Салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау және қолдану Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Мемстандарт Төрағасының 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 141 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 26 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4213. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің - орынбасары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің - орынбасары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығымен (бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңының 5 бабын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау және қолдану ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аккредиттеу және метрология бөлімі белгіленген заңнамалық тәртіпте қамтамасыз етсін:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты ресми жалпы ақпарат құралында жариялауды.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Василий Николаевич Михалченкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қолданысқа ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Индустрия және сауда      
министрлігінің Техникалық   
реттеу және метрология комитеті
Төрағасының 2006 ж. 13 сәуір 
N 141 бұйрығымен бекітілген 

  Салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау
және қолдану ережелері

      Осы ережелер Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы"  Заңының дамуына сәйкес әзірленген және салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау және қолдану тәртібін, салыстырып тексеруші таңбаларға қойылатын талаптарды анықтайды және мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрі - МҒМО), оның еншілес кәсіпорнына, өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне таратылады.
      Салыстырып тексеру таңбалары өлшем құралдарын салыстырып тексерудің оң нәтижелерін куәландыру үшін қызмет көрсетеді.

  1. Салыстырып тексеруші таңбаларға қойылатын
негізгі талаптар

      1. Салыстырып тексеру таңбалары металл таңбалар, жез таңбалар, өзі жабысатын лейблдер, пластикалық пломбалар, металл сөндіргіштер, жез сөндіргіштер және өзі жабысатын лейбл-сөндіргіштер түрінде орындала алады.

      2. Салыстырып тексеру таңбаларын басудың тәсілдері:
      1) ұрмалы (металл таңба, жез таңба);
      2) желімдеу (өзі жабысатын лейбл);
      3) пломбалау (пластикалық пломба).

      3. Салыстырып тексеру таңбаларын басу тәсілі салыстырып тексерілетін өлшем құралдарының мөлшері мен конструкциясына байланысты таңдалып алынады.

      4. Жез таңбалар термометрлер және өлшегіш ыдыстарды салыстырып тексерудің оң нәтижесін растау үшін қолданылады.

      5. Металл және жез таңбаның оттискінде, өзі жабысатын лейблдің және пластикалық пломбаның суретінде келесі ақпараттар болуы тиіс (осы ережеге  1 қосымша ):
      1) өлшем құралдары типтерін бекіту белгісі мемлекеттік стандарт "ҚР СТ 2.21-2001»ҚР МӨЖ. Сынауларды жүргізу тәртібі және өлшем құралдарының типтерін бекіту" талаптарына сәйкес;
      2) мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе өлшем құралдарына салыстырып тексеруді жүргізетін аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметінің шифры (әрі қарай метрологиялық қызмет);
      3) қолдану жылының (тоқсан) соңғы екі саны;
      4) метрологиялық қызметтегі металл таңбаға арналған біреу, өзі жапсырылатын лейблге арналған номерлі кодтың барында өлшем құралдарын салыстырып тексерушінің жеке белгісі;
      5) пластикалық пломбаның өзекшесіндегі номерлі кодтың соңғы үш саны.

      6. МҒМО (бұдан әрі - ұйымдастырушы) тағайындалатын метрологиялық қызметтің шифры қазақ немесе латын әліпбиінің әріптерімен белгіленетін екі нышаннан тұрады.

      7. Металл таңбаны, жез таңбаны өзі жабысатын лейблді, пластикалық пломбаны қолдану жылдарын (тоқсан) белгілеу үшін араб сандары қолданылады.

      8. Өлшем құралдарын салыстырып тексерушінің жеке белгісі қазақ немесе латын әліпбиіндегі белгілермен белгіленетін бір нышаннан тұрады.
      Ескерту - Егер өлшем құралдарының салыстырып тексеру жеке белгілерін беру үшін қазақ және латын әліпбиінің әріптері жеткіліксіз болса әріптердің орналасу осіне салыстырмалы түрлі әріптерді жазу қолданылады.

      9. Пластикалық пломбаның өлшем құралдарының типін бекіту белгісі және номерлік коды оның жалаушасында көрсетіледі.

      10. Ұйымдастырушымен тағайындалған өзі жапсырылатын лейбл және пластикалық пломбаның номерлік коды жеті нысаннан тұрады (сандар қисындасуы).

