Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 12 шілдедегі N 240 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4318. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 134  қаулысына сәйкес келтіру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Кеден органдарының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімін қабылдау ережесін және оның нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3892 болып тіркелінген, 2005 жылғы N 171-172 (796) "Заң газетте" жарияланған) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 385  бұйрығына :
      4-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары М.Е. Аманбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т. Әбдішевке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін және радиоактивті материалдарды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 26 маусымдағы N 280 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3268 болып тіркелінген, 2005 жылғы N 101-102 (726) "Заң газетте" жарияланған) Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-министрі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 17 қарашадағы N 443  бұйрығына :
      4-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Ержановқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т. Әбдішевке" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Р.Қ. Қасымбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (С.С.Молдабаев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төраға