Ескерту: Мәтін бойынша "стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды", "стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар", "стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор" деген сөздер "сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды", "Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар", "Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау, сондай-ақ сарапшы-аудитор аттестатын беру, тоқтату немесе жоққа шығару Ережесі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
3. "Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 сәуірдегі N 118 (N 3597 нөмірімен 2005 жылғы 27 сәуірде нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2005 жылғы қыркүйектегі N 18 Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған)
бұйрығы
күшін жойды деп есептелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология
комитеті Төрағасының
2006 жылғы 20 шілдедегі N 305
бұйрығымен бекітілген
Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және
аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және
аккредиттеу, сондай-ақ сарапшы-аудитор аттестатын беру,
тоқтату немесе жоққа шығару
Ережесі
Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы екінші абзацының 11) тармақшасына, 16-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау тәртібін, сондай-ақ сарапшы-аудитор аттестатын беру, тоқтату немесе күшін жою тәртібін белгілейді.
1) сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар (бұдан әрі - сарапшы-аудиторлар) - техникалық реттеу және метрология саласында уәкілетті орган бекіткен тәртіппен аттестатталған маман;
1-1) оқу орталығы - сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және қайта даярлауды жүзеге асыру жөніндегі, уәкілетті орган ведомствосына қарасты кәсіпорында әрекет ететін орталық;
2) сарапшы-аудиторды аттестаттау - сарапшы-аудиторлардың құзыреттілігін уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес бағалау мен растау жөніндегі әрекет;
3) сарапшы-аудитордың құзыреттілігі - маманның стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөнінде жұмысты орындау үшін қажетті білімінің, машығының, дағдысының және жеке қасиеттерінің жиынтығы;
4) сарапшы-аудитор аттестаты - маманның көрсетілген аттестаттау саласында қызмет атқаруы үшін аттестатталғанын растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
5) сарапшы-аудиторлыққа кандидат - уәкілетті орган комиссиясының қарауына өзін сарапшы-аудитор ретінде аттестаттауға қажетті барлық құжаттарды ұсынған маман.
6) аттестаттау саласы - құзыреттілігі аттестатпен расталған сарапшы-аудитордың бір бағыт шегіндегі қызмет саласы.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы
N 172
(қолданысқа енгізілу тәртібін
7-тармақтан
қараңыз) бұйрығымен.
2. Аттестатталған және белгілеген біліктік талаптарына жауап беретін мамандар уәкілетті орган құрған комиссияның ұсынысы бойынша сарапшы-аудиторлар бола алады.
3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы
N 172
(қолданысқа енгізілу тәртібін
7-тармақтан
қараңыз) бұйрығымен.
4. Өнімнің, қызмет көрсетудің және менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметінің ұсынылған бағыттары осы Ереженің 1-қосымшасында берілген.
5. Техникалық реттеу саласында сарапшы-аудиторларды кәсіби даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
1) ұйым басшысы бекіткен және техникалық реттеу саласындағы
уәкілетті органмен келісілген типтік оқу бағдарламалары;
3) бекітілген типтік және оқыту бағдарламаларына сәйкес оқыту процесін жүргізу үшін жабдықталған үймараты;
5) іс-әрекеттің бағыттары бойынша сарапшы-аудитор біліктілігі немесе дәріс беру саласында жұмыс тәжірибесі бар оқытушы қызметкерлері;
6) өтінім берушілерді даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша көкейкестілендірілген нормативтік құжаттар қоры;
7) енгізілген сапа менеджменті жүйесі болуы керек.
Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы
N 172
(қолданысқа енгізілу тәртібін
7-тармақтан
қараңыз) бұйрығымен.
6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын аккредиттеумен, менеджмент жүйесін сертификаттаумен байланысты бағыттар бойынша машықтану теориялық оқу курсы аяқталған сәттен бастап екі жылдан кешіктірмей, басқа бағыттар бойынша бір жылдың ішінде жүргізіледі.
7. Машықтану жетекшісі ретінде Қазақстан Республикасының сарапшы-аудиторы атағы бар, осы сапада сарапшы-аудиторға кандидаттың машықтанатын бағыты бойынша кемі екі жыл жұмыс істеген маман тағайындалады.
Машықтанудан өту базасында машықтанудан өткізу қарастырылған ұйымның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
8. Қазақстан Республикасында аттестаттаудың жаңа салалары бойынша сарапшы-аудиторларды машықтандыру үшін жағдай болмаған жағдайда машықтандыру жетекшісін тағайындау туралы шешімді ұйым басшысы отыз күн ішінде уәкілетті органның келісімі бойынша қабылдайды.
