Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған түрлерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 23 мамырдағы N 121 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4321

Қолданыстағы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабының  1-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған  түрлерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру ережесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау төрағаның орынбасары Қ.Ш. Мұсабаевқа жүктелсін.

      3. Осы бұйрық міндетті мемлекеттік тіркеуге алынсын, ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

       Төраға

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі Кедендік бақылау
      комитетінің төрағасы
      2006 жылғы 12 шілде

Қазақстан Республикасы Ауыл    
шаруашылығы министрлігі Орман және 
аңшылық шаруашылығы комитетінің  
2006 жылғы 23 мамырдағы N 121   
бұйрығымен бекітілген       

  Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су
жануарларынан басқа), оның ішінде жануарлардың  сирек
кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға
жатқызылған түрлерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған
өнімдерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру
ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған  түрлерін, олардың бөліктері мен  олардан жасалған өнімдерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметінің "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң" тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі N 408  қаулысымен ,  " Омыртқасыз жануарлар түрлерiнiң Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзуге арналған тiзбесiн бекiту туралы", 1998 жылғы 19 маусымдағы N 573   қаулысымен  Конвенция қосымшасына сәйкес халықаралық саудада жабайы фауна және флора түрлерінің құрып кету қаупі төнген жағдайда (бұдан әрі - СИТЕС  Конвенциясы) қажетті рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.

      3. СИТЕС Конвенциясының қосымшаларына енгізілген жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

  2. Құжаттарды қарау тәртібі

      4. Заңды және жеке тұлғалар жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге тапсырымды Комитетке (бұдан әрі - тапсырым берушіге) жолдайды.

      5. Тапсырым беруші қол қойған тапсырымда мыналар көрсетілуге тиіс:
      1) әкелу және әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары мен мұражайлар арасындағы алмасу, аңшылық олжалар және басқалар);
      2) орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген жануар түрі;
      3) жануарлар дүниесі объектілерінің (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдердің (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар және басқалар) сипаттамасы;
      4) тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы (сақиналар, микрочиптер және басқалар);
      5) жануарлар дүниесі объектілерінің (балықтан және өзге су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдердің саны немесе салмағы (бұдан әрі - үлгілер);
      6) үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде әкелінді, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды және басқалар);
      7) үлгілерді әкелудің және әкетуді кедендік ресімдеудің жоспарланған мерзімі мен бекеті, көлік құралдары және маршрут сызбасы;
      8) тірі жануарлар үшін үлгі жарақат алудың, денсаулығына қатер төнудің немесе оған қатыгездікпен қараудың барынша аз қатерімен тасымалдауға дайындалатынын және жөнелтілетінін қуаттау;
      9) экспортқа шығарушының (кері экспортқа шығарушының) және импортқа шығарушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекен-жайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін - үйінің мекен-жайы, төлқұжатының деректері).

      6. Тапсырымға заңды және жеке тұлғалардың үлгілерді жасанды жағдайларда өсірілгенін, оларды олжалаудың және сатып алудың заңдылығын растайтын нотариалді куәландырылған мынандай құжаттар көшірмесі қоса беріледі:
      1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және құрылтай құжаты (заңды тұлғалар үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлға үшін);
      2) қызмет түріне лицензия, егер қызметтің бұл түрі лицензиялауға жататын болса;
      3) жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану келісім-шарты;
      4) аңшылық шаруашылығы иесімен немесе су қоймасын пайдаланушымен үлгілерді сатып алу-сатудың шарты, (бар болса);
      5) жарақат алудың, денсаулығына қатер төнудің немесе оған қатыгездікпен қараудың қатерін барынша азайту үшін үлгілерге ойдағыдай күтім жасауға жағдайы бар ұйыммен жасалған шартты (бар болса);
      6) осы әкелуді немесе әкетуді жүзеге асыру ниетін қуаттайтын экспортқа шығарушы мен импортқа шығарушы арасындағы келісім-шарттың немесе өзге шарт құжаты (бар болса);
      7) үлгіге иелік ету немесе оны пайдалану құқығына берілген сенімхат (бар болса);
      8) жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) берілген рұқсатнама құжаттарының (рұқсат, аң аулау хаттамасы, олжалау парағы және басқалар);
      9) салық заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану үшін мемлекеттік баж төлегені жөнінде түбіртек;
      10) меншік құқығын растайтын құжаттардың (сатып алу сату шарты, өсиеті, сыйға тарту шарты және тауар чегі егер үлгі сауда желісінде сатып алынған болса);
      11) әкелінетін және әкетілетін үлгілердің ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік талаптарының үлгісіне сәйкестігін нақтылайтын құжаттар(бар болса).

  3. Рұқсатнама беру

      7. Комитет тапсырымды отыз күн ішінде қарап, рұқсатты ресімдейді не орынды себебі көрсетілген бас тарту жолдайды.

      8. Рұқсат осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес келісілген формада Комитет бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды тұлға қол қойып, Комитеттің мөрі басылады. Үлгілердің әрбір тобы үшін жеке рұқсат ресімделеді.

      9. Рұқсат тапсырым берушіге немесе тапсырым берушінің сенімхаты бойынша басқа адамға рұқсаттар беру журналына қол қойғызып алу арқылы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес форма бойынша беріледі.

      10. Берілген рұқсат ол берілген уақыттан бастап алты ай бойы қолдануға жарамды.

      11. Тапсырым беруші рұқсат алғаннан кейін тапсырымда көрсетілген кедендік ресімдеу бекеті арқылы белгіленген мерзімде жануарлар дүниесі объектілерін (балық және өзге су жануарларынан басқа) әкелуді және әкетуді жүзеге асырады.

      12. Үлгілерді жаңа иелерге бермей кейіннен қайта әкету арқылы, мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізу, аң аулау мақсатында Қазақстан Республикасы аумағына уақытша әкелу осы Ережеге сәйкес берілген Комитеттің рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

                                  Жануарлар дүниесі объектілерін
                               (балықтан және өзге су жануарларынан
                                  басқа), оның ішінде жануарлардың
                                  сирек кездесетін және құрып кету
                                қаупі төнген санаттарға жатқызылған
                                  түрлерін, олардың бөліктері мен
                                 олардан жасалған өнімдерді әкелуге
                                     және әкетуге рұқсаттар беру
                                         Ережесіне 1-қосымша

   Қазақстан Республикасы             Республика Казахстан
Ауыл шаруашылығы министрлiгi         Министерство сельского
                                            хозяйства
      
      Орман және аңшылық                     Комитет
     шаруашылығы комитетi             лесного и охотничьего
           _________________                хозяйства
     010000,  Астана қаласы,     
            Абай даңғылы, 25              010000,  г. Астана пр. 
         Тел/факс: (8-317-2)              Абая, 25
          32-82-33, 93-57-05              Тел/факс: (8-317-2)
 e_mail: hanter@minagri.kz                32-82-33, 93-57-05
 _________ N  ______________              e_mail: hanter@minagri.kz

                           Рұқсат формасы
     (жануарлар дүниесі объектілерін (балықтан және өзге су
      жануарларынан басқа), оның ішінде жануарлардың сирек
       кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға
      жатқызылған түрлерін, олардың бөліктері мен олардан
            жасалған өнімдерді әкелуге және әкетуге)

Берілді (заңды тұлғаның атауы, заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің, Т.А.Ә.)

  

Көшірмесін беру туралы мәліметтер (мемлекеттік органның атауы)

  

Әкелу және әкету мақсаты

  

Рұқсат берілді (жануардың немесе үлгінің атауы, саны және басқалар)

  

Жарамдылық мерзімі

  

Ерекше жағдайлары (куәландыратын және басқа да құжаттардың бар болуы)

  

       Төраға                             ________________
                                               (қолы)
                                                М.О.
_____________________
(орындаушының Т.А.Ә.)

                                 Жануарлар дүниесі объектілерін
                               (балықтан және өзге су жануарларынан
                                  басқа), оның ішінде жануарлардың
                                  сирек кездесетін және құрып кету
                                қаупі төнген санаттарға жатқызылған
                                  түрлерін, олардың бөліктері мен
                                 олардан жасалған өнімдерді әкелуге
                                     және әкетуге рұқсаттар беру
                                         Ережесіне 2-қосымша

               Рұқсат беруді тіркеу жөніндегі
                      журналдың формасы

Рұқсат N

Пайдалану түрі (жануарлар түрлері, саны)

Қолдану мерзімі

Кімге берілді

Рұқсат N және уақыты

Алушының мәліметтері (Т.А.Ә., жеке куәлік N)

Алушының қолы