"Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
Заңының
15 және
19-баптарына
сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының "Инвестициялар мемлекеттiк қолдауының кейбiр мәселелерi туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2222 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 23-24, 850-бап) 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п
бұйрығына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1 қосымша берілген редакцияға сәйкес жазылсын.
2. Осы бұйрық оны бірінші ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетi төрағасының
2006 жылғы 20 шілдедегі
N 54-п бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетi төрағасының
2003 жылғы 18 наурыздағы
N 18-п бұйрығымен
бекітілген 1-қосымша
Инвестициялық преференцияларды алуға арналған
өтінім
1. Инвестор туралы мәлiметтер |
||
1 |
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы |
|
2 |
Заңды тұлғаны алғашқы мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі |
|
3 |
Заңды тұлға қайта тіркеуден өтті ме, айда (күні) және қандай негіздермен |
|
4 |
Пошталық мекен-жайы (заңды мекен-жайы, нақты орналасқан жерi) Банктiк реквизиттерi |
|
5 |
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бiрiншi басшысы |
_________________________
|
6 |
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтері |
_________________________
|
7 |
Инвестициялық жоба менеджерi |
_________________________
|
2. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер |
||
1 |
Инвестициялық жобаның атауы |
|
2 |
Жобаны iске асыру орны |
|
3 |
Инвестициялау үшiн таңдалған қызметтiң басым түрi (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы топтастырғыш бойынша 4 белгiсi бар код көрсетiлсiн) |
|
4 |
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерге инвестициялардың көлемi |
|
5 |
Жобаны қаржыландыру көздері (меншік және/немесе заемдық қаражаттар) |
|
3. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті инвестициялық преференциялар |
||
1 |
корпоративтiк табыс салығы бойынша босату/шегеру* |
_________________________
|
2 |
мүлiкке салық бойынша босату |
_________________________
|
3 |
Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қолданылатын жер участкесіне қатысты жер салығы бойынша босату |
_________________________
|
4 |
кедендiк баж төлеуден босату |
_________________________
|
5 |
мемлекеттiк заттай грант |
_________________________
|
__________________________
* керек еместі сызып тастау
4. Өтiнiм сараптамасын ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ келiсiм-шартты дайындаған кезде инвестор Қазақстан Республикасы индустрия мен сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетiне жан-жақты қолдау және жәрдем көрсетедi, сондай-ақ барлық қажеттi ақпаратты ұсынады. Өтiнiм берушi инвестор өтiнiм және өтiнiм мен қоса берiлген құжаттарда көрсетiлген ақпараттың дәлдiгiне кепiлдiк бередi.
5. Өтінімге қосымшалар:
1) Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасының жобасы (Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысымен бекiтiлген Модельдік келісім-шартқа
1 Қосымшаға
сай);
2) кеден баждарын салудан босатылатын импортталатын жабдық пен оның жиынтықтауыштарының тiзiмi және көлемi (Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысымен бекiтiлген Модельдік келісім-шартқа
2 Қосымшаға
сай).
6. Қоса берiлiп отырған құжаттардың тiзбесi:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
2) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
3) заңды тұлға жарғысының нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
4) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
5) жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi сатып алуға арналған шығындарды негiздейтiн құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi;
6) инвестициялық жобаны қаржыландырудың көздерi мен кепiлдiктерiн белгiлейтiн, құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi (инвестициялық жобаны өз қаражаты есебiнен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендiгi туралы жазбаша растама қағазы қоса берiледi);
7) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар;
8) өтiнiм берiлген тоқсанның алғашқы күнiне арналған бухгалтерлiк баланс;
9) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары.
____________________________ ____________________
(Қазақстан Республикасы заңды (қолы, мөрі және күні)
тұлғасының бiрiншi басшысының
аты-жөні)