1) тауардың шыққан елін анықтау - төрт машықтану (құжаттарды әзірлеу, дайындау және сараптама жүргізуді қоса);
2) менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар үшін - жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен артық болмайтын кем дегенде төрт машықтану (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар жөнінде есеп беруді құрастыруды қоса);
3) өнім мен қызмет көрсетудің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар үшін - кемі бес машықтану (әр түрлі сызбалар бойынша сертификаттау жұмыстарына қатысуды қоса);
4) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар үшін - сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және/немесе сынақ зертханаларын (орталықтарын) аттестаттық зерттеу жөніндегі комиссия жұмысына қатысуды қоса, кемі төрт машықтану болуы тиіс.
Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы
N 172
(қолданысқа енгізілу тәртібін
7-тармақтан
қараңыз) бұйрығымен.
10. Білім, теориялық және практикалық дайындық аттестаттаудың мәлімделген саласына сәйкес келуі тиіс.
11. Мамандардың тәжірибесіне, біліміне, меңгерген арнайы курсына, біліктілігін көтеруге және өткен машықтануына байланысты маман қызметтің бір немесе бірнеше бағыттарына аттестаттала алады.
3. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау, қайта
аттестаттау жүргізу, аттестаттарын беру,
тоқтату және жоққа шығару тәртібі
12. Сарапшы-аудитор ретінде аттестатталуға үміткер кандидат Комиссияға өтініш, жеке карточка, сарапшы-аудитордың теориялық даярлықтан өткені туралы куәліктің нотариалдық расталған көшірмесін және білімі туралы дипломын, машықтанудан өткені туралы есеп және еңбек еткен қызметін растайтын құжаттар беруі тиіс.
Жеке карточканың және мінездеме-пікірі бар машықтанудан өткені туралы есеп беру нысандары осы
ереженің
2 және
3 қосымшаларымен
бекітілген.
13. Комиссия уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оны алмастырушы тұлға бекіткен Сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия туралы ережеге сәйкес әрекет етеді.
3) сарапшы-аудитор аттестатын рәсімдеу және оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізбесіне тіркеу.
Құжаттарды қараудың және сарапшы-аудиторларды аттестаттау нәтижелері туралы уәкілетті органның шешім қабылдауының жалпы мерзімі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір айдан артық болмауы тиіс.
15. Оң шешім қабылданған жағдайда сарапшы-аудиторлыққа кандидатқа аттестат беріледі. Аттестатқа уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
17. Теріс шешім қабылданған жағдайда Комиссия сарапшы-аудиторлыққа кандидатқа себебі негізделіп бас тарту қағазын жібереді.
Материалдарды Комиссияға қайтадан жіберу бас тартуды алғаннан кейін үш айдан ерте емес мерзімде жүзеге асырылады.
18. Аттестаттың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемі бір ай ішінде сарапшы-аудитор Комиссияға аттестаттың жарамдылық мерзімін созу туралы өтініш жіберуі тиіс.
Аттестаттың жарамдылық мерзімі ұзартылған жағдайда сарапшы-аудитор Комиссияға өтініш, жеке карточкасын, сарапшы-аудитор аттестатының көшірмесін, сарапшы-аудитордың біліктілігін арттыру туралы куәліктің және білімі туралы дипломның нотариалдық расталған көшірмесін, осы Ереженің
4-қосымшасына
сәйкес сарапшы-аудитордың сәйкес бағыттарда және аттестаттау салаларында атқарған қызметтері туралы есеп және сарапшы-аудитордың біліктілігін растайтын құжаттар беруі тиіс.
Біліктілігін растау үшін сарапшы-аудитор:
өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор - жылына кемі үш тексеру;
тауардың шыққан елін анықтау жөніндегі сарапшы-аудитор - жылына кемі бес сараптама немесе үш құжатты әзірлеу;
сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу жөніндегі сарапшы - аудитор - жылына кемі үш тексеріс жүргізуі немесе жүргізуге қатысуы керек.
Есепке сарапшы-аудитор мен сарапшы-аудитор жұмыс істейтін ұйым басшысы қол қоюы керек. Ақпараттың растығы мен сапалы орындалуына сарапшы-аудитор жауап береді.
Біліктілікті арттыру курстарында оқу үш жылда кемі бір рет жүргізілуі тиіс.
Қайта аттестаттаудан оң нәтиже алынған жағдайда Аттестаттың жарамдылық мерзімі үш жылға ұзартылады. Бұл жағдайда сарапшы-аудиторға бұрынғы тіркеу нөмірі сақталған жаңа Аттестат беріледі.
Аттестаттың жарамдылық мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш түскен күннен бастап бір айдан артық болмауы тиіс.
Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы
N 172
(қолданысқа енгізілу тәртібін
7-тармақтан
қараңыз) бұйрығымен.
19. Теріс нәтиже алынған, сондай-ақ аттестаттың жарамдылық мерзімін ұзарту үшін құжаттар белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда сарапшы-аудитор Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінің сарапшы-аудиторлар мемлекеттік тізілімнен шығарылады.
