"Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 3 шілдедегі N 126 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4316

Қолданыстағы

      Жолаушылар, теңдеме жүк және жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттарды беру тәртібін және беруден бас тарту үшін негіздемелерді жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 2558 нөмірімен тіркелді, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде жарияланған, 2003 жылғы N 43-48, 895 беті; ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының 3 тамыз 2004 жылғы  N 139 ; 12 қаңтар 2005 жылғы  N 4 ; 28 ақпан 2006 жылғы  N 28  бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тарту Ережелерінде:

      2 тармақтың:
      7) тармақшадағы "!" леп белгісі ";" белгісіне ауыстырылсын;

      мына мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) чартерлік жүк рейстер бағдарламасы - бір ғана пайдаланушының әуе кемелерімен бір бағыт бойынша жүйелі орындалатын тұрақты емес жүк әуе тасымалдары.";

      8 тармақ мына мазмұндағы келесі абзацпен толықтырылсын:
      "Бірнеше қарым-қатынасты тұрақты емес ұшулар (төрт немесе бес ұшулар) серияларын орындауға Азаматтық авиация комитетінің рұқсаты бірінші ұшу орындаған күн мерзімінен бастап отыз күн мерзімге дейін беріледі.";

      14 тармақтың:
      4) тармақшасы мына мазмұндағы келесі абзацпен толықтырылсын:
      "тұрақты емес ұшулар чартерлік жүк рейстер бағдарламасының отыз күнде төрт рет жиілікпен орындалатын ұшулардың бір бөлігі болса, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары аймақтық деңгейде бәсекеге жарамдылығы бойынша мемлекеттік тапсырмаларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мақсатында жоспарланғанда және көрсетілген бағдарламадағы шетелдік пайдаланушының чартерлік жүк рейстерін орындауға өтініш бергеннен бұрын қазақстандық әуекомпанияларымен отыз күнде екі рет жиілікпен орындалатын чартерлік жүк рейстері осы бағыттар бойынша орындалады;";

      5) тармақшасы мына мазмұндағы келесі абзацпен толықтырылсын:
      "тұрақты емес ұшулар чартерлік жүк рейстер бағдарламасының отыз күнде төрт рет жиілікпен орындалатын ұшулардың бір бөлігі болса, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары аймақтық деңгейде бәсекеге жарамдылығы бойынша мемлекеттік тапсырмаларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мақсатында жоспарланғанда және көрсетілген бағдарламадағы шетелдік пайдаланушының чартерлік жүк рейстерін орындауға өтініш бергеннен бұрын қазақстандық әуекомпанияларымен отыз күнде екі рет жиілікпен орындалатын чартерлік жүк рейстері осы бағыттар бойынша орындалады.".

      2. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төраға