"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
7-бабының 7) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың:
1) "Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 248
бұйрығының
(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1876 болып тiркелдi, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдарының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланды, 2002 ж., N 30, 650-құжат);
2) "2002 жылғы 30 мамырдағы N 248 бұйрыққа өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 17 қазандағы N 503
бұйрығының
(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2025 болып тiркелдi) күшi жойылған деп танылсын.
3. Мемлекеттiк активтердi басқару әдiснамасы департаментi (Ж.Н.Айтжанова) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 26 шілдедегі
N 273 бұйрығы бекітілген
Аудиторлыққа кандидаттарды
аттестаттаудан өткiзу ережесi
1. Осы Ереже "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiн алу үшiн аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау - Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) аудиторлыққа кандидаттардың бiлiмiн және дағдыларын Ереженің 6-тармағында көрсетiлген пәндер бойынша бiлiктiлiк емтихандар қабылдау арқылы анықтау рәсімі;
2) бiлiктiлiк емтиханы (бұдан әрi - емтихан) - модульдiк тапсырманы шешу жолымен аудиторлыққа кандидаттардың бiлiмiн тексеру, білімі мен дағдыларын тексеру нысаны;
3) модульдiк тапсырма - ережелердiң 6-тармағында көрсетiлген кемiнде 2 (екi) пәндi қамтитын аудиторлыққа кандидаттың аудиторлық қызмет саласында қажетті бiлiмін және дағдыларын тексеру үшін жасалған тапсырмалардың көлемi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
3. Жоғары бiлiмi және кем дегенде 3 (үш) жылында экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқықтық салаларда немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында еңбек өтiлi бар адамдар аттестаттауға жiберiледi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
4. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау Комиссия жыл сайынғы бекiтiлетiн жұмыс жоспарларына сәйкес әр 3 (үш) айда, жылына 4 (төрт) рет жүргiзiледi.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
5. Аттестаттау өткiзу күнi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және аттестаттау өткiзуге белгiленген күнге дейiн 2 (екi) айдан кешiктiрмей кәсiби аудиторлық ұйымдарға (бұдан әрi - кәсiби ұйымдар) хабарланады.
6. Аудиторлыққа кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:
бухгалтерлік есеп;
қаржы және қаржы менеджменті;
салық және салық салу;
азаматтық құқық;
банктік іс;
сақтандыру және зейнетақы заңнамасы;
аудит.
Бухгалтерлік есеп және аудит саласында Associate Chartered Accountant (ASA), Certified Accountants (CA), Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), Certified International Professional Accountant (CIPA), Certified Public Accountant (CPA), Institute of Financial Accountants (IFA), The Association of Chartered Certified Accountants (ACCA) Халықаралық сертификаттары бар аудиторлыққа кандидаттар, келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:
салық және салық салу;
азаматтық құқық;
банктік іс;
сақтандыру және зейнетақы заңнамасы.
Chartered Finance Analyst (CFA), Certified Management Accountant (CMA), Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA), International Association of Book-keepers (IAB) Халықаралық сертификаттары бар аудиторлыққа кандидаттар, келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:
қаржы және қаржы менеджменті;
салық және салық салу;
азаматтық құқық;
банктік іс;
сақтандыру және зейнетақы заңнамасы;
аудит.
Адвокатқа, нотариусқа, судьяға, біліктілік емтиханын тапсырған аудиторлыққа кандидаттар, "азаматтық құқық" пәнінің емтиханынан босатылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
7. Аттестаттауды ойдағыдай аяқтаған адамдарға Комиссияның шешiмiмен "аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгi және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша - әкесiнiң аты көрсетiлген белгiленген үлгiдегi аудитордың жеке мөрi берiледi.
2. Аттестаттаудан өту үшiн
құжаттар тапсыру
8. Аудиторлыққа кандидат аттестаттауға тiркелу үшiн Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) пәннің (пәндердің) атауын көрсетілген өтініш (әр емтиханға);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімін куәландыратын құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;
4) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілік алғанын растайтын құжаттың (ол болған жағдайда) нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің тұратын мекен-жайы бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден оларды Комиссияға ұсынғанға дейінгі бір айдан аспайтын мерзімде берілген медициналық анықтамалар;
6) өтініш берушінің тұратын мекен-жайы бойынша оны Комиссияға ұсынғанға дейінгі бір айдан аспайтын мерзімде бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып берілген сотталмағандығы туралы анықтама;
7) экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
8) Адвокатқа, нотариусқа, судьяға біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы (бар болған жағдайда) құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
Барлық құжаттар құжат тiгiлетiн папкаға қыстырылады, оның сыртқы бетiнде: N___ Жеке iс, аудиторлыққа кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, ресiмдеу күнi көрсетiледi.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
9. Комиссияға құжаттардың түскен кyнi кiрiс хат-хабарлар журналында тiркеледi және кiрiс нөмiрiмен бiрге аудиторлыққа кандидаттың өтiнiшiне қойылады.
Құжаттар почтамен жiберiлген жағдайда, алынған күнi тiркеледi.
10. Бiлiктiлiк емтихандарын тапсыруға тiркелген аудиторлыққа кандидаттардың тiзiмi Комиссия төрағасының (ол болмағанда Төраға орынбасарының) өкiмiмен бекiтiледi. Жiберу туралы шешiм кандидаттың назарына аттестаттау өткiзу басталғанға дейiн екi аптадан кем болмайтын мерзiмде ауызша немесе жазбаша нысанда жеткiзiледi.
11. Аттестаттаудан өту үшiн Комиссияға тапсырылған құжаттардағы мәлiметтердiң растығына жауапкершiлiк аудиторлыққа кандидатта болады.
12. Аттестаттау өткiзу осы Ережеге және Комиссия бекiткен және осы Ережеге қайшы келмейтiн емтиханды өткiзу туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
13. Комиссияның емтихандарын өткізу үшін:
мемлекеттік және орыс тілдерінде модульдік тапсырмалар қалыптастырады;
емтихандардың өткізілуін ұйымдастырады;
аудиторға кандидаттардың емтихандық жұмыстарын тексерулердi және бағалауларды жүргiзедi.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
14. Емтихандар өткiзу Комиссиялар бекiткен кестелер бойынша өткiзiледi. Емтиханның кестесi мен өткiзiлетiн орны аттестаттаудан өтушiлерге бiрiншi емтихан басталғанға дейiн 10 (он) күнтiзбелiк күннен кем емес мерзiм iшiнде хабарланады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
15. Емтихан жазбаша түрде модульдiк тапсырманы орындау арқылы жүргiзiледi.
Модульдiк тапсырма теориялық сұрақтарды, практикалық тапсырмаларды, тестiлердi қоса алғанда, кемiнде 4 (төрт) тапсырманы қамтиды.
16. Модульдiк тапсырма аудиторлыққа кандидаттың қалауы бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде ұсынылады және орындалады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
17. Комиссия қағаздар, қаламсаптар, калькуляторлар таратуды, сондай-ақ орындалған емтихандық жұмыстарды жинауды және оларды акт бойынша Комиссия төрағасына (ол болмағанда Төраға орынбасарына) берудi қоса алғанда, емтихан өткiзудi тiкелей қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
18. Модульдiк тапсырмасы бар конверттердi емтихан басталғанға дейiн 20 (жиырма) минут бұрын аудиторлыққа кандидаттар мен Комиссия мүшелерiнiң қатысуымен Комиссия төрағасы (ол болмағанда Төраға орынбасары) ашады.
19. Емтихандар аяқталғаннан кейiн Комиссияның Төрағасы (ол болмаса Төрағаның орынбасары) емтихан жұмыстарына кандидаттың аты-жөнiн көрсетпей, төрт мағыналы код қою арқылы кодтайды, ол сол сәтте емтихан карточкасына көшiрiледi.
20. Емтихан жұмыстарының кодын тiкелей Комиссия отырысында Комиссия Төрағасы (ол болмаса Төрағаның орынбасары) және мүшелерi ашады.
21. Комиссиялар өткізген біліктілік емтихандарының нәтижелері Қазақстан Республикасының аумағында бірдей заң күшіне ие және бес жыл мерзімге жарамды.
Комиссиялар берген "аудитор" біліктілік куәліктері Қазақстан Республикасының аумағында бірдей заң күшіне ие.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
22. Бiлiктiлiк емтиханының нәтижесi 100 баллдық жүйе бойынша бағаланады. Орындалған модульдiк тапсырма үшiн сомасы 75 (жетпiс бес) және одан көп балл алған кандидат бiлiктi емтиханды ойдағыдай тапсырған болып саналады.
23. Әрбiр емтихан жұмысын бiр-бiрiне қатысы жоқ Комиссияның екi мүшесi бөлек-бөлек тексередi, оның нәтижесiнде екi қорытындының орташа арифметикалық бағасы шығарылады. Қорытындыларда 10 баллдан астам айырмашылық болған кезде және нақтылауды талап ететiн жағдайларда, емтихан жұмысын Комиссия мүшелерiнiң қатарынан үшiншi тәуелсiз маман тексередi. Мұндай жағдайларда, жиынтық қорытынды орташа арифметикалық үш бағаны құрайды.
24. Барлық емтихандар бойынша бағалау рәсiмi аяқталғаннан кейiн 10 (он) күннен кешiктiрмей бағаны бекiту туралы шешiм Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады, ол хаттамаға жазылады және отырысқа қатысушы Комиссияның барлық мүшелерi әр
бетiне қол қояды.
Емтихан қорытындылары жұмыстарды бағалауды бекiткеннен кейiн келесi күнi кандидаттарға жазбаша түрде хабарланады.
25. Аудиторлыққа әрбiр кандидаттың дербес қорытындылары оның емтихан карточкасына енгiзiледi, ол аудиторлыққа кандидаттың басқа құжаттарымен бiрге тiгiледi. Бағаға қарамастан, орындалған модульдiк тапсырмалар кандидаттарға қайтарылмайды және шағым берген жағдайда, шағымдану кеңесiне танысу үшiн берiледi.
26. Аттестаттау қорытындылары Комиссияның төрағасы (ол болмаса Төрағаның орынбасары) мен барлық, аттестацияға қатысқан мүшелерi қол қоятын хаттамаға жазылады.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
27. Емтихан жұмысының қорытындыларына келiспеген жағдайда, аудиторлыққа кандидаттардың емтихан нәтижелерін қайта тексеру туралы арыз беру арқылы шағымдануға құқығы бар.
Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
28. Аудиторлыққа кандидаттың арызы түскен жағдайда Комиссияның төрағасы (ол болмаса Төрағаның орынбасары) әр емтихан бойынша шағымдану кеңесінің құрамын бекiтедi. Шағымдану кеңесiнiң құрамына емтихан жұмыстарын бағалауға қатыспаған Комиссияның тақ санындағы мүшелерi кiредi.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
29. Емтихан бағасы жөнiнде шағымдану емтихан қорытындылары туралы жазбаша хабарлама күнiнен кейiнгi 3 (үш) жұмыс күннен кешiктiрмей жазбаша түрде берiлуi тиiс.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.20.
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
30. Шағым аудиторлыққа кандидаттың қатысуынсыз 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде қаралады.
31. Шағым берген аудиторлыққа кандидаттың емтихан жұмысымен,
сондай-ақ шағымдану кеңесi шешiм шығарғаннан кейiн шағымдану кеңесiнiң бағалау қорытындыларымен танысуға құқылы. Қайталама шағым қарауға қабылданбайды.
32. Аудиторлыққа кандидат Комиссияның шешiмiн сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.