық қызметінің түрі (ЭҚСТ мемлекеттік классификаторына сәйкес):

  

14.1.

Негізгі:

  

14.1.1.

Атауы

  

14.1.2.

Коды

  

14.1.3.

%

  

14.2.

Басқалар (кайталамалар):

  

14.2.1.

Атауы

  

14.2.2.

Коды

  

14.2.3.

%

  

  

Біреуден көп басқа да қызмет түрлерінің болуы жағдайында ұқсастығына қарай келесі жолдарды толтыру қажет:

  

15.

Жеке меншік нысаны:

  

15.1.

Мемлекеттік

  

15.2.

Жеке

  

16.

Орын алған___ адамның күтілетін (шамамен) саны

  

17.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары бойынша, олардың үлестерін (мың теңге) көрсете отырып жарғылық капиталды тарату:

  

17.1.

Мемлекеттік (мың теңге, %)

  

17.2.

Жеке меншік (мың теңге, %)

  

18.

Құрылтайшылар (қатысушылар) құрамы:

  

19.

Заңды тұлға-құрылтайшылар:

  

19.1.

Құрылтайшы атауы

  

19.1.1.

Мемлекеттік

  

19.1.2.

Орыс тілі

  

19.2.

Құрылтайшының елі (құрылтайшы бейрезидент болып табылған жағдайда)

  

19.3.

Резидент құрылтайшысының ОҚЖК, не болмаса бейрезидент үшін қызметтің түрі

  

19.4.

Инкорпорация елінде құрылтайшының СТН (салықтық тіркеу нөмірі (СТН ұқсас) (бейрезидентпен толтырылады)

  

19.4.1.

СТН

  

19.4.2.

Бейрезиденттің салықтық тіркеу нөмірі

  

19.4.3.

Жарғылық капиталындағы % үлесі

  

19.4.4.

Салым сомасы (мың теңге)

  

  

Құрылтайшылар саны біреуден көп болған жағдайда Хабарламаға ұқсастығы бойынша жолдарды толықтыру қажет

  

19.2.

Жеке тұлға-құрылтайшылар

  

19.2.1.

Қазақстан Республикасының азаматтығының жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес аты-жөні (бар болған жағдайда бейрезиденттер үшін ағылшын тілінде толтыру)

  

19.2.1.1

Фамилиясы

  

19.2.1.2

Аты

  

19.2.1.3

Тегі

  

19.2.3.

Инкорпорация елінде құрылтайшының СТН (салықтық тіркеу нөмірі (СТН ұқсас) (бейрезиденттермен толтырылады)

  

19.2.3.1.

СТН

  

19.2.3.2.

Бейрезиденттің салықтық тіркеу нөмірі

  

19.2.4.

Жарғы капиталындағы % үлесі

  

19.2.5.

Салым сомасы (мың теңге)

  

  

Құрылтайшылар саны біреуден көп болған жағдайда Хабарламаға ұқсастығы бойынша жолдарды толықтыру қажет

  

20.

Қайта ұйымдастыру заңды тұлғаның құрылуына негіз болады (сәйкес ұяшықта "X" белгілеңіз):

  

20.1.

Келіп қосылуы

  

20.2.

Бірігіп қосылуы

  

20.3.

Бөлінуі

  

20.4.

Бөлініп шығуы

  

20.5.

Қайта құруы

  

20.6.

Жоғарыда көрсетілген жолдарда "X" белгілеген жағдайда келесі сәйкес жолдардың біреуін толтыру қажет:

  

20.6.1.

Заңды тұлғалардың келіп қосылу нәтижесінен құрылған (атауын, СТН және ОҚЖК, келіп қосылуға қатысқан тұлғаларды көрсету)

  

20.6.1.1.

СТН

  

20.6.1.2.

ОҚЖК

  

  

Келіп қосылған заңды тұлғалардың саны біреуден көп болған жағдайда Хабарламаға ұқсастығы бойынша жолдарды толықтыру қажет

  

20.6.2.

Заңды тұлғалардың қосылу нәтижесінен құрылған (атауын, СТН және ОҚЖК, қосылуға қатысқан тұлғаларды көрсету)

  

20.6.2.1.

Қосылған заңды тұлғаның толық атауы

  

20.6.2.2.

СТН

  

20.6.2.3.

ОҚЖК

  

  

Қосылған заңды тұлғалардың саны біреуден көп болған жағдайда Хабарламаға ұқсастығы бойынша жолдарды толықтыру қажет

  

20.6.3.

Заңды тұлғалардың бөліну нәтижесі болып табылу (қайта құрылған заңды тұлғалардың атауын, СТН және ОҚЖК, көрсету)

  

20.6.3.1.

Жойылатын заңды тұлғаның толық атауы

  

20.6.3.2.

СТН

  

20.6.3.3.

ОҚЖК

  

20.6.4.

Әрекет етуші заңды тұлғалардың құрамынан бөліну нәтижесі болып табылу (заңды тұлға бөлініп шыққан, әрекет етуші заңды тұлғалардың атауын, СТН және ОҚЖК, көрсету)

  

20.6.4.1.

Әрекет етуші заңды тұлғаның толық атауы

  

20.6.4.2.

