Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4197. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 қарашадағы N 344 бұйрығымен.

Күшін жойған

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 қарашадағы N 344   бұйрығымен.
                          Үзінді:

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 27 және 40-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. Осы бұйрықтың тізбесіне сәйкес кеден ісі саласындағы бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. ...
      5. ...
      6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігі Кедендік бақылау 
комитеті төрағасының 2007 жылғы
14 қарашадағы N 344 бұйрығына 
қосымша

      Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. ...
      2. "Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 21 сәуірде N 4197 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 мамырдағы N 78-79 (1058-1059) "Заң газетінде" жарияланған);
      3. ...
_______________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң  407 408-баптарының  кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың қызметiне байланысты нормативтiк құқықтық реттеу бөлiгiндегі мәселелерге сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1133  қаулысына  сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кедендiк бақылаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 201  бұйрығына  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2276 болып тiркелген, 2003 жылғы 26 маусымдағы N 30 "Ресми газетте" жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      барлық мәтiн бойынша:
      "агенттiгiнiң" деген сөз "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Кедендiк бақылау" деген сөздердiң алдынан "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:
      "бiрiншi" деген сөз алып тасталсын;
      "А.Қ. Ержановқа" деген сөз "Б.Т. Әбдiшевке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзудiң және оны кеден органдарына және мәлiмдеушiге жеткiзудiң ережесiнде:

      қосымшаларда:
      оң жақ жоғары бұрышындағы "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 201 бұйрығымен бекiтiлген" деген сөздер алып тасталсын;

      барлық мәтiн бойынша:
      "агенттiгiнiң" деген сөз "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Кедендiк бақылау" деген сөздердiң алдынан "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      аталған бұйрықпен бекiтiлген Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациялаудың ережесiнде:
      14-тармақта:
      "кезектi" деген сөз алып тасталсын;

      22-тармақта:
      "және маманның жеке нөмiрлiк мөрi" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Аттестат пен жеке бейджды алғаннан кейiн маман кедендiк ресiмдеу жөнiндегi қызметтердi жасау үшiн жеке нөмiрлiк мөр (бұдан әрi - мөр) дайындайды.
      Мөр мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
      физикалық параметрлерi: жалпы өлшемi - 38 х 14 миллиметр, сыртқы шеңберi - 36 х 12 миллиметр, iшкi шеңберi - 35 х 11 миллиметр;
      аттестаттың нөмiрi шеңбердiң сыртында сол жақта үстiнен және оң жақта астынан, сондай-ақ шеңбердiң iшiнде төменгi жиек бойынша мөрдiң ортасында көрсетiледi;
      шеңбердiң iшкi оң жағында Қазақстан Республикасы кеден органының тану белгiсi (эмблемасы): iшiнде шаңырақ бейнеленген сегiзқырлы жұлдыз көрсетiледi;
      жұлдыз iшiнде шаңырақтың үстiнде "Кеден" деген жазу және шаңырақтың астында - "Customs" деген жазу көрсетiледi".

      34-тармақта "жеке нөмiрлiк" деген сөздер алып тасталсын;

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "41. Аттестатты және (немесе) жеке бейджды жоғалтқан жағдайда, маман он жұмыс күнiнiң iшiнде уәкiлеттi органға жоғалту жағдайлары туралы мәлiметтердi баяндай отырып және аттестат пен жеке бейдждың көшiрмесiн беру туралы қолдаухатпен жазбаша өтiнiш жолдайды.
      Өтiнiшке қоса:
      1) маманның жеке бас куәлiгiнiң көшiрмесi;
      2) егер жеке бейдж жоғалған жағдайда, маманның түрлi-түстi екi фотосы (3х4 мөлшерiндегi) берiледi.
      Көшiрмелердi беру кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың тiзiлiмiне сәйкес он жұмыс күнiнiң iшiнде жүргiзiледi.
      Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың бiлiктiлiк аттестаттарын тiркеу журналына көшiрмелердi беру туралы тиiстi жазбалар енгiзiледi.";