2) сарапшы-аудитордың аттестатының жарамдылық мерзімі ішінде сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін анықтау және аккредиттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзғандығы анықталған жағдайда;
3)
алынып тасталды
;
Осы тармақта қарастырылған жағдайларда уәкілетті орган сарапшы-аудитор аттестатының қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, сарапшы-аудитордың аттестатын қолданудың тоқтатылғаны туралы хабарламамен бірге бұйрықтың көшірмесі үш күн ішінде сарапшы-аудитор жұмыс істейтін ұйымға жіберіледі.
Сарапшы-аудитор жұмыс істейтін ұйым басшылығы хабарлама алған күннен бастап сарапшы-аудиторға аттестатының қолданысы тоқтатылған мерзім ішінде аттестаттың сәйкесті бағытында жұмыстарды орындауға тиым салуы қажет.
Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы
N 172
(қолданысқа енгізілу тәртібін
7-тармақтан
қараңыз) бұйрығымен.
21. Аттестаттың қолданысы тоқтатылған мерзім аяқталғаннан кейін сарапшы-аудитор оқудан және осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген машықтану санымен машықтанудан өтуі, уәкілетті органға сарапшы-аудитордың оқудан өткендігі туралы куәліктің нотариалдық расталған көшірмесіне беруі керек.
Талаптарды бұзушылық қайта анықталған жағдайда сарапшы-аудитордың аттестаты жоққа шығарылады.
2) сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін анықтау және аккредиттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталмауы;
3) стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі материалдарды дайындау кезінде біле тұра дүдамал және жалған ақпарат берген жағдайда сарапшы-аудитор аттестатының жарамдылығын жоққа шығаруға шешім қабылдайды.
Ескерту: 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы
N 172
(қолданысқа енгізілу тәртібін
7-тармақтан
қараңыз) бұйрығымен.
23. Осы ереженің 22-тармағында қарастырылған жағдайлар анықталса, уәкілетті орган сарапшы-аудитордың аттестатының жоққа шығарылғаны және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарылғаны туралы бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшірмесі ол шығарылған күні сарапшы-аудитор жұмыс істейтін ұйымға жіберіледі.
Сарапшы-аудитор жұмыс істейтін ұйым басшылығы хабарлама алған күннен бастап сарапшы-аудиторға аттестаттаудың сәйкесті бағытында жұмыстар орындауға тиым салуы және уәкілетті органға үш күн ішінде сарапшы-аудитор аттестатын жіберуі керек.
24. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарылған сарапшы-аудитордан аттестаттауға қайта берген өтінішін сарапшы-аудитор аттестатының жоққа шығарылған күнінен бастап бір жыл өткен соң уәкілетті орган қабылдайды.
1) уәкілетті органның ресми баспа жарияланымында аттестаттың нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімі көрсетіліп, сарапшы-аудитордың аттестатын жарамсыз деп тану туралы мәліметтер жариялауы;
2) уәкілетті органға сарапшы-аудитордың аттестатын жарамсыз деп тану туралы және аттестаттың нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі көрсетілген аттестаттың телнұсқасын беру туралы өтініш беруі және өтінішке ереженің осы тармағының 1-тармақшасында қарастырылған мәліметтердің жарияланғанын растайтын құжатты қоса беруі қажет.
Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін
анықтау және аккредиттеу жөніндегі
сарапшы-аудиторларды даярлау және
аттестаттау, сондай-ақ сарапшы-аудитор
аттестатын беру, тоқтату немесе жоққа
шығару ережесіне 1-қосымша
Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
Өнімнің, қызмет көрсетудің және менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың қызметінің ұсынылатын бағыттары:
4) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу бойынша;
2) қауіп-қатерді және сыни бақылау нүктелерін талдау негізінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі (ХАССП);
Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан
елін анықтау және аккредиттеу
жөніндегі сарапшы-аудиторларды
даярлау және аттестаттау, сондай-ақ
сарапшы-аудитор аттестатын беру,
тоқтату немесе жоққа шығару
ережесіне 2-қосымша
Сарапшы-аудитордың (сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың)
жеке карточкасының нысаны
Суретке арналған орын
сарапшы-аудитордың (сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың)
Жеке карточкасы
____________________________________________________________________
бойынша маманның аттестатталатын жүйе атауы
____________________________________________________________________
(аттестаттау саласы)
Толтырылған күні______________________________________________
1. Жеке деректер
Тегі _______________ Аты _______________Әкесінің аты_________
Туылған жылы ______________Жеке куәлігінің N__________________
Білімі ______________________________________________________
Аяқтаған оқу мекемесінің атауы ______________________________
Аяқтаған жылы_____________диплом N __________________________
Диплом бойынша мамандығы______________________________________
Диплом бойынша біліктілігі____________________________________
Ғылыми деңгейі _______________________________________________
Аттестат _____________________________________________________
(сарапшы-аудитордың)
N _______________ "____"_____200___ж. берілген
Аттестатталған күні___________________________________________
Жұмыс орны ___________________________________________________
Лауазымы ___________________________жұмыс тел. _____________
Тұрғылықты мекен-жайы ________________________________________
2. Өндірістік қызметі:
Күні |
Ұйым, лауазымы |
Негізгі міндеттері |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
|
|
|
|
3.
Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі
жұмыстарға қатысуы.
Тексеретін кәсіпорын (ұйым) атауы және мекен-жайы, орындалған жұмыстар атауы |
Тексерілген (орындалған) күні |
Тексеру (жұмыс) түрі |
3.4 Біліктілікті арттыру
Күні |
Оқу түрі |
Мамандану |
Куәлік N |
Оқыту жұмысын жүргізген оқу орталығы |
_____________________________ ____________________________
сарапшы-аудиторлыққа сарапшы-аудитор қолы және
кандидаттың қолы қолының таралуы
Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан
елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі
сарапшы-аудиторларды даярлау және
аттестаттау, сондай-ақ сарапшы-аудитор
аттестатын беру, тоқтату немесе жоққа
шығару ережесіне 3-қосымша
Сипаттама-пікірмен бірге машықтанудан өткені
туралы есеп беру
Нысаны
Сарапшы-аудиторлыққа кандидаттың машықтанудан өткені туралы
N ____ ЕСЕП
_____________________________________________________________бойынша
(аттестаттау саласы)
____________________________________________________________________
(машықтанушы - кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
(есеп мәтіні)
Машықтанушы ____________________ _____________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Машықтану басшының сипаттама - пікірі:
Бағалау саласы |
Баға (қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз) |
Білімі: |
|
Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздері |
|
Техникалық реттеу саласында негіз қалаушы нормативтік құжаттар |
|
Жұмыстар мен тексерулерді жүргізу әдістері мен процедуралары, тексерілетін объектілерінің сипаттамалары, оларды бағалау әдістері мен тәсілдері, есептерді дайындау, қажетті құжаттар мен жұмыс нәтижелері бойынша қорытындылар |
|
Білімін іс жүзінде пайдалана алуы |
|
Жеке қасиеттерін іске асыруы |
|
Жалпы бағасы |
|
Машықтану басшысы,
____________________________________________________________________
(сарапшы-аудитор, тегі, аты, әкесінің аты, аттестаттың тіркелген
нөмірі, қызмет бағыты, лауазымы, жұмыс орны, жұмыс өтілі)
____________________________________________________________________
(қолы, қолының таралуы)
Ұйым басшысы
____________________________________________________________________
(қолы, қолының таратылуы)
М.О
Есеп мәтінінде:
1) машықтанудан өткен күні(дері), машықтау өткен ұйым атауы мен мекен-жайы (мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркелген ұйымының аккредиттеу аттестатының N);
3) қандай құжаттардың негізінде тексерістің тексерілетін объектісінің сәйкестігі (сәйкеспейтіні) туралы шешім қабылданды, сол құжаттар (сертификаттау процедурасының қорытындысы, сынау хаттамаларының және басқа да құжаттардың нөмірлері) көрсетілген жұмыс жүргізу тәртібі;
4) сәйкестік сертификатын беру туралы қабылданған шешім (тексерілетін ұйымның атауы мен мекен-жайы) көрсетіледі.
Есеп беру кезінде кандидаттың машықтануға қатысқанын растайтын құжаттарының болуы қажет.
Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан
елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі
сарапшы-аудиторларды даярлау және
аттестаттау, сондай-ақ сарапшы-аудитор
аттестатын беру, тоқтату немесе жоққа
шығару ережесіне 4-қосымша
Сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп
Тегі _________________________________________________________
Аты__________________________Әкесінің аты_____________________
Аттестат
______________________________________________________________
(сарапшы-аудиторды аттестаттау бағыты)
N__________________ "____" _________ 200__ж. берілген
Аттестаттау күні
Есеп беру кезеңі "__" ______ 200__ж. және "__"_______ 200_ж.
аралығындағы
Есеп беру кезеңі ішінде орындалған жұмыстар туралы мәліметтер |
Есеп беру кезеңі ішінде орындалған жұмыстар нәтижесі |
|
|
____________________________________________________________________
(негізгі жұмыс орны)
____________________________________________________________________
(Аттестаттың жарамдылығын тоқтату туралы мәліметтер)
____________________________ ______________________________
(сарапшы-аудитордың қолы) (басшының қолы)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология
комитеті Төрағасының
2006 жылғы 20 шілде N 305
бұйрығымен бекітілген
Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және
аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын
біліктілік талаптары
3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде өтінілген аттестаттау саласындағы жұмыс өтілі - кемі екі жыл;