      11. Металл таңбаларды есептеу және тіркеудің қолайлы болуы үшін тұтқасында ұйымдастырушы тағайындаған реттік номері көрсетіледі.

      12. Металл таңбаның диаметрі 3,5 мм кем болса оттиск суретінде толық емес ақпарат болуы мүмкін. Бұл жағдайда пайдалану құжаттарына толық ақпаратты өзі жабысатын лейблдерді жапсырады.

      13. Егер өлшем құралдары үшін салыстырып тексеру аралығы бір жылдан кем болмаса тоқсандық металл таңбалар, өзі жабысатын лейблдер, пластикалық пломбалар қолданылады.

      14. Сөндіргіштер салыстырып тексеруші таңбалар әрекетінің аяқталуын көрсету үшін қызмет көрсетеді және онда крест түріндегі сурет бар.

      15. Сөндіргіштер металл сөндіргіш, жез сөндіргіштер және өзі жапсырылатын лейбл-сөндіргіш түрінде дайындалуы мүмкін және онда крест түріндегі сурет бар.

      16. Егер өлшем құралдары салыстырып тексеру нәтижелері бойынша қолдануға жарамды болып табылса, онда нәтижелер мемлекеттік стандарт ҚР СТ 2.4-2000»"ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Жүргізу тәртібі және ұйымдастыруға" сәйкес рәсімделеді.

      17. Металл таңбалар және металл сөндіргіштер мемлекетаралық стандарттар ГОСТ 1050-88 "Көміртекті сапалы конструкциялы құрыштан арнайы өңдеумен сортталған, калибрленген прокаты. Жалпы техникалық шарттар", "Аспапты қоспалы болаттан жасалған шыбықтар, сызықтар және оралған жіптер. Жалпы техникалық шарттар" ГОСТ 5950 сәйкес құрыштан жасалған серіппе түрінде дайындалады. Роквелл бойынша тығыздық 33 HRC кем емес.
      Өлшем құралдарының типін бекіту белгілері жиегі қалыңдығының номиналды көлемінен ауытқу шегінің әріптері мен сандары +-10 % аспауы керек.
      Өлшем құралдарының типін бекіту белгісінің шрифті мемлекетаралық стандарт ГОСТ 26.008-85 "Әшекейлеу әдісімен жүргізілетін жазуларға арналған шрифттер. Орындаушы көлемдер" сәйкес металл таңбалар оттискі суретінің әріптері мен сандары, өлшем құралдарының типін бекіту белгісінің шрифті.
      Металл таңба оттискі суретінің беткі қабатында жарық пен сынық болмауы керек.

      18. Өзі жабысатын лейблдер және өзі жабысатын лейбл-сөндіргіштер полиэстерден (полиэфирлі пленка) дайындалады.
      Өзі жабысатын лейблдер және өзі жабысатын лейбл-сөндіргіштер бір рет қана пайдалануға жататын бұйымдар болып табылады.
      Алып тастау мен қабатталудағы өзі жабысатын лейблдердің желімдік құрамы жапсырмада және өлшем құралының жарамсыздығын білдіретін пломбаланған беткі қабатта із қалдыруы керек.
      Өзі жабысатын лейблдер және өзі жабысатын лейбл-сөндіргіштердің жапсыру температурасы 0  о С төмен емес.
      ГОСТ 26.008-85 "Әшекейлеу әдісімен жүргізілетін жазуларға арналған шрифттер. Орындаушы көлемдер" сәйкес суреттің әріптері мен сандары, өлшем құралдарының типін бекіту белгілерінің шрифті.

      19. Пластикалық пломбалар мөлдір акрилден немесе полипропиленнен мемлекетаралық стандарттар ГОСТ 16337-77 "Жоғары қысымды полиэтилен. Техникалық шарттар", ГОСТ 16338-85 "Төмен қысымды полиэтилен. Техникалық шарттар", ГОСТ 20282-86 "Жалпы қызметтегі полистирол. Техникалық шарттар" сәйкес дайындалады.
      Арқан мемлекетаралық стандарттар ГОСТ 3067-88 "6х19(1+6+12)+1х19(1+6+12) ТК конструкциялы типті қосарланып оралған болат арқан. Сортамент", ГОСТ 9389-75 "Серіппелі көміртекті болат сым. Техникалық шарттар" сәйкес дайындалады.
      Суреттің әріптері мен сандары, өлшем құралдарының типін бекіту белгілерінің шрифті мемлекетаралық стандарттар ГОСТ 26.008 "Әшекейлеу әдісімен жүргізілетін жазуларға арналған шрифттер. Орындаушы көлемдер" бойынша.

      20. Жапсырылған өзі жабысатын лейблдер, пластикалық пломбалар және жапсырылған өзі жабысатын лейбл-сөндіргіштер минус 50  0 С плюс 50  0 С дейінгі температураға, 30% дан 98% дейін ылғалдылыққа шыдаулары керек, сонымен қатар агрессивті ортаға қарсы тұра білу керек.
      Өзі жабысатын лейблдердің, пластикалық пломбалардың және өзі жабысатын лейбл-сөндіргіштердің пайдалану мерзімі 3 жылдан кем болмауы керек, жапсырылған өзі жабысатын лейблдер, пластикалық пломбалар қызметі 16 жылдан кем болмауы керек.

      21. Өзі жабысатын лейблдердің, пластикалық пломбалардың және өзі жабысатын лейбл-сөндіргіштердің түсі, дайындаушы-зауыттың ұйымдастырушымен келісілгеніндей бірдей болуы керек.

  2. Салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау

      22. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексеруші таңбаларды қолдану жылының басына дейінгі алты ай ішінде ұйымдастырушыға осы ереженің  2-қосымша пішіні бойынша салыстырып тексеруші таңбаларға тапсырыс ұсынады.
      Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар, қажет болған жағдайда бір жылдың ішінде ұйымдастырушы салыстырып тексеруші таңбаларды және сөндіргіштерді дайындауға қосымша тапсырыс ұсынуы керек.
      Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына қайта аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексеруші таңбалар мен сөндіргіштерді дайындауға тапсырысты, ұйымдастырушы аккредиттеу аттестатын алғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кештетпей ұсынулары керек.
      Салыстырып тексеруші таңбалар мен сөндіргіштерді дайындауға тапсырысты, өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына заңды тұлғаны аккредиттеуді жүргізу кезінде ұсынуға болады. Бұл кезде салыстырып тексеруші таңбалар мен сөндіргіштерді беру, өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген аттестаттың бар болғанында ғана жүзеге асырылады.

      23. Ұйымдастырушы алынған тапсырыстарды талдайды, металл таңбаларға реттік номерлерді, өзі жабысатын лейблдерге, пластикалық пломбаларға номерлік кодтарды, метрологиялық қызметтерге шифрлар тағайындайды және оларды дайындауды ұйымдастырады.

      24. Ұйымдастырушы тапсырысы бойынша салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау техникалық реттеу және метрология бойынша уәкілетті органмен тіркелген заңды тұлғалар (бұдан әрі - Дайындаушы) жүзеге асырады.

      25. Салыстырып тексеруші таңбалар мен сөндіргіштер дайындаушымен әзірленген және ұйымдастырушымен келісілген конструкторлық құжаттамаға сәйкес дайындалады.

      26. Салыстырып тексеруші таңбалар мен сөндіргіштер бойынша жұмыстарға төлемді, тапсырыс берген заңды тұлғалар мен ұйымдастырушы арасында жасалған шартқа сәйкес жүргізеді.

      27. Дайындалған металл және жез таңбалар, металл және жез сөндіргіштер, металл және жез таңбалар оттисктері, металл және жез сөндіргіштер ұйымдастырушы комиссиясымен қабылданады.
      Комиссия құрамы ұйымдастырушы бұйрығымен анықталады.
      Ұйымдастырушы комиссиясының құрамына тапсырыс берушінің өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар кіруі мүмкін.

      28. Ұйымдастырушы комиссиясы осы ереженің  3 қосымшасына сәйкес металл және жез таңбаларға, металл және жез сөндіргіштерге іріктеп тексеру жүргізеді.

      29. Салыстырып тексеруші таңбаларды қабылдау нәтижелері бойынша екі данада қабылдау актісі құрылады.
      Қабылдау актісінің бір данасы салыстырып тексеруші таңбалардың қолданыстағы мерзімінің ішінде ұйымдастырушыда сақталады, қабылдау актісінің екінші данасы дайындаушыда сақталады.

      30. Дайындалған салыстырып тексеруші таңбаларды ұйымдастырушы мәлімдеушіге жібереді.

      31. Тапсырыс берушіге дайындалған салыстырып тексеруші таңбалар түскен кезде метрологиялық қызмет оларды қабылдауды жүзеге асырады және оның нәтижесі бойынша еркін қабылдау актісі құрылады.

      32. Қабылдау актісінде посылканың сақталуы және салынған салыстырып тексеруші таңбалар мен металл сөндіргіштердің тізімге сәйкестігі көрсетіледі. Қабылдау актісінің көшірмесі метрологиялық қызметпен посылка алынған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде ұйымдастырушыға жіберіледі.

  3. Салыстырып тексеруші таңбаларды
сақтау және қолдану

      33. Салыстырып тексеруші таңбалар мен сөндіргіштерді метрологиялық қызметтерде сақтау, есептеу және беру метрологиялық қызметтің басшысымен тағайындалған жауапты тұлғаға жүктеледі. Жауапты тұлға салыстырып тексеруші таңбаларды беру және қабылдау журналын жүргізеді, журналдар номерленген, бау өткізілген болуы керек (осы  ережедегі 4 ,   5,    6,    7 қосымшалар ).

      34. Салыстырып тексеруші таңбалар, сөндіргіштер және журналдар, олардың қолданыстағы мерзімінің ішіндегі жауапты тұлғаның пломбасының астында жанбайтын шкафта сақталынуы керек, ал металл таңба және металл сөндіргіштер оттискімен металл пластиналар - металл таңба және металл сөндіргіштердің қолданыстағы мерзімінің аяғына дейін.

      35. Қажет болған жағдайда, жауапты тұлғаның жоқ кезінде, салыстырып тексеруші таңбаларды беру және қабылдауды метрологиялық қызмет басшысымен тағайындалған комиссия жанбайтын шкафты ашып, еркін формада ашу актісі құрылады.

      36. Салыстырып тексеруші таңбалардың жағдайы және есептеу тоқсан сайын метрологиялық қызмет басшысымен немесе соған уәкілетті тұлғамен тексеріледі.
      Тексеру нәтижелерін салыстырып тексеруші таңбаларды қабылдау және беру журналына енгізеді. Салыстырып тексеруші таңбалар және сөндіргіштерді салыстырып тексерушілер және сарапшы-аудиторларға аттестаттау жүргізу ережесіне сәйкес өлшем құралдарын салыстырып тексеруші ретінде аттестатталған метрологиялық қызмет мамандары пайдаланады.

      37. Салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде өлшем құралдарын салыстырып тексерушіге металл және жез таңбалар, қажетті мөлшердегі өзі жапсырылатын лейблдер мен пластикалық пломбалар беріледі.

      38. Өлшем құралдарын салыстырып тексерушіге салыстырып тексерушінің жеке белгісі бар дербес металл және жез таңбалар бекітіледі. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруші алған металл және жез таңбаларды жұмысқа жарамды етіп ұсталуы және сақталуы міндетті.

      39. Металл және жез таңбалар, қалып қойған өзі жабысатын лейблдер және пластикалық пломбаларды салыстырып тексеруші таңбаларды беру және қабылдау журналына міндетті түрде белгілеп, салыстырып тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін жауапты тұлға қабылдайды.

      40. Металл және жез таңбаларды пайдалану мерзімі аяқталғаннан соң олардың оттисктері сөндіруге жатады (бейнелерді жою), пайдаланылмаған өзі жапсырылатын лейблдер мен пластикалық пломбаларды жою керек.

      41. Металл және жез таңбалар оттисктерін сөндіру және пайдалану мерзімі аяқталуы бойынша пайдаланылмаған өзі жапсырылатын лейблдер, пластикалық пломбаларды жоюды пайдалану мерзімінің аяқталуы бойынша ұйымдастырушы комиссиясымен жүзеге асырылады.
      Комиссия ұйымдастырушы бұйрығымен анықталады.

      42. Метрологиялық қызметтер ұйымдастырушы ағындағы жылдың салыстырып тексеруші таңбалары бар құнды посылканы келесі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмей жібереді.

      43. Посылкаға салынған салыстырып тексеруші таңбалардың тізіміне заңды тұлғаның басшысымен немесе метрологиялық қызмет басшысымен қол қойылуы керек.
      Салыстырып тексеруші таңбалардың алынған көлемінен қайтарылған көлемі аз болса, тізімге салыстырып тексеруші таңбалардың алынған және қайтарылған көлемі арасындағы айырмашылығы түсіндірілген құжаттар көшірмесі қосылады.

      44. Металл және жез таңбалар оттисктерін сөндіру актісі және пайдаланылмаған өзі жапсырылатын лейблдер және пластикалық пломбаларды жою осы ереженің  8 қосымша пішіні бойынша құрылады және жылдың жиырмасыншы мамырынан кешіктірілмей метрологиялық қызметтерге жіберіледі.

      45. Салыстырып тексеруші таңбаларды пайдалану ережесін жылына екі рет бұзған өлшем құралдарын салыстырып тексеруші, өлшем құралдарын салыстырып тексеруші біліктілігін беру туралы сертификатты қайта шақырту жолымен өлшем құралдарын салыстырып тексеруден және таңбалаудан шеттетіледі.

      46. Егер өлшем құралдарын салыстырып тексеруші жұмыстан босатылған жағдайда, оған бекітілген өлшем құралдарын салыстырып тексеруші жеке белгісі бар металл және жез таңбалар заңды тұлғаның басшысы бұйрығымен пайдаланудан алынып тасталады.

      47. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар қолданылған салыстырып тексеруші таңбалар туралы есепті ұйымдастырушыға жібереді.
      Деректерді ұйымдастырушыға тапсыру тәртібі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 14 бұйрығымен бекітілген және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3435 тіркелген салыстырылып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді электрондық есептеу және оларды МҒМО тапсыру  Ережесімен белгіленеді.

                                    Салыстырып тексеруші таңбаларды
                                     дайындау, сақтау және қолдану
                                           Ережесіне 1-қосымша

           Салыстырып тексеруші таңбалардың суреттері 

1. Металл таңбалар оттисктер суреттері      

Салыстырып тексеруші
таңбалар белгілері
Диаметр Сурет
( суреттердің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз )

С8

8 мм


С6

6 мм


С3,5

3,5 мм


С2

2 мм


СГ6
СГ3,5

6 мм
3,5 мм


   2. Жез таңбалар оттисктерінің суреті

Таңба шифры Белгісі (габаритті
көлемдер)
Сурет
( суреттердің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз )

Л12

12 мм


ЛГ12

Сөндіргіш 12 мм


   3. Пластикалық пломба суреті

Салыстырып тексеруші
таңба белгісі
Диаметр Сурет
( суреттердің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз )

ПП 10

10 мм


   4. Өзі жабысатын лейбл суреті

Салыстырып тексеруші
таңба белгісі
Диаметр Сурет
( суреттердің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз )

СЛ 18

18 мм


СЛГ 10

10 мм


                                       Салыстырып тексеруші таңбаларды
                                     дайындау, сақтау және қолдану
                                          Ережесіне 2-қосымша

                    Тапсырыс пішіні
                                  ________________________________
                                  мемлекеттік ғылыми метрологиялық
                                   орталық басшысының лауазымы
                                  ________________________________
                                               аты-жөні

          ___________________________________________ үшін
                  метрологиялық қызмет атауы

      жылғы үлгідегі салыстырып тексеруші таңбаларды дайындауға
                              ТАПСЫРЫС

Метро-
логия-
лық
қызмет
шифры

Атауы

Саны, дана

Осы салыстырып
тексеруші
таңбалар *
қолданылатын
өлшем
құралдарының
максималды
салыстырып
тексеру аралығы

Ескерту

жылдық

тоқсан-
дық


Металл таңбалар






Жез таңбалар






Өзі жапсырыла- тын лейблдер






Пластикалық пломбалар






Металл сөндіргіштер






Жез сөндіргіштер






Өзі жапсырыла- тын лейбл- сөндіргіштер





Барлығы:





         _____ жылдағы (ағымдағы жыл) метрологиялық қызметтегі салыстырып тексерушілер саны ________________ адам.
      _____ жылдағы (тапсырыстағы салыстырып тексеруші таңбаларды қолдану жылы) ұйғарылған салыстырып тексерушілер саны __________________ адам.
      _____________________   ________________  ____________________
        заңды тұлға немесе         қолы                аты-жөні
      метрологиялық қызмет
             басшысы