      Мынадай мазмұндағы 41-1-тармағымен толықтырылсын:
      "41-1. Маманның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, тегiн, атын, әкесiнiң атын ауыстыру себептерi көрсетiле отырып:
      1) өзгерген деректерiмен жеке басы куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      2) тегiн, атын, әкесiнiң атын ауыстыру туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн/неке туралы (неке бұзу туралы) куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      3) маманның түрлi-түстi екi фотосын (3х4 мөлшерiндегi) қоса бере отырып, уәкiлеттi органға аттестат пен жеке бейдждың көшiрмесiн беру туралы жазбаша өтiнiш жiберiледi.
      Көшiрмелердi беру кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың тiзiлiмiне сәйкес он жұмыс күнiнiң iшiнде жүргiзiледi.
      Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың бiлiктiлiк аттестаттарын тiркеу журналына көшiрмелердi беру туралы тиiстi жазбалар енгiзiледi.";

      1, 2, 3, 4-қосымшаларда оң жақ жоғары бұрышындағы "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 201 бұйрығымен бекiтiлген" деген сөздер алып тасталсын;

      1, 2-қосымшаларда, барлық мәтiн бойынша:
      "агенттiгiнiң" деген сөз "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Кедендiк бақылау" деген сөздердiң алдынан "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-қосымшада кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың бiлiктiлiк аттестаттарын тiркеу журналының нысаны "Ескерту" деген бағанмен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациядан өткiзу жөнiндегi Орталық комиссиясы туралы ереженi және Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк алуға арналған бiлiктiлiк емтихандарын жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 4 қарашадағы N 497  бұйрығына  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2571 болып тiркелген, 2004 жылғы N 1-4 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде 909-құжат болып жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      барлық мәтiн бойынша:
      "агенттiгiнiң" деген сөз "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Кедендiк бақылау" деген сөздердiң алдынан "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:
      "бiрiншi" деген сөз алып тасталсын;
      "А.Қ. Ержановқа" деген сөз "Б.Т. Әбдiшевке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгінiң Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды аттестациядан өткiзу жөнiндегi Орталық комиссиясы туралы ережеде:

      барлық мәтiн бойынша:
      "агенттiгiнiң", "Агенттiк" деген сөздер "комитетiнiң", "Комитет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Кедендiк бақылау" деген сөздердiң алдынан "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақта "бiрiншi" деген сөз алып тасталсын;

      12-тармақта "хатшысы" деген сөз алып тасталсын;

      13-тармақта:
      "хатшы" және "хатшы ретiнде" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Орталық комиссияның құрамына Орталық комиссияның жетi тұрақты мүшелерiнiң iшiнен таңдап алынған хатшы кiредi.
      Орталық комиссияның хатшысы:
      Орталық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасын жүргізедi;
      Орталық комиссияның функцияларын iске асыру кезiнде техникалық жұмысты жүзеге асырады.";

      19, 20-тармақтарда "- хатшының", "- хатшысы" деген сөздер алып тасталсын.
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк алуға арналған бiлiктiлiк емтихандарын жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:

      1-тармақта:
      "агенттiгiнiң" деген сөз "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Кедендiк бақылау" деген сөздердiң алдынан "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақта "емтихандар өткiзiледi" деген сөздердiң алдынан "Орталық комиссия төрағасының немесе Орталық комиссия төрағасы орынбасарының қатысуымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      17, 18-тармақтар мынадай мазмұнда жазылсын:
      "17. Емтихан комиссиясының әрбiр мүшесi емтихан билеттерi сұрақтарының әрбiр жауабын және практикалық есептердiң шешуiн бағалайды.

      18. Негiзгi емтихан үшiн алынған баға, емтихан билеттерiнiң сұрақтарына берiлген әрбiр жауап және практикалық есептердi шығарғаны үшiн берiлген баллдар негiзiнде алынған орташа балл ретiнде айқындалады.".

      1, 2, 4-қосымшаларда оң жақ жоғары бұрышындағы "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 4 қарашадағы N 497 бұйрығымен бекiтiлген" деген сөздер алып тасталсын;

      3-қосымша алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Кедендiк бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейiспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.I.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

      5. Аумақтық кедендiк бөлiмшелердiң бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсiн.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдiшевке жүктелсiн.

      7. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күн еткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Төраға