Нормативтік құқықтық базаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына (N 1577 болып тіркелген, 2001 жылғы тамыз айында N 27 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және де өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған; N 1916 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 411 ; N 2893 болып тіркелген 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266 және N 3669 болып тіркелген 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерінде:
барлық мәтін бойынша "мемлекеттік сертификат", "мемлекеттік сертификаттарды", "мемлекеттік сертификатты", "мемлекеттік сертификаттар" деген сөздер "сертификат", "сертификаттарды", "сертификатты", "сертификаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
"жалпы білім беретін мектептердің" деген сөздер "жалпы орта білім беретін ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ЖОО-ның орналасқан жері бойынша" деген сөз "азамат таңдаған жоғарғы оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ұпайдан" деген сөзден кейін ", оның ішінде бейіндік пән бойынша кем дегенде 7 ұпайдан" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақтағы "Ішкі істер бас басқармаларына, Ішкі істер басқармаларына, Көліктегі ішкі істер басқармаларына" деген сөздер "облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.