"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
7-бабының 7) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың:
1) "Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 248
бұйрығының
(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1876 болып тiркелдi, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдарының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланды, 2002 ж., N 30, 650-құжат);
2) "2002 жылғы 30 мамырдағы N 248 бұйрыққа өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 17 қазандағы N 503
бұйрығының
(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2025 болып тiркелдi) күшi жойылған деп танылсын.
3. Мемлекеттiк активтердi басқару әдiснамасы департаментi (Ж.Н.Айтжанова) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 26 шілдедегі
N 273 бұйрығы бекітілген
1. Осы Ереже "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiн алу үшiн аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау - Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) ережелердiң 6-тармағында көрсетiлген пән бойынша бiлiктiлiк емтихандар тапсыру арқылы аудиторлыққа кандидаттардың бiлiктiлiк деңгейiн анықтауы;
2) бiлiктiлiк емтиханы (бұдан әрi - емтихан) - модульдiк тапсырманы шешу жолымен аудиторлыққа кандидаттардың бiлiмiн тексеру;
3) модульдiк тапсырма - ережелердiң 6-тармағында көрсетiлген кемiнде 2 (екi) пәндi қамтитын аудит саласында тәжiрибелiк қызмет үшiн қажеттi аудиторлыққа кандидаттың бiлiмiн, дағдысы мен iскерлiгiн тексерудi ескере отырып, жасалған тапсырмалардың көлемi.
3. Жоғары бiлiмi және соңғы 5 (бес) жылдың кем дегенде 3 (үш) жылында экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқықтық салаларда немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында еңбек өтiлi бар адамдар аттестаттауға жiберiледi.
4. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау Комиссияның жыл сайынғы бекiтiлетiн жұмыс жоспарына сәйкес жылына 2 (екi) рет жүргiзiледi.
5. Аттестаттау өткiзу күнi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және аттестаттау өткiзуге белгiленген күнге дейiн 2 (екi) айдан кешiктiрмей кәсiби аудиторлық ұйымдарға (бұдан әрi - кәсiби ұйымдар) хабарланады.
6. Аудиторлыққа кандидаттар мынадай пәндер бойынша бiлiктiлiк емтиханын тапсырады:
бухгалтерлiк есеп;
қаржы және қаржылық менеджмент;
салық және салық салу;
азаматтық құқық;
банктiк iс;
сақтандыру және зейнетақы заңнамасы;
аудит.
7. Аттестаттауды ойдағыдай аяқтаған адамдарға Комиссияның шешiмiмен "аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгi және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша - әкесiнiң аты көрсетiлген белгiленген үлгiдегi аудитордың жеке мөрi берiледi.
2. Аттестаттаудан өту үшiн
құжаттар тапсыру
8. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға тiркеу үшiн Комиссияға ол белгiлеген құжаттар тiзбесiн ұсынады.
Барлық құжаттар құжат тiгiлетiн папкада тiгiледi, оның сыртқы бетiнде мыналар көрсетiледi: жеке iс N___, аудиторлыққа кандидаттың аты-жөнi, ресiмдеу күнi.
9. Комиссияға құжаттардың түскен кyнi кiрiс хат-хабарлар журналында тiркеледi және кiрiс нөмiрiмен бiрге аудиторлыққа кандидаттың өтiнiшiне қойылады.
Құжаттар почтамен жiберiлген жағдайда, алынған күнi тiркеледi.
10. Бiлiктiлiк емтихандарын тапсыруға тiркелген аудиторлыққа кандидаттардың тiзiмi Комиссия төрағасының (ол болмағанда Төраға орынбасарының) өкiмiмен бекiтiледi. Жiберу туралы шешiм кандидаттың назарына аттестаттау өткiзу басталғанға дейiн екi аптадан кем болмайтын мерзiмде ауызша немесе жазбаша нысанда жеткiзiледi.
11. Аттестаттаудан өту үшiн Комиссияға тапсырылған құжаттардағы мәлiметтердiң растығына жауапкершiлiк аудиторлыққа кандидатта болады.
12. Аттестаттау өткiзу осы Ережеге және Комиссия бекiткен және осы Ережеге қайшы келмейтiн емтиханды өткiзу туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
13. Емтихандарды өткiзу үшiн Комиссия:
модульдiк тапсырмаларды қалыптастырады;
емтихандарды өткiзудi ұйымдастырады;
аудиторлыққа кандидаттардың емтихан жұмыстарын тексерудi және бағалауды жүргiзедi.