____________________________
      * Бағана тек металл таңбалар үшін толтырылады

                                     Салыстырып тексеруші таңбаларды
                                     дайындау, сақтау және қолдану
                                          Ережесіне 3-қосымша 

           Металл, жез таңбаларды және сөндіргіштерді
                 іріктеп тексеру кестесі

                                                     Данада

Партия көлемі

Іріктеу көлемі

100-500

8

501-3 000

13

3 001-10 000

20

10 001-25 000

40

25 001-50 000

60

50 001-100 000

100

100 001-250 000

150

250 001-500 000

200

500 001-1 000 000

300

1 000 000-нан жоғары

500

                                    Салыстырып тексеруші таңбаларды
                                     дайындау, сақтау және қолдану
                                          Ережесіне 4-қосымша

               Металл таңбаларды беру және қабылдау
                       журналының пішіні

       _____ жылғы үлгідегі металл таңбаларды беру және қабылдау

                                 ЖУРНАЛЫ
   _______________________________________________________________
                      метрологиялық қызмет атауы

      Сақтауға жауапты  ____________________________________
                                 аты-жөні      

Алу туралы белгі

Қайтару туралы белгі

Мер-
зімі

Металл
таңбаны
алған
салыс-
тырып
тексе-
рушінің
аты-
жөні

Салыс-
тырып
тексе-
рушінің
жеке
белгісі

Реттік номері

МТ алған
салысты-
рып тек-
серуші-
нің қолы

Мерзімі

Металл
таңбаны
қайтар-
ған са-
лыстырып
тексеру-
шінің
қолы

Металл
таңбаны
қабыл-
даушының
қолы









         Ескертулер:
      1. Металл таңба зақымданған немесе жоғалған жағдайда, жауапты тұлға журналдың бар еніне белгі жасайды және қабылданған шаралар туралы заңды тұлға бұйрығының номері мен мерзімін қояды.
      2. Метрологиялық қызмет басшысы немесе уәкілетті тұлға металл таңбалар жағдайын тоқсан сайын тексеру туралы белгі жасайды.

                                    Салыстырып тексеруші таңбаларды
                                     дайындау, сақтау және қолдану
                                          Ережесіне 5-қосымша

      Жез таңбаларды беру және қабылдау журналының пішіні

       _____ жылғы үлгідегі жез таңбаларды беру және қабылдау

                                 ЖУРНАЛЫ
   _______________________________________________________________
                      метрологиялық қызмет атауы

      Сақтауға жауапты  ____________________________________
                                 аты-жөні      

Алу туралы белгі

Қайтару туралы белгі

Мер-
зімі

Жез
таңба-
ларды
алған
салыс-
тырып
тексе-
рушінің
аты-
жөні

Салыс-
тырып
тексе-
рушінің
жеке
белгісі

Реттік номері

ЖТ алған
салысты-
рып тек-
серуші-
нің қолы

Мерзімі

Жез
таңбаны
тапсыр-
ған са-
лыстырып
тексеру-
шінің
қолы

Жез
таңбаны
қабыл-
даушының
аты-жөні









         Ескертулер:
      1. Жез таңбалар зақымданып немесе жоғалған жағдайда, жауапты тұлға журналдың бар еніне белгі жасайды және қабылданған шаралар туралы заңды тұлға бұйрығының номері мен мерзімін қояды.
      2. Метрологиялық қызмет басшысы немесе уәкілетті тұлға жез таңбалардың жағдайын тоқсан сайын тексеру туралы белгі жасайды.

                                    Салыстырып тексеруші таңбаларды
                                     дайындау, сақтау және қолдану
                                          Ережесіне 6-қосымша

        Өзі жапсырылатын лейблдерді беру және қабылдау
                        журналының пішіні

_____ жылғы үлгідегі өзі жапсырылатын лейблдерді беру және қабылдау

                            ЖУРНАЛЫ
     ______________________________________________________________
                       метрологиялық қызмет атауы

      Сақтауға жауапты  ____________________________________
                                    аты-жөні      

Алу туралы белгі

Қайтару туралы белгі

мер-
зімі

Өзі
жапсы-
рылатын
лейбл-
дерді
алған
салыс-
тырып
тексе-
рушінің
аты-
жөні

Номерлік
код

Өзі
жапсы-
рылатын
лейбл-
дерді
алған
салыс-
тырып
тексе-
рушінің
қолы

мер-
зімі

Номерлік
код

Қалған
өзі
жапсы-
рыла-
тын
лейбл-
дерді
қайтар-
ған
салысты-
рып
тексеру-
шінің
қолы

Қабыл-
даушы-
ның
қолы

N...

N...

N...

N...











         Ескертулер:
      1. Өзі жапсырылатын лейблдер жоғалған жағдайда, жауапты тұлға журналдың бар еніне белгі жасайды және қабылданған шаралар туралы заңды тұлға бұйрығының номері мен мерзімін қояды.
      2. Метрологиялық қызмет басшысы немесе уәкілетті тұлға өзі жапсырылатын лейблдер жағдайын тоқсан сайын тексеру туралы белгі жасайды.

                                     Салыстырып тексеруші таңбаларды
                                     дайындау, сақтау және қолдану
                                          Ережесіне 7-қосымша

          Пластикалық пломбаларды беру және қабылдау
                       журналының пішіні

    _____ жылғы үлгідегі пластикалық пломбаларды беру және қабылдау

                            ЖУРНАЛЫ                                _______________________________________________________________
                          метрологиялық қызмет атауы

      Сақтауға жауапты  ____________________________________
                                  аты-жөні

Алу туралы белгі

Қайтару туралы белгі

мер-
зімі

Пласти-
калық
пломба-
ларды
алған
салыс-
тырып
тексе-
рушінің
аты-
жөні

Номерлік
код

Пласти-
калық
пломба-
ларды
алған
салыс-
тырып
тексе-
рушінің
қолы

мер-
зімі

Номерлік
код

Қалған
пластикалық пломба-
ларды 
қайтар-
ған
салысты-
рып
тексеру-
шінің
қолы

Қабыл-
даушы-
ның
қолы

N...

N...

N...

N...











         Ескертулер:
      1. Пластикалық пломбалар жоғалған жағдайда, жауапты тұлға журналдың бар еніне белгі жасайды және қабылданған шаралар туралы заңды тұлға бұйрығының номері мен мерзімін қояды.
      2. Метрологиялық қызмет басшысы немесе уәкілетті тұлға пластикалық пломбалар жағдайын тоқсан сайын тексеру туралы белгі жасайды.

                                    Салыстырып тексеруші таңбаларды
                                     дайындау, сақтау және қолдану
                                          Ережесіне 8-қосымша

      Металл және жез таңбаларды сөндіру, өзі жапсырылатын
     лейблдер, пластикалық пломбаларды жою актісінің пішіні

                                 БЕКІТЕМІН
                                   _________________________________
                                   мемлекеттік ғылыми метрологиялық
                                      орталық басшысының лауазымы
                                   _________________________________
                                                 аты-жөні
                                 МО

                            АКТ
  _______________________________________________________________
   металл және жез таңбаларды сөндіру, өзі жапсырылатын лейблдер,
   пластикалық пломбаларды жою

      Мына құрамдағы комиссия_______________________________________
                                   комиссия мүшелерінің аты-жөні
______________________жылғы N ____ бұйрыққа сәйкес ______ данадағы
қайтарылған салыстырып тексеруші таңбаларға_________________________
қарауды жүргізді.                        метрологиялық қызмет атауы
      Қарау кезінде ________________________________________________
                             табылған қателіктер көрсетіледі
____________________________________________________________________
     салыстырып тексеруші таңбаларды қолдану және сақтау немесе
олардың жоқтығы

      Комиссия,  _________________ номерлік коды бар_______________
көлемдегі данада
____________________________________________________________________
       Металл  және жез таңбаларды сөндіру, өзі жапсырылатын
              лейблдерді, пластикалық пломбаларды жоюды
жүзеге асырды.

Комиссия төрағасы
_____________________  _____________________  _____________________
     лауазымы                қолы                   аты-жөні
Комиссия мүшелері
_____________________  _____________________  _____________________
     лауазымы                қолы                   аты-жөні
_____________________  _____________________  _____________________
     лауазымы                қолы                   аты-жөні
_____________________  _____________________  _____________________
     лауазымы                қолы                   аты-жөні