СТН

  

20.6.4.3.

ОҚЖК

  

20.6.5.

Заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде құрылды (заңды тұлғаның бұрынғы атауын, СТН, ОҚЖК, көрсету)

  

20.6.5.1.

Қайта құруға дейінгі заңды тұлғаның бұрынғы атауы

  

20.6.5.2.

СТН

  

20.6.5.3.

ОҚЖК

  

21.

Жеке кәсіпкерлік субъектісі:

  

21.1.

Ірі

  

21.2.

Орташа

  

21.3.

Шағын

  

21.4.

Микробизнес

  

22.

Коммерциялық, коммерциялық емес

  

22.1.

Коммерциялық

  

22.2.

Коммерциялық емес

  

23.

Еншілес ұйым:

  

23.1.

Иә

  

23.2.

Жоқ

  

24.

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан орны өзгерген жағдайда бұрынғы мекен-жайын көрсету:

  

24.1.

Почта индексі

  

24.2.

Аудан

  

24.3.

Қала\район

  

24.4.

Қала ішіндегі район

  

24.5.

Елді мекен (село, поселке)

  

24.6.

Көше, ықшам аудан, махалла, тұйық көше, даңғыл

  

24.7.

Үйдің N

  

24.8.

Пәтер (офис) N

  

24.9.

Телефон нөмірі

  

24.10.

Факс нөмірі

  

24.11.

Электрондық почтаның мекен-жайы

  

24.12.

Басшы (аты-жөні)

  

24.13.

Басшының СТН

  

                                           Заңды тұлғалар-Алматы
                                          қаласының өңiрлiк қаржы
                                         орталығының қатысушыларын
                                             мемлекеттiк тiркеу
                                         (қайта тiркеу) Ережесiне
                                                  4 қосымша

Берілген құжаттардың N__ тізімдемесі

Құжатты берген органның атауы
________________________________________________________________

Келесі құжаттар ____________________________________ -ға берілді
                          (тіркеуші органның атауы)

1.
2.
3.

Жеткізу датасы ______________  Уақыты___________________________
Табыс ету туралы қолы __________________________________________
                 (құжатты берген орган қызметкерінің аты-жөні) (қолы)

Алу туралы қолы ________________________________________________
    (Құжаттарды қабылдап алушы органның қызметкерінің аты-жөні) (қолы)

                                           Заңды тұлғалар-Алматы
                                          қаласының өңiрлiк қаржы
                                         орталығының қатысушыларын
                                             мемлекеттiк тiркеу
                                         (қайта тiркеу) Ережесiне
                                                  5 қосымша

         Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк
           қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi

            Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы
                            куәлiгi

                        ______________________
                             Тiркеу нөмiрi

______________________                 "____" ____________ 200__ж.
         қала

Атауы: ____________________________________________________________
Орналасқан жерi: __________________________________________________
Куәлiк Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Қазақстан
Республикасы заңдарының шеңберiнде құрылтайшы құжаттарға сәйкес
қызметтi жүзеге асыруға құқық бередi.

__________                  ______________           ______________
Басшысы                          қолы                    аты-жөнi
M.O.

                                           Заңды тұлғалар-Алматы
                                          қаласының өңiрлiк қаржы
                                         орталығының қатысушыларын
                                             мемлекеттiк тiркеу
                                         (қайта тiркеу) Ережесiне
                                                  6 қосымша

                                         _________________________
                                          Тiркеушi органның атауы

           Заңды тұлғаның таратылуын (есептен алу туралы)
                        тiркеу туралы өтiнiш

1. Ұйымның нысаны (тиiстi х ұясында көрсетiңiз)
1) заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының
Қатысушысы (әрi қарай - қаржы орталығының қатысушысы) _____________
2. Есептен алуға жататын қаржы орталығының қатысушысы-таратылатын
заңды тұлғаның атауы ______________________________________________
3. Қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаның тiркеу нөмiрi ____
4. Тарату негiзi __________________________________________________
5. Қаржы орталығының қатысушысы-заңды тұлғаны тарату
(тиiстi x ұясында көрсетiңiз)
1) өз еркiмен ________    2) мәжбүрлеу __________
6. Тарату (есептен алу) туралы шешiм қабылданды (тиiстi х ұясында
көрсетiңiз) _______________________________________________________
1) мүлiктiң иесi __________________________________________________
2) меншiк иесiмен уәкiл етiлген орган _____________________________
3) сотпен _________________________________________________________
4) құрылтайшы құжаттармен уәкiл етiлген, қаржы орталығының
қатысушысы-заңды тұлғаның органы __________________________________
7. шешiм нөмiрi және оның қабылданған күнi ________________________
8. Қаржы орталығының қатысушысы-заңды тұлғаны тарату туралы
хабарлама жарияланған баспа органының атауы _______________________
9. жарияланған нөмiрi және датасы _________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
10. аралық тарату балансы бекiтiлдi (нөмiрi және датасын көрсету)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
11. тарату балансы бекiтiлдi (нөмiрi және датасын көрсету)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Өтiнiш берушiнiң аты-жөнi және қолы

"___"______________ 200__ жыл
Өтiнiшке қосымша берiледi: