Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі N 265 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 9 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4336

Жаңартылған

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесі бекітілсін.
      2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің     
2006 жылғы 18 шілдедегі  
N 265 бұйрығымен бекітілген

  Кәсіби аудиторлық ұйымдарды 
аккредиттеу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының кәсіби аудиторлық ұйымдарына (бұдан әрі - кәсіби ұйым) аккредиттеу жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Кәсіби ұйымдар уәкілетті органның Заңға сәйкес кәсіби ұйымдардың құқықтық өкілеттігін ресми мойындау мақсатында аккредиттеуден өтеді.

  2. Аккредиттеу жүргізу тәртібі

      3. Кәсіби ұйымдар аккредиттеуден өту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:
      1) қағаз тасығыштарда:
      осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      құрылтайшы құжаттардың, жарғының және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, салық төлеушінің тіркеу нөмірін алғаны туралы куәліктің және статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
      2) қағаз және электрондық тасығыштарда:
      осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымның құрамында аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың бар екендігі туралы мәліметтер;
      осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша органдардың құрылымы, қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер.

      4. Кәсіби ұйымдардың құжаттарын қарау (өтінішті қабылдаған сәттен бастап) және аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылдау мерзімі 10 (он) күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

      5. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - құрылымдық бөлімше) кәсіби ұйымның Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келетіні туралы қорытынды дайындайды және аккредиттеу туралы немесе кәсіби ұйымның аккредиттелуінен дәлелді түрде бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      6. Құрылымдық бөлімше кәсіби ұйымның аккредиттелуіне мынадай жағдайда жазбаша дәлелді бас тарту шығара алады, егер:
      1) осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесі берілмесе;
      2) құжаттарды ресімдеу осы Ереженің 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
      3) берілген құжаттардың дұрыс еместігі белгіленсе.
      Кәсіби ұйым көрсетілген жолсыздықтарды жойған жағдайда, аккредиттеу туралы өтініш жалпы негіздемелерде қаралады.

      7. Уәкілетті органның басшысы айқындайтын лауазымды тұлға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі кәсіби ұйымның аккредиттелуі туралы бұйрыққа қол қояды.

      8. Кәсіби ұйымның аккредиттелуі туралы куәлік аккредиттеуді растайтын ресми құжат болып табылады, Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында жұмыс істейді және уәкілетті орган жүргізетін аккредиттелген кәсіби ұйымдар тізілімінде міндетті тіркеуге жатады.
      Кәсіби ұйымның аккредиттелуі туралы куәлік осы Ережеге  4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс істеу мерзімі шектелмей беріледі.

      9. Құрылымдық бөлімше кәсіби ұйымның аккредиттелуі туралы куәліктің бланкасын жасауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.

      10. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәліктен айыру туралы шешім шығарған сәттен бастап кәсіби ұйым он күндік мерзімде куәлікті қайтаруға міндетті.

      11. Кәсіби ұйым уәкілетті органның шешіміне сот тәртібінде шағымдана алады.

      12. Кәсіби ұйымның атауы (оның ішінде ұйымдастыру-құқықтық нысаны), орналасқан жері өзгерген жағдайда, кәсіби ұйым он күндік мерзімде ол туралы уәкілетті органға хабар береді және тиісті мәліметтерді растайтын құжаттарды оған қоса бере отырып, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      13. Кәсіби ұйым аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда:
      1) мерзімді баспасөз басылымдарында нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы мәліметті жариялауы;
      2) уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы және нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, телқұжат беру туралы өтініш беруі қажет.

      14. Аккредиттеу туралы куәліктің телқұжаты өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.

                                         Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
                                             аккредиттеу ережесіне
                                                   1-қосымша

                                                      нысан

                           Өтініш

Кәсіби аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін _______________________
____________________________________________________________________
                   (кәсіби ұйымның толық атауы)
аккредиттеу жүргізуді сұрайды
Мекен-жайы: ________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Кәсіби ұйымның
басшысы  ____________________             ____________________
               (қолы)                          (аты-жөні)

М.О. ________________________
              (күні)

                                         Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
                                             аккредиттеу ережесіне
                                                   2-қосымша

                                                      нысан

       Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007.08.14. N 288 Бұрығымен.

                  Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
                             тізбесі

Мүшелер ___________________________________________________________
             (аудиторлардың кәсіби ұйымының атауы көрсетіледі)

                                                        N 1 кесте

N
р/р

Ауди-
тордың
аты-жөні

Тұратын
орнының
мекен-
жайы,
теле-
фоны

Білік-
тілік
куә-
лігінің
нөмірі
мен
беріл-
ген
күні 

Аудитор-
лардың
кәсіби
ұйымына
өту күні

Мүшелік
билеті-
нің
немесе
аудитор-
лардың
кәсіби
ұйымына
мүшелі-
гін рас-
тайтын
құжаттың
нөмірі

Жұмыс
орны
(ауди-
торлық
ұйымның
атауы)

Кәсіби
аудитор-
лық ұйымның
мүшелі-
гін рас-
тайтын
аудит-
тордың
қолы

















                                                         N 2 кесте

N
р/р

Ауди-
торлық
ұйым-
ның
атауы

Заңды
мекен-
жайы, мем.
тіркеу
туралы
куә-
ліктің
нөмірі
мен
күні

Ауди-
торлық
қызмет-
ке ар-
налған
лицен-
зия
нөмірі
және
оның
беріл-
ген
күні

Аудитор-
лардың
кәсіби
ұйымына
өту күні

Мүшелік
билетінің
немесе
аудитор-
лардың
кәсіби
ұйымына
мүшелігін
растайтын
құжаттың
нөмірі 

Басшы-
ның
аты-
жөні,
"ауди-
тор"
білік-
тілік
куәлі-
гінің
нөмірі

Кәсіби
аудитор-
лық ұйы-
мының
мүшелі-
гін рас-
тайтын
аудитор-
лық ұйым
басшысы-ның қолы

















         Кәсіби ұйымның
      Басшысы___________________   ___________________
                   (қолы)               (аты-жөні)
      М.О.               _______________
                             (күні)

                                         Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
                                             аккредиттеу ережесіне
                                                   3-қосымша

                                                      нысан

   Жұмыс органдарының құрылымы, бар болуы туралы мәліметтер
            Құрылымдық кәсіби ұйымның құрылымы
                  (комитеттер, бөлімдер және т.б.)

Бөлімшенің атауы

Басшының аты-жөні

Лауазымның атауы

Байланыс телефондары





   Кәсіби ұйымның
басшысы  ____________________             ____________________
               (қолы)                          (аты-жөні)

М.О. ________________________
              (күні)

                                         Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
                                             аккредиттеу ережесіне
                                                   4-қосымша

                                                      нысан

                 N___ аккридиттеу туралы куәлігі

       Осы куәлік _________________________________________________________
____________________________________________________________________
                 (кәсіби аудиторлық ұйымның толық атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                 (кәсіби аудиторлық ұйымның толық атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                           (орналасқан жері, СТН)
____________________________________________________________ берілді
Куәлік шектеусіз мерзімге беріледі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жұмыс істейді.

Куәлікті берген орган ______________________________________________
____________________________________________________________________
                            (уәкілетті органның толық атауы)

Негіздеме: _________________________________________________________
                            (уәкілетті органның толық атауы)

      20___ жылғы "____"_____________N____ бұйрығы

Берілген күні 20____ ж. "___"_____________________