"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2006 жылғы 24 шілдедегі N 199 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4322

Қолданыстағы

      Әділет органдарының Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу мәселелері жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3513 болып тіркелген, 2005 жылы 29 шілдеде N 137-138 "Юридическая газетінде" жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 18 маусымдағы N 160  бұйрығымен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықта:

      16-тармақта "куәландыру хаттамасын" деген сөздер "растау туралы анықтамасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтарды тіркеу кітабы жеке тұлғаның тұрақты жерін және отбасы мүшелерінің онымен бірге тұру фактісін растайтын құжаты болып табылады және, заңнамада белгіленген жағдайларда мүдделі органдарға ұсынылады.
      Жеке тұлғаның тұратын жері бойынша тіркелгенін немесе тіркеуден шығарылғанын, сондай-ақ отбасы мүшелерінің онымен бірге тұру фактісін растайтын қандай да бір өзге құжаттарды немесе анықтамаларды талап етуге болмайды.";

      57-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Аудандық бөліністер бар қаланың ішінде тұратын жерін өзгерткен азаматтарды тіркеуді аумақтық әділет органы бір мезгілде бұрынғы тұрған жерінен тіркеуден шығара отырып, жаңа тұратын жері бойынша жүзеге асырады. Онда бір кету мекен-жай парағы және үш келу мекен-жай парағы толтырылады. Бір келу мекен-жай парағы "АӨО" РМК-на, екіншісі - мекен-жай бюросына, үшіншісі - аумақтық әділет органының мекен-жай картотекасына жолданады. Кету мекен-жай парағы мекен-жай картотекасына енгізу үшін бұрынғы тұратын жері бойынша аумақтық әділет органына жолданады.".

      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Әділет министрінің
      міндетін атқарушы