Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 65 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 сәуірде тіркелді. Тіркеу № 4173. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30  қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3870 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "63. Инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар бірінші санатты (банк болып табылмайтын) брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда оларды бағалы қағаздар рыногындағы қызмет шеңберінде жүзеге асыру шартымен мынадай банк операцияларының түрлерін жүзеге асыра алады:
      1) туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздарды сатып алу, сату және олар бойынша сыйақы алу мақсатында ұлттық және шетел валютасында заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
      2) туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздарды сатып алу, сату және олар бойынша сыйақы алу мақсатында банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
      3) аударым операциялары: туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздарды сатып алу, сату және олар бойынша сыйақы алу кезінде заңды және жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындау;
      4) банктік заем операциялары: төлем жасалу, мерзiмдік және қайтарылу шартымен ақшалай кредиттер беру:
      бірінші санатты брокер және (немесе) дилер жарғылық капиталдың он және одан астам процентіне сәйкес келетін қатысу үлесіне иелік ететін не клиенттің орналастырылған акциялары жалпы санының акциялардың он және одан астам процентіне иелік ететін клиентке-заңды тұлғаға заем берілу шартымен;
      заем клиенттің заңды тұлғаның жарғылық капиталының он және одан астам процентіне сәйкес келетін қатысу үлесін иеленуі үшін не акционерлік қоғамның орналастырылған акциялары жалпы санының акциялардың он және одан астам процентіне иеленуі үшін арналған;
      5) туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздарды сатып алу, сату мақсатында шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
      6) касса операциялары: қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, бууды және сақтауды қоса алғанда, осы тармақтың 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген банк операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде оларды қабылдау және беру.
      Инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар және жоғарыда көрсетілген операциялардың бірін жүзеге асыратын бірінші санатты (банк болып табылмайтын) брокер және (немесе) дилер (бұдан әрі - инвестициялық компания) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 17  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3484 тіркелген) белгіленген пруденциалдық нормативтерді сақтайды.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.

      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға