1. "Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 21 наурызда N 2217 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 17 мамырдағы N 20 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 476-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінде:
10-тармақта:
бірінші бөлікте:
"және шығару" деген сөздер алынып тасталсын;
"орталық" деген сөздің алдынан "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
"туралы" деген сөзден кейiн "табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның тиісті құрылым бөлімшесi (салалық құрылым бөлімшесi) қорытындысының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Тіркелімнің республикалық бөлімінен шығару құрылымдық бөлімшенің табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті тоқтату туралы қорытындысының негізінде жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Тіркелімнің жергілікті бөлімінен шығару құрылымдық бөлімшенің табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті тоқтату туралы қорытындысының негізінде жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Табиғи монополия субъектісі заңды тұлға не жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жері бойынша Тіркелімге енгізіледі.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органнан және (немесе) табиғи монополия субъектісінен табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті табиғи монополия субъектісінің тоқтатуын растайтын қосымша ақпарат сұрата алады.".
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.