14. Емтихандар өткiзу Комиссия бекiткен кесте бойынша өткiзiледi. Емтиханның кестесi мен өткiзiлетiн орны аттестаттаудан өтушiлерге бiрiншi емтихан басталғанға дейiн 10 (он) күнтiзбелiк күннен кем емес мерзiм iшiнде хабарланады.
15. Емтихан жазбаша түрде модульдiк тапсырманы орындау арқылы жүргiзiледi.
Модульдiк тапсырма теориялық сұрақтарды, практикалық тапсырмаларды, тестiлердi қоса алғанда, кемiнде 4 (төрт) тапсырманы қамтиды.
16. Модульдiк тапсырма аудиторлыққа кандидаттың қалауы бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде орындалады.
17. Комиссия қағаздар, қаламсаптар, калькуляторлар таратуды, сондай-ақ орындалған емтихандық жұмыстарды жинауды және оларды акт бойынша Комиссия төрағасына (ол болмағанда Төраға орынбасарына) берудi қоса алғанда, емтихан өткiзудi тiкелей қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
18. Модульдiк тапсырмасы бар конверттердi емтихан басталғанға дейiн 20 (жиырма) минут бұрын аудиторлыққа кандидаттар мен Комиссия мүшелерiнiң қатысуымен Комиссия төрағасы (ол болмағанда Төраға орынбасары) ашады.
19. Емтихандар аяқталғаннан кейiн Комиссияның Төрағасы (ол болмаса Төрағаның орынбасары) емтихан жұмыстарына кандидаттың аты-жөнiн көрсетпей, төрт мағыналы код қою арқылы кодтайды, ол сол сәтте емтихан карточкасына көшiрiледi.
20. Емтихан жұмыстарының кодын тiкелей Комиссия отырысында Комиссия Төрағасы (ол болмаса Төрағаның орынбасары) және мүшелерi ашады.
21. Уәкiлеттi органның және басқа мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi қадағалаушы ретiнде аттестаттаудың барлық рәсiмдерiне қатыса алады.
22. Бiлiктiлiк емтиханының нәтижесi 100 баллдық жүйе бойынша бағаланады. Орындалған модульдiк тапсырма үшiн сомасы 75 (жетпiс бес) және одан көп балл алған кандидат бiлiктi емтиханды ойдағыдай тапсырған болып саналады.
23. Әрбiр емтихан жұмысын бiр-бiрiне қатысы жоқ Комиссияның екi мүшесi бөлек-бөлек тексередi, оның нәтижесiнде екi қорытындының орташа арифметикалық бағасы шығарылады. Қорытындыларда 10 баллдан астам айырмашылық болған кезде және нақтылауды талап ететiн жағдайларда, емтихан жұмысын Комиссия мүшелерiнiң қатарынан үшiншi тәуелсiз маман тексередi. Мұндай жағдайларда, жиынтық қорытынды орташа арифметикалық үш бағаны құрайды.
24. Барлық емтихандар бойынша бағалау рәсiмi аяқталғаннан кейiн 10 (он) күннен кешiктiрмей бағаны бекiту туралы шешiм Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады, ол хаттамаға жазылады және отырысқа қатысушы Комиссияның барлық мүшелерi әр
бетiне қол қояды.
Емтихан қорытындылары жұмыстарды бағалауды бекiткеннен кейiн келесi күнi кандидаттарға жазбаша түрде хабарланады.
25. Аудиторлыққа әрбiр кандидаттың дербес қорытындылары оның емтихан карточкасына енгiзiледi, ол аудиторлыққа кандидаттың басқа құжаттарымен бiрге тiгiледi. Бағаға қарамастан, орындалған модульдiк тапсырмалар кандидаттарға қайтарылмайды және шағым берген жағдайда, шағымдану кеңесiне танысу үшiн берiледi.
26. Аттестаттау қорытындылары Комиссияның төрағасы (ол болмаса Төрағаның орынбасары) мен барлық мүшелерi қол қоятын хаттамаға жазылады.
27. Емтихан жұмысының қорытындыларына келiспеген жағдайда, аудиторлыққа кандидаттардың шағымдануға құқығы бар.
28. Шағымдану кеңесiнiң құрамын әрқашан өтiнiш бергеннен кейiн Комиссияның төрағасы (ол болмаса Төрағаның орынбасары) бекiтедi.
Шағымдану кеңесiнiң құрамына емтихан жұмыстарын бағалауға қатыспаған Комиссияның кемiнде 2 (екi) мүшесi кiредi.
29. Емтихан бағасы жөнiнде шағымдану емтихан қорытындылары туралы жазбаша хабарлама күнiнен кейiнгi 3 (үш) күннен кешiктiрмей жазбаша түрде берiлуi тиiс.